Айтарым бар

   

Жанболат Ошақбаев, жас кәсіпкер: 

    Кәсіп бастайтын адам үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы зор. Қазіргі таңда екінің бірі кәсіпкер болып кетті ғой. Алайда, барлығының еңбегі жемісті болып жатқан жоқ. Кәсіпкерде әрқашан «Б» жоспары болуы керек. Есеп білмеген адам қарапайым сауданың да жөнін біле бермейді. Сондықтан, бизнес бастамас бұрын қаржылық сауаттылықты меңгеріп алу керек. Себебі, алғаш кәсіп бастаған адамның бухгалтерге, сатушыға, кассирге жеке-жеке жалақы төлеуге шамасы жетпейді. Осы қызметтің бәрін өзі атқарып, кәсіптің басы-қасында жүрген адам ғана жоғары жетістікке қол жеткізе алады.

baribar.kz


Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 05 Шілде 2018 10:32

АГРОКАРТА – АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН АЛҒА БАСТАУШЫ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

    Қазан-қазан қайнаған сүт, күбі­де күрпілдеп шайқалған айран, сүзбе мен күнге кептірілген құрт-ірімшік­тер ауыл өмірінің бұлжымас көрінісі се­кіл­ді. Ауыл шаруашылығы өнімдері дегенде де көз алдымызға оралатын кө­­рініс осы. Табиғи өнім арқылы дә­ру­­мен жинап, дұрыс тамақтанудың не екенін ұғынасыз. Сергек жү­ріп, бой­ға қуат жинау үшін де осы ауыл шаруашылық өнімдерін талғам­паз тұр­ғын­дар іздеп жүріп тұтынады. Ба­­ғасы ар­зан, өзі сапалы өнім­ді елге ұсынуда би­лік басындағылар да қол қусырып отырған жоқ. Елбасының ті­келей тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығына ден қойып, табиғи өнімдердің өнімділігін арттыру үстінде.

    Қызылорда облысының агроөнімдері сұраныстарын анықтау, облыстың ауыл шаруашылығы өнді­рі­сінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау және 2017-2020 жылдарға ар­нал­ған Агробизнесті дамыту бағытында кешенді жұмыстарды нақтылау мақсатында облыстың Агрокартасы әзірленген болатын.

    Берілген техникалық талаптар­ға сәйкес әзірленген Қызылорда об­лысының 2016-2020 жылдарға ар­нал­ған Агрокартасы төмендегі бө­лімдер бойынша жұмыс жүргізіп келеді.

  - Қызылорда облысының негіз­гі өніміне Қазақстандағы және шетелдегі ауылшаруашылық өнімде­рі­нің нарықтарындағы сұранысы, ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойылатын негізгі талаптар;

  - Ауыл шаруашылық өнімін өн­дірушілердің және мақсатты нарықтардағы олардың ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне шолу жасау, сыртқы нарықтарда тұрақты және жоғары сұра­ныс­қа ие өнім бойынша экспортқа даярлығын бағалау;

  - АӨК субьектілерін біріктіру арқылы өндірісті ірілендіру, негізгі агроөндірістік қуатты орналастыруға қойылатын негізгі талаптарды талдай отырып, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және балық шаруашылығындағы оңтайлы технологияларды таңдау;

  - Қызылорда облысында АӨК ма­­­ңызды секторларына қажетті    ко­о­перациялық шикізат белдеулерімен ауылшаруашылық қайта өң­деу өндірісін және сервистік-да­йын­­дау орталықтарын құру жоспары;

  - Қызылорда облысындағы АӨК субьектілерін нарықтық бі­ріктіру және агрологистиканы ұйым­дас­тыру жоспары;

  - Қызылорда облысында АӨК мем­лекеттік қолдаудың қажетті шараларының болжамды бюджеті, механизмі және жоспары;

  - Қызылорда облысының АӨК субьектілерінің қаржыландыру мүм­кіндігін алу механизмі, жоспары және Агрокартаны жүзеге асыруға қажетті инвестициялық қа­жет­тіліктердің болжамы.

 

  Әзірленген Агрокарта облыстың ауылшаруашылық тауарларын өн­дірушілердің қатысуымен "Қы­зыл­орда облыстық өңірлік кә­сіпкерлер палатасында" талқыланып, қосымша ұсыныстармен толықтырылған. Бұл ақпарат Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан алынды.

    Сыр бойындағы агроөнеркәсіп кешенінің дамуы облыстың 2020 жыл­ға дейінгі "Агрокартасын" және Елбасының биылғы жылғы Жол­дау­ындағы АӨК еңбек өнімділігі мен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін 5 жыл ішінде 2,5 есеге артыру жөнінде берген мін­детін орындау мақсатында жұмыстар да жасалуда. Бұл 2018 жылдың 2 мамырында облыс әкімімен бекітілген "Қызылорда облысының АӨК дамытудың 2018-2022 жылдарға арнал­ған егжей-тегжейлі іс-шаралар" жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда.

    Оған қоса, 2020 жылға дейінгі жасалынатын жұмыстар мен қазіргі кездегі тындырымды істерді білу мақ­сатында Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бахыт Дүйсенұлы Жахановтан сұрадық.

