Айтарым бар

   

Жанболат Ошақбаев, жас кәсіпкер: 

    Кәсіп бастайтын адам үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы зор. Қазіргі таңда екінің бірі кәсіпкер болып кетті ғой. Алайда, барлығының еңбегі жемісті болып жатқан жоқ. Кәсіпкерде әрқашан «Б» жоспары болуы керек. Есеп білмеген адам қарапайым сауданың да жөнін біле бермейді. Сондықтан, бизнес бастамас бұрын қаржылық сауаттылықты меңгеріп алу керек. Себебі, алғаш кәсіп бастаған адамның бухгалтерге, сатушыға, кассирге жеке-жеке жалақы төлеуге шамасы жетпейді. Осы қызметтің бәрін өзі атқарып, кәсіптің басы-қасында жүрген адам ғана жоғары жетістікке қол жеткізе алады.

baribar.kz


Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 20 Наурыз 2018 05:17

ЖӘРМЕҢКЕГЕ ЖИНАЛҒАН ЖҰРТ АУЫЛ ДӘМІНЕ АСЫҚТЫ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

          Наурызда дастархан дәмге толы болуы керек. Тоқшылық айына қадам басқан халық Ұлыс­­тың ұлы күнінде артынып-тартынып азық-түлік алып, базар базарлайды. Ал, мереке қарсаңында жыл сайын биліктегі атқамінерлер халық игілігі үшін жәрмеңке ұйымдастырады. Мі­не, осынау арқаны кеңге салып, қыстан аман шыққан тұрғындар базар бағасынан төмен бағада ұсынылатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне ағылады. Таңмен таласа тұрып, алыстан келген ауыл өнімдерін қажетінше алып, сауда жасайды.

  Биыл Қызылорда қаласының әкімдігі Наурыз тойына арналған жәрмеңкені бірнеше көшенің бойында ұйымдастырды. Тек қалаға қарасты ауылдарды ғана емес, Жаңақорған, Шиелі аудандары еңбеккерлерінің де өнімдерін қызылордалықтарға ұсынуға мүмкіндік жасады. Сонымен қатар жәр­меңкеде "Байқоңыр" ӘКК" АҚ тарапынан тұрақтандыру қоры арқылы алынған азық-түлік өнімдері де шығарылды.

      Таңғы тоғыздан басталған жәрмеңкеге көше бойындағы тұрғындардан бөлек, жан-жақтан көлікпен келіп, қажетті азық-түлігін алып, сауда жасағандардың қарасы көп болды.

      Қызылорда қалалық ішкі сая­сат бөлімінің мәліметін сөз етсек, жалпы жәрмеңкеге 45 автокөлікпен барлығы 12 млн. 838 мың 500 теңге болатын 56,8 тонна азық-түлік тауарлары жеткі­зіл­ді. Тарқатып айтқанда, 8,8 тон­на картоп, 6,4 тонна сәбіз, 6,4 тонна жуа, 5,2 тонна қырыққабат, 1,6 тонна асхана қызылшасы, 10,2 тонна ақ күріш, 100 литр өсімдік майы, 300 кг нан және нан өнімдері, 0,5 тонна макарон өнімдері, 700 кг кондитерлік өнімдер, 1,1 тонна сиыр еті, 500 кг қой еті, 300 кг жылқы еті, 700 кг шұжық, 50 кг сөк-талқан, 3,2 тонна балық өнімдері қойылды. Баса айта кетерлігі, жәрмеңке ұсынылған азық-түліктер базар бағасынан 15-20 пайызға төмен.   

   Қала жәрмеңкесі С.Толыбеков көшесінен бастау алды. Қа­лаға қарасты ауылдардан әкелін­ген балық, сөк-талқан, құрт, ірім­шіктер қала тұрғындарын бір алаңға жиды. Ұлттық дәмге асыққан жұрт ауыл дәмін көптеп алып, сөмкелерін толтыра қайтты.

    Жәрмеңке өтеді дегенді естіген жұрт әсіресе ауыл өнімде­рі­нің саудасын қыздырды. Оқырман үшін айту керек, сөк талқан 400 теңгеден, құрт пен сары май 1300 теңге, қымыз-қымыран 400 теңге, қазы 2200 теңгеден сатылды. Қазы демекші, жәрмеңкеде 19 жылдан бері қазы айналдырып, қарта дайындап жүрген  Алуаш Қыдыровамен тілдестік. Қазы десе қазақтың тұра қалатының білеміз, әжейдің саудасы қызды бұл күні.

