Айтарым бар

Жанболат Мелдешев: 

халықаралық бағдарламалар орталығының директоры: 

    Манчестер университеті Малайзияда өз кампусын ашады немесе Малайзияның кейбір университеті әлемдегі үздік университеттің франшизасын сатып алады. Бұндағы оқыту осы университеттің бағдарламасына сәйкес, сол университет мұғалімдерінің қатысуымен жүргізіледі, бірақ құны 10 есе төмен. Сондықтан Малайзияға британдық жоғары оқу орындарының дипломы үшін оқуға түсу бүгінгі таңда кең етек алған, ал Малайзия үшін бұл «білім беру туризмін дамыту» тұрғысынан тиімді. Бізге де сол жолмен жүрсе болады, яғни әлемнің жетекші университеттері үшін Қазақстанда оқу орындарын ашу мүмкіндігін беру. Соның нәтижесінде Үндістан, Қытай, Өзбекстан, Иран және басқа елдерден келген студенттерді Қазақстанда оқытыпОрталық Азиядағы ірі білім беру орталығына айналар едік. 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 10 Мамыр 2018 05:01

Мемлекеттік бағдарламалар уақытылы орындалуы керек

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

    Осы уақытқа дейін Қызылорда қаласы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қалаға қарасты ауыл, кент әкім­дерінің жыл бойы атқарған жұмысы, мемлекеттік бағдарламаларды орындау дең­гейі мен ауылдағы басты проблемалардың басын ашып алуда ауыл әкім­дерінің есебін тыңдап, кемшілігін әкім аппараты жиынында қозғап келген еді. Міне, сол ауыл халқының өмірін жақсартамын деп сайланған әкімдердің сынға ілігіп, қызмет барысындағы кемшіліктері аз айтылып жүрген жоқ. Бейсенбіде бас қосқан қаладағы атқарушы билік өкіл­дері қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен жүргізілетін кезекті жиында Қызылөзек ауылдық округінің әкімі Жасұлан Шынтасовтың есебін тыңдауға жиылды. Мәжілісте қаралған тек бұл тақырып ғана емес. Алдымен оты­рыс­та Нұрлыбек Нәлібаев мамыр айының мерекелік күндерін атап өтуге дайындық барысын пысықтау үшін қалалық мәдениет жә­не тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мира Қазбекованың баяндамасын тыңдады.

    Отан қорғаушылар күні мен Ұлы жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шаралар жоспарының мазмұнын жіпке тізген Мира Жомартқызы қос мерекеде 20-ға жуық мерекелік шаралардың ұйымдастырылатынын тілге тиек етті. Қы­зылордалықтар Отан қор­ғаушылар күнінде Астанадан берілетін әскери парад көрсетілімін тікелей онлайн режимде көре алады. Сонымен бірге бұл күні патриоттық бағыттағы мәдени-көп­шілік шаралар мерекенің лебін сезіндірмек. Бөлім басшысы Ұлы Отан соғысының 73 жылдығына орай аталып өтілетін әртүрлі сипаттағы шаралардың ерекшеліктеріне де тоқтала кетті. Жыл сайын өтетін "Жасампаз жасақ" жобасының биыл да жалғасын табатынын назарға салды. Баса айта кетерлігі, мерекеде жақында ашылған өнер арбатында караоке сайысы қала тұрғындарының көңілін көтеруге бағытталмақ.

   Өз кезегінде қала әкімі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жылдан-жылға қа­тары кеміп бара жатқанын еске салып, ардагерлерге ерекше құрмет көрсетіп, барлық игі жұмыстарды жоғары деңгейде ұйымдастыру керектігін жауапты азаматтарға нықтап тапсырды. Ал, қалалық ішкі саясат бө­лімінің басшысы Қуаныш Жанұзақовқа барлық ардагерлердің бейнесін айшықтайтын билбордтар даярлап, оны қаланың басты орындарына ілу тапсырмасын жүктеді. Сондай-ақ, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлмира Рахметоваға барлық Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне берілетін сый-сияпаттарды үйлестіру жұмыстарын бақылауға алуды жүктеді.

