Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 27 Маусым 2018 06:34

328 мың адам тұрақты жұмыс тапқан

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

          Елдегі басты мәселелердің бірі - жұмыссыздық деңгейін тө­мен­дету және халыққа жұмыс көзін ұсыну. Бұл тұрғыда көптеген ке­ле­лі іс, мардымды мемлекеттік бағ­дарламалар жүзеге асуда. Бе­рері мол бағдарлама арқылы аза­маттар тұрақты жұмыс тауып, бағ­дарламаның игілігін сезінді. Бұл бір ғана адамның емес, бір әу­летке кірген кіріс отбасының да әлеуметтік ахуалын өзгертеді. Біле білсек, мемлекеттік бағдар­ла­маның берері мол. Десе де, бағ­дар­лама "алма піс, ауызыма түс" деп, бей-жай қарап отыратындар үшін арналмаған. Ізденіп, тетігін тапқандарға қолайлы. Өйткені, білім алып, қос дипломын қо­лына ұстап, талай есікті қаққан жандарды әлі де көз көріп, құлақ естіп жүр. Демек, жұмыссыздық деңгейінің тұрақсыз болуы да заңдылық сияқты. Бірақ, қарап отыруға тағы болмайды. Елімізде осы жұмыссыздық мәселесін ше­шудің түрлі жолы бар. Соның бірі - Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы.

   Өткен аптада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минист­рі Мәдина Әбілқасымова қо­ғамдық кеңес алдында берген есе­бінде биылғы жылдың жұ­мыс­­сыз­дар үшін жемісті бола­тынын айтып, жұмыссыз жүр­ген­дерді бір қуантып тастады. Министр­дің айтуынша, өткен 2017 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіп­кер­лікті да­мыту бағдарламасына қатысуға 595,7 мың адам өтініш білдірген екен, ал оның ішінде 572,9 мың адам бағдарламаға қатысу­шы­лардың құрамына ен­ген. Осы мә­ліметті тарқатсақ, қатысу­шы­лар құрамына қосыл­ған­дардың ішінен 493,8 мың адам жұ­мыс­сыздар, 1491 мың адам өзін-өзі жұ­мыспен қамты­ған­дар және 20,5 мың адам тех­ни­калық, кә­сіптік білім беру ұйым­дарында білім алушылар. Жалпы, бағ­дар­лама аясында 70%-ы тұрақты жұ­мыс орында­ры­на орналасқан. Ескеру керек, бұл бір жылдық ал­ғашқы көрсет­кіш. Айта кетейік, министрліктің маңызды міндет­те­рінің бірі - халықты жұмыспен қамту және олардың табысын арт­тыру. Не­гізгі міндеттің нәти­желі орын­далуы үшін әр аймақ­та­ғы жұ­мыс­пен қамтуды үйлес­тіру және әлеуметтік бағдар­ла­ма­лар бас­қармалары міндеттелген межені орындауда еңбек етеді. Алысқа бармай-ақ, Қызылорда облысын алайық.

   Аймақ тұрғындардың әлеу­меттік жағдайы қалай? Жұмыс із­деп жүрген жандардың саны қан­ша? Бағдарламаның бізге бе­рер үлесі қандай болмақ? Кө­кей­дегі сан сауалға орнықты жауап алу мақсатында Қызылорда об­лыстық жұмыспен қамтуды үй­лестіру және әлеуметтік бағдар­ла­малар басқармасының маман­дарымен тілдестік. Басқарманың редакцияға жолдаған мәліметіне сүйенсек, облыс бойынша 2018 жыл­дың І тоқсанына жұмыс кү­шінің саны 344,7 мың адамға жет­кен. Яғни, өткен жылдың алғашқы маусымымен салыс­тыр­ғанда жұмыс іздеп келген азаматтар әлі де көп. Соның ішінде 328,1 мың адам жұмыспен қамтылған. Ал, жұмыссыздар саны - 16,6 мың адам. Осылайша өңірдегі жұмыссыздық деңгей 4,8% -ды құрап отыр. Десе де, қарқынды жұмыс үзілген емес. Мұны мамандар былайша түсін­дірді.

