Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 28 Қараша 2018 10:25

КЕСІР БОЛҒАН КЕСЕЛ ұрығың әлсіз болса ұрпақсыз қаласың

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

   Бұрын уақытты емші дейтін-ді. Ал, қазір бәрі керісінше. Сағаттар сырғып, жылдар жылжыған сайын түрлі дерттің дендеп келе жатқанын ақпарат құралдары жарыса жарияға жар салуда. Уақыт созбай, уақыты­лы емделу ғана жанға шипа беруі бек мүмкін. Ал, сырқат сыздатып, жара жанына батқанда ғана ақ халаттыны іздейтін қазақ халқы жай­басарлықтан, немқұрайлы­лықтан арылғаны жөн секілді. Одан бөлек, жаңа заманда ақпарат ашықтығы етек жая бастағаннан ба, бұрын біз көп естімейтін ауру­лардың көбейгенін көріп, оқып жүрміз. Оның ішінде еркектер үшін белсіздік, әйелдер үшін бедеулік деген дерт бар. Бүгінде бұл дерттің етегі кең жайылып, дендеп барады.

     Бедеуліктің белең алып бара жатқаны, ұрпақ көбейту шағында ұл-қыздарымыздың белсіздік пен бедеулікке тап болуы қазақ ұлтының демографиялық өсімінің кемуіне, қала берді ұлт трагедиясына айнал­ғандай бойымызды үрей ұялатады. Деректер елімізде жаңадан отау құрған отбасылардың 15 пайызы "бедеу" деген дертті арқалап жүргені ойымыз­ды сан-саққа жүгіртеді.

     Медициналық зерттеулер көрсет­ке­ніндей, бала көтермеудің барлық жағдайының шамамен жартысында негізгі себептер еркек ағзасынан табылып жатады екен. Сондықтан да бала сүйе алмай келе жатқан ерлі-зайыптылардың бір-біріне түсініс­тік­пен қарауы - жас шаңырақты сақтап қалудың бірден бір шарты.

    Қоғамда белсіздіктің жастардың ажырасуына себеп болып бара жатқаны бізді еріксіз уролог маманға жетеледі. Уролог мамандардың айтуынша, ерлер бұл дертке дұрыс тамақтанбағаннан және дене шы­нық­­тыруымен шұғылданба­ғаннан шалдығады екен. Сонымен бірге "тіршіліктегі уайым, астың құнар­сыз­дығы, ауаның ластығы сеп болуы мүмкін" дейді. Ал, ең басты белсіз­діктің белгісі - ұрықтың болмауы. Ер азаматтардың іштей азаптанатыны да осы.

    Сонымен біз жолыққан маман біздің қойған сұрағымызға егжей-тегжейлі жауап берді. Белсіздікке бой алдыратын себептерді уролог маманның айтуымен төртке бөліп қарастырдық. Алғашқысы еркектердің ең жиі кездесетін ауруы, ол - қуық асты безінің қабынуы, яғни простатит сынды ауру­лар­ға шалдығуы. Бұрындары бұл кеселге 40-50 жас шамасындағы ер-азаматтар шалдығып жатса, қазір тепсе темір үзетін 20 мен 25-тегі жас жігіттер аурудың зар­дабын тартуда екен. Ал, екінші себеп - ағ­задағы қанның ұйып қалуы. Мұндай ауру түрлері негізінен күннің жартысына жуығын бір орында отырумен өткізетін ер азаматтарда кездеседі. Бір орнында тапжылмай отыратын кеңсе қызметкерлері,  компьютер алдында таң азаннан кешке дейін отыратын жастар мен жеткіншектерді осы қатарға қосуға болады. Белсіз­діктің тағы бір себебі - инфекциялық жолмен тарайтын аурулар. Жастардың үйленбестен бұрын жыныстық қатынасқа түсіп, "батыстық үлгіде" өмір сүруі ауру­лар­дың жаңа түрлерінің көбеюіне жол ашып отыр. Осындай жолдармен туындаған инфекциялар еркек беліндегі ұрықты ірітіп, белсенділігін төмендетеді. Белсіздікке әкеліп соқтыратын төртінші себеп - экология. Бұл себептен Қызылорда облысы айналып кетпейді. Айта кетейік, "әсіресе, мұнай мен уран өндірісінде жұ­мыс істейтін ер азаматтар экология салдарынан ұрпақсыз қалып жатады" дейді уролог маман. Дегенмен кез келген аурудың алдын алып, ертерек ем қабылдаса, күрмеуі кетпейтін түйін болмайды. Айта кетейік, темекі мен ішімдікті үнемі, үздік­сіз пайдаланатындарды да "әлсіз" еркектердің санатына қосуға болады.

     Ой жүгіртіп, салдарды салмақтап қарар болсақ, мұның себебі арыда жатса керек. Тәуелсіздік алар тұста елімізде қиындықтар болып, халық өз денсаулығына қарамақ түгілі, бір тілім нанды зорға тауып жеді. Сол кезде дүниеге келген балалар суық үй­де өсті. Қарны тойып тамақ жемеді. Бел­сіз болуға бұл да өз әсерін тигізді. Жалпы, белсіздікке адам түрлі себептер мен жағдайлар бойынша душар болады. Оның 10 пайыз себебі - сапасыз медициналық кө­мек, 15 пайызы - ген арқылы, 50 пайызы - өз-өзіне дұрыс қарамау және қалғаны қоршаған ортаға байланысты деп қарастырылады.

