Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 23 Тамыз 2018 12:40

Тұздан төнер қауіп толастамай тұр

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

   Күнделікті тұрмыста тұтынып жүрген тұздың пайдасын білгенімізбен, зиянды тұстарына аса көп мән бермейтініміз белгілі. Тұзсыз ас жеуге де тәбет болмайды. Расында да астың дәмін тұз келтіреді. Десе де, мөл­шерінен асып кетсе, адам денсаулығына кері әсерін беретінін ескерген жөн. Әй, қайдам, кез келген тағамның дәмі тіл үйіргенін қалайтын қазақ ет­ті тұздап, оны қайнатып, дәм­ді астан ауыз тиюді әдетке айналдырғаны қашан. Ас тұзы мен дәмдеуіш тамақты тартымды етіп, адам тәбетін ашатындықтан, кейбір кездерде тұз­дың мөлшерден көп салынып кететін сәттердің жиі болатыны заңдылық. Алайда, тұзды шамадан артық қолдану - адам денсаулығы үшін қауіпті. Бұлай айтуымызға негіз бар. Австралиялық ғалымдар тамаққа көп қосылған тұздың ағзаға қалай әсер ететінін арнайы тәжірибе барысында анықтаған екен. Арнайы сынаққа денсаулығы мықты 16 адам қатысқан. Олардың әрқайсысы жеген тағамға 4 г тұз қосылыпты. Содан соң 0,3 г тұзы бар тағамды тағы берген. Сынақтың алдында және одан кейін ғалымдар тәжірибеге қатысқандардың иық арте­рия­сындағы қан тамырларының соғысын өлшеген. Осылайша зерттеу барысында тұзды тағам жеген адамдардың қан айналымы айтарлықтай тежелгенін байқапты. Тұз жарты сағаттан соң-ақ ағзаға әсер беріп, қан жү­­гірісін шамамен бір сағат бо­йына тоқтатқан. Бұл - The Daily Mail газетінде жарияланған зерт­теу нәтижесі. Осыдан кейін медицина мамандары 4-5 грамм тұзды адамның жалпы рационына енетін тағамдардың орташа тұздылық көрсеткішіне тең деп көрсетіп отыр. Бірақ, халықтың көпшілігінен бекіткен ережені есте ұстап, орындап отыр­ғанын байқау қиынға соғады. Болмашы көрінетін кейбір дүние адам саулығына нұқсан келтіріп, зардабын тартқызатынын әуел бастан білсек те, еті үй­ренген әдетті әлі күнге дейін қоя алмай келеміз. Бүгінгі күні адамдар тәулігіне тұзды 18 грамм­ға дейін тұтынады екен. Содан болар, түрлі дерттің дендеп, етек жайып ел арасында қаумалап жатқаны.

  Тұз адам ағзасына қаншалықты қауіпті?

    Тұз ағзаға жиналса, адам баласында ауырлық сезімі байқалады. Өзін сергек ұстаудың орнына шаршаңқы сәттері кө­бейіп кетеді. Одан бөлек, бүйрек пен жүректің қызметі нашарлап, күннен күнге әлсірей тү­седі. Бүйректің адам организ­мін­де сүзгі қызметін атқаратынын білеміз. Шамадан артық ас тұзын қолдану ең алдымен бүй­ректің жұмысына кедергі жасайды, жұмысы бұзылады. Жә­не түрлі бүйрек ауруларының бас көтеруіне себепші болады. Мысалы, бүйрек қабынуы ең көп таралған дерттің бірі. Сондай-ақ, нефроз дерті де тұзға деген тәбеттің төмен болмауынан туындайтын сырқаттың бір түрі. Нефрозда яғни, бүйректің каналдары зақымдалғанда адам ісінеді, қанда холестерин деңгейі көтеріледі. Айта кетейін, бүйрекке тасты жинайтын да осы - тұз екен.

