Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 05 Шілде 2018 11:50

АДАМИ КАПИТАЛДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

    Ойлы халықтың арасында кең талқыланып, күн сайын өз маңыздылығын көрсетіп келе жат­қан - адами капитал мәселесі. Ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында осы капиталдың сапасын ұлғайтпаса болмайтыны туралы жиі сөз қозғалып жүр. Дей тұр­ған­мен бұл көпқырлы ұғым жө­ніндегі түсінігіміз қаншалықты дұрыс? Бәсекеге қабілеттілігі ең жоғары мемлекеттердегі адами капитал несімен артық?

    Экономиканың дамуына үлес қосатын үш түрлі капиталдың бары белгілі. Біріншісі - табиғи капитал, яғни өндірісте қол­данатын табиғат ресурстары. Екіншісі - физикалық капитал, оған тауар өндіру мен қызмет көр­сетуге қажетті машиналар, құрал-жабдықтар, үй-құрылыс пен әртүрлі қорлар жатады. Үшін­ші капитал түрі - адам ка­пи­талы, ол бейматериалдық, зият­керлік активтермен өлшенеді, атап айтқанда, IT өнімдерімен, зияткерлік меншікпен және экономикалық құзырет­тілік объектілері. Бұған мысал келтіретін болсақ, алуан түрлі компьютерлік бағдарламалар, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс нәтижелері, авторлық құ­қық­тар, ноу-хау, жарнама, маркетинг технологиялары және тағысын тағылар. Мұндай активтер басқару қызметінің тиімділігін едәуір арттырады әрі өнімнің қосымша құнын еселей түседі.

    XIX-XX ғасырларда дамыған мемлекеттер адами капиталға ин­вестицияларының тек 20-30%-ын ғана салса, қалғанын физикалық капиталға арнайтын-ды. XXI ғасырдың басында керісінше инвестициялардың 80%-ы адами активтерге, қал­ған 20%-ы физикалық активтерге жіберілетін болды. Дүни­е­жүзілік банктің есептеуіне қарағанда, бүгінде Экономикалық ын­тымақтастық және даму ұйы­мына (ЭЫДҰ) кіретін мемлекеттердің әл-ауқатын 81%-ға адами капитал, 17%-ға физикалық және 2%-ға табиғи капитал қамтамасыз етіп отыр. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінде жарияланған ақ­парат осыны меңзейді.

   

Осылайша жаһандық бәсеке­нің қызуы, жаппай цифрландыру, көптеген жаңа бизнес-мо­дель­дердің енуі мен қызмет көр­сету секторының өрістеуі - барлығы да, түптеп келгенде, адамдарға, олардың біліміне, же­ке және әлеуметтік инновацияларды құрудағы қабілетіне тәуелді.

    Қазақстанның заманауи адами капиталдың жетіспеушілігіне байланысты дамымай отырғаны айдан анық. Біз ресурстарға, ең­бек тиімділігін көбейтуге, дұрыс экономикалық, индустриялық жә­не саяси стратегияларға негіз­делген өсу процесінің биігінде тұр­мыз. Жаһандық бәсекеге қа­бі­леттілік индексінде Қазақстан ресурсқа негізделген экономикадан тиімді экономикаға өту жо­лындағы 15 мемлекет қатарына жатқызылған.

    Енді қазақстандықтардың ада­ми капиталын көтеру мүмкін­діктерін, соның ішінде білім сала­сының бұл процеске қаншалықты көмектесе алатынын қарастырайық.

    БҰҰ-ның даму бағдарламасының сарапшылары есептей ке­ле, адамның өмірлік әлеуетін ашатын үш шешуші кезеңін анықтаған. Бірінші кезең - бұл анасының босануға дейінгі уақыты және адамның ерте жасы. Адам өмі­рін­дегі ең маңызды уақыт осы. Бұл кезде қажетті жағдай туғызыл­ма­са, адамның әлеуеті барынша жо­ғары деңгейіне көтеріле алмайды. Мұндай жағдайларға босану алдындағы және кейінгі уақытта күтім жасалуы, дұрыс та­мақтану, балаға бірінші күннен бастап көңіл бөлінуі жатады. Ға­лымдар ата-ана, ата-әже, педагогтің бала дамуына алғашқы күн­нен бастап араласуының қан­шалықты маңызды екенін дә­лел­деумен келеді. Зерттеулер нә­ти­желеріне сүйене отырып, бала ақыл-ойының туылғаннан үш жасқа дейінгі дамуы адамның төрт пен он төрт жас аралығында­ғы мүмкіндіктерімен пара-пар. Егер осы кезде бала қатарынан қа­лыс қалса, оның қабілетін қалпына келтіру үшін көп күш-жігер жұмсап, кішкене балаға қысым көр­сетуге тура келеді екен.

    Ал, қазақтың ата-аналары балаларының ерте жастан дамуына көп көңіл бөледі. Бұл тек менің пікірім ғана емес, эмипирикалық зерттеуден алынған тұжырым. 2016 жылы өткен 4-сынып оқу­шыларының оқу сауаттылығына арналған халықаралық зерттеу Қазақстан балаларының оқу дағдыларын дамытуға ертеден көңіл бөлетін ата-аналар үлесі бойынша 50 елдің ішінде екінші орында тұрғанын көрсетті. Осының ар­қасында балаларымыз мектепке жоғары дайындықпен келетіні расталды. Әлбетте, бұған соңғы жылдары мектепке дейінгі ұйымдар желісінің кеңеюі де өз үлесін қосуда. 2017 жылдың       со­ңы­на таман 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және бі­ліммен қамту көрсеткіші 90,5%-ға жетсе, 1 мен 6 жас аралығындағы балалар 66,1%-ы қам­тылған. Бастауыш білім мемлекетімізде жалпыға міндетті, Дүниежүзілік экономикалық форумның бағалауынша осы білім беру деңгейімен қамту көрсеткішінен республикамыз әлемде 4-орында. Алайда біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. "Білім туралы" Заңға сәйкес 2019 жылдың қаң­тар айынан бастап мектепке де­йін­гі білім 6 жасқа дейін жалғаса­тын болады. Біртіндеп 6 жас мектепке түсудің жалғыз жасына айналады. Бұған мемлекетіміз 2000-жылдардың басынан 12-жылдық орта білім моделіне өту мақсатында дайындалып келеді. Үкіметтегі келесі қадам нөлінші сыныпты енгізу және "Әліппені" сонда ауыстыру. Осылайша Үкі­мет балалардың бірыңғай стандарттар негізінде ерте жастан сапалы дайындықтан өтуіне барынша жағдай жасауда.

А.СЫРЛЫБАЙ

Оқылды: 16 рет Соңғы рет өзгертілді: Бейсенбі, 05 Шілде 2018 11:54

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Қай сүт өнімдерін жиі пайдаланасыз?

Милоко - 27.9%
Моё - 37.2%
Петропавлское - 11.6%
Айналайын - 23.3%
Дәмді - 0%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 14 Қырқ 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C