Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 12 Қыркүйек 2018 12:49

АРБАКЕШ АРҚАЛАҒАН АУЫР ЖҮК

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

   Өмір жолының қалтарыс-бұлтарыстары көп. Тағдыр таңдаудан, өмір өткелдерден тұрады. Осы бір ағыны қатты нілдей ғұмырды нұрлы сүру көп пенденің пешенесіне жазылмаған. Адамдардың бәрі бақытты емес. Астатөк ас ішіп, үлде мен бүлдеге оранып, өмір сүру бүгінде өте қымбат тұрады. Ал, азын-аулақ тиын-тебенді талғажау қылып, бір үзім нанды қанағат еткендер Ақтан жастай көш шаңында қалмас үшін тырмысып бағады. Ерінбей еңбек етеді.

    Бүгінгі кейіпкеріміз - арбакеш Кеңес деген кісі. Негізгі шын аты-жөні басқаша. Оны базардағылардың бәрі осылай атап кетіпті. Өзі де осы есімді жазғанымды қалады. Кеңестің қолдары жарылған, жара-жара. Киімінің бүтін жерінен жыртығы көп. Белі бүкір. Бір аяғын сылтып басады. Сөздерді де кекештене айтып, үрейлене сөйлейді. Сыртқы бейнесі жұпыны болғанмен, жұмыс­ты жып-жинақы жасайды екен. Әріптестерінің айтысы бойынша солай. Қызылорда қаласындағы "Ескі базар" аумағында он-он бес шақты арбакеш бар. Жас жағынан Кеңес солардың ең үлкені. Ол суретке түсуден бірден бас тартты. Оған намыстанатынын да жасырмады. Кім бұл қызметпен мақтансын, бәрі қу жанның, отбасының қамы үшін қарекет қылғандар. Бар жұмысын ысырып қойып, бізге сұхбат берген арбакеш сөзін бірден наз айтып бастады.

   - Жетісіп жүрген ешкім жоқ. Жасым қазір 54-ке келді. Бұған дейін бірнеше жерде жұмыс жасадым. Көбіне күзетте болдым. Басшысымақтар алдап-арбап айлық бермей қояды. Бәрінен көңілім қалған. Сондықтан өз еркім өзімде болатын жұмыс іздедім. Ақырында осы жерге келдім. Арба итеріп, нәпақамды тауып жүргеніме бір жылдың жүзі болды. Күніне 2000 мен 3000 теңгеге дейін ақша табамын. 4 балам бар. Үлкені 11-сыныпта. Кеш үйленген­мін. Отбасымды асырауға осы жерден алған ақша жетеді дей алмаймын. Әйтеуір өлместің күнін кешіп жүрміз. Елдің жағдайын билік білу үшін журналистер біз секілді адамдарды жиі жазу керек. Басшылар мен байларды жылтыратып көрсете бергеннен гөрі халық арасына, ел ішіне енсеңіз, түрлі жайтты көресіз, адамдардың ахуалын білесіз. Бірақ, мен ешкімнен қол жайып ақша сұ­рамадым, жол жағасына отырып алып, тіленгенім жоқ. Қол-аяғымның қара күшімен бала-шағамды асырап жүрмін,- деді арбакеш.

    Базар іші у-шу. Ығы-жығы адам. Ешкім ешкімге мән беріп қарап жат­қан да жоқ. Кеңес болса сол адамдарға көз сүзіп, ойға жиі бататын көрінеді. "Баламды қалай жеткізем, қалай оқытам? Денсаулығым да сыр бере бастады. Отбасымды қалай асыраймын?" деген сынды ойлар маза бермейді екен. Шынымен де арба отын тасуға жарамай қалса, оның өзі отынға айналады деген сөз бар. Яғни, оның ғұмыры іске алғысыз болып қалған сәттен бас­тап тоқтайды. Соған дейін, өмір  арбасының соңғы дөңгелегі айналғанша жақсы өмірге деген күрес Кеңес үшін жалғаса бермек.

