Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 05 Шілде 2018 12:13

СЕМІЗ БОЛҒЫМ КЕЛМЕЙДІ УАЙЫМЫ КӨП

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

    Дене бітімінің мінсіз болғанын қалаған екі құр­бы арықтаудың амалын іздеп, дүкеннен көп ой­ланбай дәрі алады. Әрине, ойда тек артық салмақтан құтылу. Қалтасындағы соңғы қаржы қыздардың қа­лауына кеткен соң, ба­рынша ұқыптылық таны­тып семіздікке қарсы дә­ріні ішуді бастайды. Бір ап­та­дан соң қос қыздың ден­саулығы нашарлап, әлсіз­дік бойын билейді. Сонда да алған дәріні тұтынып әлек, ал құрбы-құрдас­та­ры алаңдаулы, тек дәріні күн­делікті ішуін тоқтат­қа­нын сұрайды. Бірақ, құлақ асар жан жоқ. Семіздікпен күрескен қыздар күн өт­кен сайын басы айналып, тіп­ті, жүрген жерінде құ­лай жаздауға дейін барды. Содан болуы керек қазір семіздікке қарсы дәрі-дәр­мекті ішуін тоқтатты. Бұл Гүлсара есімді студент қыз­дың оқиғасы еді. Мұн­дай жағдай тек біреуде ғана емес, көп қыз-ке­лін­шекте кездесетіні анық. Арықтар толсам дейді, се­міздер арық болсам дейді. Бұл - бүгінгі күннің көрінісі екенінде дау жоқ. Артық салмақ тек бір ғана жанның жанайқайы емес, тұтас әлеуметтің әлегі. Себебі, семіздік жасарып, күннен-күнге белең алуда. Дүние­жү­зілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сү­йенсек, әлем халқының 1\5 бөлігі немесе 1,7 млрд. адам артық салмақтылар қа­тарына жатқызылады. Бұл топтардағы адамдар­дың 250 миллионы созыл­ма­лы семіздік ауруы мен оған қосарлана жүретін кең таралған ауруларға шал­дыққан. Қазіргі кезде се­міз­діктің күрт өсуіне бай­ланысты 2025 жылға қарай артық салмақ деңгейі екі еселенбек. Ал, БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының баяндамасында "Орталық Азия аймағындағы ең семіз адамдар - қазақстан­дық­тар" деп көрсеткен. Ұйым сарапшыларының айтуын­ша, "төрт миллионға жуық қазақстандықтың немесе елдің әрбір төртінші тұрғы­нының артық салмағы бар" дейді. Семіздікті соғыс дейміз, ол жерде бір ғана жау бар, бірақ құрбандары көп. Расында да, осы белең алған семіздіктің салдары­нан қаншама жан өміріне балта шауып жатады. Тіпті, артық салмақтың ақыры ажалға алып келуі де ғажап емес. Неге десеңіз, семіз­дік­пен салмақты түрде кү­ресудің орнына, дәруменді дәрменді деп тұтынатын жастар қатары көп. Барлы­ғы­ның мақсаты бір, оңай жол­мен аз уақытта арық­тау. Жоғарыдағы оқиға ке­йіпкері де дәрумен арқылы дене пішімін қалыпқа кел­ті­руді ойлаған. Мұндай ше­шімге келуінің себебін сұ­раған едік. Айтуынша, ай­на­ласындағы негатив пі­кір­ден, артық келемеж-мазақтан шаршағанын айтты. Жанымда жүрген жандардың "толық" екен­дігімді бетіме айтатындары көңіл-күйімді түсіретіні рас. Бү­гінде адамды бөліп-жару, түр-келбет пен сырт­қы бейнеге назар аудару сынды дүниелер көп кезде­седі. Сондықтан да артық салмақтан арылудың оңай жолын ойға алып, жүзеге асырғым келді. Бірақ ар­тық қыламын деп тыртық қыла жаздадым. Ешқандай өзгеріс, нәтиже болмады",- дейді Гүлсара. Таңқалар­лық оқиға емес, себебі көз көріп, құлақ естіп жүр. Десе де, етіміз үйренген әдет болса да, салғыр­т­тыққа бой алдырмауымыз қажет-ақ.

