Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 28 Қараша 2018 11:03

ФОРМАСЫ ДҰРЫС, ҚЫССАҢ БІР УЫС

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

    Молшылықтың символына айналып, астың атасы ретінде дастархан төрінен орын алатын нан өнімі қашанда қадірлі. Қазақ халқы наннан асқан байлық жоқ деп қадір тұтқан, құрметпен қараған. Қара шаңырақтың берекесін келтіріп, егде тартқан қария мен еңбектеген баланың жүзіне күлкі ұялатып, тоқтықта алаң­сыз күн кешуі де нанның мол бол­ғандығынан емес пе?! Әрине, нан бар жерде ән бар. Уайым жоқ, қарын тоқ. Десе де, бүгінгі күні ас атасына деген берік се­нім халық арасында әрқалай.

     Шиелі ауданының тұрғыны Гүлнар Шамахова нанды дүкеннен алып, тұтынып жүргеніне көп жылдай уақыт бол­ған екен. Осы ретте ол өзінің пікірімен бөлісті.  

    - Қай уақытта болмасын, адам баласы нанды қажет етіп тұрады. Құрамы мен дәміне қарап, таласа-тармаса сатып алатын кездердің болғанын да жасырмаймыз. Бірнеше жыл бұрын бір нанның өзі тойымды болатын еді, ал қазір екі наннан алсақ та, асқазан азсынып тұрады. Кө­лемі көзге қалыпты көрінеді. Десе де нанның қуаттылығы бізді қуантпайды,- дейді. Бұл бір ғана тұрғынның өкпесі емес, тұтынушылардың басым көпшілігі Гүлнардың пікірімен қос қолын көтеріп келіседі. Мұның себебі неде? Нанның салмағы мен құрамы стандартқа сай ма? Наубайхана жұмысына көңіл толмаушылық неге көбеюде? Көкейді толғандыр­ған сан сауалға тұщымды жауап алу мақсатында Шиелі ауданындағы наубайханаларға барғанды жөн көрдік.

   Ұн өнімдерінің көп болғаны жақсы. Тек соңы ысырапшылдыққа ұласпаса екен дейміз. Қарап отырсақ, Шиелі ауданының өзінде он шақты наубайхана бар екен. Барлығы да нанның түр-түрін дайындап, сондай-ақ тәтті кондитерлік өнімдерді де ел игілігі үшін әзірлеуде. Кәсібінен береке табу үшін жалға тұрақты орын алып еңбек еткен наубайшылар­ға да куә болдық. Алайда, аядай ғана екі бөлмеде нан жауып, тәтті дайындап отырған жері көңіліме кірбің ұялатты. Әрең дегенде тапқан наубайхананың ішіне аяқ басқанымда-ақ айналадағы ығы-жығы орналасқан түрлі заттар әдемі көрінбеді. Десе де, нан жабу процесінің қалай жүзеге асатындығын көру үшін ішке кірсем, төмендегі екі қап ұнға көзім түсті. Жарты қаптан жерге түскен ұнды байқадым, ал екіншісі ашылмаған күйі тұр. Қызметкерлеріне келген жөнімді айтып, сауалымды жолдай бастағанымда басшының жоқ екенін алға тартып, пікір білдіруден бас тартты. Дегенмен темір жол маңында орналасқан наубайхана көбінесе нанға қарағанда, кондитерлік тәттілерді дайындайтындарын айтты. Сонымен, бағытымды жеке кәсіпкер Қ.Қожасованың қожалығындағы наубайханаға бұрдым. Халық сұранысының басым бөлігі аталған наубайхана нанында. Алыстан көзге көрінген аудан тұрғындары кезекпен жа­ңа піскен ыстық нанды асыға алуда екен. Мұның себебі, "ұзақ жылдан бері жұмыс істеп келе жатқаны әрі аудан орталығында орналасқандығынан" дейді тұрғындар.

     Несін жасырамыз? Кейде нанға түскен зиянкестерді, арасындағы көзге оғаш көрінетін қара дақтарды көргенде, тәбет бұзылатыны былай тұрсын, наубайханадағы қызметкерлердің жұмысына, тазалығына сенімсіздік танытатынымыз анық. Даулап барайын десе, ақысына бола артқа шегініп, ұялғаннан жылы жауып қоя салатын халықпыз. Бұл жөнінде аудан тұрғыны Г.Мейірбекқызы: "Дүкеннен алған нанымыз көңілге күдік ұялатып жатады. Нанды екіге бөле бастағанымда, ақ үстіне түскен қарақошқыл түйірді байқаған кездеріміз де аз болмады. Оның не екенін білмейміз, дүкенге де дау шығарып бармаймыз, тек ескертумен ғана шек­­телген сәттерім болған", - дейді. Бізде осы мәселе жөнінде Қ.Қожасованың игілігіндегі наубайхана басшысының көмек­шісі Рахима Абуовадан сұрап білдік. Айтуынша, халық арасында қазір түрлі пікір бар. Бірі нанның құрамы мен көле­міне сын айтып жатса, енді бірі өнім арасынан шығатын қара дақтарды айтады. Иә, осы уақытқа дейін бізге хабарласып, "сіздер ұсынатын наннан осындай нәрсені байқадық" немесе "бүгінгі нанның көлемі кішірек сияқты" деп ескертіп, өзінің ойын ашық жеткізетін тұрғындар хабарласады. Ал, наубайхана ұжымы тарапынан еш­қандай алаңдататындай жайттың кездеспегенін, нан пісіру процесінде қамыр салатын ыдыстың түсі қара болғандықтан, кейде нанға жабысып қалатындай жағдайлар орын алатынын айтамыз. Жұмысымызды қадағалайтынымды, әрі қарай ұқыптылықпен жұмыс жүргізетінімізді жеткіземіз. "Нанның негізгі стандарттық талапқа сай көлемі 450-500 грамм құрайды. Біз норманы сақтаймыз, осы салмақтағы нанды тұрғындарға ұсынамыз",- дейді Рахима Абуова.

    Нанның формасы дұрыс, қыссаң бір уыс. Алайда, дәмі тәтті, жұмсақ болғандықтан аласың да, мәз болып ауызға саласың. Он шақты наубайханадан шыққан нан өзінің ерекшелігімен халықтың таңдауына ие болары сөзсіз. Демек, әр наубайхананың өз тұтынушысы бар. Кө­ңілден шықса болды, көптеп алып, дор­баңа салып үйге қайтуға асығасың. Осы орайда ауданның орталық базарында орналасқан нан сататын дүкен көп. Жарты жылдан астам уақыт нан сату кәсібімен айналысып келе жатқан Гүлзат Тансықбаевадан нан алушылар саны аз емес.

    - Менің осы кәсіппен айналысқаныма жарты жылдай уақыт болды. Нан - ең қажетті ұн өнімі, барлығының сұранысында болғандықтан тұрақты келушілерім бар. Осы уакытқа дейін нанның түр-түрін алып, сатудамын. Ешқандай шағым келген емес, керісінше таласа-тармаса нанды алады. Бағасы да ыңғайлы әрі қолжетімді,- дейді кәсіпкер.

     Ал, аудан тұрғыны Индира Ешманова осы жерден үйіне нан ала барады екен. Себебі, нанның жұмсақтығын, дәмі мен құнарлығын ұнатқан ол басқа наубайхананың наны сияқты үгітіліп түс­пейтіндігін айтты. Әрине, әркімнің өз таңдауы бар. Ең бастысы, нанмен ойнап, наласына тап болмасақ болғаны. 

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Оқылды: 124 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C