   - Біздің жұмыс қыста қатты қиын­дайды. Қазір белі сыздамайтын, буыны ауырмайтын арбакештер кемде-кем. Ауыр жүкті арқалап алып тасып, оны діттеген жерге қол-аяқтың күшімен жеткізу үшін тер тө­геміз. Бізсіз базардың жұмысы жүр­мейді десем де болады. Зат айналымы болмағаннан шаруа тұралап қа­лар еді. Осындай бейнетті өткеріп, адал еңбегімізбен жасаған жұмысымызды бағаламайтындар көп. Кейде затын апартып алып, ақшамызды бермей қоятындар кездеседі. Жас балалар "Ей, шал" деп шақырғанда қаным қайнайды. Олармен салғыласып тұруға шамам да жоқ. Тәрбиелері мен тәлімі менен төмен болса не шара!? Саналары білсін деймін де қоямын. Оқыған адамдардың өздері бізді басынып, ауыздарына келгенді оттап, боқтық сөз айтып жұм­са­ған кездері де болды. Олар арба итеріп ақша табудың қаншалықты қиын екенін басына түссе ғана біледі, сонда кө­рер едім... Айналамызда тойып секіретіндер көп. Бір ашынатыным, маңдай теріміздің өтеуін төлемей қашып кете­тін­дер, келіскен қаржыны бер­мей қоятындар жетіп артылады. Солар қателіктерін тү­сінсе деймін. Базар әкімшілігі күніне бізден осында қызмет жасағанымыз үшін 200 теңгеден жинап алып кетеді. Қалған тапқан еңбекақымды үйіме апарып жинап жүрмін. Есесіне мен ол ақшаның қадірін бі­лем. Әйелім бол­са үйде. Жұ­мыссыз. Кішкентай ба­лаға қарайды. Мен сол балаларымның болашағы үшін қандай жұмыс болса да жасап, аяққа тұрып кетуді ойлап жүрмін,- деді Кеңес.

    Әр адам өз өмірінің жазушысы. Таңдауды қалай жасайды, солай өмір сүреді. Кеңес болса мектепті бітіре сала әскер қатарында болып, Отан қорғаған. Сосын тракторшы мамандығын оқиды. Бірақ, оны іске жарата алмай, көлік жүргізбеген. Бас­қа дипломы жоқ. Одан соң оқы­мапты да. Сайран қуып, жастық жі­гер­мен ауыр жұмыстарды жасап, азын-аулақ ақшаға қуа­нып, мәз болып жүре берген. Үйленген соң отбасылық өмір мен оның ауыртпашылығын сезі­ніп, отыз жасында күзетші қызметіне келген. Айлығын бірде алып, бірде сан соғып қалып жатқан сәттері жиі болған. Жалпы өмірден көп таяқ жеген. Осындай қара жұмыстың қаранары болып жүргені "оқымағанымның салдары" дейді ол. Сосын өзін жұбатып, "Бәрі бастық, бай болып кетсе арбаны кім итереді, құрылысты кім салып, ауыр жұмыстарды кімдер жасайды?" деп күліп қояды. "Жастар оқысын, білім алсын, зиянды әдеттерден ау­лақ болсын. Әсіресе, араққа жоламасын. Сонда ғана мен се­кілді баз кешпейді. Бі­лім­ділер жерде қалмайды" деп Кеңес жастарға кеңес берді.

   Түйін. Көкек деген құсты бәрі біледі. Білгенде де оны жағымсыз кейіпкер ретін­де таниды. Жұмыртқасын кез келген құс­тың ұясына сала салатын, ұрпағына жаны ашымайтын құс көреді. Әйткенмен де бәрі басқаша. Көкек құсының жұмыртқа басып, оған жылу беріп отыратын басқа құс­тар секілді қасиеті жоқ екен. Ал, еркегі бол­с­а жұмыртқаларды ұядан құлатып, жарып тастай беретін жауыз көрінеді. Сондықтан балапандарының амандығын ойлап, жұмыртқасын басқа ұяға салып кетуге мәжбүр болады. Соның нәтижесінде ұрпағы өсіп, өрбиді. Кеңес арбакеш кей­бі­реулер өзегінен теуіп, қоғамнан тысқары адам санағанымен ол ұрпағының алдындағы жауапкершілікте неге де болса даяр. Ол әр кез ұрпағын жоғары қояды, олардан үміт кү­теді. Сол мақсатта еңбек ете бермек. Оған халықтың не дейтіні маңызды емес. Маңыздысы, балаларының қарны тоқ, көйлегі көк болғаны, қоғамнан өз орнын табуы. Кеңес: "Мына жұмыстың ешбірі ауыр емес, маған балаларымның алдындағы әке­­­лік парызым салмақтырақ" деп қалды сөз арасында. Осыған қарап-ақ оның ұрпақ алдындағы адалдығын, әкелік мейі­рім­нің шексіздігін көріп, ішіміз жылып қалды...

Айдар Сайлауов

Оқылды: 118 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 12 Қыркүйек 2018 13:24

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C