   

    Семіз адамдардың айналадан оқшаулануына не себеп? Оны қалай жеңуге болады? Арық­таймын деп азап шегіп жүр­гендерге не дейміз? Осы орайда, психолог маманнан жөн сұрадық. "Қоғамда белең алып келе жатқан семіздік жа­сару үстінде. Бұл өте қауіпті жайт. Семіздіктің әсерінен неше түрлі оқиғаға тап болып, стресс жағдайында қалған жас­тар маған көп келеді. Одан арылу үшін өз-өзің бақылауда ұстауы қажет. Ең бірінші айтарым осы. Өз-өзін бақылауда ұстаған жан артық нәрседен тыйыла біледі. Шамадан тыс тамақтанудан сақ болуы керек. Тамақтану кезінде өзге нәрсені ойлау, сондай-ақ телефон, теледидар сынды нәрселерді қарап, көңіл бөлуді әдетке айналдырмағаны жөн. Екін­шіден, әр адам өзін жақсы көре білуі тиіс. Қандай жағдай болса да, өзінің мүсіні мен болмысына көңілі толса ғана өзгенің пікірі саған әсер етпейді. Осы алғашқы этаптан өткен адам жаттығу жұмыстарын жасап, дене белсенділігімен шұғылдануды әдетке айналдырары сөз­сіз. Өйткені, әр адам өзінің сұлу болғанын қалайды ғой" - дейді психолог Жансая Бижанова. Психолог маманның қабылдауына күнде 5-6 адам келеді екен. Жігіттерге қарағанда қыз­дар қауымы маманның сапалы қызметіне көбірек жүгі­нетін көрінеді. Жүйкесі жұқарып, мазасызданып келген тұр­ғындармен тілдесу арқылы нә­тижеге қол жеткізген психолог әр адамның өмірде өз орны бар екенін ескертіп айтады. Сондай-ақ семіздіктің салдарынан салы суға кеткен сұлулар да маманның бақылауында бол­ған. Ең алдымен өз-өзін бақылауды, қадағалауды үйренген жастар денсаулығына бей-жай қарамайтын болады, - дейді.

    Бесіктен белі шықпаған балалардың семіздікке шалдығып, артық салмақтың зардабын ерте жастан сезініп келе жатқаны қын­жылтады. Алдыңғы жылы мектеп оқушылары арасында артық салмақ пен семірудің тара­л­уы жөнінде облыстық жастар денсаулық орталығы зерттеу жұ­мыстарын жүргізген еді. Соның ішінде 9 жастағы балалар арасындағы артық салмақтың тарал­уы - 19,3% құрап отыр. Ал се­міз­дік деңгейі 4,9%, қалыпты салмақ - 80,7% болса, аз салмақтағы балалар 3,5 % - ды көрсетіп тұр. Оқушылардың, жалпы жастардың дұрыс тамақтануы қай кезде де маңызды. Алайда, тез дайындалатын тағам түрлеріне жастардың сұранысы артуда. Ал, фаст-фудтың зияны біз айтпасақ та белгілі.Ұлттық дұрыс тамақтану орталығының мәліметіне сүйенсек, әрбір үшінші оқушы қалтасындағы ақшасын фаст-фудқа жұмсайды, әрбір үшінші бала кем дегенде аптасына бір рет тәтті газдалған сусындар да ішеді, әрбір оныншы бала энергетикалық сусындар сатып алады екен. Қызылорда облыстық жастар денсаулығы орталығының зерттеуі бойынша, мектеп жасындағы балалардың 81,2%-ы тәтті тағамдарды тұтынады, 75 %-ы газдалған сусындарды күнде­лікті ішсе, сүт өнімдері мен жеміс-жидектерді 50 пайыз ғана пайдаланады екен. Демек, жас­өспірім балалардың организмі же­ңіл әрі қоспасы көп, бірақ пайдасы аз тағамдарға үйренген. Ал студент қауымның 60 пайызы фаст-фудпен ауқаттанады. Дәмді донер де, фаст-фуд, тәтті сусын да ағзаға қажетті минералдар мен дәрумендер қорын толтыра алмайды. Керісінше, адамның тамаққа деген тәбетін қоздырады да, құрамындағы дәмдеуіштер мен майлы қоспалар тұтынушы адамның ағзасындағы қалың ішек бойында, қарын, бөксе, мықын секілді жерлерінде қордаланып, жинала бастайды. Се­міздік сыр бермейді. Жаныңды қинап, шипа іздеп жүгіртпейді. Тек баяу ғана әлеміңе енеді. Ке­йін көзді ашып-жұмғанша дене ауырлап, қозғалыс бәсеңдейді. Сол кезде артық салмақтың сені­мен ойнап жүргенінен хабардар боласын.

