Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 30 Мамыр 2018 08:02

Қызылжарма ауылының әлеуметтік ахуалы қала әкімінің назарына ілінді

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

   Қазақ ауылына қарап, азаматын таныған. "Алтын бесік" деп қастерлеген, қадірлеген. Ынтымағы мен ырысы, татулығы мен бірлігі жарасқан ауылдар баршылық. Десе де, нарықтың халықтың алқымынан алып тұрған кезде ауылдықтардың әлеуметтік жағдайы да жақсы болуы шарт. Түтіні түзу ұшып, қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Қызылорда қаласына қарасты бір­неше ауыл бар. Солардың бірі - Қызылжарма ауылы.

    Қала әкімі алдыңғы аптада Ақжарма ауылының ахуалына шолу жасаған еді. Кезек Қызылжармаға да келіп жетті. Әкім аппаратында бөлім басшыларының алдында есеп берген Қы­зыл­жарма ауылдық округінің әкімі Нұрболат Балтабайұлы Ибраев 2018 жылдың І тоқсанында атқарған және алдағы мін­деттері туралы баяндамасымен таныстырып өтті.

   Ауыл түбі - бірлік, қауым түбі - тірлік екені даусыз. Сол себеп­ті ме екен, ауыл көлемі бойынша атқарылып жатқан шаралар қыруар. Сандарды сөйлетсек, Қызылжарма ауылында халықтың саны 7405 адамға жеткен, яғ­ни 1667 отбасын құрап отыр. Соның ішінде халықтың 56       па­йы­зы экономикалық белсенді деп танылған. Ал, жыл басында жұмыссыз жүрген 22 азамат жұ­мыспен қамту орталығына тір­ке­ліп, олар 100% ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған.

  - Елімізде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгі­зіл­ген болатын. Жыл басынан бері ауылдағы тұрмыс деңгейі аз қамтылған 73 отбасыға, яғни нақ­тылай кетсек, 33 отбасыға шартты, 40 отбасыға шартсыз атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, жалпы сомасы 8 млн. 709 мың тең­ге қаржылай көмек көрсе­тілді.

    Ауылда орналасқан 11 жылдық білім беретін С.Әлжіков атындағы №144 орта мектепте 2050 оқушы білім алуда. Ал, мектеп жанындағы шағын орталықта 75 бүлдіршін тәрбиеленуде. Мемлекеттік - жекеменшік әріп­тестік негізінде салынған "Бөпежан" балабақшасына 100 бүлдіршін, мемлекеттік "Сыр Дидары" балабақшасында 204 бүлдіршін тәрбиеленуде. Ауы­лы­мыздағы жақсы жаңалықтардың бірі ауыл орталығынан "Смарт Стюди" оқу орталығы ашы­лып өз жұмысын бастады. Аталған оқу орталығында балаларға менталды арифметика, ағылшын, математика, орыс ті­лі, бастауыш сынып оқушыларына арналған даярлық курстары, қазақ тілі мен әдебиеті, Ұлт­тық бірыңғай тестілеуге дайындық, ғылыми шығармашылық және тағы басқа көптеген даярлық курстары бойынша қызмет көрсететін болады,- деп Нұрболат Ибраев баяндама барысында ауылдың біліміне бей-жай қа­рамайтынын айтып өтті.

  Осы тұста айта кеткен жөн. Қызылжармада қоғамдық саяси ахуал бүгінгі күні тұрақты. Ауыл орталығында орналасқан 250 орындық "Алдажа Жәме" мешітінде жылдан жылға иманды­лық­қа бет бұрған жастар саны артып, бүгінгі күні 300 ден астам шәкірт білім алу үстінде екен. Осы бір қасиетті рамазан айында қадірлі діннің туын жық­пай, ұмыт етпей, жастарға жағымды жағынан үлгі етуде ауыл үлкендерінің ықпалы орасан. Алдыңғы арбаға қарап бой түзейтін ауыл жастары иман­жүзді болып өсіп келе жатқанының сыры осында жатса керек.

