Айтарым бар

   

Жанболат Ошақбаев, жас кәсіпкер: 

    Кәсіп бастайтын адам үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы зор. Қазіргі таңда екінің бірі кәсіпкер болып кетті ғой. Алайда, барлығының еңбегі жемісті болып жатқан жоқ. Кәсіпкерде әрқашан «Б» жоспары болуы керек. Есеп білмеген адам қарапайым сауданың да жөнін біле бермейді. Сондықтан, бизнес бастамас бұрын қаржылық сауаттылықты меңгеріп алу керек. Себебі, алғаш кәсіп бастаған адамның бухгалтерге, сатушыға, кассирге жеке-жеке жалақы төлеуге шамасы жетпейді. Осы қызметтің бәрін өзі атқарып, кәсіптің басы-қасында жүрген адам ғана жоғары жетістікке қол жеткізе алады.

baribar.kz


Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 25 Сәуір 2018 11:29

ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСҚА НЕГЕ ҮЙІРСЕКТЕП КЕТТІ?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

        Жалын желмен ұшса, жер-жаһанды өртке орап, соңында қара күйе қал­дырары белгілі. Жастық шақ та сол сияқты, шек­тен тыс еркеліктің ертеңі өкі­­нішке алып келуі де ға­жап емес. Мұны сіз де бі­ле­сіз. Әдетте жасөспірім деп 14-19 жастағы жалын­да­ған жастарды атаймыз. Оларға үміт артамыз, бола­шағын бағамдап, жақсы­лық­қа шақырар тәрбиені жиі береміз. Дегенмен, жет­кіншектердің көбісі ту­ра жолда тасқа сүрініп, тұ­ра алмай қиналатын жа­йы бар. Жол сілтеуіш жа­на­шыр болғанымен, бай­қау­сызда біраз нәрсенің ба­сын шалып, "аһ" ұратын кез­дер қаншама. Нені мең­­зеп отырғанымды ша­ма­мен біліп отырған бо­ларсыз.

    2011 жылы ЮНФПА жас­тардың арасында зерт­­теу жүргізген екен. Қазақстандағы БҰҰ Ха­лық­ты қоныстандыру қо­ры бағдарламасының ат­қарушы өкілі Райымбек Сисемалиевтың айтуын­ша, жыныстық қатынас­қа мектеп жасында, яғни кә­мелет жасына толмай тұ­рып түсетінін анықта­ған. Сондай-ақ, жастар­дың 33,10 пайызы алғаш­қы сексуалдық тәжірибе­ден 15 жасқа дейін өтсе, 49,20 пайызы 19 жасында өтеді. Жасөспірімдердің негізгі бөлігі тәуекелге ба­ра отырып, жыныстық қа­ты­насқа сақтанбай түседі екен. Сонымен қатар, 2010 жы­лы 15-19 жас ара­лы­ғын­да­ғы 1000 қыздың ішінде жүк­ті болғандардың саны 28,3 болса, 2014 жылы бұл көр­сеткіш 34,7-ге жеткен. Ал, 2017 жылы 36,4-ны құ­рап отыр. Бұл Экономи­ка­лық және әлеуметтік даму ұйы­мы елдерінің көрсеткі­ші­нен 6 есеге жоғары. Иә, таң­қалып отырған болар­сыз. Алайда, көрсеткіш ас­пан­нан алынған жоқ. Салт-дәстүрді сақтаған қазақ хал­­қы осындай әдепсіз әре­кеттің әлегінен әлі де арыла алмай келеді. Бірден бір се­беп, жастардың репро­дук­тив­­ті денсаулығын сақта­ма­­уы, екіншіден сауатсыз­дық­тың салдары. Ұят пен ұяң­дықты бойына сіңірген халқымыз жыныстық қа­ты­нас жайлы сөз қозға­май­ды, отбасында талқылап, ба­­лаға ақ-қараны тануға мүм­­кіндік бермейді. Ата-ана­ның жұмысбастылығы тағы бар.

