Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 24 Қазан 2018 05:56

ҚАРА ЖҰМЫСТЫҢ ҚАРАГЕРІ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

 

  Өмір - ащысы мен тұщысы, қуанышы мен қайғысы, қадірі мен қасиеті қатар тоғысқан жол. Осы жолда қиындыққа тап бола қалса, шыдамдылық таныта алмай қа­латын жандар өте көп. Ал, ке­рісінше то­сыннан таңқалдыратын тағ­дыр­дың тезгісіне қарсы тұрып, алға қа­рай аяғын анық басып жүр­ген адам­дар аз емес. Осындай қы­зығы мен шыжығы қатар жүретін күн­­делікті күйбең тіршілікте өзінің нәпақасын тауып, адал нанын жеп, ел ішінде еленбей жүрген ма­ман иелерін насихаттауды бастап кет­кенбіз. Біз көрген етікші, жол түйіс­тірген арбакеш, тоқтаусыз тір­ліктегі жүргізуші, мехнаты мол мақ­та тірлігіндегі ақ адал еңбек көп­ке ой салды. Әр аптаның ке­йіп­керін анықтау, еленбейтін еңбек иелерін іздей келе қоғамнан өз бағасын толық алмаған көше сыпырушы ма­мандарын елен­бейтін еңбек ие­лері қатарына қосуды жөн санадық.

   Біз іздеп тапқан кейіпкер осы салаға табаны күректей 15 жылын арнаған. Сөз суыртпақтап едік, алғашында әңгімеге араласа қой­мады. Айтуынша, тұрақты табыс үшін осы жолға келген. Таңмен таласа тұрып, үйреншікті қызме­тіне бас сұғатын Сұлушаш Қады­ро­ва бала-шағасының қамы үшін осы кәсіпті жөн көрген. Бұрын­дары "Тұрғын үй" тазалық орталы­ғында аула сыпырушы болып қыз­метке орналасып, қала тазалы­ғына тер төкті. Кейіннен, "Қызылорда та­залығы" ЖШС-ына ауысып, маң­дай тер еңбегімен отбасын асырауға көшеді.

   Жасырып жабатыны жоқ, аула сыпыру, қоқыс тазалау деген қыз­метке жастар бара бермейді. Осы саланың басы-қасында жүрген Сұлушашты да осы мәселе ойлан­дырады. Сондықтан да орта жастан асқандар табыс табудың жолын осы бағытпен байланыстырады. Кейіпкеріміз қызметті орта жолда қалдырып кетуге тырыспайды. Себебі бала бабы, баспана жайы қаржылық қолбайлау болған­дық­тан, азын-аулақ жалақыға жан ба­ғып жүр. Сөйлесе келе, бір айдағы еңбегіне 25-30 мың теңге ақы ала­тынын білдік. Енді ойланып қара­ңыз. Үкімет ең төменгі жалақыны 28 мың теңгеге бағалап отыр. "Сонда қоғам тазалығына тер тө­гетін көше сыпырушылардың еңбе­гін билік неге елемейді?" деген ойға келесің. Нарық бағамы екі өкпеден қысқан шақта алғаусыз еңбектің құнын осылай бағалау ең­бектің де елеусіз қалғанын байқатпай ма?

   Бірақ, Сұлушаш мәселені ай­лыққа тіреп отырған жоқ. Еңбе­гінің жемісі отбасының бірлігін сақтап, берекесін кіргізіп отырға­нына риза. Қызметте жүріп жүре­гінің жартысын да осы саладан тауыпты. Көше сыпыру дегеннің айып емес екенін жақсы түсінетін кейіпкер соңғы кездері мәдениет­тен де мән кетіп бара жатқанына қапалы.

    - "Қызылорда тазалығы" меке­ме­сінің №4 бөлімшесі "Шұғыла" мөлтек ауданына орналасқан. Сол маңайдағы онға жуық пәтердің айналасын тазалау маған жүктел­ген. Қағаз, шөлмек, сусынның ыдыс­тарын тастап кеткенге көзіміз үйреніп қалды. Ал, ең сорақысы, осы аудандағы бірен-саран жастар мен сол жерде тұратын такси жүр­гізушілері ұятты ысырып қойып, ыдыстарға дәрет сындырып, тастап кетеді. Біз қаланың тазалығы үшін өзгенің нәжісін қолымызбен ұс­тауға мәжбүрміз. Бұл мәдениет­сіздік емей немене? Ардан аттайтын азамат­тарды көргенде қынжылаты­ны­мыз рас,- дейді Сұлушаш кейіс­тік танытып.

   Сұлушаш секілді қала тазалы­ғы­на жауап беретін мамандардың жұ­мысы таңғы сағат жетіде басталады. Түнгі қала көріністерінен қалған қоқыстар, арлы-берлі жүйткіген жолаушының қоқыстары айналаны сұрықсыз етеді. Бұл таңмен таласа тірлікке кіріскен көше сыпыру­шы­лардың қолын байлайды. Бұл қыз­меттегі күндегі тірліктері. Сұлушаш осы 15 жыл ішінде түрлі жағдайды бастан кешіргенін жасырмайды. Сұхбаттасуда келген бізбен әңгі­месінде бейәдеп сөзді де еститінін жасырмады.

   Сонымен қатар, әңгіме бары­сында қолындағы жарақатты көріп, нендей оқиғаға тап болғаны жөнін­де білмек болдық.

    - Күнде әр түрлі қызыққа тап бо­ламыз. Неше түрлі адамдарды көре­міз. Әдеттегідей аула тазалап жүріп, талдың астынан көзіме түскен қо­қысты алмақ болып, жанына бар­дым. Жұмысқа беріліп кеткенім сон­шалық, қолыммен ұстап тұрға­ным зат деп ойлап қапшыққа сала бергенім сол еді, көлеңкеде тасалап жатқан күшік тап беріп, қолымнан тістеп алды. Жарақатым тым қатты болмағанымен, қимыл-қозғалысы­ма әсерін тигізді. Айта берсең, көп қой.

   Біз байқаған бір сағаттың өзінде көше сыпырушылардың тек қоқыс ғана теріп қоймай, қоғамның бел ор­тасындағы кейбір қалтарысты қайшылықтарға кезігетініне көз жеткіздік. Жалақының да тым жа­рытпай қойғаны еленбейтін еңбек иелеріне бір сәт билік мойын бұрса, ақадал кәсіпке келетіндердің қата­ры артпай ма?

Абзал Жолтерек

 

Оқылды: 26 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C