Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 08 Қараша 2018 04:37

ІСКЕРЛІК ТАБЫСҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

      Кәсіптің көзін тапқанға береке кіреді. Әйтсе де, бизнес жолында оңынан туған мүмкіндіктерді пайдаланып қалу, кім көрінгенге бұйыра қой­майды. Бастысы, идея мен аймақтағы нарықты зерттеу. Аймақта алғаш болып кәсібін ашып, бүгінде кәсіпорын деңгейіне жеткен кәсіпкерлер аймақтың еңбек нарығына жаңа кадрларды тартуда. Оның үстіне биылғы "Кәсіпкерлікті қолдау" жылын өз игілігіне пайдаланған жеке кәсіп­керлер де шағын кәсіптің шарапатын әлден сезініп келеді. Оған қалам ұстаған біздер де өткен аптада куә болдық.

   Қызылорда - жыл артына жыл қосып кәсіпорындар қатары артып келе жат­қан аймақ. Істің тетігін тапқан кәсіп иелері "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарла­масының мүмкіндігін мүлт жібермей, кә­сіптің аясын кеңейтуге күш салды. 7 жыл бұрын аймақта бұрын-сонды болмаған кәсіп ашқан "Жан-Арай Жем" ЖШС - соның дәлелі.

   Тіршілігі қыз-қыз қайнап жатқан кәсіп­орын "біз келді екен" деп, жұмысын тоқ­татқан жоқ. Құрама жем өндірудің тех­нологиясына машықтанған жұмысшылар соңғы кездері шаруада ілгерілеу­ші­ліктің бар екенін мойындайды. Ал, кә­сіпорын иесі Бағдаулет Еркінбекұлы кәсіп­тің бұлайша қанат жаюына мемлекеттік қаржының дер кезінде қолдау бол­ғанын жасырмады.

   - 2012 жылы Сбербанк арқылы 190 млн. теңге несие алдық. Оның 95 млн. тең­гесіне "DAMU" қоры арқылы жеңілдікке ие болдық. Бастапқыда "ісіміз алға басар ма екен?" деген қорқыныш болды. Бірақ тәжірибе мен мамандардың бірлес­уі қорқынышты жеңді. Бүгінде маманданудың арқасында кәсіпорын жұмысын жан­дандыруға ден қойдық,- дейді         Бақ­дәулет Махашов.

    Кәсіпкердің өнім көлемі ширады деп ауыз толтырып айтуға себеп бар. 250 адам­ға тұрақты нәпақа тауып беріп отырған бизнес иесі жем өндіру ісінде алыс-жа­қын шетелдермен де әріптестік байланыстың орныққанын айтады. Айтуынша, қазіргі кезде тауарын еліміздегі 26 орын­ға өткізіп қана қоймай, шет елдерге де экспорттайды. Сауда серіктесіне көрші Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікс­тан және Ауғанстан елдері сенім білдіріп отыр.

   Кәсіпкер бір істің маңайында тоқтап қалғанды қаламайтын секілді. Сонымен қатар, кәсіпорын келер жылы макарон өнімдерін нарыққа шығармақ. Шикізаты өзінен өндірілетін макарон цехы күріштен ұн, ұннан макарон өндіруді қол­ға алмақ. Демек, әрісі 3 ай ішінде қызыл­ордалықтар жаңа макарон дәмін тата алады.

   Біз көрген кәсіпорындағы қызу тірлік епті адамның әрекетін көзге әкелді. Олай дейтініміз, "ЖанАрай Жем" ЖШС жақында ғана кәсіпорын жанынан 500 орындық салтанат сарайы мен қонақ үй кешенінің қазығын қаққан. Сырттан келетін меймандарға жайлы орын ретінде ашылған жаңа хостел кәсіпкердің сервистік қызметте де табысқа кенелуіне жол салғандай. Бұл аз десеңіз, кәсіпкер ауыл шаруашылығы мамандарына арналған арнайы оқу орнын ашқан. Тәжірибе алаңы мен оқу ордасын қатар қойған кәсіпкер білім саласына осылай қолтаңба қалдыруды құп көрген. Қысқасы, кәсіпкер дағдарыс дауы­лы тұра қалса да, қауқары бар кәсіп­орынға айналдырып келеді. 250-ге жуық адам тұрақты табыс тауып, өз аузына қолы же­тіп отырғаны кәсіпкердің кәсіпкерлік қа­дамының нық екенін байқатады.

   Ел есінде болар, Қызылорда облысында біраз жылдар бұрын аяқ киім фабрикасы жұмыс жасаған-ды. Тауарын экспорттауда шет елдермен тығыз байланысты бол­ған кәсіпорын бертін келе жұмысын тоқтатты. Біз айтып отырған аяқ киім цехы келесі аялдаған кә­сіпорынмен танысу барысын еске түсіріп отыр.

   Жақында өңірімізде тағы бір нысан жаңа кәсіпке жол ашты. Енді қызылордалықтар өз өнімдерін тұтына алады. Нақтысы, кәсіпкер шұлық шығарудың пайда әке­летініне көз жеткізіп, істі бастап кеткен. Алғашында қажетті қаржыны "Халық" банкі арқылы "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында 25 млн. теңгеге несие алған. Шұлық шығарудың технология­сына көз тоқтатқан Айгүл Мұханбетжанова цех ашуға бел буған. Қажетті құрал-жабдықтар мен шикізатты Қытай мен Өзбекстаннан алдырыпты. Ең бастысы, өзіміз­дің өнімге жергілікті мамандар тартылған. Әдепкіде технологияның тілін табу үшін мамандарын Шымкенттегі шұлық цехына оқытуға жіберген.

    Аядай кәсіпті 5 кісі иіріп отыр. Арнайы құрылғының көмегімен шұлық шығаруды қолға алған кәсіпкер Айгүл Мұханбетжанова күніне цехта 350-400 дана шығаруға мүмкіндік барын қаперге салды.

   Шұлықтың да сапасы көз қуантады. Матасы, тігісі, дизайны ерекше. Бағасы да көптің қалтасын қақпайды. 150 теңге. Шұлықтың ер адамдарға арналған 3 түрі, әйел адамдарға арнап тігілген 2 түрі және балаларға арналғандары сауда сөрелеріне шыққан.

  Айгүл Мұханбетжанова тек шұлықпен ғана шектелмей, қолғаптар мен қаптар, қыз-келіншектерге арналған колготки шығаруды қолға алатынын айтты.

   Сыр кәсіпкерлігі десе, шыны зауыты еске түседі. 10 жылдан бері зауыт жұ­мысын бастайды деген ақжолтай жаңалықтың да ауылы алыс емес. Бірақ біз бар­ған бағыт басқа. Қызылордада соқ­қыға қарсы төтеп беретін, сынбайтын әйнек жасайтын өндіріс орны істі бастап кетті. "КОМФОРТ-1КЗ" ЖШС жұмысын өткен жылы бастаған. Қуаттылығы да, жұмысшылардың қарқыны да көз тойдырады.

    Кәсіпкер адамның ісінің алға басуы мамандардың бірлігі мен іскерлігіне бай­ланысты. Кәсібінен нәсіп тапқан азаматтардың жұмысымен танысқан 3 сағат ішінде осыны түсіндік.

Абзал ЖОЛТЕРЕК

 

Оқылды: 56 рет Соңғы рет өзгертілді: Бейсенбі, 08 Қараша 2018 04:51

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C