  Адамдар бүйрек, жүрек және буын ауруларының себебін неден екенін анықтап жатпайды. Ауырғаннан соң емін іздеп, сарсаңға түседі. Сонымен қоймай, ауру астан екенін кей жағдайда ұмытып, тұзды тағамдарды жегенді жанымыз қалайды. Алайда, бұл адамзат саулығы үшін үлкен қателік. Себебі, артық тұздан қатты зардап шегетін - адамның моторы. Яғни, жүрек көп мөлшердегі тұзды көтере алмайды. Керісінше, жұмысы нашарлап, жүрек бұлшық етте­рінің қызметін ауырлатады, соғысын жиілетеді. Тағам арқылы тараған тұз қанға сіңіп, тамыр жақтауларына тұрып қалады. Мұндай процестен соң тамыр жоғары тарылады, судың сыртқа шығуы қиындап, адам ісіне бастайды. Ағзадағы натрий мен судың сыртқа шығуы қиын­дық тудырғаннан кейін, адамда қан қысымы көтеріледі екен. Ал, қазіргі таңда қан қы­сы­мы жоғары я төмен адам өз-өзін үнемі бақылауда ұстауы тиіс. Себебі, қан қысымының көтерілуінен күн сайын қаншама адам көз жұмып жатыр, бұл қоғам үшін өзекті мәселенің бі­ріне айналып отырғаны белгілі.

   Тұздың тамырға да зияны бар. Әдетте тұзы көп тағамды жегеннен соң суға асығамыз. Ауыз қуыратын астан кейін су­ды көп ішетініміз анық. Бұның әсерінен жүрекке салмақ тү­седі. Мұны да ескере жүргеніңіз жөн. Одан бөлек майдың жиналуына ықпал етеді. Тамырға тұз жиналады дегенде бір сұрақтың туындайтыны заңдылық. Көп көкейінде жүрген "Неге?", "Тұз тер мен зәр арқылы сыртқа шы­ғады емес пе?" - деген сауалға да тұшымды жауап бергенді дұ­рыс деп санадық. Әрине, тұз тер арқылы сыртқа шығады, егер өз мөлшерінен асырып тұ­тынбасаңыз ғана. Ал, артық тұз­дың сыртқа шығуы ауырға соғады. Сол себепті де олар табиғи жолмен сыртқа шыға алмай, тамыр жақтауларына тұрып қалады. Нәтижесінде тамыр әлсізденеді, атеросклероз дертінің басталуына себеп болады.

   Тұзды шектен тыс пайдалану да қауіпті

   Семіздікке шалдығып, өзіне өзі көңілі толмай жүрген жандар қоғамда кездесіп қалады. Басты сылтауы - майлы тағам мен дене қимылының аздығы. Сонымен қатар, жеңіл әрі тез даярланатын тағамды уақыт тал­ғамай жеуінің өзі артық салмаққа әкеліп соғады. Байқасаңыз, фаст-фудтың көп бөлігі әр түрлі дәмдеуіштер мен тұзды еттің қосындысы. Тәбет ашатын тағам болғандықтан, жастар қатары күнделікті тұтынып қарын тойдыруға асығады. Содан семіздікке шалдығады. Ал, артық салмақ жүрек-қан тамыр ауруларының жиілеуіне ықпал етеді. Осы орайда, семіздіктен саналы түрде арылғысы келген жандар тұзды шектегені дұрыс.

   Қарап отырсаңыз, пайдасын ғана көріп келген тұздың соншалықты денсаулыққа кері әсер ететінінен хабардар болдыңыз. Тағы бір зиянын айтайын, көп жағдайда егде тартқан кісі­лердің буыны сырқырап, өзін жайсыз сезінуін жиі байқаймыз. Бір қарағанда, жасы келген қарияның бұлай болуы орынды дейтін де шығармыз. Алайда, жастардың да буын ауруларымен жиі ауыратынын көп байқап жүрміз. Олай бо­л­уы­на не себеп? Әрине, тұздың әсері. Табиғи жолмен шыға алмаған тұздар жиналып, дене құрылысымызда қалып қоятынын жоғарыда білдіңіз. Енді сол артық тұздар буынның сырқырауына, аяқ-қолдың ісінуіне және остехондроз, остеоартроз сынды сырқаттардың көбеюіне әсер етеді. Осылайша сыр­қатты өзіміз қолдан жасап, денсаулықтың қалыпты болуы үшін өміріміздің соңына дейін күресеміз. Біз көп мөлшердегі тұздың немесе қанттың зиян еке­нін білсек те бас тартпаймыз. Мүмкін "тұздан өлген адам­ды көрмедім" деген ой әрбіріміздің санамызда қалып қойғандықтан болар. Кейде, білместіктің салдарынан әбі­герге түсетін де шығармыз. Қан­дай жағдай болса да денсау­лық басты орында тұруы тиіс. Ол үшін адамның арқауы болған астың құнарлы болуына назар аударып, тағамды тал­ғап тұтыну бәрінен де маңызды.

 Жұлдызай ҚАЛИЕВА

 

Оқылды: 131 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C