Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 23 Мамыр 2018 08:16

АҚЖАРМА АУЫЛЫ МЕН ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Қала әкімі Н.Нәлібаев Қызылордаға қарасты барлық ауылдарды өз назарына алды. Бұған дейін де жасалынған шаруалар шаш етектен еді. Дегенмен де жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға шолу жасап отыру бүгінде басты үрдіске айналған. Ауыл әкімдері әкім аппаратында, барлық бөлім бас­шы­­ларының алдында өзі басқарып отырған ауылдың ахуалына шолу жасайды. Кем-кетігін айтып, барын бар деп мақтануына да зор мүмкіндік беріледі. Кө­ңіл көншімейтін салалар бойынша қала әкімінен ескертпелер де алып отырады. Бұл сыннан өткен ауыл әкімдері қазіргі таңда жақсы нәтижелер көрсе­тіп жүр. Ал, кезекті қала әкімі­нің аппарат жиналысына 2018 жылдың басынан бері атқарылған жұмыстар жөнінде Ақжарма ауылдық округінің әкімі Жұмабек Әлиев өз есебін берді.

   Негізінен Ақжарма ауылдық ок­ругіне қарасты Баймұрат батыр ауылы, Талдыарал, Құбас, Қал­ғандария елді мекендері бар. Мұндағы тұрғындардың бар­­лығын қоса есептегенде ха­лық саны 2276-ға жеткен. Өкі­нішке орай, экономикалық белсенді тұрғындар халықтың 50 пай­ызын ғана құрап, олар түрлі са­лада жұмыс жасауда. Соған қа­рамастан ауыл қарқынды даму үстінде.

    Жиында ауыл әкімі әуелі әлеу­­меттік сала бойынша жа­зыл­ған баяндамасын оқып бер­ді. "Биылғы жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейін жою мақсатында тұрақты жұмысқа 8 адам, қоғамдық жұ­мысқа 13 адам, жастар практикасына 3 адам орналастырыл­ған. Округте жұмыссыздар қатары 56 адам. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар үшін атаулы әлеуметтік кө­мек алуға құжат тапсырғандар саны 23 адам болса, оның 21-не көмек тағайындалды. Округ бо­йынша барлығы 40 мүгедек жан болса, бұлардың 6-уы - 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Қазіргі таңда әлеуметтік көмек көрсетуді қажет ететін 1 жалғыз басты қарт кісіге  тұрақты қызмет көр­се­тілуде. Биылғы жылы демеу­ші­лер арқылы "Нау­рыз шапағаты" мейірімділік ак­ци­ясы ая­сын­да 42 отбасына  барлығы 386000 теңге көлемінде көмек көрсетілді",-деді Ж.Әлиев.

   Ақжармалықтар кәсіпкер­лік­ті қолдау және ауыл шаруа­шы­­лығын дамыту бойынша да негізінен көш ілгері келе жатыр. Атап айтар болсақ, 2018 жылдың 1 қаңтарында кәсіпкерлік нысандар саны 93 болса, биылғы үш айда жетіге артып, жалпы са­ны жүзге жеткен. Әкім сөзіне сен­­сек, 2017-2018 жылдар көлемінде 221 адам жұмыспен қамтылған екен.

     Кәсіпкерлікті дамытуда тұр­ғандар да қарап қалып жатқан жоқ. Биылғы жылдың өзінде "Нә­тижелі жұмыспен қамту жә­не жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы аясында Қы­зыл­орда облысының өңірлік ин­вестициялық орталығына ауыл тұр­­­ғындары 7 жоба ұсынып, бі­рінші кезекте 6 жобасы мақұлданып, жалпы құны 25 млн.теңге көлемінде қаржыландырыл­ған. Ол ақша шаштараз, монша, дәмхана құрылысын салу жә­не жылқы малын көбейтіп, бор­дақылау мақсатында игерілген.

