Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 19 Қыркүйек 2018 06:18

Қызылорда аудандарының даму көрсеткіштері қай деңгейде?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

   

   Жыл басынан бергі жергілікті басшылардың жасаған жұмыстарының есебін халық ақпарат құралдары арқылы естіп, біліп жүр. Облыс әкімдігінің баспасөз орталығына келіп, журналистер алдында есеп берген аудан әкімдерінің атқарған істеріне біз де шолу жасадық.

   Географиялық ерекшеліктеріне орай бір аудан ауыл шаруашылығы арқылы алға шықса, бір аудан кәсіпкерлік, ендігі бір аудан құрылыс саласы бойынша экономикаға өсім әкелуде. Осы орайда біз жергілікті жердің негізгі тірек салаларының даму қарқыны турасында аудан әкімдерінің өз сөздеріне екпін бердік.

 


Мұрат ЕРГЕШБАЕВ,

Қазалы ауданының әкімі:

    - Қазір аудан меншігіндегі автомобиль жолдардың 67 пайызы ғана жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Жыл басында осы мәселелерді шешу мақсатында автомобиль жолдарын жөндеуге 9,7 млрд. теңгеге жоба жасап, қаржыландыруға ұсынған болатынбыз. Нәти­же­сінде жалпы құны 2,9 млрд. теңге болатын 7 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 10 шақырымы аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын күрделі жөндеу, 68 шақырымы орташа жөндеу, 1,5 шақырым автомобиль жолының құрылысы.

   Көлік, сауда-логистикалық орталығын инф­рақұрылыммен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 79 млн. теңге бөлі­ніп, жалпы ұзындығы 1 шақырым құрайтын автомобиль жолы салынды. Әйтеке би кентінің 3 көшесін орташа жөндеуге 120 млн. теңге, 18 көшесін ағым­дағы жөндеуге 25 млн. теңге қаржы бөлінді. Өткен жылы "Әлсейіт" өткеліндегі темірбетон көпірінің құрылысы басталды. Биыл көпір­дің құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен 891 млн. теңге қаралып, жұмыс жүр­гізілуде.

   Қожабақы мен Бекарыстан би ауылдарының аралығындағы "Аяған" көпіріне қай­та жаң­ғырту жұмыстарын бастауға облыстық бюджеттен 20 млн. теңге қаралып отыр. Жобаның жалпы құны 195 млн. теңге. Қыркүйек ай­ын­да көпір­дің құрылыс жұ­мыстары басталатын болады.

   Статистикалық есептерге сәйкес, 6 айда негізгі капитал­ға 1,2 млрд. теңге көле­мін­де инвестиция тартылды. Жанқожа батыр ауылында спорт кешені ашылды. Әйтеке би кентінде 300 орындық мектеп дайын тұр. Жаңа оқу жылында ел игілігіне берілді.

   Бұдан бөлек, мемлекет­тік-жекеменшік әріп­тестік негізінде Өркендеу ауылынан дәрігерлік амбулатория құрылысы басталды. Осындай негізде Қазалы қаласындағы "Шағала" лагерінің құ­рылысы да басталады деп отырмыз. Тиісті мекемемен келісім бар.

 

Сұлтан МАҚАШОВ,

Қармақшы ауданының әкімі:

   - Үстіміздегі жылы ауылшаруашылық саласы бойынша барлығы 23957 гектар егіс орналастырылды, оның ішінде күріш 13 850 гектарға дейін себілді.

   Ауданымыздың негізгі бағыты ауыл шаруашылығы саласы болғандықтан агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға басымдық берілген. Қармақшы ауданының диқандары 2018 жылдың көктемгі дала жұмыстарын мерзіміне сәйкес жасап аяқтады. Өткен жылмен салыс­тырғанда жалпы егіс көлемі 255 гектарға, ал суды көп қажет ететін күріш көлемі өткен жылдан 359 гектарға азайтылды, жаздық бидай 8 гектарға, бақша 4 гек­тар­ға, көкөніс 100 гектарға, мақсары 362 гектарға көбейді.

   Биыл ауа-райына байланыс­ты шілде айының ортасында су тапшылығынан бір­шама қиындықтар туындады. Дегенмен, шаруалар өз ше­шімін тапты. Бір арна бойынан 3 аудан сумен қамтамасыз етілді. Қабылдан­ған шаралар мен диқан қауымның тынымсыз еңбегі өз нәтижесін берді. Жалпы, аудан диқаншылары 3800 тонна элита, І-ІІІ репродукциялы кү­ріш тұқымдарын екті. Сонымен қатар, 9495 т минералдық тыңайтқыштар жұм­салып, 12000 гектар ал­қап үстеп қоректендірілді. Айта кету керек, ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 1 млрд. 990,5 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстыр­ғанда 101,9 пайызға артып отыр.