     Уролог дәрігердің айтуынша, әйелдерде жыныстық проблеманың небәрі үш түрі болатын болса, ер азаматтарда қырық түрлі кесел кездеседі екен. Ең басты кесел - простатит. Оны дәрісіз, дәрігерлердің араласуынсыз да емдеуге болатынын біл­дік. Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бас­тап 90-жылдарға дейін қазақ халқының са­ны қарқынды өскен. Ол кезде әр отбасын да орта есеппен кемінде бес-алты баладан болатын. Он құрсақ көтеріп, "Батыр ана" атанған аналар да аз болмапты. Бұл үрдіс еліміз тәуелсіздік алып, табалдырығымыздан батыс мәдениеті аттаған уақыттан бастап тежелгенін тілге тиек етті. Жалпы, белсіздікті емдеудің бірнеше жолы бар. Әсіресе, ең пайдалы емі - дәрі-дәрмек қабылдау емес, ат үстінде серуендеу. Өмірі жылқы үстінде өткен аталарымыз сондықтан да белсіздік дегеннің не екенін білмегенге ұқсайды.

     Қарапайым халықтың түсінігінше, отбасындағы ерлі-зайыптылардың ұрпақсыз өтуіне тек әйел ғана айыпты деп саналып келгені шындық. Бірақ, ғылыми-зерттеудің нәтижесінде әйелдің бала көтермеуінің үштен біріне еркек кінәлі екені анықталған. Сондықтан да бедеуліктің себебін білу үшін ерлі-зайыптылардың екеуінің де дәрігерге тексерілгендері жөн. Өкінішке орай, ер адамдардың көпшілігі урологиялық дертке тап болғанын мойындай бермейді, "жанды жердің жарасы" жанға батқанда ғана емхана жағалайтын жігіттер дәрігерге ауруын асқындырып көрінеді. Олардың арасында жас жігіт­тер­дің ауыратыны қорқыныш тудырады. Тек­серу барысында анықталғаны, нау­қас­тардың басым бөлігі семіздік, қан қы­сымы, диабет ауруларымен ауыратыны да белгілі болған.

   Маманмен тілдескенде еркек ұрығының клеткалардан тұратынынан хабардар болдық. Олардың бір милилитрінде 60 миллиондай ұрық болуға тиіс. Алайда ұрықтар саны одан кем болса, ондай ұрық­­тың бала жасауға шамасы жетпейді. Жыныс клеткаларының кемдігі, яғни оның болмауы (азооспермия) кейбір ұзын бойлы, қыл мойын жігіттерде жиі кездеседі. Осы секілді жағдай олардағы уақытша құбылыстың, болмаса тұрақты бедеу­ліктің белгісі болуы мүмкін. Кейбір адамдардың жыныстық қатынас пен ішімдік­ке құмарлығы, денедегі қоректік заттардың алмасуының бұзылуы ұрықтың сапасын кемітеді, қасиетін жойып жібереді. Ұрықтың тіршілігі, оның саны және қабілеттілігі тек лабораториялық зерттеу арқылы ғана анықталады. "Еркек бедеулі­гі­нің тағы бір себебі, жыныс органдарының қабынып ауруына байланысты. Әсі­ресе, дұрыс емделмеген және асқынған соз ауруы еркекті бедеулікке жиі ұшыратады. Кейде бала кезде болған жыныс­тық органның жарақаттануы да тіпті ол асқынбаса да, жыныс бездерінің қабілетін нашарлатады. Сол себепті де жастар төбелес кезінде денеге зиян келтіретін қимылдардан сақтана білу қажет" деген кеңестерді де алға тартты дәрігер.

    Ер адамдар белсіздігінің алдын алу және ауырған жағдайда емделу үшін уролог маман бірнеше кеңес ұсынды. Ең әуелі салауатты өмір салтын ұстану, дұ­рыс және уақытылы тамақтану, спортпен шұғылдану, денсаулығын қадағалау, те­мекі шекпеу, алкогольді қолданбау. Одан соң бұлшық етті жетілдіретін дәрі­лерді пайдаланбау, несеп жолдары мен аталық бездерді алдын ала тексеріп, дер ке­зінде ем қабылдауын қадағалауда ұстау.

    Адам өмірінің мәні - сәби сүйіп, ата-ана атану. Осы қызықты көрмей кетіп жатқан қандастарымыз қаншама?! Нақ­ты статистика болмағанымен белсіз­діктің белең алып келе жатқанын урологтар жасырған жоқ. Десе де, "Алпысбай, Жетпісбай" есімін алған аталарымыз "тал түсте де" шарана шырылдатып, балалы бол­ғанын тарихтан жақсы білеміз. Бабалары түзде жүріп, ұрпақ қамын ойлағанда балалары бос белбеу болмаса игі деген тілек біздікі.

А.Әділжанұлы

Оқылды: 124 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C