    Ауылда күн тәртібінен түс­пей келе жатқан кезекті жол жөң­­деу мәселесі де аппарат жиынында сөз етілді. Ауылда шұ­рық-тесік болып жатқан 15 көше бөліктері бар екен. Оны жөнге келтіру үшін 294 млн. 856 мың тең­гені құрайтын қаржы керек. Ал, әкім болса орташа жол жөн­деу жұмысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттар дайындап, облысқа бюджеттік өтінім бер­ген. Ауыл тұрғындары осы ше­­шімнің тез арада қабылдан­ға­нын күтуде. Себебі жолда жүру қауіпсіздігі жол сапасына да тығыз байланысты екені аян. Осы тұста жол жөнінде толық ақпарат айта кетейік. Ақжармада бар­лығы 13 көшенің 8 көшесіне 153 көше жарығы орнатылған. Өңірлерді дамыту бағдарламасы" аясында Талдыарал елді меке­нінің 1 көшесіне 2 млн. 119 мың теңгеге көше жарығын орнату жұмыстарына тендер жа­рия­ланған. Ауыл көшелерінің түнгі жарығын күтіп ұстауға 6 млн. 260 мың теңге қаралып, тен­дер қорытындысы бойынша "МК Сервис LTD" ЖШС жеңім­паз болып танылыпты. Бұдан бұ­лай, шағын ауылға бөлінген қыруар қаржы қараңғы көше­лер­ді жарықтандыратын болады.

     Білім саласына келер болсақ, 2017-2018 жаңа оқу жылында ауыл мектептерінің бірінші сыныбының табалдырығын 64 бүл­діршін аттаған. Биылғы жылы №215 орта мектептен 6 бала, №218 орта мектептен 13 бала мек­­теп бітіреді екен. Бұлардың ішінде 2 оқушы "Алтын белгіге" үміт­кер. Жиында ауылдық округ әкімі мектеп пен кітапханалардың дұрыс күтіліп, қаралмаға­ны­на байланысты сынға ұшырады. Жақын жылдарда ғана пайдалануға берілген мектептің қа­бырғалары құлап, айналасына тал егу жұмыстары жүргізілмеген. Сыннан кейін білім ошағына күтім жасалатынына сенейік.

    Ал, округ тұрғындарына қыз­­­мет көрсететін №9 және №11 кітапханаларда барлығы 34 мың 617 кітап қоры, 1 мың 232 тұ­­рақты оқырманы бар. Ауылда негізінен кітап оқу жақсы жолға қойылған. Бұл білім мен ғылым­ға жастардың құштарлығын арттыруға бағытталған игі бастама болып отыр.

     Округтің учаскелік полиция инспекторы қылмыстың алдын алу мен оны болдырмаудың түр­лі бағыттары бойынша жұмыстарды атқарып келеді. Дегенмен де ауылда ауық-ауық бұзақылық та бой көрсетіп тұрады екен. 2017 жылы І тоқсан бойынша 5 қылмыс дерегі тіркеліп, оның 2-уі ашылса, 2018 жылдың 3 айы кө­­лемінде барлығы 3 қылмыс де­регі тіркеліп, 2-уі ашылған.

     Ауылда денсаулық сақтау мәселесі бір ретке келтірілген. Бүгінде қалалық №4 емханаға қа­расты 2 медбекет халыққа қыз­­мет көрсетуде. Талдыарал ел­ді мекені тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынған медбекет қаңтар айында пайдалануға берілген. Дәрі­гер­лердің жүйелі жұмыстарының нәтижесінде есепті мерзім ішінде ана мен бала өлімі тір­кел­меген. Медбекетке байланысты ауыл тұрғындарынан шағымдар түскені жасырын емес. "Дұрыс қызмет көрсетпейді, жұ­мыс уақытында жабық тұрады" деген сынды шағымдар тыңдалып, қазіргі таңда барлық мәселелер өз шешімін тапқан.

    Ақжарма ауылдық округінің әкімі Ж.Әлиев алдағы уақыттарда туындаған мәселелерді ретімен шешетінін, ұйыған сүттей бір­лігін жоғалтпаған ауылдың дамуы жолында қызмет ете беретінін айтты.

