Айтарым бар

Жанболат Мелдешев: 

халықаралық бағдарламалар орталығының директоры: 

    Манчестер университеті Малайзияда өз кампусын ашады немесе Малайзияның кейбір университеті әлемдегі үздік университеттің франшизасын сатып алады. Бұндағы оқыту осы университеттің бағдарламасына сәйкес, сол университет мұғалімдерінің қатысуымен жүргізіледі, бірақ құны 10 есе төмен. Сондықтан Малайзияға британдық жоғары оқу орындарының дипломы үшін оқуға түсу бүгінгі таңда кең етек алған, ал Малайзия үшін бұл «білім беру туризмін дамыту» тұрғысынан тиімді. Бізге де сол жолмен жүрсе болады, яғни әлемнің жетекші университеттері үшін Қазақстанда оқу орындарын ашу мүмкіндігін беру. Соның нәтижесінде Үндістан, Қытай, Өзбекстан, Иран және басқа елдерден келген студенттерді Қазақстанда оқытыпОрталық Азиядағы ірі білім беру орталығына айналар едік. 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 25 Сәуір 2018 11:19

ЖҰМА КҮНІ ЖАСАЛҒАН САУАП БАЛАЛАРДЫ БАҚЫТҚА БӨЛЕДІ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

       Балалы үй базар. Ал, балалар ауы­лы ше? Иә, дұрыс түсіндіңіз Қы­­зылорда қаласындағы "Ата­мекен" отбасылық үлгідегі бала­лар ауылы тағдыр тауқыметіне тап келген бүлдіршіндерге өмір жа­рығын сыйлап келеді. Бірін ата-анасы қаламай тастап кетсе, ен­ді бірі тұл жетімдер. Бірақ, бұл ауылда өмір сүріп жатқан бала­лар­дың жүздері жарқын, бола­шақ­қа деген қадамдары нық. Се­­бебі жастық жігерлері мұқал­маған әрі атымтай жомарттар мен ел ішіндегі қайырымды азамат­тар "Атамекен" ауылына жиі қо­наққа келіп тұрады.

    Бұл жолы сырбо­йылық жама­ғаттар, жас­тар және еріктілер бі­рігіп, көгалдандыру жұ­мысын жүр­гізу үшін балалар ауылына табан ті­реді. ҚМДБ-ның Қы­зыл­­орда облысы бойынша өкілдігі жә­не "Жастар ісі" секторы "Ислам жә­не отбасы" жылына орай "Әр отбасыдан бір тал" көгалдандыру ша­расын қолға алған. Еріктілер ара­сында оқушылар мен сту­дент­терге дейін, тіпті "Жасыл ел" жас­тары да өз үлестерін тигізіп,  жеміс ағашта­рын отырғызды.  

    - Біз былтыр да осы ауылға ке­ліп 60 түп ағаш еккенбіз. Осы игі іс биыл да міне, өз жалғасын та­уып отыр. Балалар ауылына шөп оратын машина, он күрек, он кет­пен, он тырма әкеліп табыстап отыр­мыз. Бұл шаруа құралдары  ауыл балаларының қажетіне жа­ратуға Алла разылығы үшін жа­мағаттардың атынан осы ауылға сыйлап отырмыз. Жұмыла көтер­ген жүк жеңіл. Өйткені жамағат­тар бірі талға жауапты болса, енді бас­қасы өзге керек дүниелерді әке­­ліп жатыр. От­басы құнды­лығын көтеріп, ажы­расу болма­сын деген ниетпен ба­ла­лар ауы­лы­на келіп тұрмыз. Бос­қа келіп, көзге көрініп кету емес, қандай да бір ауыл қажеттілігін өтеп, кем-кетіктеріне көмектесу - осы ша­ра­ның басты міндеті,- де­ді дін­танушы, "Айтбай" мешітінің найб имамы Қ.Отызбаев.

   Балалар ауылындағы тәрбие­ленушілер саны жүзге жуықтап қалған. Дәл қазіргі таңда 83 бала бар екен. Олар өз қажеттіліктеріне қарай мектеп таңдап, орыс және қазақ тілінде білім ала алады. 2015 жылы қабырғасы қаланған бала­лар ауылы 200 балаға арналған. Содан бері түрлі тағдыр иелері осы жерде өркен жаю үстінде. Көңіл те­резелері тап-таза жасөспірімдер қо­нақтарды жылы жүзбен қарсы алып, жамағатпен бірге ағаш отыр­ғызуға атсалысты. Содан соң, шағын сахналық қойылым қо­йып, келген қонақтарға өз қол­да­­рымен пісірген тағамдардан дәм татқызды.

     - Бас мүфти "Ислам және отбасы" жылы деп жарияла­ған­нан бері түрлі ауқымды шаралар ат­қарылуда. Осы үндеудің ая­сында отбасылық үлгідегі балалар ауылына бас сұғып отырмыз. Бей­күнә балаларға қолымыздан кел­генше сыйлығымызды жасап, ау­лаларына ағаш отырғызып бердік. Бұның барлығын Алла ризалығы үшін жасап жатырмыз. Ислам ді­нінде пайғамбарымыздың хадисі бар "Сен мейірімді болмай, Алла та­­ғала саған мейірімді болмайды" де­ген. Сондақтан бұл жердегі ба­ла­ларға ата-аналарының жоқты­ғын сездірмей, барынша қамқор­лық танытудамыз. Бұл біз жасап жатқан шаралардың басы ғана, әлі түрлі формат­тағы қа­йы­рым­дылық жұмыс­та­рын жүр­гізе­міз,- деді "Ақмешіт-Сыр­дария" орта­лық мешітінің бас има­мы Болат­бек қажы Асқарұлы.

   "Баланың бір тойғаны мереке" дейді қазақ. Түрлі тәттілер мен жа­ңа бұйымдарға қол жеткізген ба­ла­лардың жүздеріне күлкі үйі­рілді. Ата-анасы келіп қалардай есік жаққа елең ете қарайтын бүл­діршіндер көзіндегі үміт оты әлі талай жүректі жылытары сөз­сіз. Оларға еткен қамқорлық ада­ми тұрғыдан да, діни көз­қарас бо­йынша да адастырмақ емес. Оң қолы берген садақаны сол қолы білмейтін қызылор­да­лық жама­ғат осылайша жұма кү­ні сауап­ты іс жасап, балаларға ба­тасын берді. Келген қонақты құр қол қайтарғысы келмеген жы­лы жү­ректі балалар да өз қол­дарымен жаса­ған кестелі порт­рет­ті өкіл имамға табыс етті. Ал, жиналған жамағат болса "егіл­ген ағаштар жемісті болғай" деп тарқасты.

Айдар САЙЛАУОВ

Оқылды: 38 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Мамыр 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C