Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 12 Қыркүйек 2018 12:34

ЖЕҢІЛ ДАЙЫНДАЛҒАН АС дерттің дендеп, аурудың асқынуына апарады

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

    Адам баласы тамақ жеу үшін өмір сүрмейді, өмір сүру үшін тамақтанады. Ал, біз салауатты өмір сүру үшін қандай тағамдарды тұтынып жүрміз? Дұрыс тамақтану режимін сақтап жүрміз бе? Бұл бүгінгі күннің басты сауалы, сондай-ақ өзекті проблемасы. Расында да күнделікті қарбалас уақытта дұрыс тамақтану режимін сақтау былай тұрсын, уақытылы ас ішудің өзіне сағат жетпей қалатыны жасырын емес. Іле-шала қолға түскенін асап, "асқазанға ел қондырсақ болды" деген ой көп жанның жадында сақтаулы тұрған болар. Соның салдарынан түрлі дерт дендеп, аурудың асқынуы белең алуда.

   Дүниежүзілік денсаулық ұйы­мы бастамасы бойынша отбасын жоспарлау жөніндегі ұлттық орталық әлеуметтік зерттеу жүргізген еді. Нәтижесінде мектеп оқушылары, яғни 5-6 сынып оқушыларының 50 пайызы таңғы асқа бір стакан сүт немесе шырын ішетін болса, 7-8 сынып оқушыларында бұл көрсеткіш 36,2% -ға айтарлықтай төмендеген. Ал, 9-сынып оқушыларының 33,3%-ы ғана таңғы асты өз уақытында ішетінін анықтаған. Бұл нені аңғартады?

   Жас өскен сайын күн тәртібі бойынша тамақ ішу деңгейі бәсеңдейді, еңбек қозғалысы көбейген сайын адамда уақыт тапшылығы да болатыны белгілі, соның салдарынан аз тамақтанып, жүйелі режимді ұстау қиынға соғады. Екіншіден, халық жедел дайындалатын фаст-фудқа, газдалған сусындарға әуес. Дәмі тіл үйіретін сэндвич, бургер сынды тіскебасарлар елді естен таңдырып үлгерді. "Ас - адамның арқауы" дегенімізбен тарқауы қиын тағамды тұтынудан еш шаршаған емеспіз. Жеңіл асты жеген сайын же­лім­дей құмартып, жетегіне әлі күнге дейін еріп келеміз. Себебі, фаст-фуд құрамында глотомат көп, сондықтан да қайта-қайта қарынды шұ­рылдатып, тәбетті ашып отыратын да осы қоспа екен.

   Сенесіз бе, есеп бойынша қазақстандықтар жылына 260 млн. долларды фаст-фуд жеуге жұмсайды екен. Аз ақша емес, әрине. Бірақ көпшіліктің сұранысы осы пайдасыз нәрсеге артуда. Неге сол қаржыға дәруменге бай жеміс-жидек пен көкөністі  тұтынбаймыз? Осы орайда халықтың әлі де болсын, өз денсаулығына бей-жай қа­рап жүргені  ойлантады. Мәлі­мет­терге сүйенсек, күн­делікті жеміс-жидекті тұтынатын халықтың ең төменгі деңгейі 28,2% - ды құрайды екен. Қарап отырсақ, майға қуы­рылған жеңіл ас, хот-дог секілді тағамдар мен жеміс-жидектің бағасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Десе де, құнарлы тамақтан бас тартып, асқазан құртуға дәрмені жетер дәмдермен достасып алғаны алаңдатады. Салауатты тамақтану салтына зер салмай, осылай бір қарқынмен жүре беретін болсақ, соңы жақсы болмасы анық. Тіпті, медицина саласының мамандары да осындай тұжырымға келіп отыр. Жеңіл астың жедел түрде адам ағзасына келтірер зия­­ны мен кері әсері жөнінде ақ халаттылардан сұрағанды жөн көрдік.

   - Қазіргі таңда жастардың тамақтану тәртібі өзгерді. Құрамында құнары көп тағамдарды жиі тұтынбайды. Бұл өте алаңдатарлық жайт. Жастар біздің болашағымыз болғандықтан, олардың денсаулығы бәрінен де маңызды болуы керек. Осы орайда халықтың қаншалықты фаст-фудқа тәуелді екендігін айқындау мақсатында арнайы сауалнама жүргізген едік. Қызылорда халқының 47,5 па­йызы жауап берді. Оның ішінде ерлердің - 55,1%-ы және әйелдердің 42,9%-ы осы оңай асты олжалы көреді екен. Біз айтып отырған зиян­ды тағамдар адамды шаршау мен күйзеліске шалдықтырады. Тәтті, майлы және тұзды тамақтарға тәуелділік ауыз қуысы мен тіс жиегіне кері әсерін тигізеді. Асқазан және ішек жолдарын да зақымдап, іш қату, семіздік сынды сырқатқа душар етеді,- дейді облыстық жастар денсаулығы орталығының дәрігері Мира Бақытқызы.

   Салғырттықтың салдарынан дұрыс тамақтанбау басқа да ағзалар­ға әсер етпей қоймайтыны анық. Ал, бес мезгіл тамақтанып, жүйелі күн тәртібін сақтасақ, денсаулыққа да, ағзаға да жеңілдірек болатынын тұрғынға түсіндіріп келеді мамандар. Сапалы ас белсенділікті, жұмысқа қабілеттілікті арттырады, ұйқыны жақсартады. Тістер мен сүйектерді нығайтады, жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алады. Жүректің бұлшық етін нығайтады. Қан қысымын қалыпқа келтіріп, салмақты реттеуге өз ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, ағзадағы майдың мөл­шері азаяды, көру қабілеті жақсарады. Бұл дәрігерлердің келелі кеңесі.

   Кеш болса да дұрыс тамақтануды қолға алған жөн. Ол үшін не істеу керек? Мамандардың айтуынша, дұрыс тамақтану режимін қайта іске асыруды мақсат еткен әрбір жан суды көп мөлшерде ішу керек. Кү­ніне 4-5 үлкен стакан жеткілікті. Содан кейін көкөністер мен жеміс­тердің 500-600 граммын күнделікті тұтынып тұру қажет. Және майлы, қантты, тұзды өнімдерден өзіңізді шектеуді де ұмытпағаныңыз абзал. Осы ретте айта кету керек, ТМД елдерінің жетекші ғалымдары тамақтық заттар мен оның күнделікті рационының калориялығына қа­жеттілік нормаларын жасаған. Осы ғылыми негізделген ұсыныстарға сәйкес 14-17 жастардағы жасөспі­рім­дердің тәуліктік тамақ рационының калориясы 2900 килокалорияны, ал осы жастағы қыздар үшін 2600 килокалорияны құрауы қажет. Сондай-ақ, ересек адамдар үшін тамақ калориялығы күш-қуатты жұмсау көлеміне байланысты бел­гіленеді дейді.

    Адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік факторлардың 50%-ы тамақтануға, 20%-ы қоршаған ортаның әсерлеріне, 20%-ы тұқым қуа­лайтын қасиеттерге, тек 10%-ы ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты. Демек адамның ұзақ өмір сүруі ішкен асы мен жеген тамағына тәуелді.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

 

Оқылды: 47 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 12 Қыркүйек 2018 13:12

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C