     Қала әкімі Н.Машбекұлы жиын барысында бір ғана сала бойынша тежеліп қалмай, "барлық бөлімдер бірігіп жұмыс жасасын" деп қатаң тапсырма бер­ді. Бұған білім бөлімінің басшысы Ақарыс Нұрсейітовтың "Балалардың жазғы демалыс уа­қытын тиімді ұйымдастыру туралы" баяндамасы түрткі болды. Оған қоса, Ақжарма ауылының мек­тебі мен кітапханасына қадағалауды А.Нұрсейітовке тапсырды.

    Әкім жиналысында көтерілген басты тақырыптың екіншісі балалардың жазғы демалысы жөнінде болды. Жадырап келетін жаз мез­гіліндегі жайма шуақ күндер жас­ө­с­пірімдерге ерек­­ше әсер қалдыруы тиіс. Сон­дықтан атқамінерлер атқарып жатқан шаралар жетерлік. Биылғы 2017-2018 оқу жылында 1-10 сынып аралығындағы 52835 оқу­шының 48777-і жазғы кезеңде демалыспен қамтылады деп жоспарланған, бұл 92,3 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда пайыздық жағынан жоғары. Өткен жылы қала көлемінде 49790 оқу­шының жоба бойынша 45000-ы жазғы кезеңде демалыспен қамтылған еді, яғни 91%-ды құраған болатын. Осы оқу жылында жаз­ғы уақытын босқа өткіз­бей­тін оқушылар саны арта түспек.

    Тағы бір баса айта кететін жайт, балаларға қаржы көлемі де қомақты бөлінуде. Соның бірі 2018 жылдың жаз айларында "Сырдария" тынығу лагерінде ба­лаларды тынықтыруға барлығы 15 621, 0 мың қаржы қарас­тырылған. Мұнда 7 ауысымда 1050 бала тынықтырылады. Лагерь жолдамасы 15000 теңгені құ­­райды Ал, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан 499 бала демалады, оған 7 млн. 485 мың теңге қаралған. Дегенмен осы қаржыны тиімді пайдалана отырып, қызылордалық балаларды өзге өңірлерге, мәселен куротты орын Бурабайға апару жөнінде ұсыныстар айтылды. Бас­шылық осы мәселені ата-аналар арқылы реттеп, бір келісімге келер болса, оқушылар жай­лы демалыс уақытына ие болуы мүмкін.

    Әрине, өз лагерьлеріміз де еш­кімнен кем емес. "Сырдария" тынығу лагерінде Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру" мақаласында жазылғандай, қазақтың ұлттық ойындарын ұлықтау мақсатында "Ақыл­­ды спорт" үйірмесі жұмыс жасайды. Бұл жерде баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат және де ұлттық ойындардан асық ату, ар­қан тартыс, бес тас, сиқырлы таяқ, сақина тастау, алтыбақан ойындары үйретілетін болады.

    Негізінен бұл лагерь 1982 жылы салынған, 2 қабатты ғимарат. Оған қоса, 80 орындық асхана, дәрі­герлік пункт, жатын орындары, шығармашылық үйір­­мелер кабинеттері мен гигиеналық бөлмелері­мен жабдықталған. Білім бөлімінің ақ­па­ратына көз жүгіртер болсақ, лагерьде арнайы ойын, спорт алаңдары, монша, ашық су бассейні орналасқан. 4 ғимаратта 150 орындық жатын бөлмелерінде керуерт, арнайы киім шкафтарымен қамтамасыз етілген.

   Қызылорда қалалық білім бө­­ліміне қарасты "Сырдария" ба­лалар сауықтыру лагеріне 2018 жылдың жазғы айларында балаларды тынықтыруға барлығы 1 5621,0 мың қаржы қаралған.

    Бөлінген қаражатты бөліп қарайтын болсақ, қай салаға да басымдық берілгені байқалады. Сондықтан мұнда келіп демалысын өткізген оқушылар еш өкінбесі сөзсіз. Бөлінген қаржыға сай сапалы қызмет көрсетіле білсе, балалардың да қуа­ныштарында шек болмас.

Айдар САЙЛАУОВ

Оқылды: 60 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C