Айтарым бар

   

Жанболат Ошақбаев, жас кәсіпкер: 

    Кәсіп бастайтын адам үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы зор. Қазіргі таңда екінің бірі кәсіпкер болып кетті ғой. Алайда, барлығының еңбегі жемісті болып жатқан жоқ. Кәсіпкерде әрқашан «Б» жоспары болуы керек. Есеп білмеген адам қарапайым сауданың да жөнін біле бермейді. Сондықтан, бизнес бастамас бұрын қаржылық сауаттылықты меңгеріп алу керек. Себебі, алғаш кәсіп бастаған адамның бухгалтерге, сатушыға, кассирге жеке-жеке жалақы төлеуге шамасы жетпейді. Осы қызметтің бәрін өзі атқарып, кәсіптің басы-қасында жүрген адам ғана жоғары жетістікке қол жеткізе алады.

baribar.kz


Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 05 Шілде 2018 12:34

ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМІНЕ БАҒА САЙ МА?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Біржан Жүнісов,

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру

қызметін үйлестіру

орталығының директоры:

    - Шілдеден бастап базалық зей­нетақы еңбек өтіліне қарай қайта есептеледі. Сәйкесінше, бірталай зейнеткерлер үшін төлем деңгейі ай­тарлықтай өсті. Осы уақытқа дейін базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайы­зына тең болғандықтан, зейнеткер­лер­дің барлығы бірдей 15274 теңге база­лық төлем алатын. Енді азамат­тың 1998 жылғы 1 шілдеге дейінгі ын­тымақты зейнетақы өтіліміне қарай базалық төлем жаңаша беріледі.

    Бұл зейнеткaерлер үшін тиімді және әділетті болмақ. Мәселен, егер адам­ның жұмыс өтілі болмаса зейнет­ақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74 пайызын, 30 жылдық қатысу өтілі 94 пайызды құрайды. Егер қатысу өaтілі 33 жыл жaәне одан да артық болса, базалық зейнетақы ең төмеaнгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызын, демек биылғы есеппен - 28284 теңгені құрайды.

    Бір ескеретіні, мемлекеттік базалық зейнетақыны қайта есептеу процесі автоматтыa түрде жүргізіледі, сондықтан зейнеткерлерге ешкімге жүгінудің, ешқайда барудың, ешқандай құжат тапсырудың қажеті жоқ.

 

Роза Есдәулетова, зейнеткер

(есімі өзгертіліп алынды):

    - Мен педагогика саласында қызмет етіп, зейнетке шықтым. Жиырма бес жыл уақыт тұрақты қызмет істеп келдім. Ел жаңалық­та­рынан 1 шілдеден бастап зейнетақы арта­ды дегенді көптен естіп білгенімізбен, зей­нетақымызға қосылған қосымша ақшаға көңіліміз толмады. Бар болғаны 5000 теңге кө­лемінде зейнетақыға қосылыпты. Енді қараңызшы, бұл ақша дәрі-дәрмекті айтпай-ақ қойғанда, азық-түлікке де жет­пейді ғой?! Оның үстіне қазір кәсіп­кер­лер зейнетақы өседі дегенді естіп алып, бағаларды көтеріп, заттарды қым­баттатып жатыр. Бұл қалай болып бара жатыр? Қазіргі нарық бағамында қолыма тиетін 50 мың теңгеге өмір сүру қиын. Зей­нет жасына жеткеннен кейін дәрі-дәр­­мек, жүріп-тұрудың өзіне бірталай қар­­жы кетіп қалады. Зейнетақыны әлі де өсіру керек. Болмаса азық-түлік баға­сын тұрақты ұстап қалуға жағдай жасау керек.

    Түйін. Қазірдің өзінде азық-түлік бағалары жекеленген дүкендерде көтеріліп жатқаны байқалады. Әрине, халық жиі тұтынатын тауарлардың әлсін-әлсін үстеме қосылуы халықтың пікірін екіге жарып жатыр. Естеріңізде болса, наурыз айының сонында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев азық-түлік бағасын күрт қымбаттатуға жол бермеу керектігін тапсырған-ды. Дегенмен ірі сауда орындары немесе әлеуметтік дүкендер емес, шағын кәсіптің иелері бұл талапты орындауға құлықты емес. Алып-сатар саудагерлердің де өз уәждері бар. Қайткенмен де, қара халық үшін азық-түліктің тым шарықтап кетпегені маңызды. Себебі бала асырап, жан бағып отырған отбасыларға "баға саясаты" отбасы бюджетіне салқынын тигізбеуі керек.

А.Қаракесек

Оқылды: 30 рет Соңғы рет өзгертілді: Бейсенбі, 05 Шілде 2018 12:38

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C