Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 09 Тамыз 2018 06:24

АРАҚҚҰМАРЛЫҚТАН АЙЫҒУ ҚАНШАЛЫҚТЫ МҮМКІН?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Г.НЫСАНОВА, Қызылорда облыстық наркология орталығының бас дәрігері:

   - Көпшілікті "мас күйінде тіркелген адамдардың статистикалық көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда қандай деңгейде?" деген сауал мазалайтыны рас. 2018 жыдың 6 айында облыс бойынша араққұмарлықпен есепте тұрған науқастардың саны 5228-ге жеткен. Бұл былтыр 5370 болған. Яғни, былтырғы жылдың 6 айымен салыс­тырғанда 142-ге азайған. Жыл басынан наркологиялық есептегі науқастардың көшіп кетуіне сәйкес, сотталуына, қай­тыс болғандар, көрсетілген мекен-жайда тұрмайтын­дар, диспансерлік есепке ауыстырылғандар, диагнозының өзгеруімен және басқа себептермен диагноздарының анықталуына байланысты көрсеткіштер төмендеген.

   Айта кету керек, емдеу шараларында нәтиже де баршы­лық. 2018 жылдың 6 айында облыстық наркология орта­лы­ғынан маскүнемдік бойынша 688 науқас ем алып шық­ты. Ал, 2017 жыдың 6 айында 871 науқас емделген болатын. Маскүнемдер саны әр алты ай сайын төмендеп келеді.

   Дегенмен де, жастар арасындағы ішімдік ішіп, ауру болатындар көп. Оның арасында әйел азаматтар да жоқ емес. Облыс бойынша 2018 жылдың 6 айында 14-29 жас аралығындағы маскүнемдікпен есепте тұрғандар саны 358 ерді құраса, оның 13-і әйелдер. Қазір емделушілер мен тіркелгендердің барлығы есепке алынып, бақыланып отырады. Адамдар ауырып ем іздегенше, ішімдіктен аулақ болып, ауырмайтын жол іздегендері абзал.

МӘРИЯМ, "Ардана" дүкенінің сатушысы:

     - Күніне нақты қанша рөмке са­та­ты­ным есімде жоқ. Бірақ, ішімдік сату­дан жақсы табыс түсіп отыр. Оның ішінде сыра мол сатылады. Ал, арақты ег­­де тартқан кісілер көп алады. Жас­өс­пірімдердің де сыра сұрап келетін кездері жиі кездеседі. Оларға біз ішім­дік босата алмаймыз. Заңға қайшы. Әсі­ресе, түнгі мезгілінде арақ-шарап көп­­­теп өте бастайды. Сосын той-то­ма­лақтар көбейген кезде де сауданың та­мы­рына қан жүгіреді. Ақшасы аз, бө­тел­келеп ала алмайтын адамдар ста­кан­­ға құйдырып та ішіп кетеді. Жал­пы араққа деген қала тұрғында­ры­ның ара­сында сұраныс бар. Баға қанша­лық­ты шарықтап жатса да, сыра, арақ­ты сатып алатындар азайған емес. Сол себепті ме екен, "адамдар арақтан тү­бе­гей­лі бас тартады" дегенге сенбеймін.

ҚАСЫМ, көше кезбесі:

     - Менің басқа ермегім жоқ. Осындай халге душар болуымның басты себебі арақтың кесірі. Несін жасырайын, күніне жұрттан қайыр сұрап алып, оны азын-аулақ тамағыма жаратамын. Қалғанын арақ сатып алуға жұм­сай­мын. Жаздың жылы күнінде қаланың көшелерінде өзіміз секілді адам­дармен бірге ішуді әдетке айналдыр­ғанбыз. Емделуге де барғанмын. Негізі апарған. Қайда апарғанын нақты білмеймін. Бірақ, ол жақтан қайыр болмады. Адамның жағдайы дұрысталмайынша ішуді де доғар­майды. Мен басымнан өткен соң ғана айтып отырмын. Арақ біздің қайғымызды жеңілдетуге, уа­йымды ұмытуға көмектеседі. Сон­дықтан ішімдікті тастағым келмейді.

    ТҮЙІН. Жер бетінде түр-түрлі тағдыр бар. Бірі тойып, енді бірі тоңып секіреді. Ішімдік тойдың сәні болса, басқа жандарға өмірінің мәніне айналған. Десе де, арақ ешкімге опа бермесі хақ. Дін мен дәрігерлер ішімдікке шектеу қойған. Тек заң ғана сатылымға қарсы қауқар таныта алмай отыр.

Айдар САЙЛАУОВ

Оқылды: 51 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C