Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 31 Қазан 2018 12:02

ШАҢЫРАҚТЫҢ ШАЙҚАЛУЫНА КІМ КІНӘЛІ?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

     "Балам шаңырақ құрды", "Қызым тұрмысқа шықты" деп ата-ананың дүркіретіп той жасауы, жастардың бірдей қуанышқа бөлегенінің белгісі. Алайда, кейбір жас отбасылардың қуаныштары көпке созылмай, аз уақыт ішінде-ақ ажырасып тынады. Кейбір желөкпелердің жастықтың қызуымен отбасын құруға асығыс шешім қабылдап, уақыт өте келе қолды бір сілтеп, "күл болмасаң, бүл бол" деген азғын ойдың жетегінде кететіні тағы бар. Алматы қалалық АХАЖ бөлімі өткен жылы Қазақстандағы ең қысқа некені тіркеген. Бар болғаны бір тәулікке жетпей ажырасқан жұптар статистиканың тізімінен бір-ақ шықты. Не себеп дейсіз бе? Сорақысы сол, жастар той сыйлығын бөлісе алмаған екен. Сырттай күлкі сыйлауы мүмкін. Бірақ, тойға тартылған сый-сияпат, ортадағы дорба екі әулетке қара күйе жаққан. Қыз өсіріп, жасауын жинап ұзатқан туыстар да, келін түсіріп, қызығына кенелеміз деген ата-ене де бұл жерде дұрыс шешім қабылдамағаны анық. Олардың осы әрекеті қоғамға үлкен ой салуы керек емес пе?

   Мақаланы мысалмен бастауымыз негізсіз емес. БАҚ-та бас әріппен талқыланатын тақырыпқа айналған отбасы, ажырасу, қызғаныш өрті сынды ортақ тақырып түрлі пікірлер мен сыңаржақ ойларға жетелейді. Әлеуметтік желіде қырықпышақ болып қырқысып жататын азаматтардың да айтар ойы осы отбасы мәселесіне тіреледі. Пікірлер алуандылығын санаға тоқи келе, әлеуметтік кеселге айналған ажырасудың әлегіне қатысты ел ішінде ашықтан-ашық айтылып жүрген себептерді саралап көрдік.

   Тұрмыстық зомбылық, ер не әйелдің ішімдікке салынуы, күйеуі не әйелі жұмыссыз қалуы, өмірге деген көзқарастың сәйкес келмеуі, қызғаныш, көзге шөп салу, материалдық қиындықтар, бедеулік. Тағы нелер қалып қойды? Санаға салмақ салар осы жолдардың бірін естіп не көрген боларсыз? Отбасылардың от басып қалатын басты себептеріне табылар мысалдар аз емес.

    Тізімнің басына қызғанышты шығара алмадық. Алайда, талай отбасының татулығына сызат түсіре­тін себептің бірі осы қызғанышқа тіреледі. Бұл көбіне екі жастың сеніміне селкеу түсіп, бір-біріне деген күмән мен күдіктен пайда болады. Сонымен қоса, орынсыз қызғаныш орға жығып, арты кейде қанды оқи­ғаға ұласып жатады. Оған дәлелді алыстан іздемей-ақ жақын арада облысымызда орын алған айтулы оқиғаны еске түсірелік. Орынсыз қызғаныштың салдарынан жақсы көрген қызының басын кесіп алуға дейін барған жігіттің істеген ісін айтуға ауыз бармайды. Әйтсе де, қызғаншақтықтың соңы осы жағдайға мысал болып тұр.

     Екінші кезекте отбасы мәселе­сін­дегі ата-ененің ықпалы. Иә, ене мен келін арасындағы түсініспеу­шілік жиі болып тұрады. "Не шешеңмен тұр, не менімен бөлек шық" деп айтатын әйелдер, арадағы баланы алға тартып, күйеуін де ізінен ертіп кеткісі келеді. Отағасы әйеліне ілеспеген жағдайда, баласын алып кетіп қалады. Бұл дұрыс па? Бір-бірін таңдап үйленгеннен кейін бір-бірінің ата-анасына өз ата-аналарына қарағандай қарауы керек емес пе?

    Сонымен қатар, барлығы бірдей болмаса да кейбір енелер, баласын келінінен қызғанып, әр ісінен кем­шілік іздеп, күн көрсетпей жатады. Ал, жаңадан түскен келін, енесінің қас-қабағына қарап, барлық айтқанын орындауға мәжбүр. Ақыр соңында шыдамсыздық пайда болып, көп ұзамай біз айтып отырған ки­кілжің орын ала бастайды. Кей жағдайда кінә жалғыз енеден ғана емес, келіннен де болып жатады. "Анашым" деп иіліп тұрған келінге мейі­рім көрсетіп, шуағын шашпайтын ене жоқ шығар әсте.

