Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 16 Тамыз 2018 07:03

ӨЗІМІЗДІ ӨЛІМГЕ ИТЕРМЕЛЕП ЖҮРГЕН ЖОҚПЫЗ БА?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

   

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде жыл сайын жүрек-қан та­мыр ауруларынан 17 млн. адам көз жұмады. Ал, отандық ма­мандар дерттің соңғы 20 жылда елімізде дендеп бара жатқанын дәлелдеген. Жүрек - адам ағ­засының моторы дегенімізбен, оның мәңгілікке тоқтап қалмауы үшін әрбір жан күресуі керек. Бүгінгі күні дабыл қағып тұрған жүрек-қан тамыр аурулары адам үшін аса қауіпті. Әртүрлі аурулардың асқынуынан немесе жү­рек және қан тамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдан­уынан пайда болатын аурулар қа­тарына ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан неврозы, миокард инфарктысы, гипотония жатады. Біз айтып тұрған дерттер адам жанын бірден сарсаңға салмайды. Тек уақыт өте келе ауру белгілері байқалып, се­зіле бастайды. Соның салдарынан көптеген жанның сан соғып қалатыны да жасырын емес. Сондықтан да дәрігерлер скрингтік талдаудан өтіп, өз денсаулығына мән беруді тұрғындардан талап етеді. Шын мәнінде дәрігер адам тәнін емдеуші, ол сіз­ге салауатты өмір салтын ұстануға бағыт-бағдар беретін басты жан. Алайда, оның толыққанды орындалуына үлес қосатын ең бі­рінші адам науқастың өзі. Осы орайда, "бірінші байлық - ден­сау­лық" деп айтқанымызбен, қа­дірін кеш түсініп жататынымыз да жасырын емес.

   Қан тамыр ауруларымен кө­біне егде тартқан адамдар сыр­қаттанады. Бұған еш таңғалудың қажеті жоқ. Себебі, сырқаттың көбі жас келген сайын жасара бастайтыны заңды құбылыс. Біз­ді алаңдататын жайттың бірі дерттің дендеп, жастар арасында жаңара бастағаны. Жастар - біз­дің болашағымыз. Ал, болашақтың тұтқасын ұстар азаматтардың ауру-cырқау болғаны қуантарлық дүние емес. Ресми мәліметтерге сүйенсек, жыл са­йын әлем тұрғындарының 16,5 %-ы қан қысымы көтерілу салдарынан көз жұмады екен. Ал, қазіргі таңда қан қысымының тұрақсызданбауы тұрғындардың бірінші проблемасына айналған. Жүрек адам ағзасындағы ең бас­ты рөлді атқарады. Сол арқылы бү­кіл дене қозғалыс жасап, адам тіршілігін жалғастырады. Егер жүректің соғуы мен жағдайы сәл нашарласа қалған дене мүшелердің ауруына ықпал жасайды.

    Сонымен, жүрек қан тамыр ау­руларының өршуі неден? Бұдан қалай құтылуға болады? Мамандар бұл тұрғыдан дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын сақтамауынан түрлі ау­руға тез берілетінін айтып отыр. Яғни, мөлшерден тыс тамақтану, спортпен шұғылданбау, өз-өзіне бақылау жасамағандықтан дерттің белең алуына себепші. "Тамақтанудың не қатысы бар?" деп ойлап отырған боларсыз. Айта кетейік, тамақтану - адам денсаулығын өмір бойы нығайту мен сақтаудың басты факторы. Егер дұрыс тамақтанудың не­гізгі ережелері мен қағидаларын біліп, оны сақтаса жүрек-қан тамыр аурулары, обыр, қант диа­беті сияқты созылмалы инфекциялық емес аурулардың алдын алуға болар еді. Құнарлы тамақ адамға әл беріп, күш қуатының молаюына мүмкіндік береді. Алай­да, біз құнарлы тағамнан бас тартып, тез әрі жеңіл-желпі даяр­ланатын асқа құмармыз. Оңай әзір­ленетін ас мәзірін көп тұтынған сайын адам ағзасына артық май жиналып, тыныс алуына кедергі болады. Одан бөлек, майдың жиналуы қанның дұрыс өтуіне кері жағдай жасайды. Мұндай қиындықтың салдарынан жүрек әлсірейді, екіншіден семіздікке шалдықтырады. Тағы айта кету керек, ас тұзының мөлшерден асы­рып тұтынып жүрудің өзі адам денсаулығына зиянын тигізуде. Нақты айтатын болсақ, деннің саулығы үшін әрбір тұр­ғын ас тұзының мөлшерін тәулігіне 5 г асырмай тұтынғаны жөн. Тұздың тым көп болып кетуі де ағзаға кері әсерін беруі мүмкін. Ал адамдардың көбі 18 грамм­ға дейін тұз тұтынады екен. Сондай-ақ, көкөністер мен жемістерді тәулігіне 400 г артық бірнеше рет тұтыну аса маңызды. Бұл ДДҰ - ның үйлесімді тамақтану жөніндегі қағидасының бір бөлігі. Десе де, халықтың көпшілігі кө­кө­ніс пен жемістің орнына то­йым­ды тамақ алғанды жөн санайды. Сол себептен де пайдалы тағамды тұтынуда халық сапаға мән бермейтінін жиі байқаймыз. Арзанқол дүниеден гөрі сапалы өнім пайдалану денсаулық кепілі болмақ.

