Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 12 Қыркүйек 2018 12:31

БІЗГЕ БЕЙМӘЛІМ БЕТБҰРЫСТАР

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

    Кезінде тек қиял ғана болып келген инновация­лық идеялар уақыт өте ке­ле ақиқатқа айналуда. Бұрынғы кеңес үкіметінің балалары өздігінен есептеп, өздігінен пайызын шығаратын жаңа құрылғының ойлап табылатынына күдікпен қараған-ды. Бірақ уақыт машинасы адамзат игілігіне калькуляторды ойлап шығарды. Кейіннен ғаламтордың ғаламатымен талай дүниелер жұмыр басты пенденің тіршілігіне енді. Тіпті аузын айға білеген Америка мен жаһанданудың жойқын жаңалығы енген Еуропа елдерінде ғылым мен технологияның дамуынан ақылды қалалар, ақылды үйлер мен жылжымалы орындар пайда болды. Әуелгіде бізге бей­мәлім болып көрінген смарт қалалар идеясы да біздің елге ене бастады. Цифрландырудың іске асуы­мен қазақ баласы іске асырып көрмеген жаңа жобалар, тың технологиялар өмірге енуде. Әйткенмен, бұл жаһандық жаңалықтың тек басы ғана. Алдағы 10-20 жылда әлем жаңа мегратрендтердің дәуреніне аяқ басады. Ол қандай мегатрендтер?

    Болашақтың қалай болатынын нақты болжау қиын. Бірақ ғылыми прогресстің қарыштаған уа­қытында келешектің қалай болатынын ғалымдар алдын ала болжап отыр. Болжап қана қоймай, адамзат өміріне пайда әкелетін жаңа мегатрендтерге осы кезден бой үйретіп, болашаққа бейімделуге шақырып тұр.

    Мобильді банкинг, электронды сауда, жасанды интеллект, нанотехнология, жасанды чиптер сынды бізге беймәлім жаңа ұғымдар алдағы 10 жыл көлемінде тіршілік процесіне іске асады. Біз тізбектеген жаңа дәуірдің жаңалықтарының әрқайсысы ғы­лым мен бизнесте, білім мен мәдениеттің дамуына соны жол салады. Мұны атақты экономист  Клаус Швабтың "Төртінші өнеркәсіптік революция" атты кітабынан тауып алу қиын емес. Жақында "100 оқулық" атты бағдарламамен аударылып басылған экономистің еңбегімен білімді азаматтар танысып, ой түйіп, пікір қалдыруда. Ағылшын тілінің маманы Ернат Қашқынов та жақында болашақтың картинасын бейнелейтін кітапты толық оқып шығып, санасына тоқыған ойлармен бөліскен еді. Маман­ға әсіресе кітап ішінен "Үлкен бетбұрыстар" атты тараудың берері мол болған. Расында, кітаптың дәл осы тарауын біз де оқып шығуға бекіндік. Автор алдағы 2025 жылға дейін адамзатты күтіп тұрған жаңа трендтерді түгелімен тізіп шыққан. Соның бірнешеуіне тоқталуды дұрыс деп таптық.

    Клаус Шваб берісі 7 жылда әлемде адам денесі­не жалғанған алғашқы ұялы телефон пайда болаты­нын және ол адамның тұрған орнын анықтауға қау­қарлы әрі адамның мінез-құлқын тап баса алады деген қорытындыға келіп отыр. Сондай-ақ, автор ин­тернет тек мәліметтер алмасу рөлін ғана атқарып қоймайды интернет арқылы оқуға арналған кө­зілдіріктердің шығатынын, интернет арқылы киім киюге болатынын нақтылайды. Мұнан қалды ең ал­­ғаш АҚШ-та робот фармацевтер, жасанды ин­тел­­­­­лектісі бар автомат роботтар, жүргізушісіз жү­ре­­тін көліктердің пайда болатынын қаперге салады.

   Экономист кітапта адамзаттың келешекте медициналық тұрғыда алаңдамайтын жағдайға жететінін ашып жазады. Мәселен, келешекте 3Д баспа арқылы адамға бауыр салынатынын, гені өзгеретін адамдар, жасанды жад, яғни ес салуға болатын жаңа медициналық жаңалықтардың тіршілікке енетінін нақтылайды. 4Д технология көмегімен адам ағзаларының жасанды мүшелері қолжетімді болатын күннін жақындап келе жатқанын сезіндіреді. Бұл аз десеңіз, бағдаршамы жоқ ақылды қалалар, қалтаға салып алатын суперкомпьютерлердің шығатынын болжап береді.

    Қысқасы, келешек нанотехнология мен электронды сауданың қарқын алатын шағы болмақ. Адам­­зат медицина, білім мен ғылым, машина жасау сынды ел өміріне маңызды салаларда мүлдем жа­ңа дүниелермен бетпе-бет келмек. Автор мұнан да өзге қызықтармен бөліседі. Әрине, мегатрендтер тізбектелген кітапты алып оқуға көптің қолы же­­т­е бермес, осы себепті де оқырманға кітаптың элек­т­ронды нұсқасы openU.kz платформасынан оқуға болатынын қаперге саламыз. Жаңа технологияларды жұмыр басты пенденің барлығы білуі әрі оқуы шарт. Мақаланы өзек етудегі басты мақсатымыз да осы.

    Бүгінгі болжам ертеңгі ақиқатқа айналар уақытта замана дәуірінен қалыс қалу адамзатты тұйыққа тірейді. Себебі мегатрендттердің игілігін қазақ көретін  күн алыс емес.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

Оқылды: 44 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 12 Қыркүйек 2018 13:08

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C