Айтарым бар

   

Жанболат Ошақбаев, жас кәсіпкер: 

    Кәсіп бастайтын адам үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы зор. Қазіргі таңда екінің бірі кәсіпкер болып кетті ғой. Алайда, барлығының еңбегі жемісті болып жатқан жоқ. Кәсіпкерде әрқашан «Б» жоспары болуы керек. Есеп білмеген адам қарапайым сауданың да жөнін біле бермейді. Сондықтан, бизнес бастамас бұрын қаржылық сауаттылықты меңгеріп алу керек. Себебі, алғаш кәсіп бастаған адамның бухгалтерге, сатушыға, кассирге жеке-жеке жалақы төлеуге шамасы жетпейді. Осы қызметтің бәрін өзі атқарып, кәсіптің басы-қасында жүрген адам ғана жоғары жетістікке қол жеткізе алады.

baribar.kz


Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 20 Маусым 2018 11:03

84 МЫҢ ЖАС ЖҰМЫССЫЗ ЖҮР

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

           Келесі жылға дейін әлем­де 280 миллион жаңа жұмыс орны ашылуы керек. Олай болмаған жағдайда жұмыссыздар қатары тым кө­бейіп кетеді. Әсіресе, ең­бексіз қалатындардың дені - жастар. Бұл халықаралық еңбек ұйымы маманда­ры­ның дабылы. Ресми мәлім­де­ме жасаған ұйым жалпы әлем бойынша еңбекпен қор­ғалмағандар арасында 24 жасқа дейінгі жастар еке­нін ашық айтып отыр. Ал, екі қолға бір күрек тап­қандары тек 13 пайызды құ­райды. Яғни бұл 18-24 жас аралығындағы жастардың көрсеткіші. Мамандар мұн­дай болжамды былай деп тү­сіндіруге тырысыпты. Өт­кен жылы әлем бойынша жұ­мыссыздардың қарасы 190 мил­лионнан асып кеткен. Қай­талап айтайық, бұл жер әлемді мекен еткен барлық ел­дердің қоса есептегендегі жағ­дай. Демек, мұның ішін­де біздің елде бар деген сөз.

   Ұйым 2016 жылға қара­ған­да 2017 жылы жұмыссыз­дар қатары 2,6 миллион адам­ға артқан деген дерек кел­тіреді. Әсіресе, ішерге ас, киерге киім таппай, еңбексіз қал­ғандар, яғни қауіпті ай­мақта Африка құрлығында жағдай ушығып тұр. Бұлай қайталана берсе, әлемде жұ­мыссыздық дендеп енуі мүм­кін деген қорқыныштың ба­рын жасырмайды салаға бас қатырып жүрген мамандар.

   Хош! «Бұл біздегі жағдай емес» деп қамсыз отыруға тағы да болмайды. Finprom.kz сайты Қазақстанда жұ­мыс­сыздық деңгейіне қатысты мынадай ақпаратты жария етті. 1 жыл ішін­де елімізде 84 мыңға жуық жас жұмыс­қа тұрудың қиындығымен күресіп келеді. Биылғы жылдың І тоқсанның қо­рытындысы бойынша Қазақстанда жұ­мыссыздық деңгейі 3,9 пайызға жет­кен. Бір қызметке зар болып жүр­ген жастардың көбісі Алматыдан бос қайтады.     Себебі бүгіндері Алматы жұ­мыс­сыздар саны бойынша көш ба­сын­да. Нақтысы 16200 адам жұмыссыз жүр. Мұнан кейінгі орында Оңтүстік Қазақстан облысы. Мұнда да жұмыссыздық бір жыл көлемінде 50 пайыздан асып жығылған. Яғни, 13500 адам лайықты қызметке кіре алмай жүр. Қарағанды, Астана қалаларында да жұмыс­қа тұрудың жыры әлі де бітер емес. Де­се де, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жылдық динамикасына назар салсақ, жастар арасындағы  жұ­мысқа тұру көрсеткіші  2018 жылдың І тоқсанында 2073,7 мыңға жеткен. 1989,7 мың жас тұрақты жұмыспен қам­тылса, 1530,3 мыңы жалдамалы жұ­мысшы ретінде қызмет тапқан. 459 мыңы өзін-өзі жұмыспен қамтыған. Ал, елдегі жастар қауымының 84 мыңы жұмыссыз.

