Айтарым бар

   

Жанболат Ошақбаев, жас кәсіпкер: 

    Кәсіп бастайтын адам үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы зор. Қазіргі таңда екінің бірі кәсіпкер болып кетті ғой. Алайда, барлығының еңбегі жемісті болып жатқан жоқ. Кәсіпкерде әрқашан «Б» жоспары болуы керек. Есеп білмеген адам қарапайым сауданың да жөнін біле бермейді. Сондықтан, бизнес бастамас бұрын қаржылық сауаттылықты меңгеріп алу керек. Себебі, алғаш кәсіп бастаған адамның бухгалтерге, сатушыға, кассирге жеке-жеке жалақы төлеуге шамасы жетпейді. Осы қызметтің бәрін өзі атқарып, кәсіптің басы-қасында жүрген адам ғана жоғары жетістікке қол жеткізе алады.

baribar.kz


Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 27 Маусым 2018 06:27

Қызылорда дамудың даңғыл жолында

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

    Елдің экономикасын өрге сүйреп, жетістіктерге жетелей түсетін билік басындағылардың оң шешімдері мен тынбай жасаған жұмыстары халықтың әлеуметтік әлеуетінің артуына ықпал етеді. Бұл тұрғыда қала әкімі Н.Нәлібаев бөлім басшыларының жұмыстарына бақылау жасап, қызметтік істеріне апта сайын шолу жасайды. Кемшін тұсын бүкпесіз айтып, жақсы ісін марапатқа да ұсынады. Дегенмен де осы кезге дейін көптеген бөлім басшылары атқарған жұмыстарына сәйкес бағаларын алған-ды. Елге қызмет етуге келгенде кежегесі кері тартып тұратындар билік басында ұзақ тұрақтамайтыны да ескертілді. "Бізді нәтижелі істеріңмен қуантыңдар",- деген қала әкімінің сөзі көптеген іске қан жүгірткендей. Сондықтан болар, қаладағы көптеген жұмыстардың сапасы жақсарып, мәдени шаралар да үлкен көлемде өткізіліп келеді. Аппарат мәжілісінде мәдени шаралар мен саяси шешімдер талқыланып, ортаға салынады.

 

Қала бюджеті 80 миллион теңгені үнемдейді

  Елбасы ведомствалық бағынысты мекемелерді оңтайландыру бағытында кәсіп­орындар мен мекемелерді бі­рік­­тіріп, бюджетті үнемдеу жә­не олардың жұмысын жүйелендіру жөнінде тапсырма берген болатын. Мемлекеттік қыметкерлер де бұл ойды бір­ден құп көрді. Себебі қаржыға үнем болып, бюджетке түсетін салмақ едәуір жеңілдемек.

  Осыған сәйкес, қала әкім­дігінің ағымдағы жылдың 6 маусымда шыққан №11226 қаулысы негізінде "Қызылорда тазалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "Қа­зақстан Республикасының бірінші Президенті атындағы паркі" және "Тұрғын үй Қы­зыл­орда" жауапкершілігі шек­теу­лі серіктестіктері бірікті­ріліп, бір мекеме болып қайта құрылды.

   Бұл мекемелердің негізгі атқаратын қызметтері бір бол­ғандықтан біріктіру арқылы қала бюджеті 80 млн. теңгеге дейін үнемделеді және серіктестіктің жұмысы одан әрі жандандырылып, қуаттылығын арттыруға мүмкіндік туады екен. Осы ретте, аталған мекеменің басшылық лауазымына аталмыш салада тәжірибесі мол Талғат Бекмырзаұлы Құлмағанбетов тағайындалды. "Тазартылған жер таза емес, бүлдірілмеген жер таза" деп есептейтін мекеменің кү­ші артты. Алдағы уақытта Қы­зылорда көшелерінің тап-тұйнақтай болып тұратынына сенім білдірейік.

  Қоғамдық көліктердің сапасы сынға қалды

   Жолаушылар тасымалдау қызметі мен қоғамдық көлік қатынасын реттеу бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы қала әкімінің орынбасары Б.Сәрменбаев аппараттық отырыста баяндама жасады. Бағасы бір жарым жылда екі рет көтерілген бұл қызмет төңірегінде түрлі дау-дамайлар бар. Жасырып жабатыны жоқ, қала тұрғындарының басым көпшілігіне қоғамдық кө­ліктегі көрсетілетін қызмет мүлдем ұнамайды. Мұны қала әкімінің өзі де астын сызып тұрып атап өтті. Жиілікті сақ­та­мау, көлік ішінің тазалығы, көшелердегі жарыс, тағы да басқа жағымсыз ақпараттар әкім құлағына жеткен. Бұл мә­селелердің шешілу жолын Б.Сәрменбаев іздеп көрді. Со­нымен қатар тілшілерді қоғамдық көлікке қатысты барлық де­­ректермен ақпараттандырды.