      Біз жоғарыда айтып отырған аурудың асқынуына темекі мен алкогольді ішімдіктің тигізер әсе­рі орасан. Жастар бұл зиянды әдеттен арылмайынша, жүрек қан-та­мыр ауруы да жазылмайды. Ке­рі­сінше, күннен күнге саны ар­туы­на себеп болады. Адамзат баласы зиянды әдетке тез беріледі, кейін одан арылудың жолын іздеп әлек болады. Жалпы, темекі шегу үйреншікті болып қалғанымен кейінгі ұрпақ үшін кесірін көп тигізетін улы зат. Соған қа­рамас­тан, темекіні тұтынушылар жылдан жылға артып келеді. Ұлттық әлеуметтанулық зерттеу­лерге назар аударсақ, 1998 жылы еліміздегі халықтың темекі шегу деңгейі 28% құраған. Ал, 2004 жылға дейінгі кезеңдегі Ұлттық зерттеу­лер нәтижесі бойынша, 2002 - 23,3% көрсетсе, 2004 жылы - 22,7%-ға төмен түсіп, оң динамиканы көрсетіп отыр. Алайда, темекіні тұтынушылар әлі де тоқта­май, үш жылдан соң 27%-ға көтерілген. Сондай ақ, 2012 жылы - 26,5%-ға төмендесе, 2015 жылы - 18,3% құраған. Темекімен күрес қанша жерден жүргізіліп жатса да зиянды әдетке деген тәуел­ділік жеңіп кетуде. Тіпті, мектеп жасындағы балалардың темекіні түтіндетіп отырғанын көрсең шошына қарайсың. Нәзік жандылар да назардан тыс қалмады. Соңғы зерттеу­лердің қорытындысы бойынша, елімізде 28,5% ер адам те­ме­кіге тәуелді болса, 8,5% әйелдер қауымы да әдетке айналдырып, темекіні күнделікті тұтынады екен. Соның ішінде Қызылорда облысының да жастары біршама көрсеткішке қол жеткізіп тұр. Нақтыласақ, ер адамның 31,9%, қыз-келіншектердің 6% теме­кі­нің тұтқынына айналған. Жалпы көрсеткіш 16,1% құрап отыр. Бұл де­геніміз қолды бір сілтейтін жайт емес, мұнда да денсаулық мә­селесі тұр. Ұрпақ саулығының ер­теңі ойландыруы тиіс. Осындай нәтижеден соң түрлі аурудың асқынуы, біз естімеген жаман дерт­тің белең алуы заңдылық. Алайда тосқауыл қою өзімізге байланысты екенін ескерсек, кеш болмай тұрғанда салауатты өмір салтын қалыптастыруға ден қоюы­мыз қажет-ақ. Қазақстан Рес­пуб­ликасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министр­лі­гінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөнін­дегі ұлттық орталығының мәліметіне сүйенсек, он бес жас және одан жоғары жастағылар осы темекінің әсерінен ауыр сырқат туғызған. Атап айтқанда, инсульт, жүрек соғысы, өкпе рагы, бронхит, асқазан жарасы сынды аурулар пайда болған. Нақтылап айтатын болсам, Қазақстанның ересек тұрғындарының 84,9 пайызы темекінің жетегінде, әйелдер 90,1 % және ерлердің 79,1 % түрлі ауруларға ұшыраған. Мәселен, бронхитпен ауыратын тұр­ғындар 78,9% көрсетсе, 71,1%-ы асқазан жарасын темекіден тап­қан. Ал, инсульт 67,6% құ­раса, остеопороз дерті 57,0 %-ды көрсетіп тұр. Мұндай дерттің адам талғамауының себебі де осы. Өз-өзімізді бақылауда ұстамағаннан соң қатерлі аурудың аузын ашып, құтылудың амалын іздеп әу­реге түсетінімізде осыдан. Сондықтан да медицина мамандары әрдайым салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, құнарлы тағамдарды пайдалануды жөн санайды.