   Қазіргі кезде жанұялық өмірдің ұзаққа бармай, ғұ­мыры қысқа бо­луы­на қаражаттың қатысы бар екенін мойындауымыз ке­рек. "Ажырасуларыңызға не себеп болды?" деген сұраққа әйелдер­дің көбі: "Күйеуім табыс таппады, жатыпішер, жал­қау", - деп жауап беретіні түрлі сауалнамалардан бел­гілі. Егер ер адам отбасын құруға, бір жанұяны асырауға дайын болмай үй­ленер болса, оның ақыры ажырасуға әкеліп соқтырады. Себебі, әйел жаратылысынан ер адам­нан қамқорлық пен мейірім күтіп қана қоймай, арқа сүйер азамат іздейді. Сол үшін еркек сенімнен шыға білуі қажет. Сондықтан ер адам отбасына қа­тыс­ты кез келген жағдайға нем­құрайлы қарамауы қажет.

    Қазіргі басты мәселелер қатарында өзекті шаруаға айналып тұрған бедеулік мәселесі. Отбасы құрудағы басты мақсат ұрпақ өсіру, артына із қалдыру, бала тәрбиелеу және оның қызығын көру. Бірін-бірі құлай сүйіп, өліп-өшіп жақсы көріп үйленген жастардың не үшін тез бір-бірінен бас тартады деген сауал көкейге тыныштық бермей тұр. Еркектер қауымы көбіне әйелі­нің шұбыртып көп бала тауып бергенін қалайды. Үйленген соң тәңірден тілеп, сәби сүйгілері келеді. Осы бір ойда жүрген армандары аяқ асты тапталған жұптардың арасындағы сезімдері суый бастайды. Осыдан соң тағы да ажырасу. Кімге пайда, кімге зиян?

    Түйін. Өткен жылдың ақпан айындағы көрсеткіші бойынша былтыр ғана жаңа құрылған 140 мың отбасының 51 мыңы ажырасып үлгерген. Жанұяның екіге бөліну жыл­дан-жылға көбеймесе азайып жатқан да жоқ. Сонымен қатар, біз қозғап отырған тақырыпты қай жағынан алып қарасақ та, түрлі ойлармен сауалдар туындатады. Оның үстіне жауаптары да әртүрлі бағытта. Жоғарыда көрсетіп өткен түйткіл мәселелер отбасының аяқ­қа нық тұрып кетуіне кері әсерін тигізетін қатерлі жағдайлар деп қарасақ та болады. Себебі, шаңырағы шайқалған отбасылардың жағдайы күлкіге қалмаса, өзге отбасыларға үлгі бола алмайды. Мұндай жағдайда тек ортадағы сәби сорлап қалуы мүмкін. Мұның өзі баланың болашағына кері әсерін тигізетіні белгілі.

 Абзал Жолтерек

Пікірлер тоғысы

 Алмас Алтай, журналист:

- Ажырасқан жігітке қазақ қоғамы аса жиіркенішпен қарай қоймайды. Ал, ажырасқан әйелдің жөні тым басқа. Сондықтан некеге тұрғанша жігіттердің аялы алақанында жүрген қыз үйленген соң алақанның шапалаққа, тіпті, жұдырыққа айналарын да терең ұғуы тиіс. Неке екі жаққа ортақ, дейтұрғанмен, әйелдің ақылы, сабыры, төзімі, санасы сынала түсетін үлкен мектеп. Еркек - шын мәнісінде жасы ұлғайған бала ғана. Ол аңқау, сенгіш, алаңғасар. Жұмбақ шешуге шорқақ, тура айтылған нәрселерді жақсы көреді. Үйленген соң, тіпті, нәски, мәйкі, түрси түгілі, шалбар мен көйлекті де әйелінің таңдауымен кие береді көпшілігі. Ал, енді өзін осылай толық әйелге тапсырып қойған адамды әрі қарай тәрбиелеп, өзіне иіп, бұйрығын өтініш етіп беріп қана "басқарып" отыруға неге болмайды? Әбден болатын секілді көрінеді. Сондықтан, ажырасуға бармау керек. Некені сақтау керек. Еркек ит пе, "байлап" бағу керек. Басында бір шайнам миы жоқ байдан әйел де шаршауы мүмкін. Бірақ, қосыларда ешкім "осыған тимесең атамыз" деген жоқ қой.

 Эльвира Ерғалина, блогер:

- Қазір ажырасатын некенің көбі өзін танымай тұрып, өзге өмірге қадам басқандардан, проблемалардан шығудың жолы ретінде қарағандардан, асыққандардан болып жатыр. Ажырасып алып, ұрынған сәтсіздігінің себебін түсінбей-ақ, қайта күйеу іздеп кететіндер тағы бар. Өмірдегі мәселелерді шешудің жолы - күйеуге тию емес. Отбасылық проблеманы шешудің жолы ажырасу емес. Некеге әлденеден қашып емес, саналы түрде дайындалып келу керек. Ажырасу, оның зардабы туралы көбірек айтылса деймін, біраз отбасын сақтап қалуға сеп болармыз, бәлкім.


Оқылды: 122 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 31 Қазан 2018 12:38
Осы категориядағы басқа материалдар: « «СҰЛТАН» СҰРАНЫСТА ІСКЕРЛІК ТАБЫСҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ »

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C