   Қала әкімінің орынбасары бірнеше тақырыптарды қаузады. Әуелі сөз еткені, көліктің саны мен сапасы. 2013 жылдың 23 желтоқсанында жарияланған конкурс жеңімпазы "Қы­зыл­орда" автобус паркі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қалаішілік 25 бағытқа және 6 қала маңына қатынайтын, барлығы 828 автокөліктің күнделікті қала халқына қалай қызмет көрсетіп жатқанын бақылайтынын тілге тиек етті. Оның ішінде үлкен сыйымдылықтағы - 120, орта сыйымдылықтағы - 343 және кіші сы­й­ым­дылықтағы - 365 қоғамдық көлік күнделікті қара үзбей қатынап отырулары тиіс.

   "Қызылорда" автобус пар­кі" серіктестігіне қарасты жаңа үлгідегі 112 автобус осы уа­қыт­қа дейін 6 бағытты қамтыса, ПАЗ маркалы 10 автобус қо­сыл­ғаннан кейін қалаішілік 7 бағытта жүріп келеді. Жеке кә­сіп­керлердің 706 автобусы қа­лаішілік бағыттарда жұмыс жа­сайды. Билетті таратпау, сенбі мен жексенбі күндері шықпай қалу деректері осы жеке кәсіп­керлер арасында жиі ұшырасады. Қалаішілік жолаушылар тасымалының 73 пайызын же­ке кәсіпкерлердің үлесінде бол­ғандықтан да солай болып тұрғандай. Әкім тапсырмасынан соң бұл жайтқа да тоқтау салынбақ. Енді барлық қоғамдық көлік дерлік тексеріліп, жүр­ген-тұрғаны бақылауда болады.

   "Қызылорда" автобус пар­кі" серіктестігінің және мәслихат депутаттарының ұсынысымен қоғамдық көліктерде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және 1-топ көз мүгедектеріне те­гін жүру, 6-17 жас аралығындағы мектеп оқушыларына 60 пайыздық және жас шамасы 70-тен асқан зейнеткерлерге 50 пайыздық жеңілдікпен жү­ру қолданысқа енгізілген. Мұ­ның игілігін көріп жүрген жандарда отбасылық қаржыға үнем екенін айтуда. Ел арасындағы және әлеуметтік желі­лерде студенттерге берілетін көмектің қажет екенін көтеруде. Негізінен бұл да жеңілдіктер арасында бар. Бірақ, қа­жет­ті құ­жаттарды жинап, тиісті орындарға тапсыру керек. Облыстық бюджеттен 2017-2018 оқу жылына тұрмысы төмен отбасылардан шығып, (оның ішін­­де ата-анасының қамқор­лы­ғынан айырылған, көп балалы отбасылардан шыққан жас­тар) күндізгі оқу бөлімінде бі­лім алып жатқан 3214 студент­ке қалаішілік қоғамдық көлік­тер­де жеңілдікпен жүру мақсатында 105 млн. 507 мың теңге қаражат бөлінген. Мұның өзі і­­лім іздеп, сан жерде табан тоздыратын студенттер қауымы үшін үлкен қолдау. Жеңілдік жөнінде тағы бір жағымды жаңалық бар. "Қызылорда" автобус паркі" ЖШС-нің ұсыны­сы­мен 1-топтағы мүгедектерге қалаішілік қоғамдық көліктерде толықтай тегін жүру мүм­кін­дігі берілген. Олардың саны қа­­ла бойынша 2710 азаматты құрайды.

   Жолда жүріп "жолдан таятын" жүргізушілер де жоқ емес. Рейдтік шара кезінде 52-ден астам қоғамдық көліктердің келісімшартта көрсетілген талаптарды орындамағандары анықталып, кемшіліктерді толықтай қалпына келтіргенше жолға шығарылмайды. ҚІІБ-мен бірлескен іс-шара кезінде 2018 жылдың 5 айында қоғамдық көлік жүргізушілеріне қа­тысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабымен (артық адамды мінгізу) 231 және терезелерін рұқ­сатсыз қараңғылаған 4 автобус жүргізушіcіне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған. Оған қоса, ақпараттық парақшаларды салон ішіне іл­меген кондукторларға шара кө­ру үшін серіктестіктің бас­шы­сына хаттар жолданбақ. 2018 жылдың 5 айымен қоғамдық көліктерде жолаушыларды билетсіз тасымалдағаны үшін 32 кондуктор анықталып, оның ішінде облыстық көлік­тік бақылау инспекциясы қызметкерлері 5 айлық есептік көр­сеткіш көлемінде айыппұл салған. Жыл бойында жолаушыларға бірнеше рет жолақы билеттерін бермеген 25 кондуктор жұмыстан шығарылыпты. Елбасының цифрландыру бағдарламасын іске асыру мақсатында қалаішілік бағыттарда "Удобный маршрут", "Транс­­портный холдинг", "IBA Kazakhstan", "SMART ЖКХ" ЖШС тарапынан жолақыны электронды билет жүйесіне енгізуге бірлескен түрде жұ­­мыстар жүргізілген.