    Жасөспірім кезеңі - ауыр кезең. Осы кезде адам ағзасы біршама өзге­ріске түседі, қыз баладан да, жі­гіт­терден де жыныс­тық же­тілу байқала бас­тай­ды. Сондықтан да жет­кін­шек­тердің көбі психо­ло­гиялық тұрғыдан алған­да өзге нәр­се­ні талап етіп тұ­рады. Бұ­рын-соңды бай­қап көрме­ген дүниеге қы­зы­ғушы­лы­ғы артады. Ата-ана­ның қол­дауы осы сәтте ке­рек. Алайда, ананың кө­ңі­лі да­ла­да, баланың көңілі ин­тер­нетте болатындығы өті­рік емес. Салғырт­тық­тың сал­дарынан сана ула­нып, соңы масқаралыққа алып ке­леді. Осы орайда меди­ци­на қызметкерлері ай­тар­лықтай жұмыс жүр­гі­зіп ке­леді. Облысымызда 2015 жыл­дың қыркүйек айы­нан бастап жастар ден­сау­лығы орталығы жүйелі түр­де жұмысын бастаған бо­ла­тын. Бүгінде жасөс­пі­рім­­дер мен жастар қатары атал­­ған орталыққа келіп, ден­­саулығына қатысты мә­­лі­меттермен танысып, пси­хологиялық, гинеко­ло­гиялық және ұрпақ өрбі­ту саулығы мәселелері жөнінде кеңестер алуда.

   Былтыр 2017 жылы медициналық қызмет алуға (жалпы тә­жірибелік дәрігер, гинеколог, уролог, дерматолог) 15707 жасөс­пі­рімдер мен жастар келген. Ал, 2016 жылы бұл көрсеткіш 7006 адамды құраған. Жыл өскен са­йын орталыққа келуші жастар қа­тары артып келеді. Бірақ, кө­ңіл қуантарлық көрсеткішті жас­­тарымыз өз деңгейінде көр­сете алмауда. Өңірімізде білместіктен бала көтергендер саны 2016 жылы 166 болса, былтыр 146 болған. Яғни, ерте жүктілік дең­гейі 12 пайызға төмендеген екен. Бұл бізге берілген облыстық жастар денсаулығы орталығының мәліметі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, дүние жү­зінде жыл сайын 95-100 мың жасанды түсік жасалады екен. Ал, өңірде жасанды түсік тастау мәселесі жастар арасында орын алмаған. Дейтұрғанмен, жас­тар­дың репродуктивті денсаулығына бей-жай қа­рауы алаңдатарлық жайт. Жалпы, репродуктивті денсаулық  дегеніміз - өмір­дің кез келген сатысында өсім­паз­­дық жүйенің ауру-сырқаттары болмаған жағдайдағы толық фи­зи­калық, ақыл-ой және әлеу­метт­ік саулығы. Яғни, дү­ниеге дені сау ұрпақ әкелу. Сол себепті репродуктивті ден­саулықты сақтау барлығымыз үшін маңызды.

    Қалалық №6 емхананың ана мен бала денсаулығын қорғау жө­ніндегі бас дәрігердің орынбасары Индира Елдесқызы репродуктивті денсаулықты сақтау­дың маңыздылығы жөнінде айт­­қан еді. Әйел затының ден­сау­лығы қашанда маңызды. Себебі, өмірге сәби әкелу - әрбір қыз-келіншектің басты мақсаты. Сол себепті де денсаулыққа мән бермеу ертеңгі күнге кері әсерін тигізеді. Қазіргі жастарға барлық ақпаратты ашық жеткізуіміз керек. Жасөспірім кезеңдегі жыныстық қатынас туралы және одан жұғатын инфекциялар жөнінде мағлұматтарды мей­лінше көп беруіміз қажет. Қазақстандағы әрбір үшінші жүктіліктің соңы жасанды түсік жасатумен аяқталады. Қарап отырсаңыз, мұның барлығы денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Жасанды түсіктің 30 пайызы бедеулікке алып келу қаупі бар. Со­нымен қатар, "жастайынан 15-19 жаста жүкті болғандардың балалары аурушаң, әлсіз болады" дей­ді мамандар. Өзі ба­ла, ал, сәбиін қалай бағып өсір­мек? Ойланбастан от басқан жасөспірім ерте жүк­тіліктің салдарынан оқуын аяқтай алмайды да. Осылайша, жастар өз өмі­ріне балта шауып жататын жайы бар.

