Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 06 Маусым 2018 12:33

«ҚАЗПОШТА» ТҰТЫНУШЫЛАРЫН ТОСЫН СЫЙМЕН ҚУАНТТЫ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

   "Қазпошта" АҚ ұлттық пошта операторы компанияның 25 жылдық мерейтойына орай "Kazpost-тан сыйлықтар жылы" атты ұтыс ұйымдастырды. Аталған шара облыстағы зейнетақы мен жәрдемақы алушылар арасында өтті. Облыс бойынша 40 мыңға жуық зейнеткер мен жәр­дем­­ақы алушыға арнайы "Қазпошта" тарапынан алдын ала номерлер берілген болатын. Сол номер арқылы тұтынушылар 50 мың мен 200 мың теңгеге дейінгі аралықта тұр­мыс­тық техниканы сатып алуға арналған сертификаттар ұтып алды. Барлығында бір үміт, жеңіске жетіп ұтысты иелену. Нәтижесінде, Қазалының тұрғыны басты сыйлық 200 мың теңгенің иегері атанды. Ал, Жаңақорған ауданының тұрғыны 100 мың теңгеге ие болды. Сонымен қатар, Қазалы және Шиелі ау­дандарының "Қазпошта" клиенті 50 мың теңгенің иесі атанды. Лоторея ойыны қызықты әрі әділ өтті. Ұтыстың шынайы болуын қадағалаған компания тәуелсіз сарапшыларды құрған, олар ұқыптылықпен ойын барысында өз міндеттерін атқарды.

   Науқан барысында "Тұрғын үй құ­рылыс жинақ бан­кі" директорының мін­детін атқарушы Аслан Нұрадинұлы сөз сөйлеп, "Қаз­пош­та" салымшыларын және қызметкерлерін 25 жылдық мерекесімен құттықтады. "Биыл Тұр­ғын үй жинақ бан­кі 15 жылдығын атап өтеді. "Қазпошта" мекемесімен әріптестік қыз­метті 2005 жыл­дан бері жал­ғап келе жатыр. Осы он үш жыл ішінде "Қазпошта" салымшылары ара­сынан үй ал­ған кісілер де көп. Осы уақыттан бастап қар­жы жинап, үл­кен мүм­кіндікке ие болу қажет" - деді ол өз сөзінде. Қазіргі таңда "Қазпошта" АҚ әрбір қазақстандық үшін көптеген мүм­кін­дік­терді жасауда. Жылдан жылға халыққа қызмет көрсету жүйесі де жаңаруда. Бұрын адамдар байланыс бөлімшелеріне сәлемдемелер мен хаттарды жіберу немесе оны алу үшін баратын болса, қазір басқа, мүмкін­діктері мол. Себебі, бөлімше арқылы коммуналдық төлемдерді төлеп, кредиттерін өтей алады. Сонымен қатар төлем картасын ашу және депозиттегі шотты толтыру, сол сияқты ақша аудару сынды түрлі қызметтері бойынша клиенттерге қолайлы жағдай жасап отыр. Осы ретте "Қазпошта" қызметкерлері келген зейнеткерлерге және жәрдемақы алушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ақпараттармен таныстырып өтті. Облыстық "Қазпошта" филиалы директорының орынбасары Салтанат Тулекова ұтыс ойынына келген зейнеткерлерге өз алғысын білдірді.

    Тосыннан келген сый кімді болса да таңқалдырары сөзсіз. Көңіл-кү­йін көтеріп, қуанышқа бөлейді. Шараға жиналған қауым өзі таңдаған сан бойынша "Қазпоштаның" және Қазақстан тұрғын үй жинақ банкі та­ғайындаған арнайы сыйлығына ие болды. "Ойын "Рандом" деп атала­тын бағдарлама арқылы жүзеге ас­ты. Онда кез келген санның шығуы бойынша жеңімпаздар анықталды. Бұл бағдарлама өте ыңғайлы және еш қиындық тудырмады. Керісінше, көптің қуанышты сәтіне куә болдық" - дейді облыстық "Қазпошта" филиалы директорының орынбасары Салтанат Тулекова. Шара соңында "Қазақстан тұрғын үй жинақ банкі" мен "Хоум кредит банк" ұйымдастырған дастарханнан дәм алған тұрғындар өз ризашылығын білдірді. Айта кету керек, алдағы уақытта ұтыс ойындары аудандық "Қазпошта" бөлімшелерінде ойнатылатын болады.

Ж.Айдосқызы

 

Оқылды: 73 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

"Халық таңдауы" айдарының бұл жолғы санында сусындарды сараптаймыз. Cіз қай сусынды көп тұтынасыз?

Coca-Cola - 28.6%
Fanta - 34.7%
Sprite - 16.3%
Pepsi - 20.4%
Holiday - 0%

Total votes: 49
The voting for this poll has ended on: 17 Қаз 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C