   Қазіргі таңда Астана қаласынан келген "I PAY" (Ай пэй) компаниясының қолдауымен "Қызылорда" автобус паркі" жауапкершілігі шектеулі се­рік­­тестігінің 112 автобусына смартфон телефоны арқылы төлейтін электрондық төлем жүйесі орнатылғанын бұған дейін де жазған болатынбыз. Сә­уір айынан бастап қоғамдық көліктерде 215 жолаушы смартфон телефоны арқылы барлығы 20000 теңгеге элек­трондық төлем жүргізген. Бұл әлі де болса аз. Сондықтан атал­ған қызмет дамыса, көлеңкелі биз­нестің аяғына тұсау болар еді.

     Қалалық құрылыс бөлімі­нің басшысы Т.Байменов "Нұр­лы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысы туралы мәжіліс отырысында толық таныстырып өтті. Аппараттық жиынның екінші өзекті мәселесі де осы. Үйсіз-күйсіз жүрген қызылордалықтардың тілектерін орындау үшін бұл бағдарламаның елге берген пайдасы орасан. Өт­кен жылға көз жүгіртер болсақ, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұр­ғын үйлерін жобалауға жергі­лік­ті бюджет есебінен 83,628 млн. теңге қаржы бөлініпті. Ол бү­­гінде ел игілігіне қызмет жа­сау­да.

   Ал, осы жылы атқарылатын жұмыстар да көп көңілге қуа­ныш сыйлайды. Қызылорда қа­­ласының сол жағалау бас жос­­парына сәйкес бірінші кезектегі игерілетін 500 гектар жер телімінде бүгінгі күні қарқынды жұмыстар жасалуда. Бұл аумақта 50 көпқабатты тұр­ғын үй құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, жеке инвесторлардың қаражаты есебінен жобамен құны 10 млрд. 800 млн. теңге бо­латын 770 пәтерлі 18 және 16 тұрғын үйдің құрылысы жүр­­гізілуде. Құрылысы жүріп жатқан 16 тұрғын үйдің пайдалану мерзімі ағымдағы жылдың қыркүйек айы болып жоспарланып отыр.

   Кезектегі отбасыларға арналған тұрғын үй комбинатының материалдарын қолдана отырып (ДСК) екі 45 пәтер­лік, бір 60 пәтерлік және бір 70 пә­терлік арендалық тұрғын үй­лер құрылысына республикалық бюджеттен 1545,864 млн. теңге қаржы бөлініп, құ­ры­лыс жұ­мыстарына элек­тронды ашық конкурс жарияланып, жеңімпаз мердігер мекемелер анықталып құрылыс мон­таж жұмыстары жүргізілуде.

   Кредиттік төрт 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысына республикалық бюджет есебінен 2 115,848 млн. теңге қаржы қа­ралып, қазіргі таңда электронды ашық конкурс бойынша мер­ді­гер мекемелер анықталып, құ­рылыс жұмыстарын жүр­гізу үшін келісім-шарт жасалуда.

   Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауының ауыз су жүйесі (бірінші кезеңдегі ауыз су желісі) жобасының сметалық құны 866,0 млн. теңге. Құрылыс-монтаж жұмыстарына облыстық бюджет есебінен 650,0 млн. теңге қаржы бө­лінген. Бұл бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өт­кізіліп, жеңімпаз мердігер ме­кеме "Азия Даму" ЖШС болып танылған.

  Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы тұрғын үйлер кварталының электр желісінің құрылысына республикалық бюджет есебінен 100,0 млн. теңге қар­жы бөлініп, электронды ашық конкурс жарияланған. Сол жағалаудағы тұрғын үйлер квар­та­лының (18 көпқабатты тұр­ғын үй) абаттандыру, телефон же­лісі және газбен қамту жүйе­сінің құрылысына 611,167 млн. теңге облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өті­нім жі­бе­рілген. Жеке инвесторлардың қаржысымен төрт 50 пә­тер­лік тұрғын үйлер құрылысының жоба сметалық құ­жаттамасын дайындалып, ком­муналдық меншікке алыныпты. Ал, қазір жеке инвесторлардың қаржысымен 16 көпқабатты тұрғын үй құрылысының жоба сметалық құжаттамаларына мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, Инвестиция және даму министрлігіне бюджеттік өті­нім жолдану үшін құжаттар әзірленуде екен. Мұның бәрі Қызылорданың әлеуметтік жағдайының көтерілуіне алып келетін игі шаралар.

Айдар САЙЛАУОВ

Оқылды: 54 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 27 Маусым 2018 06:34

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C