Айтарым бар

   

Жанболат Ошақбаев, жас кәсіпкер: 

    Кәсіп бастайтын адам үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы зор. Қазіргі таңда екінің бірі кәсіпкер болып кетті ғой. Алайда, барлығының еңбегі жемісті болып жатқан жоқ. Кәсіпкерде әрқашан «Б» жоспары болуы керек. Есеп білмеген адам қарапайым сауданың да жөнін біле бермейді. Сондықтан, бизнес бастамас бұрын қаржылық сауаттылықты меңгеріп алу керек. Себебі, алғаш кәсіп бастаған адамның бухгалтерге, сатушыға, кассирге жеке-жеке жалақы төлеуге шамасы жетпейді. Осы қызметтің бәрін өзі атқарып, кәсіптің басы-қасында жүрген адам ғана жоғары жетістікке қол жеткізе алады.

baribar.kz


Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 20 Наурыз 2018 05:05

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

          22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне ар­налған "Нау­рыз - жаңару" күні аясында қала ай­мағында бір­неше сенбіліктер ұйымдас­тырылды. Наурыздың 17-сі күні қызылордалықтар қала кө­шелеріне сенбілікке шықты.

   Қызылорда қаласында бой кө­терген демалыс орын­дары мен сая­бақтарды көр­кейту-көгал­дан­дыру мақ­сатында жоспарланған шара­ларда бір күннің ішінде екі мыңға жуық тал егілді. Атап айтар бол­сақ, терек, сары тал, қара тал сынды Сыр өңіріне бейімделген ағаш­тар қала көр­кін кіргізіп, жаз мез­гілінде жапырақ жаятын бо­ла­­ды. Сонымен бірге, таза­лық айлы­ғы ретінде таңдалып алынған жер­лерде сенбілік жасауға қалалық мә­дениет және тілдерді дамыту бөлі­мінен, №43, 23, 120, 235, 267 орта мектептің қызметкер­лері мен көптеген ерікті аза­маттар атсалыс­ты. Аймағы­мызды көркейту мен таза­лықта ұстау негізінде Жібек жолы, С.Бей­барыс көше­лерінің бойы, "Сыр сүлей­лері" аллея­сы, Астана даң­ғылының бо­йы, Келменбет ба­тыр аллея­сы, Оқушылар саяба­ғын­да тазалық жұмыс­тары жүргі­зілді.

    Айтуымыз керек, соңғы жыл­дары Қызылорда қала­сында заман талабына сай қала мәдениеті мен шаһарымыздың әсем келбетін ай­шықтайтын түрлі архитектуралық фор­малар орналастырылып, жаңа демалыс орындары мен сая­бақтар салынды. Қаланы жа­сыл желекке айналдыру мақ­сатында көгал­дан­дыру жұмыс­тарына ерекше көңіл бө­лініп келеді. Сондықтан жердің то­ны жібіп, жер қарайған сәттен бас­­тап қала тазалығына назар қою қа­лыпты дәстүрге айнал­ған. Таза өңірде денсаулық пен салауат­ты­лықты да насихаттау - осы игі шара­лар­дың негізгі өзегі.

   Әр жылда қалада орналас­қан 52 ал­лея мен скверлерге мыңдаған кө­шеттер мен гүл­зарлар отырғы­зы­лады. Оның күтіп-бапталуы мен жақ­­сы сақталуы - жауапты мекеме­лер мен қала тұрғындарының бас­ты міндеті. Өз жеріне жана­шырлықпен қа­райтын ел азаматтары өз өскен өңі­рінің тазалығына бей-жай қарай алмағандықтан сенбіліктерге жиі шығып тұрады. Сондықтан Қызыл­орда қаласы уақыт өткен сайын қа­рыш­тап дамуын жалғастыру үс­тінде.

   Биыл да осы жұмыстардың жал­ғасы ретінде көктемгі тазалық айлығы жарияланып, қала бойынша са­нитарлық тазалық және көркейту-кө­галдандыру жұмыстары бас­талды. Бұл игі іс алдағы уа­қыт­тарда да қолдау таппақ. Сол се­бепті де Сыр елінің көркеюі үшін жа­са­лынатын жұмыс­тардың қата­ры сиремейтін болады.

    Тек бұл ғана емес, Ұлыстың ұлы күніне арналған "Наурыз -жаңару" күні аясында өткі­зілетін шаралар­дың тізімінде ғибратты істер де жетіп артылады. Естеріңізде болса, 2017 жы­лы "Жүрек жылуы" жобасы ая­сында мүмкіндігі шектеулі жандар және жалғыз басты аналардың үйлері мен аулаларында ерікті жастардың қатысуымен 12 қайырымдылық ша­ра және қаржылай қолдауға бағыт­тал­ған 2 қайырымдылық концерті ұйым­дастырылған болатын. Соны­мен қатар ем алуға қаржылай қол­дау­­ды қажет ететін Нартай есімді жас­­өспірім балаға қала орталы­ғын­дағы ірі сауда орын­дарында (Радуга, Small) қайырымдылық жәшіктері ор­на­тылған еді. Осындай жұмыс­тар­дың легі биыл да үзілген жоқ.

   2018 жылы да қайы­рымдылық ша­ралар өз жалғасын тапты. 17 нау­рыз күні "Жастар орталығы" орталы­ғының еріктілері "Ардагерлерді ар­дақтайық" акциясы аясында қала тұр­ғыны, тыл ардагері Салима Нұ­рым­бетова және еңбек ардагері Ұлбазар Құлбабае­ваның үйлеріне та­залық жұмыстарын жүргізіп, үй шар­уашылығына көмектерін көрсет­ті. Ардагерлерге қол ұшын соз­­ған жастарға қа­риялар баталарын берді.

    Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қа­ла әкімдігінің ұйымдастыруымен өт­кен тазалық акциялары қалаға жа­ңа тыныс әкелгендей. Себебі сен­білік қаланың барлық аудандарында өткізілді. Жа­ңа жыл қарсаңында қала бір тазарып қалды.

Айдар Әділжан

Айдана Әлжан

Оқылды: 66 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C