    "Шындық жолдан адамды адастыратын нәрселер бар, олар тән тілегі, нәпсі" деген екен ұлы Абай. Жастарымыз ғашықтық пен құмарлықтың ара-жігін ажы­­рата алмай, ойын-сауықпен күн өткізіп, ермек іздеп жүреді. Жеңіл жолдың жарға жығатынын білсе де, жыныстық қаты­нас­қа түсу деңгейі жасөспірімдер арасында өршіп тұр. Сақтанбаған қарым-қатынастың әсерінен көп жағдайда жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар белең алуда. Бұл денсаулықтың нашарлауына әкеліп соғады. Ертеңгі күні бала сүю мүмкіндігінің азаюына ықпал етеді. Сонымен жыныстық жолмен жұғатын аурулар Сыр өңірінде де өршіп тұр. Облыстық жастар денсаулығы орталығының ақпаратына сүйенсек, 2016 жылы 99 адам ауру жұқ­тырып үлгерсе, 2017 жылы 49 адам белгіленген екен. Яғни, жаман кесел аздап төмендеп келеді. Жұрт білетін жұқпалы инфек­ция­ның бірі - АИТВ/ЖИТС. Бұл дерт Қызылорда тұрғындары арасында қандай көр­сеткіш көрсетіп тұр? Осы орайда ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтан мәліметтер сұраған едік. 2018 жылдың 1 тоқсанында 5 адамнан АИТВ жұқ­пасы анықталған, 100 мың адамға шаққандағы көр­сеткіш - 0,6 болды. Былтырғы жылдың осы мезгілімен салыстырғанда бір деңгейде қалып отыр. 4-і (80 %) гетеросексуалдық жыныстық қатынас арқылы жұқтырған, 1-нің (20 %) жұғу жолы белгісіз. Сон­дай-ақ, 60 пайызды ерлер құраса, қалған 40 пайызы әйелдер қауымына тиесілі. Әрине, бұл коммерциялық жыныстық қатынас қызметкерлеріне көп жүгі­нетін жігітсымақтардың жағдайынан туындаған мәселе. ЖИТС-пен науқастану деңгейін төмендетудің басты шарттарының бірі - аурудың берілу жолдары мен алдын алу стратегиясы туралы нақты білімнің болуы. Қазіргі таң­да барлығы дерлік жұқпалы аурудың қан арқылы, жыныстық қатынас және анадан балаға берілетінін жақсы біледі. Сонымен қатар, Қазақстанда 15-49 жастағы әйелдердің барлығы қандай да бір контрацепцияның заманауи әдістері туралы хабардар. Десе де, сезімге сақтанбастан берілетін бозбала мен бойжеткендер көп-ақ. 2015 жылы елімізде мульти-инцикаторлы кластерлік зерттеу жүргіз­ген, яғни жасөспірімдер мен жастар арасында контрацепция әдістерін, жүктіліктен сақтану жолдары жөнінде сауалнама бол­ған. Қорытындысы бойынша, 15-19 жастағы жеткіншектердің 71,4 пайызы жыныстық қатынаста сақтанбайды екен. Ал, 20-24 жасты қамтитын жастардың 44,3 пайызы аталған контрацепцияның заманауи әдістерін пайдаланады. "Сақтықта қорлық жоқ" дегенді әрбір жан жадында сақтағаны абзал.

    Келеңсіз жайттың жаңбырдан кейінгі саңырау­құлақша көбеюі келешек ұр­пақ үшін қауіпті. Жастар арасындағы репродуктивті денсаулықты сақтау жолында жүйелі жұ­мыстар атқарылуы тиіс. Бұл тұр­ғыда ата-ананың ақылы мен мамандардың кеңесі көбірек керек. Қала тұрғындарына қарағанда ауыл жастары соқпақ жер­лермен жиі жүріп, сүрінетін сәттері көп орын алады. Неге десеңіз, ата-ана арасындағы бай­ланыс белден төмен әңгімені қозғауға дейін бармайды. Себебі, ұят. Ал, мұндай жағдайда ба­ланың басты кеңесшісі ретін­де интернет ойға оралады. Бүгінгі желі бала қызыққан ақ­паратты тауып беріп, жет­кін­шектің санасын улайды. Осылайша, түймедей көрінген дүние дегеніміз қоғамдағы ауыр дерттің басталуына себепші болады. Сондықтан сақтанудың жолын жадымызда ұстайық.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

 

 

Оқылды: 192 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C