    Иә, жасөспірімдердің бос уа­қытын тиімді ұйымдастыру, өнер­ге баулу маңызды іс. Осы мақ­сатта ауылдық мәдениет үйі­нің жанынан құрылған 10 үйір­ме жүйелі түрде жұмыс жасап жатыр. Үйірме құрамында 97 өнер­паз бар. Өнерге өзгеше ын­та қойылуының да өзіндік себебі бар. 2018 жылғы мәдени іс-шараларға жергілікті бюджеттен 606 000 теңге бөлініп, шағын қаржыға үлкен жұмыстар атқарылған.

   Білім мен мәдениеттен бө­лек, әлеуметтің әлеуеті, денсаулық жағдайы да сыр бермеуі тиіс. Соған сай ауылда №5 қалалық емханаға қарасты дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды. Қазіргі таңда бір мезгілде 120 келушіге қызмет көрсететін орталықта алғашқы көмек көрсету, үйге шақыру, жүктілікті есепке алу сынды жұмыстарды қамтамасыз етіп келеді. Бұл қазақылығы бұзылмаған халық үшін қолайлы жағдай тудырып отыр.

    Шағын ғана мекенде бәрі мінсіз екен деп топшылау қате. Көп жерде қаузалатын жол мәселесі де бұл ауылдан қылаң берген. Көшелердің көбі шұрық те­сік. Алайда атқамінерлер айға қарап отырған жоқ. "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы шеңберінде 3 көшеге тас төсеу жұмыстарын жүргізуге 6,5 млн. теңге қаражат бөлініпті. Қазіргі таңда аталған жұмыстарды жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттары дайындалып мемлекеттік сатып алуға жарияланған. Сонымен қатар, ауылдық округтегі орташа жол жөндеуді қажет ететін жалпы көлемі 244 млн. теңгені құ­рай­тын 21 көшеге жоба-сметалық құжаттары дайындалып, об­лыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына өтінім ұсынылғаны жөнінде де ақ­параттар айтылды. Жолдың жөні бір бөлек. Ал, түнгі қауіп­сіздікте басты рөл атқаратын жарықтандыру мәселесі де өзекті. Ауыл орталығында орналасқан ұзындығы 5,5 шақырымды құ­рай­тын көшелерге түнгі жарықтандыру бағаналарын күтіп ұстау жұмыстарының өзіне 5,6 млн. теңге бөлінген. Тек ол ғана емес, ауылдағы Абай және Қарабалаев көшелерінің электр жарығы өте әлсіз болуына байланысты қа­лалық электр тарату торабы ме­кемесі арқылы Қарабалаев кө­шесіне 1,7 млн. теңгеге қосалқы электр станциясы орнатылып, электр жүйелері толығымен ретке келтірілген. Халық игілігіне бе­рілген бағаналар бүгінде түнде жарықтанып, ауыл көркін ашып тұр.

