Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 12 Қыркүйек 2018 12:39

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ӨНІМ ШЫҒЫНЫН ҚЫСҚАРТАДЫ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

    Ауыл шаруашылығы өміршең саланың бірі. Сондықтан да сала мамандары аграрлық саланы экономиканың басты драйверіне балайды. Жерден өнім алып, мал ба­сын көбейту арқылы елдің ішкі нарығы мен сырт елдің экспортына қажетті өнімдерді жеткізуде берекелі істер бар. Бұл бағытта Сыр елінің ауыл шаруашылығы алымды істердің бастауында тұр. Десе де ауыл шаруашылығы саласындағы ісін ілгерілетуде байыпты бағдарламалар мен нақты механизмдер керек. Себебі соң­ғы 3 жылдан бері мамандар аймақтың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселесінде бір алаңға топтасып жүр. Саладағы өзекті мәселелердің басын ашып алу, шешімді қажет ететін жағ­дай­ларға көңіл бөлуде жыл сайын Қызылордада "Дала күні" семинары ұйымдастырылады. Басқосу мамандар үшін маңызды. Өйткені су ресурстарын тиімді пайдалану, ылғалды сақтайтын технологияларды енгізу, құр­ғақшылыққа төзімді дақылдарды өсіру мәселелерінің барысын талқылайды. Күздің басты шарасына аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев, қала әкімі мен аудан әкімдері, аграрлық ұйымдар мен қаржы институттарының басшылары, сондай-ақ аймақтағы агроөнеркәсіптік кәсіпорындары түгел қатысты.

   Биылғы ауа-райы егінші қауымды алаңдатпай қоймады. Мамыр, маусым айларында ауа температурасының сал­қын болуы және шілде айында Сырдария өзеніндегі судың айтарлықтай азаюынан су тапшылығы сала мамандарын әдепкіде уайымдатқаны рас. Дегенмен өз ісіне жауапты шаруалар сынақтан сәтті өтіп, егін жинау нау­қанына кірісіп кетті. Облыс әкімі мұн­дай жағдайды алдағы уақытта да назар­дан тыс қалдырмау керектігін ашып айтты.

 - Қазіргі жағдайдағы су тапшылы­ғы жағдайынан  сабақ алып, келешекте ағымдағы жағдайды ескере отырып, шаруашылықтың одан әрі дамуы үшін барлық шараларды жасауымыз керек. Су тапшылығының кері әсерін азайтудың біз үшін бірден-бір жолы - "Күміскеткен" су қоймасы мен Қара­өзек арнасындағы тоғанның құрылысын бастауды жеделдету. Су қоймасын салу үшін техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге облыстық бюджеттен қаражат бөлінгенін атап өткен жөн. Қараөзектегі тоған салын­ған жағдайда 1,5 миллиард текше метр­ге дейін су жинауға мүмкіндік береді, - деді аймақ басшысы.

    Мән-жайға қанық облыс әкімі аграрлық саланың тамырына қан жүгір­туде және Президент тапсырмасын орын­дауда ауыл шаруашылығына қажетті заманауи технологияларды қолдану керектігін баса айтты.

   - Елбасымыздың алдағы 5 жыл ішін­де агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруа­шылығы өнімінің экспортын кем дегенде 2,5 есеге арттыру тапсырмасын орындау үшін егін шаруашылығында суды аз қажет ететін, экономикалық жағынан тиімділігі жоғары, сыртқы на­рықта сұранысы мол дақылдарды және цифрлық агротехнологияларды енгізу қазіргі жағдайда өте маңызды. Бұл бағыттағы жұмыстарды өз дәрежесінде атқару үшін біз облыстың 2020 жылға дейін дамыту Агрокартасын жүзеге асыру іс-шаралар жоспарын бекітіп, аг­рарлық ғылымның озық жетістіктерін кеңінен пайдалануды бастадық", - деді Қырымбек Көшербаев.

    Расында, ауыл шаруашылығы арқы­лы ішкі нарықты ғана емес, өнімдерге эскпортты көптеп тарта аламыз. Сыр елі бұл бағытта Қытаймен екеуара барыс-келісті бағамдап отыр. Аспан асты елінің сұранысына ие соя тәрізді дақылдарды өсіру экспорт үлесінің ед­әуір артуына жол ашпақ.

