Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 28 Қараша 2018 09:44

ЖАНЫ ҚИНАЛҒАНДАРДЫҢ ЖАНЫНАН ТАБЫЛҒАНДАР

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

      

      "Қоғамға қызмет ету" деген әдемі естіледі, иә? Қат-қабат тіршілікте "адал еңбегімен, шынайы жанашырлығымен іс жасайтын адамдар азайып барады" дегенді бұл күнде көп еститін болдық. Маңдай тер еңбектің бәрі қадірлі. Дегенмен, ісі көптің алдына шыға қоймаса да, өмірдің қилы тағдырына қарсы тұрған жандардың жанынан табылып, керек десеңіз, бір отбасының мүшесіне айналған "жеке көмекші" деген қызметтің бар еке­нін бүгінде біреу білсе, біреу білмес. Мүмкін­дігі шектеулі жандардың тіршілікте мәселелеріне қолғабыс ететін жеке көмекшілердің жұмысын жұмыр басты пенденің назарынан тыс қалып бара жатқанын ескеріп, тұрақты "Еленбейтін еңбек иелері" айдарына қостық.

   Қоғам өміріне бей-жай қарай алмайтын, ағысқа қарсы жүзген мүгедек жан­дар­ға қызмет ететін жеке көмекшілердің бір емес, бірнешеуімен тілдестік. "Газет арқылы жарыққа шығып, өз ісін міндет қылғанымдай болмай ма?" деген сұраққа да дайын болдық. Келісе келе, қаладағы мүмкіндігі шектеу­лі жандардың бірқатарына көмек беріп, сол арқылы нәпақасын айырып жүрген Шынар Тұрмаханқызы мен Қалдыгүл Төлегенқызымен тілдестік.

  Екеуінің де осы қызметтің жүгін арқалап жүргеніне 10 жылға жуықтапты. Күн сайын жанына серік болып, денсаулығына қарап, қажетті құжаттарын рәсім­деп, керек десеңіз, ас әзір­лейтін жеке көмекшілердің жұмысы да жүйелі жолға қойылмаған деуге келеді. Себебі бір жеке көмекшіге үш, кейде төрт мүмкіндігі шек­теу­лі азамат тапсырылады. 8 сағат ішінде 3 кембағал жан­ға қарайлау, қажеттілігін орын­дау сағатпен өлшенбейді.

     - Ең алғашында осы қызметті мойныма алғанымда іштей қорқыныш болды. Себебі мүмкіндігі шектеулі жанның денсаулығы ара-тұра сыр береді, ішкі толғаныстары да болады. Оның жанында жүріп, керекті көмекті беру үшін өмірлік тәжірибе керек. Таңертең шыққанда уақытты есепке алып барамын. Бір мүмкіндігі шектеу­лі азаматқа екі-екі жарым сағат уақыт қаралған. Алайда, уақытым болды екен деп тұра кетпейміз. Барынша, ісін аяқтап, керекті дәрі-дәрмегін алып бергенше, қасында боламыз,- дейді Шынар Орғараева.

    Жеке көмекшінің қызметіне жастар мүлдем бармайды. Орта жастан асқан әйелдердің осы қызметке келісім беретінін білдік. Оның себебін 10 жыл бойы бірнеше азаматқа қарап келген Қалдыгүл Қарақұлова былай деп түсіндірді.

   - Өмір бірқалыпты бола бермейді. Қызмет істей жүріп, жолдасымның денсаулығы сыр беріп, төсек тартып жатып қалды. Оған қасына қарайлау керек. Сондықтан балабақшадағы қызметімді қоюға тура келді. Кейін жеке көмекшінің қызметі бар екенін біліп, жолдасыммен бірге өзге де жан­дар­ға қарауға мүмкіндік туды. Міне, содан бері мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қарайлап келемін. Жастардың бұл қызметке келмейтіні, олар жол бойында қоларба итеріп, мүгедектерді әлеуметтік нысандар­ға апаруға намыстанады. Дегенмен, бұл дұрыс емес. Әрі айлығына да қарап, бұл жауапкершіліктен қашады,-дейді Қалдыгүл Төлегенқызы.