    Тағы бір көңіл көншімейтін тұс - ауыл тазалығы. Қала әкімі Н.Машбекұлы слайд арқылы ауыл маңының қоқысы тазаланбағанын айтып, тез арада реттеу­ге тапсырма берді. Өйткені сапасы сын көтермейтін жұмыстар көз­ге ұрып тұр. Сынған жарықшамдар, шашылған тұрмыстық қалдықтар суретке түсіріліп алынған. Өкінішке орай, құлаған ғимараттар мен мемлекеттік нысандар да осы ауылдан табылады. Қала әкімі "осының бәрін сырлап, әктеуге көп қаржы кетпейді. Оған тек ниет керек" деген сөзді қадап айтты. Айтатындай бар екен. Себебі осы жылы қа­лалық бюджеттен санитарлық та­зарту жұмыстарына 2,2 млн. теңге бөлінген. Жүргізілген мем­лекеттік сатып алу нәтижесімен жыл бойына ауылдың санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге "Жан и Сая" жауап­кер­шілігі шектеулі серіктестігі 1 млн. 64 мың теңгеге жеңімпаз деп танылыпты. Алайда, тазалық үшін ауыл әкімі жиында сөз­ге қалды. Сондықтан болар, ауылдың санитарлық тазалығына, көркейту көгалдандыру жұ­мыстарын атқаруға кенттің 19 жұ­мыссыз азаматы ақылы қо­ғам­дық жұмысқа тартылып, ауыл тазалығы үшін қосымша еңбек етуде екен. Ал, ауыл тұрғындарын аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округтегі ка­налдар мен аяқ су жүретін арық бойлары толығымен тазартылып, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай ауылда орналасқан мекемелерде 200 түп ағаш отырғызу акция­сы өткізіліпті. Тіпті, ауыл таза­лы­ғын жақсарту мақсатында демеушілік арқылы тұрмыстық қатты қалдықтарды арнайы орындарға шығару үшін 4 техника бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылған.

    Ауыл әкімінің салық саласына салғырт қарамағаны байқалды.

   - Нарықтық қатынастар жағдайында ауылдық округ экономикасын әртараптандыру және салық түсімін арттыру бағытында жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда жергілікті өзін-өзі басқару қағидаларына сәйкес жергілікті әкімдікке салықтың 5 түрі берілді. 2017 жы­лы жеке және заңды тұлғалардың салық көздері және айыппұлдары есебінен жергілікті қолма-қол бақылау шотына 9,2 млн. теңге түсіріліп, жоспар 100 пайызға орындалса, 2018 жылы бюджетке түсетін түсім жоспары былтырғы жылдан 28,9 па­йыз­ға көтеріліп, яғни 11,9 млн. теңгеге жоспарланып отыр,-деді Нұрболат Балтабайұлы.

    Көлемді қаржының көзі - кәсіпкерлікте. Ауыл тұрғындары да өз ықпалымен ақша табудың жолын жақсы меңгерген. Осы жылы Қызылжарма ауы­л­ын­да 175 кәсіпкерлік субъек­тіcі тіркелген. Оның ішінде, "Аквалайн" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 90 мал шаруашылығы, 65 дүкен, 3 монша, 3 техникалық жөндеу және дәнекерлеу орталығы, 4 шаштараз, 1 жеке балабақша, 1 мейрамхана, 2 асхана, 3 тігін шеберханасы, 1 дәріхана және 1 жылыжай кәсіп­кер­лік субьектілері өз шаруа­шы­лықтарын дөңгелетуде. 2018 жылдың І тоқсаны бойынша қа­ла­лық кірістер басқармасына 9 кә­сіпкерлік субъекті тіркелген. Ауылдағы мал саны 2017 жылдың қорытындысымен салыс­тыр­ғанда биылғы жылдың І тоқсанында 3859-дан 4008-ге дейін өсім алған, яғни 1,2 пайызға кө­бейген. "Береке Агро" ауыл шар­уа­шылығы кооперативінің өнді­рісі ет бағыты бойынша 38 тонна болса, сүт өнімі 337,5 мың литрді құраған. Ал, "Кушум­баев" ауыл шаруашылығы кооперативінің ет бағытындағы өнді­рісі 16 тонна 568 кг болған. Ауыл шаруашылығы шау тартпай, алға қарай адымдап келеді. Қызыл­жар­малықтар осылайша кәсіп­тен нәсіп тауып, төрт түліктің ар­қасында түтіндерін түтетіп отыр.

    Жиын барысында қала әкімі тарапынан біршама ескерту алған Н.Ибраев кемшін кеткен тұс­тарды жөндеуге уәде етті. Бі­рақ, Н.Нәлібаев "барды бар" деп айтып бағалай да білді. Сондықтан Қызылжарма әкімінен әлі та­лай тындырымды істер күтуге болады.

Айдар САЙЛАУОВ

Оқылды: 57 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C