Қайратбек

СӘРСЕНБАЕВ,

Жалағаш ауданының әкімі:

   - Егін шаруашылығы бойынша 2018 жылы барлығы 36314,7 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып, күтімге алынды. Оның 22366 га күріші, 401 га жаздық бидай, 4559 га жаңа жо­ңышқа, 635 га картоп, 678 га көкөніс, 1000 га бақша дақылдары, 60 га арпа, 2200 га мақсары, 4138 га ескі жоңышқа.

  Аудан бойынша 1 млрд. 770 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайызға артты. Ауданымызда мал басын арттыру мақсатында шаруа қожалықтар мемлекет ұсынған бағдарламаларды тиім­ді пайдаланып келеді. Соның нәтижесінде төрт тү­лік мал басы былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара - 1,5 пайызға, жылқы - 13,0 пайыз­ға, түйе - 10,8 пайызға, үй құс­тары 23,5 пайызға артса, қой - 99,9 пайызды, ешкі - 99,7 пайызды құ­рады.

  Есепті мерзімде ет өндіру 2,4 пайызға, сүт өндіру 1,4 пайызға, жұмыртқа 2,9 пайыз­ға артып отыр. Мал шаруашылығын дамытуға "КазАгро­Ұлт­тық басқару Холдингі" жобасының негізінде дайындалған "Сыбаға" бағдарламасы арқылы аудан бойынша 40 шаруашылық 2011-2018 жылдар аралығында 311,21 млн. теңге несие алып, несиеге 2473 бас жергілікті аналық пен 123 бас асыл тұқымды бұ­қа сатып алды. Бүгінгі күнге мал басы 4290 басқа жеткі­зі­ліп отыр.

   Қазақстан Республикасының "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" заңына сәйкес аудан бойынша 146 шаруашылық пен жеке тұлғалардың бірігуімен 41 ауылшаруа­шылығы өндірістік кооперативтері құрылды.

   Осы құрылған кооперативтерінің ішінде нәтижелі жұ­мыс жасап жатқандары да бар. Атап айтатын болсақ, "Табыс" ауылшаруашылығы өнді­рістік кооперативі "Елу ел" бағдарламасы аясында алынған несиеге 309 бас мүйізді ірі қара малын бордақылап, 4,5 тонна өнім өндірді. "Аққұм бірлік" кооперативінің 5 мү­шесі "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша 1 млн. теңгеден несие алып, мал бордақылаумен айналысуда.

Ғанибек ҚАЗАНТАЕВ,

Сырдария ауданының әкімі:

   - "Жаппай кәсіпкерлікті қолдау" жылы аясында Сырдария ауданында "Кәсіпкерлікті дамытудың жол картасы" әзірленіп, бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қазіргі күні 63,3 млн. теңгені құрайтын 15 жоба жүзеге асы­ры­лып, 22 жұмыс орны ашылды. Қазіргі таңда шағын және орта бизнесті дамытуда оң динамика қалыптасты. Аудан бойынша үстіміздегі жылдың 1 тамызына 2142 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тірке­ліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелген кә­сіпкерлік субъектілерінің саны 2,6 пайызға өсті. Жұмыспен қамтылған адам саны 5185.

   Ішкі туризмді дамыту мақсатында Тереңөзек кентінде орналасқан "Қалғандария 2" көлінде демалыс жағажайы ашылды. Осы жағажайды ашуға "Эко құрылыс Проджект" ЖШС өз қаражаты есебінен 11,0 млн. теңге қаржы салып, 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жағажай бір мезетте 60 адамға қызмет етеді. Сырдария ауданының 2016-2020 жылдарға арналған "Даму" бағдарламасы аясында кент және ауылдық округтер бо­йынша құны 3 млрд. 282,2 млн.теңгені құрайтын 141 жоба бекітілді.

    "Микробизнес-Қызылорда" бағдарламасы бойынша "Өңірлік инвестициялық орталығы" микро қаржы ұйымы ЖШС арқылы 99,1 млн. теңгенің 31 жобасы қаржыландырылды. "Бастау-Бизнес" жобасы бойынша облыс тарапынан 130 адамды оқыту белгіленді. Оқу курстарынан өтетін азаматтардың кент, ауылдық округтер бойынша бөлінісі жасақталды. "Бастау-Бизнес" жобасы бойынша 62 адам оқытылды.