    Басқарма басшысы ұсынған мә­лі­метке сүйенсек, агроөнеркәсіп ке­шенін дамытудың белгіленген ны­саналы индикаторларына сәйкес 2018 жылы ауыл шаруашылығында өндірілетін өнім көлемін  104,5%, еңбек өнімділігін 106,6%, негізгі қорға салынған ин­вестиция көлемін 107,0%, экспорт көлемін 120,0%-ға арттыру жоспары белгіленген екен.

     Ал, осы жылдың қаңтар-мамыр айларында облыс бойынша ауыл шаруашылығында 13,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғада өсім 103,2%-ды құраған. Сонымен қатар, тамақ өнімдерін өңдеу көлемі есепті кезеңде 16,6 млрд. теңгені құ­рап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 115,1% болса, ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция кө­лемі есепті кезеңде 361,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге артқан.

     Аталмыш салада қаржы тарту бойынша да қарап отыруға болмайды. Ол - жұмысты алға ілгерілетудің негізгі тетігі. Тамақ өнімдерін өн­дірудегі негізгі капиталға есепті кезеңде 238,5 млн. теңге инвестиция салынса, ауыл шаруашылығының экспорт көлемі де ағымдағы жылдың 1 сәуіріне 7,3%-ға артып, 26232 тоннаға жеткен. Еңбек өнімді­лі­гі­не байланысты көрсеткіштер 2018 жылға әлі шыға қойған жоқ. Дегенмен де, статистиканың соңғы  мә­ліметі бойынша, 2017 жылдың ең­бек өнімділігі 1744,5 мың теңгені құ­рап, 2016 жылмен салыстырғанда өсім 37,5%-ды құраған. Биылға жыл­ға белгіленген индикаторларға қол жеткізу мақсатында салада айтарлықтай шаралар жүзеге асырылып, жоспарланған жұ­мыс­тар жү­йелі түрде жолға қойылып келеді.

     Баса айтуымыз керек, гектарлап егіс алқаптарын игеріп, аптап ыстықта мол өнімге қол жеткізуде егіншілер­дің еңбегі ерен. Өсімдік шаруашылығы бойынша биылғы жылы 177,1 мың гектарға егiс егу ме­­желенсе, нақты - 184,5 мың га ауыл шаруа­шы­лығы дақылдары егіліпті (қазір меженің 104,2% орындалған). Атап айтқанда, күріш - 87267 га (107,7%), жаздық бидай - 2296 га (103,8%), арпа - 433 га (103,6%), мақсары - 10282 га (101,3%), жаңа жоңышқа - 19170 га (102,0%), 1027 га дәндік жүгері (97,8%), 618 га тары (105,6%), 51 га күнбағыс (9,6%), 791 га сүрлемдік жүгері (98,9%) және 120 га түйе жоңышқа дақылдары (100,0%) егілген екен. Сондай-ақ, картоп - 4538 га, көкөніс - 5365 га, бақша дақылдары - 7490 га егіліп, өт­кен жылмен са­лыстырғанда тиісінше 178, 367, 233 га артық орналастырылған. Сонымен бірге, 41391 га ескі жоңыш­қа (101,0%) және 3636 га күздік бидай (132,9%) күтімге алынды. Шыжыған шілдеден тымырсық тамыздан өтіп, жоғары өнім алу үшін диқандар аянбай маңдай терлерін төгуде.

     Қазақ елі мыңғырған мал бағуда тарихтан тәжірибесі бар. Төрт түлікті төлдетіп, жайлау мен қыстау, күздеу мен көктеуде малдың ба­бын білуді зерттеп кеткен. Даланың жа­­зылмаған заңдары, қазақтың сөз қолданыстары бәрі-бәрі осы мал шаруашылығына келіп тіреледі. Осы ата кәсіптің бұйдасын үзбей, ұстап қалған, әлі күнге жалғастырып келе жатқан малшылардың да Сыр экономикасына қосып жатқан үлестері орасан.

     Мал шаруашылығы бойынша облыста 2018 жылдың 1 маусымына 336,1 мың бас мүйізді ірі қара, 792,4 мың бас қой мен ешкі, 130,7 мың бас жылқы, 48,3 мың бас түйе, 2,9 мың бас шошқа және 120,2 мың бас құс өсірілу үстінде. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстыр­ғанда мүйізді ірі қара 6,8%-ға, жыл­қы 6,7%-ға, түйенің саны 8,1%-ға, құстың саны 40,3%-ға көбейсе, қой мен ешкінің басы өткен жылдың деңгейінде тұр. Қорыта айтқанда, есепті кезеңде облыс бойынша барлығы 13028,7 тонна ет (тірі салмақта), 30579,8 тонна сүт және 2561,4 мың дана жұмыртқа өн­діріліп, өнімдер пайдалануға берілген.

     Ауыл шаруашылығын іргелілету­де агрокартаның тигізген пайдасы осы. Алдағы жылдарда да жылдам даму мен өнім көлемін өсіруде қо­лайлы жағдайлар жасалына бермек. Егіншілер құрғақшылықтан, малшылар жұттан аман болса сырбойылықтар азық жинауда өзге облыстардан оқ бойы озық тұрары сөзсіз.

Айдар САЙЛАУОВ

Оқылды: 22 рет Соңғы рет өзгертілді: Бейсенбі, 05 Шілде 2018 11:13

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C