    Өнім сапасының артуына жаңа тех­но­логиялардың берері мол. Бұл тек Сыр елінде ғана емес, өзге де аймақтар­ға да тиімді әдіс. Мәселен, Шиелі ауданында биылдан бастап "Ақмая смарт ферм" интеллектуалды технологиясын қол­дану арқылы дақылдардың өнім­ділігін арттыратын нақты ауылшаруашылық жобасын іске асырып жатыр. Мамандардың айтуына қарағанда жобаның берері мол. Мұны далалық семинар барысында облыс әкімі былайша салмақтай кетті.  

    - Заманауи цифрлық технологияларды пайдалану шығындарды қысқартып және өнімділік деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Мәселен, біз­дің облыста барлық егістік жерлер тек қана суармалы судың көмегімен тұр. Қызылорда облысы - егістікті жаңбырсыз, яғни жауын-шашынның көмегін­сіз суаратын  жалғыз облыс. Осыған орай, тамшылатып суару арқылы да­қыл­дардың көлемін көбейткен жөн. Көктемде топыраққа түскен ылғалды сақтай отырып, аквасорбентерді қолданған тиімді. Осы әдістермен Қаратау беткейінде бос жатқан жерлерді қолдана отырып, богарлық әдіспен мал азықтық дақылдар: судан шөбі, құмай жүгері, түйежоңышқа егуді қолға алу қажет. Бұл өз кезегінде, мал шаруашылығы, оның ішінде сүт бағытындағы шаруашылықтарды құнарлы мал азығымен қамтамасыз ететін болады", - деді аймақ басшысы.  

    Суармалы алқаптарға су жеткізу келелі мәселенің бірі. Бұл тек сала мамандарының бірлесуімен ғана ше­шіліп қоймайды. Облыс әкімі шаруаларға қажетті инфрақұрылымды мемлекеттік-жеке меншік әріптестік ая­сында жасауға болатынын құлаққағыс етті. Себебі Үкімет кеткен шығындарды кезең-кезеңімен бірнеше жылдарда қайтарады. Оның үстіне ең тиімді әдіс саналатын тамшылатып суару жү­йесіне жұмсалатын шығынның 30 па­йызына мемлекет субсидия жүргізеді.

    Әкім тізбектеген мәселенің бәрі де сала мамандарының алдағы жұмысының жемісті болуына негіз болмақ. Далалық семинардан кейін шаруалар әртүрлі дақылдарды өсіруде өз тәжі­ри­белерін тілге тиек етті. Сондай-ақ, жергілікті атқамінерлер "Жаңа жол" шаруашылығының егіс алқабын аралап, астықты жинау рәсімін көзбен көріп қайтты. Дәстүрден аттамай, "Еңбек Ері", ардагер ана Сәлима Жұмабекова диқаншылардан мол өнім жинауын тілеп, жиналған жұрт­шы­лыққа ақ батасын берді.

   Расында, қоңыр күздің алғашқы ап­тасында Сыр диқандары егінге орақ салды. Айта кету керек, күріш алқабы 87267 гектарды құрады. Шығым жақсы. Бұл аграрлық саладағы басты жетістік.

    Ал, жалпы өнім деңгейіне келсек, өңірде осы жылы 184,5 мың га егістік егілді, бұл өткен жылмен салыстыр­ғанда 3370 гектарға артық. Оның ішін­де 95,3 мың гектарға дәнді дақыл, 10,3 мың гектарға майлы дақылдар, 61,5 мың гектарға жем, картоп, көкөніс пен 17,4 мың гектарға бақша өнімдері егілді. Сонымен қатар, аграрлық секторды әртараптандыру бойынша тәжі­рибе аясында 50 га судан шөбі, 50 га құмай жүгерісі және 5 гектарға  соя егілген.

   Жалпы егіннің бітік шығу шаруалардың ала жаздай төккен терінің ең­бегін бағалайды. Ауыл шаруашылығының басты мәселесіне айналған суару технологиялары да жылдан-жылға бір арнаға түсіп келеді. Демек, шаруалардың шаруасын ширап, мол өнім алуы аймақтың нарығын толық қамтуға әрі сырт елмен байланысты бекітуге жол сала бермек.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

Оқылды: 73 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 12 Қыркүйек 2018 13:19

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C