Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 27 Маусым 2018 11:58

Зейнетақы қаншаға артады?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

    "Шілдеден бастап зейнетақы өседі" дегенді ел-жұрт бірнеше ай бұрын біліп алғанымен, нақты нендей өзгерістер бар екенін толық түсіне алмауда. Еңбегінің же­місін жеп, зейнетке шыққандар зей­нет­ақы төлемі артқанымен, базардағы азық-түліктің бағасы да шарықтап кететінін айтып, алаң болуда. "Қазір қалтаңа 5 мың теңге салып алып барсаң, сөмкең толмайды" дегенді жиі құлақ естиді. Ал, сатушылар болса "бағаның көтерілуі тасымалдау құнының біршама өскеніне әкеліп тірейді" дейді. Зейнетақы төлемдерінің қосылуы қаншалықты халыққа пайда әкеледі? Үстеме ақшаға не алуға болады? Бұл сұрақтардың жауа­бын келесі нөмірде халықтың өзінен сұрап білеміз. Бұл жолы ресми ақпарат­тарды сөйлетсек.

   Келер аптадан бастап базалық зейнет­ақының төлеу тәртібі өзгереді. Елордада еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Үкіметтегі жиында: "Базалық зейнетақы мөлшері еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қаты­су ұзақтығына байланысты төленеді",- деді. Демек, еңбек өтілі жоғары адамдар­дың зейнетақысы да жоғары болмақ. Есептеу барысында азаматтың 1998 жыл­ғы 1 шілдеге дейінгі ынтымақты зейнет­ақы өтілі мен содан кейінгі жинақталған өтілі ескеріледі.

   Мәселен, кем дегенде 10 жыл немесе одан аз азаматтарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызында төлем төленеді. Бұл 15274 теңге шамасында. Ал, 10 жыл­дан кейін әр жыл үшін базалық зейнет­ақы 2 пайызға ұлғаяды. Тиісінше, еңбек өтілі 33 жыл немесе одан да көп азамат­тарға ең төменгі күнкөрістің жоғары мөл­шері, яғни 100 пайыз немесе 28284 теңге төленеді. Вице-министрдің сөзінше, бүгін­де барлық зейнеткерлердің базалық зейнетақысы автоматты түрде есептеліп қойған, шілдеден бастап үстеме қосылады.

   Орташа базалық зейнетақы 24456 теңгені құрайды. Барлық зейнеткерге қо­сылатын қосымша үс­те­меақыны есептегенде республикалық бюджеттен қосымша 128 млрд. теңге қаржы қарал­ған.

  Зейнетақысы артатындар тек еңбекке қабілетті­лер ғана емес. Жұмыстан қол үзіп қалғандар да зейнетақы алады. Айталық, 3 жасқа дейін бала күтіміне байланысты үйде отыр­ғандар, 16 жасқа дейінгі мү­­гедек баласын немесе бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, 80 жас­­тан асқан қарияларды бағып отырған азаматтардың зейнетақысы артады. Сонымен қоса, әскери қыз­мет кезінде жұба­йы­мен бірге болатын азаматтарға да басымдық беріледі. Ал, дипломатиялық қызметтің қызметкері ше­телде тұрса, әйелі де бір­ге шетелге көшуге мәж­­бүр болса, онда бұл жылдар әйел үшін зейнет­ақы жүйесіне қатысу жыл­­дары деп есептеледі. Өйткені шетелде оған жұ­мысқа орналасып, зей­нет­ақы жарнасын аударуға мүмкіндік жоқ.

   Еңбек, әлеуметтік қор­ғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамен­тінің зейнетақы және әлеу­меттік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Фарида Едигеева базалық зейнетақыны қайта есептеу үшін зейнеткерлерден қосымша құжаттар талап етпейді, яғни зейнеткерлер ешқайда бармайды, себебі олардың зейнетақы істерінде еңбек өтілі туралы мәліметтер бар дегенді құлаққағыс етеді. Яғни, міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдері зейнетақы жарналары туралы дерекқорында бар мәліметтерден алынады.

  Төлемнің қалай есеп­те­ле­­тінін көп жұрт әртүрлі нұс­­қаларын айтады. Мұ­ны ес­­кере келе, департамент­тің бөлім басшысына осы кез­ге дейін келіп түскен сауалдардың бірне­ше­­уіне тоқталуын сұрадық.

    Сұрақ. Мен 30 жыл жұ­мыс істеп, 1996 жылы шықтым, одан кейін жұмыс істеген жоқпын. Базалық зейнетақының мөлшері қандай болады?

   Жауап: Сіздің 30 жыл ең­бек өтіліңіз бар. 2018 жыл­­дың шілде айынан бас­­­­­­­тап базалық зейнетақы төлеміңіздің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі (28284х94%)=26587 теңгені құрайды, бірақ сізге жыл басынан 15274 теңге мөлшерінде базалық зейнетақы төлемі тағайындалып, төленіп келді. Сондықтан сіздің 30 жыл ең­бек өтіліңізге шілде айынан бастап (26022-15274)= 11313 теңге ғана қосылатын болады.

   Сұрақ. Мен 40 жыл үзі­ліссіз мұғалім болып жұмыс істедім. Маған тағайындалатын базалық зейнетақымның мөлшерін біле  аламын ба?

    Жауап: Сізге базалық зейнетақыны тағайындау кезінде 40 жыл еңбек өті­ліңізге (оның ішінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ең­бек өтіліңіз және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі міндетті зейнетақы жарналарын төленген кезеңде­ріңіз) есепке алынады. Яғ­ни еңбек өтілі 33 жыл және одан көп болған жағдайда, базалық зейнетақы төле­мінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына тең болады. Сіздің ең­бек өтіліңіз 40 жыл болғандықтан, базалық зейнетақының мөлшері 28284 теңгені құрайтын болады. Бірақ, сізге бүгінгі күнге дейін 15274 теңге мөл­шерін­де базалық зейнетақы төлемі төленіп келді. Осы себепті де шілде айынан бас­тап (28284-15274)= 13010 теңге ғана артық ақша қосылады.

   Халықтан түскен сауалдың негізгілері осы. Бұ­дан шығатын қорытынды мынау. Еңбек өтілі жоғары азаматтардың базалық зейнетақысы да артады. Келер аптадан бастап барлық қазақстандық зейнеткерлер төлемдерін ала отырып, оның есептілігін тексере алады.

А.ҚАРАКЕСЕК

Оқылды: 101 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Қай сүт өнімдерін жиі пайдаланасыз?

Милоко - 27.9%
Моё - 37.2%
Петропавлское - 11.6%
Айналайын - 23.3%
Дәмді - 0%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 14 Қырқ 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C