    Семіздіктен арылудың оңай жолы бар ма? Осылай интернеттен іздесеңіз түрлі тәсілі мен әдісін сізге ұсынып, тіпті қозғалмай-ақ салмақ тастауға болатын ең тиімді жолдарды көрсетеді. Таңдау сізде әрине. Бірақ, салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс  тамақтанудың орнына, керісінше салмақ тастауға көмек берер дә­ріні үздіксіз пайдаланғанды жөн кө­реміз. Күтетініміз нәтиже. Алайда, баяғы жартас, сол жартас ретінде қалатыны тағы бар. Кімге өкпе артамыз. Жарнамасы жер жарған өнімнің барлығы дерт­ке шипа болмасы анық. Алай­да, бұл пікірмен дүкен сатушысы келіспейді. Қаладағы дү­кеннен семіздікке қарсы дәріні із­деп шыққан едім, көп қиналмай-ақ қол жеткіздім. Бағасы қалтаға салмақ түсірмейді екен. Дүкен сатушысын әңгімеге тартып, бірнеше сауалдарды қойғанымда өз ойын ашық айтып, қазіргі таңда мұндай өнімдерге сұраныстың жоғары екенін алға тартты. "Дүкенге көбінесе жас қыздар келеді. Оларға үш түрлі өнімді таныстырып, қалай қолдану керек екендігін тү­сін­діреміз. Дәрінің адамға еш зияны жоқ, тек біз көрсеткендей тұтынса болды. Құрамында тек теңіз өнімдері және балдыр бар. Сондықтан да бұл салмақ тастауды мақсат еткен жандарға арналған тиімді өнім. Мұны тек жастар ғана тұтынбайды, орта жастағы адамдар да келіп, тауарға қызығушылығын білдіріп сатып алады" дейді дүкен сатушысы. Ал, ақ халатты абзал жандар жеңіл жолмен күресудің тиімсіз жақтарын айтып, дәрігердің нұсқауынсыз өз бетінше дәрі тұтынуды дұрыс деп есептемейтінін айтады. "Семіздікке қарсы дәрілерді ішіп жүрген қыз-келіншектерді көп көреміз. Маман ре­тін­де мұндай дәрілерді ішуіне қарсымын. Өйткені, ол өнім­дер туралы толық ақпаратты біл­меуіміз мүмкін. Дүние­жү­зі­лік денсаулық сақтау ұйымының бекітуімен ғана арнайы дәріханаларда тұратын дәрілер бар. Оның өзі дәрігердің нұсқауымен беріледі. Алайда, қоғам шет ел өнімдерін қолданғанды жөн көреді. Мұндай белгісіз өнімдердің денсаулыққа кері әсер беретінін естен шығармағанымыз абзал" -  дейді облыс­тық жастар денсаулық орта­лы­ғының жалпы тәжірибелік дәрігері, емдеу-сауықтыру бөлімінің меңгерушісі Жанар Жұмағазиева.

    Артық салмақ та, арықтық та адам өмірі үшін қауіпті. Се­міздік синдромы өмір сүру ұзақтығын шамамен 7 жылға қысқартуы мүмкін. Онымен қоса сан сырқаттың туында­уы­на себеп болады. «Мәселен, жүрек-қан тамыр аурулары, жатыр мойны мен аналық жә­не аталық бездердің, сүт безі­нің, бүйректің, бауырдың нашарлауына әкеліп соғады. Сонымен қатар қант диабеті, тыныс алу ағзаларының ауруларына жиі шалдығады» - дейді дәрігер мамандар. Аңдамай жү­ріп, ауруды асқындырып алмауымыз қажет. Ол үшін тамақтану режимін диетолог мамандармен ақылдасып, сапалы әрі саналы түрде ем жүргізу шара­ларын қолға алу керек. Спорт­пен шұғылдану арқылы семіздіктен арылуға бет бұру қажет. Ең бастысы өзіңе деген сенім­ділік пен сүйіспеншілік қасиеті болғаны жөн. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз абзал.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Оқылды: 102 рет Соңғы рет өзгертілді: Бейсенбі, 05 Шілде 2018 12:34

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Қай сүт өнімдерін жиі пайдаланасыз?

Милоко - 27.9%
Моё - 37.2%
Петропавлское - 11.6%
Айналайын - 23.3%
Дәмді - 0%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 14 Қырқ 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C