    Қан айналым жүйесі аурулары таралуының жоғары деңгейі және аурушаңдықтың өсуі барлық дамыған елдердің мәселесі болып отыр. Оның ішінде, артериалдық гипертензия, жүректің ишемиялық аурулары және цереброваскулярлық аурулар жетекші орын алып келеді. Осы орайда, облыс тұрғындарының ден­саулығын сақтау және нығайту мақсатында облыс әкімі Қ.Көшербаевтың нұсқауымен 2018-2021 жылдарға арналған салауатты өмір салтын қалыптастыру және қан айналым жүйесі aуруларының алдын алу жөнін­дегі 5 жылдық облыстық іс-шаралар жоспары бекітіп берген­дігін облыстық жастар денсаулы­ғы орталығының директоры Жанар Калмакова айтты. Бұл тұрғыда сала мамандары жүйелі жұ­мыс­тар жүргізіп, ел саулығы үшін еңбек етіп жүргендерін тілге тиек етті.

   - Тұрғындардың өмір сүру салтын зерттеу бойынша 2018 жылдың наурыз-сәуір айларында 5000 тұрғыннан сауалнама алынып, нәтижелері талданды. Сауалнама мақсаты тұрғындардың өмір сүру салтын зерттеу оның ішінде, темекі шегу, ішім­дік ішу, дене белсенділігі, тұз, қант, көкөністі тұтыну деңгейін анықтадық. Сонымен қатар, "Жедел желі" байланыс телефонына бүгінге дейін темекіні тас­тауға ниеттелген 15 адам хабарласып, психологтардың кеңесін алды. Кеңес алушылар Фагестрем тесті арқылы 3 деңгейге бө­лініп, анықталған деңгейі бойынша нарколог мамандарға жол­данды. Хабарласқан 15 адам­­ның 7-і жоғары, 6-ы ор­та­ша, 2-і төмен деңгейде. Сондай-ақ инфаркт, инсульт ауруларының белгілері, тұзды пайдалану мөлшері тақырыптарында ақпараттық-танымдық материалдар әзірленіп, тұрғындар назарына ұсынылуда, - деп облыстық жас­­тар денсаулығы орталығының директоры Ж.Калмакова  атқарылған жұмыстарының бір бөлігін айтып берді.

    Ал, медицинаның қарқынды дамуының нәтижесінде қан айналым жүйесі аурулары біршама оңалуда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас­шысы Ақмарал Әлназарованың баяндауынша, алғашқы алты айда қан айналым жүйесі­нен өлім-жітім көрсеткіші 20,5% төмендеген көрінеді. Қан айналым жүйесі ауруларын емдеп, медицина қауқарын қолдану ар­қылы адам жанын сақтап қал­сақ та, өлім-жітім деңгейінің тө­мендеу тенденциясы сол қал­пы. Қызылорда облысы жүрек, қан айналым жүйесі ауруларынан болған өлім көрсеткіші бойынша он бесінші орында тұрғанын айтты. Аурудың алдын алу үшін медициналық талапқа сай, заманауи үлгідегі емдеу кабинет­те­рінің болуы маңызды. Алдыңғы жылы қатерлі ісіктерді анықтау мақсатында әйелдер мен ерлерді қарау кабинетте­рі­нің саны 20 болса, ағымдағы жы­лы 175 кабинетке толыққан. Мұ­ның өзі ақ халатты абзал жан­дарға және науқастар үшін де тиімді болмақ. Сонымен қа­тар, соңғы үлгідегі аппараттар да жүрек қан тамыр ауруына шалдыққан науқастар үшін алынып жатқаны көңіл көнші­те­ді. Бүгін­гі күні жаңа технологиялық аппараттардың шығуына байланысты ауырды жеңілдетуге болады. Сол сияқты ауырғанды ем­деуді мақсат еткен мамандар үшін мүмкіндік мол. Әйтсе де, әр адам денсаулығы үшін күрес­уі керек. Ол үшін денсаулықты жоғалтудың қажеті жоқ.

    Ауырып ем іздеуді әдетке айналдырып, ауырмайтын жолды іздеуден бас тарту қазақтың қанына сіңген қасиет. Дерттен айықпасақ, дәрігерге кінә артып әлек боламыз. Бұл салғырттықтан сақ болсақ, зиянды әдеттерден аулақ болып, дұрыс тамақтану режимін қолға алғанда ғана адам денсаулығы көңіл көнші­терлік жағдайда болар еді.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Оқылды: 159 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C