   "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіп­керлікті дамыту" бағдарламасының екінші бағыты бойынша кепілдігі толық қамтамасыз етіл­ген 170,6 млн.теңгенің 54 жобасы қаржыландырылды. Ашыл­ған жаңа жұмыс орындарының саны 70. Қосымша аталған бағдарлама арқылы құны 70,0 млн. теңгенің 32 жобасы қаржыландырылуда.

Әшім ОРАЗБЕКҰЛЫ,

Шиелі ауданының әкімі:

   - Елбасының Қазақстан хал­қына арналған "Төртінші өнеркәсіптік революция жағ­дайын­дағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауында көзделген жаңа тапсырмаларды орындау мақсатында цифрлық технологияларды қолданатын бірнеше жобалар жүзеге асырылуда. Уран шикізатын өндіруші кәсіпорындарда цифрландыру жүйелері енгізілуде. Атап айтқанда, №6 кен басқармасы технологиялық процестерді (геотехнологиялық полигондарда диспечерлік және автоматтық жүйелер) қамтитын "Ақылды кеніш" бағдарламасы жүзеге асуда. "Семізбай-U" ЖШС-інде цифрлық өлшегіш құрал-жабдықтарды пайдалануды жүзеге асуда.

    "Ақылды қала" жобасы аясында ауданда "Көшені ақылды жарықтандыру" жүйесін енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 19 млн. 200 мың теңге қаржы бөлініп, "Ақмая" шаруа қожалығының егістік алқаптарын (күріш, жоңышқа т.б. дақылдар) цифрландыру жүргізілуде. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің егістік электрондық картасын қалыптастыру жұмыстары 100,1 %-ға жетіп, 29633 гектар жердің электронды сызбасы қалыптастырылды. "Агробиржа" электрондық сауда сайты іске қосылды. Электронды сауда сайтына 37 шаруа қожалықтар тіркелген.

   Білім мекемелерін цифрландыру мақсатында үстіміздегі жылы 56 интерактивті тақта, 10 робототехника, 1 зертхана, 2 дана 3Д-модельдеу, 60 дана компьютер, 20 биология, химия, физика кабинеттері үшін 200 дана планшет, 174 дана роутер алуға барлығы 220 млн. 754 мың теңге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру ұйымдарының жұмысын автоматтандыру мақсатында электронды база орнатуға 12 млн. 500 мың теңге қаралып, жаңа оқу жылынан бастап іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

Ғалым ӘМІРЕЕВ,

Жаңақорған ауданының әкімі:

    - 2018 жылға құрылыс нысандарына аудандық бюджеттен 59 980 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңға Екпінді ауылындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы бойынша 16668,2 мың теңге, Жаңарық ауылындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы бойынша 17594,3 мың теңге және Қожамберді ауылындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы бойынша 17111,9 мың теңге қаржы толық игерілді. Сонымен қатар, Жаңақорған кентінің Саяжай аумағынан 600 орындық мектептің, МАИ бекеті аумағынан 600 орындық мектептің, кент орталығынан 600 орындық №169 мектептің және Ипподром аумағынан 300 орындық мектептің және Жаңақорған кентінің Ипподром аумағынан салынатын 140 орындық балабақшаның, Бірлік ауылынан 90 орындық балабақшаның құрылыстарына жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге электрондық мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, төрт мектептің ЖСҚ әзірлеуге "Проммедконтракт" ЖШС жеңімпаз болып танылды. Төрт мектептің ЖСҚ әзірлеу­ге аудандық бюджеттен 72504,0 мың теңге қаржы бөлінді. Ал, екі балабақшаның ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен бөлінген 19482,0 мың теңге қаржыға "Сыр Жоба" ЖШС-мен келісім шартқа отырып, жобалау жұмыстары жасалуда.

     Аталған төрт мектеп бойынша жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмысы бойынша бүгінгі күнге 32000,0 мың теңге қаржы игеріліп және екі балабақшаның жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары бойынша 10000,0 мың теңге қаржы игерілді. Барлық жобалар мемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынылды.

    P.S. Келесіде Арал ауданы мен Қызылорда қаласының әкімдеріне сөз кезегін беретін боламыз.

 Дайындаған

Айдар САЙЛАУОВ

Оқылды: 776 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « АРБАКЕШ АРҚАЛАҒАН АУЫР ЖҮК ҚАРА ЖҰМЫСТЫҢ ҚАРАГЕРІ »

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C