   - Алдыңғы жылы 10070 жаңа жұ­мыс орындарын құру жоспар­ланса, ағымдағы жылдың бірінші маусымына 6044 жаңа жұмыс орындары құрылды. Соның ішін­де тұрақты 5813 орын бар,- деді Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқарма­сының бас маманы Гүлнар Халықова.

    Жұмысқа тартудың Үкімет ұсынған тағы бір жолы - жұмыс жәрмеңкесін ұйымдастыру. Об­лыста жыл басынан бері бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, тұрғындарды қызмет­пен қамтамасыз етеді. Бірінші жарты жылдықтың өзінде 43 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткен. Аталған шараға 405 жұмыс беруші 1497 бос жұмыс орында­рын ұсынған екен. Ай сайын бо­ла­тын мүмкіндігі мол шараға жұ­мыс іздеп келген 2100-ден аса аза­­маттар түйіндеме қалдырған. Бірі мамандығы бойынша қызмет іздесе, енді бірі әлеуметтік, қо­ғам­дық жұмыстарға атсалыс­қан­ды қалайды. Лайықты қызметке әрі жұмыс берушінің талабынан шыққан тұрғындар жаңа жұмыс көзін тапты.

     Жұмыссыз жүргендер үшін жәрмеңке қолайлы, себебі ке­зексіз кеңес алады, тиісті құжат­тарды қалай рәсімдеу керек екен­дігін де маманнан сұрап бі­леді. Өткізілген жәрмеңке арқы­лы бас-аяғы 1784 адам жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама алған.

    Айта кетейік, Нәтижелі жұ­мыспен қамту және жаппай кә­сіп­керлікті дамыту бағ­дар­ла­ма­сын жүзеге асыру үшін Қы­зыл­ор­да облысына 6,6 млрд. теңге бө­лінген. Бағдарламаның бі­рінші ба­ғыты бойынша қатысу­шылар техникалық және кәсіп­тік бі­лімді қысқа мерзімде оқып, бі­лімін жетілдіреді. Мұнда қо­ғамға қажетті әрі сұранысқа ие ма­ман­дықтарды меңгеріп шы­ғ­уына жол ашады. Бұл - еңбекке арала­су­дың басты алғышарты. Екін­ші бағыт жастар үшін тиімді. Ой­ға алған бастамасын орын­дауға, сол арқылы өзін және өз­гелердің еңбек етуіне жағдай жа­­­сайды. Соңғы бағыт еңбек на­­рығын да­мыту және еңбек ре­сурста­ры­ның ұтқырлығы ая­сын­­да жүзе­ге асады. Әр ба­ғыт­тың өз алдына кезеңді жос­пары бар. Сәйке­сін­ше, игілігі де аз емес.

   Бүгінгі таңда жастар жұмыс­сыз­дығы қай елде болмасын, ше­шімін табуды талап ететін проблема. Расында да, жас ма­мандарға лезде тұрақты жұмыс табу қиынның қиыны. Осы жыл­дың бірінші маусымында жастардың жұмыссыздық дең­гейі 4,3%-ды құраған. Демек, бағдарламаны бітіруші түлек­тер­дің жастар тәжірибесі негізінде қызмет етуіне жол ашады.

    Халықтың еңбекке араласуы ел экономикасының өсуіне жә­не әл-ауқаттың жақсаруына септігін тигізеді. Қарапайым тұр­ғыда қарасақ, бір адамның ең­бекпен қамтылуы тұтас отба­сының не қоғамның әлеуметтік қорғалуына жағдай жасайды. Сондықтан да жұмысбасты жан­­дардың санын арттыру жә­не бір саланың білікті маманы болуына жәрдем ету уақыт тал­ғамайды, кезек күттірмейді.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Оқылды: 48 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Қай сүт өнімдерін жиі пайдаланасыз?

Милоко - 27.9%
Моё - 37.2%
Петропавлское - 11.6%
Айналайын - 23.3%
Дәмді - 0%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 14 Қырқ 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C