    Енді мына мәселеге көңіл бұралық. Статистикалық талдауға көз салсақ, 2017 жылы жұмысқа тұрғандардың арасында 48,9 пайызы жоғары білімді, орта білімді аяқтағандардың 14 пайызы жұмыс орындарын тапқан. Ал, мамандық бойынша жіктесек, 2018 жылдың І тоқсанында жас­тардың 17% сауда-саттық, көлік салаларында, 14,4% ауыл шаруашылығына, 11,7% білім, 10,1 % өндіріс бағытында, 7,3% құрылыс саласы, 39,4 % өзге де салалардан қызмет тапқан.

   Ресми мәлімет Қазақстандағы нақ­ты ахуалды сипаттап береді. Оқырман ойында "84 мың жас қайда барады?", "Неліктен жастар жұ­мыссыз?" деген сауалдар қа­лып бара жатқанын іштей се­зіп отырмыз. Бірақ, сан салалы сұ­рақ­тың жауа­бы түрлі факторларға ке­ліп тірелетінін көзі ашық қауым жақ­сы біледі. Тұрақты қызмет табуда талай мекеменің табанын тоздырып жүрген жастарды қа­жы­татыны - тәжірибенің жоқтығы. Дип­ломын енді ғана қолға алған жас маманға "тә­жірибе керек" деген қайтарма жауаптың қоғамда бары ақиқат. Оған жастың жігерлілігі емес, маман даяр­лайтын оқу орнындағы жүйесі себеп.

   Тағы бір аяқтан тартатын себеп - жем­қорлық. Қолына қаржы қыстырып, жылы орынға жайғасқан жас­тар­ды да жоқ  дей алмаймыз. Бұл бү­гінде орта отбасынан шыққан жастардың қызметке ілігіп кетуіне кедергісін келтіреді. Жастардың жал­қау­лығы мен нақты саланы меңгерудегі бейімінің болмауы да жұмыссыз жүріп қалуға итермелейді. Өндіріс орындарының әлі де аздығы - себептің бір ұшы. Тағы қандай маңызды факторлар қалып қойды?

   Бұл жастардың арасындағы жұ­мыс­сыздық жайы. Ал, орта жастан асып, қырыққа қадам басқан жұмыссыз жан­дардың жағдайы нешік? Олардың еңбекпен қамтылуы қай дең­гейде. Ағалық жасқа келген азаматтардың табан тірейтін саласы - құрылыс. Ел арасында құлбазар атанып кеткен орындарда тепсе темір үзетін жігіттердің қызмет күтіп, қалталылардың ізінен еріп кетуі елдегі жұмыссыздықтың азаймағанын көрсетеді. Өткен жексенбінің бі­рін­де Қызылорда қаласындағы "Сұл­тан" сауда үйінің жанындағы құлбазар­ға ба­рып, сонда тұрған азаматтармен аз-кем тілдестік. Есімін айтуға құлық та­ныта қоймаған орта жастағы жігіт ағасы құрылыстың қызған кезінде мұнда күніне 70-ке жуық адам келетінін, оның ішінде жастардың көп екенін ашық айт­ты. Енді бағамдай беріңіз, қала бойынша бірнеше жұ­мысшы жалдайтын құлбазар орындары бар.

   "Еңбектің құнын жұмыстың ауырлығына байланысты белгілейміз. Кей­де бос қалатын кездер аз емес" дейді бізбен әңгімесінде. Ендігі бірі:

   "Қара жұмысшылар күніне 2-3 мың теңге аралығында табыс тауып қайтамыз. Құрылысты көзіміз танығанымызбен, кәсіби біліміміз жоқ болғандықтан ірі құрылыс компанияларына қызметке кіре алмаймыз. Нәпақа табатын тұрақты жеріміз осы - құлбазар" дейді олар.

   Сайып келгенде жұмыссыз жүру­дің себептері біз санамалап айтқан жағдайда қайта айналып келеді. Үкі­мет те құр қарап отырған жоқ. Мемлекеттік бағдарлама аясында да қызмет тауып, нәпақасын айырып жүр­ген­дер жоқ емес. Дегенмен, әлі де жұ­мыссыз қалып отырғандар азаюдың орнына көбейіп барады. Себебі жыл сайын түрлі мамандықтар бойынша университеттерді бітіріп, маман атанып жатқандары қаншама. Оларға ла­йықты қызмет табу Үкіметтің мін­де­ті. Қысқасы, елімізде университеттердің маман даярлау ісінде реформа керек. Жаңа кәсіпорындар мен кә­сіпкерлік нысандардың көптеп ашылуы да кезек күттірмейді. Ал, жақын арада бұл жағдайды реттей алмасақ, халық­аралық еңбек қоғамының "әлем бойынша тек жастардың 13 па­йызы жұмыспен қамтылған" деген дерегінің рас екендігіне көз жеткізе бастайсың.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

Оқылды: 59 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C