   Қала әкімі мереке күні тұрғындар ауыз су, жарық мәселесінде қиындық көр­меуі қажеттігін қадап айтты. Мұнымен бірге қауіп­сіздік шаралары да қатаң сақталып, тәртіпті күшейту қажеттігіне баса назар ау­дарды. Тиісті тапсырмаларды түртіп алған сала басшылары аталған мәселелерге толық дайын екендік­терін жеткізді.

    Отырыстың екін­ші мәселесі ауыл жағдайына бағытталды. Әкім алдында есебін түгендеп келген Қызылөзек ауылдық округінің әкімі Жасұлан Шынтасов ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетіс­тіктер мен көзге көрініп тұрған жұмыстарды тізбелеп шықты. Айталық, Жасұ­лан Қанибайұлы биыл 1239 адамның тұрақты жұ­мыс көзін тауып, 505 адам өзін-өзі жұмыспен қамтығанын, 17 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек, 11 отбасыға тұрғын үй көмегі берілгенін ашып айтты. Дегенмен, Нұрлыбек Нәлібаев салық түсімі бағытында жұ­мыстың әлсіз орындалып отырғанын ескертті. Мемлекеттік бағдарламалардың да уақытылы орындалмай, әсіресе "Құлан", "Сыбаға" бағдарламасында жұмыстың көзі көрінбей тұрғанын жасырмады.

   Есепті тыңдаған Нұрлыбек Машбекұлы Қы­зылөзектегі "Детская страна" жекеменшік балабақшасының сыртқы кө­рінісіне қарап, балабақшаның арнайы талаптарға сай келуі міндет екенін салмақтады және қалалық білім бөліміне әрбір балаға мемлекет есебінен бөлінетін қаржыны уақытша тоқтату туралы тапсырма жүктеді. Балабақша меңгерушісі талап-тілектерді толық орындамайынша, әрі сапалы қызмет көрсетпейінше кә­сіпкерлерге қаржы бөлмеу керектігін қатаң тапсырды. Бұған қоса қала әкімінің орынбасары Шахмардан Баймановқа ауылдық округтегі балабақшаларды көзбен көріп, жағдайды тек­серіп келуді міндеттеді.

   Қала басшысы ауылдың даму жоспарын ортаға салған Жасұлан Шынтасовқа әрбір қызметті сапалы әрі уақытылы орындау керек­тігін айтты. Өз кезегінде Жасұлан Қанибайұлы округте медицина саласының проблемасын ше­ше алмай отырғандығын жа­сырмады. Дәрігерлердің тұрақты болмауы әрі жетіспеушілігін қала әкімі облыс­тық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе шешуді тапсырды. Мұнан бас­қа ауылдағы жұмыссыздық мәселесін шешу, кә­сіп­керлікке мүмкіндік беру мәселелеріне жете мән беру кезек күттірмейтіндігін қо­са айтып кетті.

    Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылөзек әкімі Жасұлан Шынтасовтың есебіндегі кемшіліктердің орын алмауын өзге ауыл әкімдіктеріне қа­рата айтты. Себебі осы уа­қытқа дейін аппарат мә­жі­лісінде тыңдалған бірқатар ауыл әкім­діктерінде де проблема аз емес. Осы себептен де Нұрлыбек Нәлібаев әкім­дерге сенім білдірген халықтың мәселесіне ден қойып, уақытпен санаспай қызмет ету керектігін қайталап айтты. Көпшілік алдында жауапкершілікті жоғары қойған әкім Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі Дулат Раушанбекұлына кейбір мәселелерге қай­та қарау керектігін жүктеді.

     Аппарат мәжілісінің соңында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала әкімдігінде орын алған кадрлық өзге­ріс­терді атап өтті. Сонымен, осы уақытқа дейін қала әкімінің орынбасары қызмет атқарып келген Асылбек Шәменов облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысы қызметіне, қала әкімі аппаратының басшысы болған Еркін Тұрабаев облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары болып келген Нұрлан Мақсұтов өзге қызметке ауы­суы­на байланысты қыз­­метінен босады. Қызметі өзгерген сала басшыларына қала әкімі ең жоғары марапат "Құрмет" грамотасымен марапаттап, құр­мет көрсетті.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

Оқылды: 82 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Мамыр 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C