Айтарым бар

Жанболат Мелдешев: 

халықаралық бағдарламалар орталығының директоры: 

    Манчестер университеті Малайзияда өз кампусын ашады немесе Малайзияның кейбір университеті әлемдегі үздік университеттің франшизасын сатып алады. Бұндағы оқыту осы университеттің бағдарламасына сәйкес, сол университет мұғалімдерінің қатысуымен жүргізіледі, бірақ құны 10 есе төмен. Сондықтан Малайзияға британдық жоғары оқу орындарының дипломы үшін оқуға түсу бүгінгі таңда кең етек алған, ал Малайзия үшін бұл «білім беру туризмін дамыту» тұрғысынан тиімді. Бізге де сол жолмен жүрсе болады, яғни әлемнің жетекші университеттері үшін Қазақстанда оқу орындарын ашу мүмкіндігін беру. Соның нәтижесінде Үндістан, Қытай, Өзбекстан, Иран және басқа елдерден келген студенттерді Қазақстанда оқытыпОрталық Азиядағы ірі білім беру орталығына айналар едік. 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 18 Сәуір 2018 12:45

МАМАН ЖОҚ ПА, ЖҰМЫС ЖОҚ ПА?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

       Жұмыссыз жүру жанға батады. Та­лай есіктің табалдырығын тоз­дырып, түйіндеме тасып жүрген аза­маттар аз емес елімізде. Тұрақты жұ­м­ысы, қолайлы қаржысы бар жұ­мыс­тың бірден табыла бермейтіні рас. Араға тамыр-таныс салып, не­месе аға-көкелеп айлап жаңа жұмыс орнын күтетін мамандардың да бар екенін жасыра алмаймыз. Әрине, бұл екіұшты тақырып. Десе де, бү­гінгі құбылмалы нарық саясатын­да жұ­мыссыздық мәселесі түбегейлі шешіле қойған жоқ. Алысқа бармай-ақ, Қызылорда облысын алайық. Бүгінде аймақта 16800 адам жұмыс­сыз жүр. Аз ба, көп пе? Оны кейін ба­ғамдай жатармыз. Мұндай мәлі­метті Қызылорда облыстық жұмыс­пен қамту және әлеуметтік бағдар­ла­малар басқар­масы­ның басшысы Талғат Дүйсебаев журналис­тер­мен кездесуде баян­дады.

  Басқарма басшысы "соңғы жылдары жұ­мыс­сыздық азайып ке­леді, себебі азаматтарды өзектендіру (мәртебесін анықтау) жұмыстары жүріп жа­тыр" деді баянда­ма­сында. Жыл басы­нан бері 15 мың адам өзек­тендірілген, яғни тізімге ілінген. Қа­зіргі таңда 88368 адам тір­келмеген, оның ішін­де 37405 адам тіркел­меген жұмыссыз ре­тін­де қа­лып отыр. Ал, өзін өзі жұмыспен қам­­тығандардың са­ны 50981-ге жеткен.

   Нақты ақпарат осындай. Билік бүгінде мемлекеттің үш негізгі бағыты бойынша жұмыс­сыздықты жоюға ты­рысып-ақ келеді. Мамандарды оқыту, қайта даярлау, шағын не­сиелер беріп, кәсібіне қолдау көр­сету. Мұның бәрі "Нәтижелі жұ­мыспен қамту және жаппай кәсіп­кер­­лікті дамыту" бағдарламасы шең­бе­рінде атқарылатын тірлік. Бағ­дар­ла­маға 4,6 млрд. теңге қаржы бөлін­ген. Оған 6 мыңнан астам адам бағ­дар­­ламаға қатысушы ретінде енгі­зілген. Енді рет-ретімен баяндалық.

   Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту. Бір мамандықтың иесі болса да, екі қолға бір кү­рек таба алмай жүргендер жетерлік. Тіп­ті бір емес, түйенің табанындай қос дип­ломы бар азаматтардың хабарландыру іздеп, жұ­мыс сұрап жүргенін көз көріп жүр. Мұн­дайда үкімет азаматқа жаңа бір ма­ман­дықты меңгеруді ұсынады. Әйелдер үшін шаштараз, тігінші, мейрамхана бизнесі мен балабақша қызметкері, ерлер үшін техникалық бағытта механик, слесарь мамандықтары. Бұл үшін мемлекет та­рапынан әжептеуір қаржы бөлінеді. Қыс­қа мерзімді курс оқып, шәкіртақы ала­ды. Бірақ, бұл оқу курсын бітіргеннен кейін жұмыс табылады деген сөз емес. Бас­қарманың басшысы бұл ретте былай дейді:

    - Бағдарлама шеңберінде жұмыс берушінің сұранысын ескере отырып, кә­сіптік оқытуға 1500 адамды оқытуды жос­пар­лап отырмыз, жалпы қысқа мерзімде­гі курсқа 1605 азаматты оқыту көзделуде. Жыл сайын 1600-ден астам азамат жаңа мамандықтарға бейімделеді. Биылдан бас­тап мамандықты меңгеретін тұрғындарды жұмыс берушілердің базасында оқытуды енгізіп отырмыз. Бұл сол жұмыс орнында тұрақтап қалуға мүмкіндік береді,-дейді басқарма басшысы.

   Осы қайта оқыған азаматтардың тек 25 пайызы ғана жұмысқа ілініп кетеді екен. Мамандар оған себепті жұмыс орын­дарының аздығымен байла­ныс­тырып отыр. 

