Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 16 Мамыр 2018 10:29

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – сапалы әрі қолжетімді көмек

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

     Елбасының 2017 жылы 10 қыркүйегіндегі тапсырмасына сәйкес республикада "Бей­ресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру, ел экономикасына және тиісін­ше міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары" бекітілген еді. Аталған жоспарда өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың кірісін есепке алу, салық төлеу және зейнетақымен қамтамасыздандыру, сондай-ақ әлеуметтік және медици­на­лық сақтандыру жүйелеріне қатысу мәселелері негізге алынған. Осыған байланысты А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде жұмыспен қамту жә­не әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйым­дастыруымен "Ашық есік" күні өткі­зілді. Аталған іс-шарада "Мін­детті әлеумет­тік медициналық сақтандыру" жүйесін қа­ладағы кәсіпкерлерге және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға түсін­діру жұмыстары жүргізілді. Ашық есік күніне облыстық денсаулық сақтау басқармасы бас­шысының орынбасары Ж.Абдусаметов, "Әлеу­меттік медициналық сақтандыру қоры" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы А.Рахымов, Қызылорда облысы бойынша "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлік палатасының есепшісі А.Есенбаева, Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жеке кәсіпкерлердің ақпаратын қа­былдау және өңдеу орталығының бас маманы Д.Кемадуллаева және Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Ғ.Аяпбергенов қатысты.

    "Ашық есік" күніне келген "Талғат" базарындағы жеке кәсіпкер Жадыра Тилемесовамен тілдестік. Оның айтуынша, 5 жыл­ға жуық уақыт аралығында жеке кәсіп жүр­гізіп келген. Қарамағында 5 қызметкер бар.

    - Барлығын жұмыспен қамтып отырмын. Дегенмен, қызметкерлер ұзақ мерзімде қызмет атқармайды, жұмыс орнын көп ауыстырып отырады. Сондықтан да қазіргі таңда бір адамға ғана зейнетақы төлемін ай сайын төлеп отырмын. Ал, өткізіліп жатқан ашық есік күнінде "мін­детті әлеуметтік медициналық сақтандыру" жүйесімен толығырақ танысып, өзіме қажетті мәліметтерді түсініп алдым. Алдағы уақытта жұ­мыс­шыларыма және жұ­мыссыз жұбайыма да медициналық сақтандыру жүйесін ашып, жарна аударып отырамын. Бұл біз үшін тиімді болмақ,- дейді жеке кәсіпкерЖ.Тилемесова.

    Соңғы жылдары денсаулық саласында оң өзгерістер, жедел қызмет жүйелері енгізіліп жатқаны белгілі. Мұның барлы­ғы халық үшін жасалып жатқан маңызды да мардымды жұмыстардың жүйесі. Со­ның бірі жалпыға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілуіне байланысты жарна төлеу тәртібі өзгеріп отыр. Осы ретте барлық кәсіпкерлер мамандардан кеңес алды. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Абылайхан Мейірманұлының айтуынша, жеке кәсіпкерлер 2018-2019 жылдары жеке кәсіпкер ретінде өзі үшін жарна төлемейді. Бірақ жұмыс беруші ретінде қарамағындағы жұмыскерлерінің атына жарна аударуды тоқтатпайды. 2018-2019 жылдары - 1,5%, 2020 жыл­дан бастап - 2%. Сонымен қатар, же­ңіл­дігі бар санаттар үшін жарнаны мемлекет төлейтіндігін айтты. Айта кету керек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы кез келген қызметкер алғашқы медициналық-санитарлық көмек, жоспарлы медициналық көмек, жоғары мамандандырылған медициналық көмек, амбулаториялық-емха­на және стационарлық көмек және мейіргерлік, паллиативті көмек ала алады. Әрбір адам үшін денсаулық маңызды. Бұл жүйе арқылы сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекке жүгінуге болады.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Оқылды: 64 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Қай сүт өнімдерін жиі пайдаланасыз?

Милоко - 27.9%
Моё - 37.2%
Петропавлское - 11.6%
Айналайын - 23.3%
Дәмді - 0%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 14 Қырқ 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C