Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 05 Шілде 2018 11:55

МІНБЕРДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР МИНИСТРЛЕР ЕСЕБІНДЕ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

    Халық алдында есеп беру құр статистиканы оқып беру емес. Ел ішінде қыз-қыз қайнап жатқан мәселелерге құлақ асып, халықтың жағдайына мойын бұру миaнистрлердің міндеті. Саланың тізгінін қол­ға ұстаған министрлер жыл сайын ел алдында есеп беріп, ат­қарылған һәм атқаруға тиіс жұмыстарды сараптап, қорытындылармен келеді. Өткен аптада қос министр ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрі Мадина Әбілқасымова мен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың есептері тыңдалды. Бағыттары бөлек болғанымен, ел үшін маңыздылығы ортақ саланың басшыларының бірі жұ­мыссыздықпен күресемін десе, ендігі бірі денсаулықтың сапасын әрі дәрігерлердің білікті­лі­гін көтеремін деп ел алдында есеп түзіп жүр. Сонымен, әр са­лаға жеке-жеке тоқталайық.

    Министрліктің орынтағына отырған Мадина Әбілқасым­ова да аз уақытта халыққа танылып үлгерді. Министр өткен жылы әлеуметтік салада айтарлық өсімнің бар екеніне жұрт­ты сендірді. Дұрысы, зейнетақының көлемі екі есе өсіп, ана мен баланы қолдау жөніндегі шаралар арттырылып, тұрмыстық зорлық-зомбылық жағда­йы­на арнайы әлеуметтік қызмет көр­сетудің жаңа стандарттары ен­гізілді.

   

    Енді есептегі цифрларды сөйлетсек. 2017 жылы Қазақстанда 450 мың адам тұрақты жұмыс көзін тапқан. Ал, шаруа­сын ширатып, кәсібін дөңгелетуді мақсат тұтқан 14 мың адам шағын несиеге қолы жеткен. Министр Мадина  Ерасылқызы елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға жеткен. Бұл егемендік алғаннан кейінгі кезеңмен салыстырғанда ең төменгі көрсеткіш екенін мақтана жеткізді. Әйткенмен, бү­гінге дейін enbek.kz cай­тында 42 мың бос жұмыс орынға 85 мың­нан аса адам тү­йіндеме қал­дырған екен. Бұл өткен жыл­дың еншісінде кеткен жағдай.

    Министрге халықтан түс­кен сауалдар аз болмаған сыңайлы. Зейнетақыны қайта есептеу, мүмкіндігі шектеулі жандардың күтушісіне беретін жәр­дем­ақыны төлеу, жұмысқа тұрудың төте жолдары халықтың микрофон ұстап, министрге сауал қоюына жетеледі.

    Әрбір сауалдың артында әлеуметтің жан айқайы жатыр десек, медицинада да билік құ­лақ асатын мәселе жетерлік. Бас дәрігер Елжан Біртанов талай мәселелерде төбе көрсетіп, медицинадағы мәселелерде үн­сіз қалған емес. Халықпен кездесуде министр кадр тапшылығының бар екенін жасыра алмады. Тіпті маман даярлаудың жүйесін грант бөлумен сабақтастыру керектігін алға шығарды. Айтуынша, бір мамандық бойынша кадр тым көп, ендігісінде маман жетіспеушілігі байқалады.

    - Нақты бір мамандықтар бойынша тапшылық туындап отыр. Мәселен, жалпы дәрігерлер, акушер-гинекологтар мен реаниматологтар жетіспей жатыр. Осыған орай келесі жылдан бастап барлық жоғары оқу орындарында мемлекеттік грантпен білім алғандар мін­детті түрде оқуды өтейтін болады. Талап бойынша үш жыл мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеу керек. Біз тағы бір нормативтік құжаттарды рә­сімдейміз. Соның негі­зінде жас мамандарды мемлекеттік мекемелерге жіберіп қана қоймай, нақты қай жерде маман тапшылық бар, сол жерге бағыттайтын боламыз", - дейді Е.Біртанов.

    Рас, медицинадағы кадр тапшылығын әрбір ауруханадан да кезіктіре аласыз. Әсі­ресе, бала дәрігері пе­диатр­лардың жоқтығы бала өсіріп отырған ата-ананы қатты алаңдатып отыр. Бұл мәселеден де министр хабардар. Оқу орындары енді ғана педиатр даярлау ісін қолға алды. Дегенмен, маман болып қалыптасқанға дейінгі уақытта әлеу­мет маман жоқтығымен бетпе-бет келе бермек. Денсаулықтағы ділгір мәселені газеттің алдағы шығарылымына арқау етерміз.

    Жеке дәрігерге қаралу, медициналық тексеріс, дәрі-дәрмектің бағаларын реттеу, ана мен бала өлімі сынды өткір тақырыптар бас дәрігер Елжан Біртановтың атқарған есебі мен жасаған еңбегінің өлшемін көрсетеді. Дегенмен, сұрақтан жалтарып, мәселеден айналып өтпейтін министр арбаны сындырмай, өгізді де өлтірмеудің жолын іздегенді жөн көретін секілді.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

Оқылды: 78 рет Соңғы рет өзгертілді: Бейсенбі, 05 Шілде 2018 12:06

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Қай сүт өнімдерін жиі пайдаланасыз?

Милоко - 27.9%
Моё - 37.2%
Петропавлское - 11.6%
Айналайын - 23.3%
Дәмді - 0%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 14 Қырқ 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C