    Енді мына дерекке мән беріңіз. Қазақстанда ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жанында еңбек биржасы саналатын арнайы "Enbek.kz" порталы жұ­мыс істейді. Жұмыс берушілер мен жұ­мыс іздеу­шілерді бір алаңға жинайтын пор­тал әр ай­маққа қажетті жұмыс орындарын тізбелейді. Мәселен, Қызылордада күні бүгінге дейін 5469 бос жұмыс орны бар деп көрсетіліп тұр. Сайтты ашып қарасаңыз, 50000-400 000 теңге аралығындағы жұмыс орындары көрсетілген. Енді жоғарыда біз айтқан 16800 азамат неліктен осы бос орынға бармайды деген заңды сауал туындайды. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Тұрсынұлы пор­тал­ға кез келген адам хабарландыру сала алатынын және де жұмыс берушілер қызметкерді тапқаннан кейін хабарландыруды алып тастамайтындығын жеткізді. Демек,  бұл министрлік жанындағы порталды реттеп отыратын жауапты мамандар жоқ деген сөз. Қызмет іздеген азамат жарнамада көрсетілген бос орындарға хабарласып, уақытын жоғалта береді, ал бұл сенімсіздікке алып келеді. Қысқасы, жұмыс көзі бар маман сай емес, маман бар болғанымен жұмыс жоқ.

   Мұндай әдістен нәтиже көре алмағандар басқарма тарапы ұсынатын бос орындар жәрмеңкесіне ағылады. Басқарма басшысы кәсіпкерлердің сұранысы негізінде ұйымдастырылатын жәрмеңкеге жиналатын халықтың тек 4/1-і ғана жұ­мыс таба алатынын ашып айтты. Өйткені, бір қызметке 5-6 адам кезекке тұрады. Әл­бетте, жұмыс ұсынатын басшы өз талабына сай келетін маман іздейді.

    Өткен жылдан бері жұмыстың көзін солтүстіктегі ағайындардан да ұсынылыпты. Айталық, жыл басынан солтүстік өңір­лерден жұмыс берушілер 2 мыңға жуық бос жұмыс орындарын ұсынып, 222 отбасы қоныс аударған.

   Халықтың жер шұқып, бос отырма­уына жағдай жасайтын ең әуелі - билік. Әрине, жеке азаматтың да ізденісі мен тал­пы­­сыны аса қажет. Аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы биыл Қызылорданы кәсіпкерлік жылы деп жариялады. Демек, іске бейімі бар, шағын тірліктің қамына кі­ріскен азаматтар несие алып, шаруа бас­тауға ниеттеніп отыр.  Кәсіп арқылы бір аза­­маттың ғана емес, бірнеше отбасының үйіне береке кіретінін ескерсек, Қазақстанда кәсіпкерлікке әлі де жете мән беру ке­рек екенін жасырмайды қоғам қайрат­ке­рі Мұрат Әбенов фейсбук парақшасында:

   "Көп елдің ойында мемлекет жұмыспен қамту қажет деген ұғым қалыптас­қан. Әйтеуір бір диплом алып, сосын сол мамандық бойынша жұмыс іздеп, шаршап жүреді. Ал, дипломмен жұмыс табу өте қиын. Бірінші себебі - қажет емес, сұ­раныста жоқ мамандықта оқиды. Екіншісі - білімнің ескіргені, әдісі де, сапасы да. Мәселен, заңгер болғаннан не пайда, егер жай келісім-шарт жасай алмаса, математикадан 5-тікке оқығаннан не пайда, егер банкілерден пайыздан алданса, ағылшынды оқығаннан не пайда, егер толық сөйлей алмаса. Ал, Түркия бұл проблеманы бизнес арқылы шешті. Жалпы Ыстамбұл кө­ше­лерін аралап жүргенде бос жүрген адамды көрмейсің. Жүгері пісіріп сатса да пайда табады. 80 миллион халқы бар Түркияда тек 3,2 миллионы жұмыссыз. Түркияның Ішкі өнімінің 54% кіші бизнестің үлесі бізде 20% шамасы ғана. Түркияның шетелге кететін тауарларының - 55% кіші, орта бизнес өндіреді. Бізде салыстыруға келмейді.  Жұмыс жасайтындардың 73% кіші бизнесте. Түркия азаматтарына төлейтін 54% кіші бизнес береді. Әрине, оған кү­мән келтіруге болады, себебі оларда са­лық төлегісі келмейтін сол үшін айлықты жасырып бе­ретін кәсіпкерлер көп".

   Жұмыссыздық дегенде халықтың да кі­нәсі бар. Алма піс, аузыма түс деп, мемлекетке алақан жайып отырудың дәурені кетті дейді сарапшылар. Ендігі бірі қазақты жалқау дейді. Бұл көзқарастың да ас­та­рында шындықтың да бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Дегенмен, саясаттанушы Нұрмұхамед Байғараев қазақты жалқау әрі жұмыс істеуге қабілетсіз дегендермен келіспейтіндігін айтқан еді бір уақытта.

   "Қытайдан тауар тасып, баласын оқытып, "Дамудан" несие алса да, кәсібін бастап жатқан, түрлі кеңселерде қызмет қылып жатқан, "Болашаққа" ғана үміт артпай, өз күшімен шетелге білім алуға асы­ғып жатқан, жаңа алған дипломымен жұмыс іздеп жүгірген, жанұясын асырау үшін алыс жолдарға "Камазын" ерттеп жат­қан қазаққа қарап, оны жалқау деуге аузың бармайды".

   Тірі пенденің бұл өмірдегі басты мақсаты мен мұраты - адал еңбектің нанын жеу. Тұрақты жұмысы бар азамат отбасын асырай алады, әрі мемлекетке салық төлейді. Ал, шағын кәсіптің шарапатын кө­ріп жүргендер бір емес, бірталай отбасының түтінін түзу етіп, берекесін кір­гізеді. Көп болып айтып жүрген адами капиталдың негізі де осы жұмыс табудан басталмай ма?

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

Оқылды: 51 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Мамыр 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C