   - Жәрмеңкеге жылда қатысамын. Наурызкөжеге қосылатын сүрқазыны жұрт көптеп алады. Бұрыннан бері осы жылқының қазысын айналдырып, ұлттық тағам ретінде жасап, осы кәсіп­тен қажетімше табыс тауып келемін. Әрине, қазақ қазыны күн­делікті ала бермегенімен, осындай Наурыз күні дастарханға алып, наурызкөжеге қосады,- дейді Алуаш Қыдырова.

   Иә, әрбір тұрғын қажетіне қарай азық-түлік алады. Тасбөгет кентінде ұйымдастырылған Шиелі ауданының жәрмеңкесін­де де халық аз болмады. Иісі мұ­рын жаратын жеміс-жидектер мен түрлі көкеністер сүт пісірім уақытта сатылып кетті. Шиеліден келген Ерлан Мырзанов жәрмеңкеде халық көп сауда жасаған өнімдерді атай кетті.

    - Жәрмеңке дегеннің өзі бір мереке ғой. Осынау науқанға келіп, өнімдерін ыңғайлы бағада алуда. Көбінесе жеміс-жидектер мен көкеністер пышақ үстінен кетіп жатыр. Әсіресе, мандарин мен картопты алып кетуде. Бағасы сәл төмендеу, әрі ауылдың таза өнімі көкеністердің жылдам өтіп жатқанына өзіміз де ризамыз,- дейді сатушы.

    Мұнан кейін біз Астана даң­ғы­лына аялдадық. Қаз-қатар тігілген көліктердің ішінде ауыл-шаруашылығының өнімдері халыққа ұсынылды. Бұл көшенің бойында Жаңақорған ауданының жәрмеңкесінде шаруа қожалықтарының ірі қара мал еттері саудаланды. Отбасылық мал бордақылаумен айналысатын "Сәдір-Ата" коперативінің төрағасы Сәдірқожа Атымтаев сиыр етін 1280 теңгеден саудаға шығарды. Ұзақ жылдан бері ата кә­сіпті жалғап келе жатқан Сәдір­қожа Атымтаев жәрмеңкеге жыл сайын қатысуды көздеп отыр.

   Халық бірінен кейін бірі ағылып, қажетті өнімдерін сөмке салып, жәрмеңкеден қуана шығып барады. Біздің де байқағанымыз, саудагерлердің өнімдері арасында сөк, талқан, қауынқұрт, жи­дек пен шемішкеге кезекке тұрғандар көп. Соның бірі  7 жылдан аса Астана даңғылында тұратын Мария Килибаева. Жыл сайын жәрмеңкеде балаларын ерте келетін ол дастархан дәмін кел­тіретін сөк, талқан, жеміс-жидек алып сауданы қыздырды.

- Біздің көшенің бойында жиі жәрмеңке ұйымдастырылады. Базарға барып, арқаланып қайтқанша, қалтаға қонымды бағадағы өнімдерді алып қайтамыз. 5 жылдан аса осы жәрмеңкеге ұсынылатын өнімдерді алып, дастарханның әрін кіргізіп, қонақ шақырамын. Меніңше, осындай жәрмеңкелер халықты да бір-біріне жақын етеді,- дейді Мария Килибаева.

Расында, жәрмеңке халық үшін жасалады. Саудагерлердің халықпен жұмыс жасауын бақылап, бағаны көтеріп жібермеуін бақылап жүрген Жаңақорған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Тұрған Базарбаев жәрмеңкеге ұсынылған өнімдер Төмен­арық, Жаңарық, Байкенже, Кейден, Қожакент ауылдарынан келгендігін айтты.

"Мақсат ауыл шаруашылы­ғы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру әрі ауыл өнімдерін арзан бағада саудалау" дейді сала мамандары. Қаладағы бірнеше көшенің бойында ұйымдастырылған жәрмеңкені көзбен көріп, халықпен тілдесіп, саудагерлермен кездестік. Байқағанымыз, халық жәрмеңкеде қойылған өнімдердің бағасын бақылап қана қоймай, Наурыз мерекесінің дастарханын әзір­леуге қажетті азық-түлікті қа­жетінше алып алды. Кешке дейін созылған жәрмеңкеде жергілікті өнерпаздар ән айтып, халық көңілін көтеріп, науқанды қыздырды.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН,

Айдар САЙЛАУОВ,

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Оқылды: 33 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C