Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 12 Қыркүйек 2018 12:37

«МИЛОКО» СҮТІ СҰРАНЫСҚА ИЕ БОЛДЫ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

    Редакциямызға көп­теген сауалдар келеді. Әсі­ресе, отандық өнім­дердің сапасы мен сұранысына қатысты пікірлер көп. Осы орайда оқырман үшін "Халық таңда­уы" атты жаңа айдар тұ­рақты жол тартпақ. Алғашқы зерттеуді сүт өнім­дерінен бастадық.

   Қазіргі таңда ең көп қолданыста жүрген бес сүт өнімін өзара талқыға салып, жұртшылықтың пікірін білуді жөн көр­дік. Халық таңдауына алматылық "Милоко" мен "Моё", "Айналайын", "Пет­­ропавловское" өнімі және жергілікті "Дәмді" сүтін ұсындық. Вконтакте, Instagram, Facebook әлеуметтік желілерде атал­ған өнімдерді топтастырып, елден пікір күттік. Халықтың басым бөлігі "Милоко" өніміне таңдау жасады. Бағасы мен сапасы сай келген өнімнің рейтингте көш бастауы оқырмандардың пікірі­нен-ақ білінді. Қазалы ау­данынан шығатын "Дәмді" сүтіне де ел көз­қарасы оң болып шықты. Отандық өнімді қолдаған тұрғындар "Дәм­ді" сүтінің артық қоспасының жоқтығын алға тартып, рейтингтің екінші тұғырынан көрінді. Са­уал­нама барысында "Петропавловское" сүті де "Дәм­ді­­-мен" қатар жүрді. Петропавл өңірінен шығатын сүт өнімі ірі сауда желілерінен түскен емес. Сондықтан рейтингтің үшін­ші сатысына жайғасты. Ал, осыдан 5 жыл бұ­рын сауда нүктелерінде көп саудаланған "Айналайын" сүті қазірдің өзін­де әлі күн­ге дейін сатылымда. Бұл өнімнің де өз тұтынушылары бар. Тізім­нің соңын қорытындылаған "Моё" сүтінің өз деңгейінде сұранысы бар.

   Әлеуметтік желідегі оқырмандардың пікір­лерін зерделейтін болсақ, жастардың көпшілігі сүт өнімдерінің атауына мән бермесе де, жиі тұ­ты­натынын жасырмады. Зерттеу жүргізе отырып байқағанымыз, ел ішін­де "қол­дың сүтін" пайдаланатындар да, табиғилығы жағынан "Дәмді" сүтін атады.

   Оқырманға ұғынықты түрде жеткізу үшін сауалнаманы инфографика тү­рінде беруді дұрыс деп таптық.

Оқылды: 43 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 12 Қыркүйек 2018 13:16

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C