    Айлықтың мардымсыз екенін де бұрындары газет арқылы жазғанбыз. Бұрындары жеке көмекшілер 26 мың теңгенің көлемінде қаржы алып келсе, қазір нарық бағамына сай артып, 40 мың теңгеге жеткен. Әйткенмен, кез келген жан қызмет ете бермейтін жеке көмекшілердің жұмысын қоғамдық ұйым арқылы тендерге салып тағайындайтыны ойландырмай қоймады. Яғни, тендерден түскен қаржы ең­бек­ақы ретінде есептеледі.

   Жеке көмекшілер қарайтын мүмкіндігі шектеулі жандардың түрлі диагноздары бар. Бірі қоларбаға танылса, ендігі бірі сал ауруына, өзге де аурумен күреседі. Демек, кембағал жандарға денсаулығын әрдайым түзеп тұру маңызды. Елбасының өзі "мүгедек жандарға кедергісіз қоғам жасауымыз керек" деген тапсырмасы орындалуы керек. Алайда 10 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі жанның жанынан табылып, ішкі проблемасын біле­тін Қалдыгүл Қарақұлова "әлеу­меттік әлсіз топ иеле­рі­нің тынығатын орындарының аздығы жанға батады" дейді.

    - Кейде біз қарайтын жандар үйде бірыңғай отыратындықтан зерігеді. Осындайда ара-тұра таза ауамен тыныстап, әрі көңіл сергітетін орындардың санаулы болуы. Оның үс­тіне бұ­рындары мүгедек жандар бассейнге барып, бой сергітетін еді. Қаржылық мүм­кін­дігіне қарай оны да алып тас­тады. Квота да беріледі. Бі­рақ, алыс аймақтарға да жібереді. Мәселен, Павлодарға жол­дама береді. Оған бара алмайды. Қасына еріп баруға бізге қосымша қаражат қаралмайды. Осындай проблемалармен бетпе-бет келеміз,- дейді Қалдыгүл Төлегенқызы.

   Мүмкіндігі шектеулі де­гені­мізбен, олардың қарым-қабілеті, өмірге деген ерік-жігері жұмысбасты пенденің бірқатарынан әлдеқайда жақсы. Тек өмірдің жазуына иланып отыр­­ған жандардың жүріп-тұру мәселесінде кейде қиындық туындап қалады.

    - Біз қарайтын жандар емханаларға жиі барады. Кейде әлеуметтік нысандардың бір­қатарында пандустардың дұ­рыс қойылмауы қиындық тудырады. Инвотаксидің қызметін пайдаланғанымызбен, пандусқа мінгізер уақытта жас­тардың көмегіне жүгінеміз. Кейбір оптикалардың жанындағы пандустар да талапқа сай емес екені білініп қалады,-дейді Шынар Орғараева.

    Жеке көмекшілерде еңбек демалысы деген ұғым жоқ. Бес күндік жұмыс аптасында жүр­ген жеке көмекшілер мүмкін­дігі шектеулі азаматтарға қа­рай­лауымыз тек айлық алумен ғана шектелмейді. "Қайырымдылық шараларына қатысып, мешіт жамағаттары ұйымдастыратын акцияларға қатысып, әлеуметтік көмектерді апарып береміз" дейді.

     Біз таңдаған кейіпкерлер жұмыс барысындағы күнде­лікті тіршілікті баяндайтын күн­­делік жазады. Әрбір уақытты санамалайды. Жасалған қызметті мүгедек жандар бағалап, пікір қалдырады.

    Түйін. 10 жылдан бері тұ­рақты қызмет етіп, адал еңбегімен алғыс арқалап жүрген жеке көмекшілердің жұмысына төленетін жалақыны Үкімет қайта қарауға алса дейсің. Елбасының ең төменгі жалақыны 42 мың теңгеге жеткізу тапсырмасы келер жылы жүзеге асады. Қоғамға қызметі, жеке адамға шарапаты тиетін жеке көмекшілердің жұмысын Үкімет ең төменгі жалақы деңгейінен асырса деген ой биліктегілерге ой салса деген ұсыныс осы қызметтен нәпақасын айырып, бала асырап отырған жеке көмекшілерге жәрдем болмақ.

Абай Тағыберген

 

Оқылды: 16 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 28 Қараша 2018 10:25

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C