Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 12 Қыркүйек 2018 12:42

СЫР ЖЕРІНДЕ АҚОРДАНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

     Астананың жиырма жыл­дығын ел болып атап, санада өнеге қалатындай, рухани күш беретіндей деңгейде өткізудеміз. Ас­тана асқақтап өсіп, ажар­ланып келеді. Жігіт жасына келген қаланың алған асу­лары мен бағындырған бе­лестері толассыз.

     Дүбірлі мереке алты алаш­­тың алғашқы астана­сында да айрықша аталып өтті. Сыр жұртшылығы Елор­даның еңсесі биік, ай­быны дара бола бергенін тілейді. Айтулы мереке қар­­саңында 7 қыркүйек күні Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында "Астана­дан ақ тілек" атты концерт өтті.

    Астанадан жыр сандық, өнер кесте алып келген дарындылар әннен шашу шашып, жырдан өрмек өрді. Мың бұрала биледі. Мәдениет қайраткері Шол­пан Қорғанбектің "Қорқыт" дәстүрлі саз тобы "Шалқыма", "Аманат", "Көр­­оғлы", "Қорқыт", "Ға­сырлар үні" күйлерін күм­бірлете орындағанда жи­налған халықтың делебесі қозып, қошеметін аямады. Тіпті кейбір күйлерге "Шалқыма" халық би ан­самблі ілесе отырып, жара­сымды өнер көрсете білді. Халық дән риза. Ал, Да­нияр Мұхан, Зинат Қа­сымова, Жақсыгелді Мая­саров, Айнұр Қонысбаева сынды дәстүрлі өнердің дәріптеушілері де бұлбұлша сайрап, жұрт жүрегін баурап алды.

 

  Шара барысында Қы­зылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев сөз сөйлеп, астаналықтарға алғысын айтты.

   - Құрметті астана­лық­тар, зиялы қауым. Алашқа ана, талайға пана, сасқанға сая болған қасиетті, киелі Сыр еліне қош келдіңіздер! Астана қаласының 20 жыл­дығы мен Қызылорда қала­сының 200 жылдығы қарса­ңында өтіп отырған Астана қаласының мәдениет пен өнер күндері құтты болсын! Астана Алаш үнінің асқақ айбары. Кеше ғана Еділден айырылған қазақ Есілден де айырылардай болып тұрғанда Еуразия төрінде, Сарарқаның төсінде, Елба­сының бастамасымен зама­науи Астана бой көтерді. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру он ойланып, тоғыз толғанып қабылданған тарихи шешім болды. Мың жылдықтар тоғысында мұндай батыл шешім қай қырынан алып қарасаң да, дұрыс болғанын уақыттың өзі дәлелдеді. Сәні мен салтанаты жарас­қан сәулетті Елордамыз тәуелсіздігіміздің тірегіне, экономикамыздың жүрегіне айналды. ХХ ғасырда әлем­дегі мемлекеттер арасында Германия мен Бразилия өз астаналарын ауыстыру ту­ралы шешім қабылдаса, жаңа ХХІ ғасырда тек тәуелсіз Қазақстан ғана тарихи батыл қадамға бел буды. Сон­дықтан Елорда Елбасының ерен еңбегі,- деді облыс басшысы.

    Астаналық өнерпаздар­дың концерттік бағдарла­малары екі бөлімнен тұрды. Алғашқысы дәстүрлі ән өнеріне бағытталса, екінші кезең заманауи өнер иеле­ріне берілді. Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығы­ның иегері Нұрбол Балапа­нов пен халықаралақ "Шабыт" фестивалінің лауреаты Диана Май "Астана кеші" әнін орындап, көрер­мен көзайымына айналды. Дос, Индира Расылхан, Алмас Кішкенбаев, Айгүл Иманбаева сынды танымал әртістер де Сыр сахнасында сырлы әндерін орындап, ха­лықтың ыстық ықылас­тарына бөленді. Концертті Нұрғали Тұрлыбектің "Жа­сасын Астана" әнімен түйін­деді. Халық аяғынан тік тұрып, қошемет білдіріп, алғыстарын айтты.

    Астананың туған күніне арналған Сыр жеріндегі сырлы кештер қызыл­орда­лық көрермендерге рухани демалыс сыйлады. Астана қаласы әкімдігінің қолдауы­мен ашылған "Қуыршақ театры" сол күні Сыр еліне өз өнерін паш етті. Сегіз жыл сахна төрінен түспей, мәдени, рухани құндылық­тарды шығармашылығына арқау еткен театр ұжымы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде "Мәңгілік бала бейнесі" атты қойылы­мын қалың көпшілікке ұсын­ды. Аталған қойылым белгілі жазушы-драматург Роза Мұқанованың шоқтығы биік туындысының бірі. 1949-1989 жыл аралығында өткен Семей полигон жары­лысы сан мыңдаған адамның ғұмырын келте қылғаны ақиқат. Шығармаға арқау болған да осы оқиға. Көрер­мен көңіліне жол таба білген қойылымда Ләйлә есімді қыздың тағдыры суреттеледі. Тіпті, Ләйләнің бастан өткізген қиындығы арқылы бүтін бір қазақ халқының қайғы-қасіретін танып білуге болады. Ата-анадан айырыл­ған жетім қыздың ауыр тағдыры тек көз жаспен ғана сыртқа шығатыны қиын. Жаныңда сыр ақтарар жол­дасы, ішкі мұңын бө­лісетін мұңдасы жоқ. Кө­ңі­ліне демеу болар жарық ай ғана. Сонымен сағынысып қауы­шады, тілдеседі, сыр­ласады, достасады. Тек жарық ай ғана жабырқау көңілін жұбата алады. Бұл Ләйләнің ғұмыры еді. Осындай әдемі көріністерді театр әртістері шебер орын­дап, өнердің өмір­шеңдігін танытты.

    Қойылым одан әрі де ерекше өрбиді. Қорқы­нышпен күн кешкен ауыл көрінісі тым көңілсіз. Жа­быр­қау жүз, жалған сөз, өсек-аяң. Бұл қойылымда бейнеленген Қарауыл ауылы тұрғындарының тіршілігі. Он екі мүшесі сау жандар мүгедектерді мүсіркеп, келемеждеуі нағыз надан­дықтың белгісі. Келемеждеу былай тұрсын, адамды сау­даға салып, билік пен бай­лыққа қол созған байлар­дың пасықтығын да бейне­леген. Аталмыш қойылымға жиналғандар жанарына жас алып, трагедияға толы туын­дыға куә болды. Ал, Астана қаласы "Қуыршақ театры" ұжымы көпшіліктің көңілі­нен шығып, қошеметіне бөленді.

    Сондай-ақ қыркүйек айының 7-8 жұлдызында Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрында "Ақ тілекпен Астана!" атты көрме ұйым­дас­тырылды. Көрмеге М.Бекеев, С.Смағұлов, Р.Күлбатыров, С.Алла­бер­генов, Н.Каржасов сынды танымал 50 отандық сурет­ші­нің төл туындылары қойылды. Сонымен қатар Жанна Спунердің жеке коллекциясындағы еңбек­тер және астаналық шебер­лердің жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды. Елор­дамыздың 20 жылдығына орай өткізілген көрмеге келушілердің санында шек болмады. Экспозицияға қойылған қолөнер шеберле­рінің еңбектеріне халық оң бағасын беріп, туындыны тамсана тамашалады.

Айдар САЙЛАУОВ,

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Оқылды: 57 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 12 Қыркүйек 2018 12:49

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C