Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 05 Желтоқсан 2018 09:57

Орамал тағу – жан дүниені жабу

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

   Ауылдық жерде мен жиі байқайтын бір үрдіс бар. Ол келіндердің көркем мінезбен қара шашын ақ ора­малмен жауып алуы. Енесінің алдында иіліп сәлем беріп, атасының жолын кесіп өтпеуі. Тіпті, бөгде еркектің көзіне тік қарамай, ибалылықпен сыпайы сөйлесуі. Мұның барлығы бала кезімде ауылымдағы асыл жеңгелерімнің бойынан байқаған ғажап мінез­дер болатын. Пайғамбар армандап кеткен көркем мінезді келіндердің басындағы орамалы байлап, берік ұстап тұрған секілді көрінеді.

   Өмір жолымның алғашқы кезеңдері басталды. Қалаға келдік. Ары-бері cабылысқан адамдар. Бағыты белгісіз көліктер. Тас ғимараттар мен төсеніш жолдар. Бәрі бірдей сол тас іспетті қатқыл. Пенделердің мінезі де сондай. Әрине, жақсы жандар бар. Бірақ, аз.

   Бірде әкем алғаш оқуға тапсырғалы жатқанымда жан-жолдасымның үйіне мені қалдырып кетті. "Оқу бас­талғанша осы үйді тұрақта. Бәрі жақсы болып жат­са, досымның үйінен қатынап оқисың" деді. Аңқыл­дақ көңілді, аузын ашса жүрегі көрінетін, әлі "ауыл­бай" кезім. Бұл сәттен қалалықтардың болма­шыға бола ашуланғыш, көңілдері де үйлері тәрізді тар деп ойлаған алғашқы күнім басталды. "Неге" дейсіз бе? Әкемнің жолдасы таныстырған Жаңыл жеңгем мені "үйге сыйдырмады". Ол орамал тақпайтын. Бірыңғай сазарып жүретін. Балаларының бәріне жекіріп сөй­лейді. Дәл осы тұста адамдардың бәрі менің ауылым­дағыдай кеңпейіл емес екенін ұқтым. Менен бұрын оқуға түскен достарым "туысқандарымның үйіне жа­тып, білім ала алмаймыз" дегенді көп айтатын. Сол таяқ менің басыма да тиді. Сөз сүйектен өтеді ғой. Әлгі жеңгейдің аузынан шыққан көк иттерге "кет" деп айтуға да дәтім бармады. Үлкенге қарсы сөйлемеуді бізге қатаң түрде ескерткен. Содан не керек, жатақ­хана жайын ойлай бастадым. Өзім қалып, жеке оқы­ғанда жақсы нәтижеге қол жеткізермін деген арман­ның да алдымда тұрғанын сездім. "Қолынан самау­ры­ны түспейтін, ауылдағы жеңгелерімді ибалы етіп тұр­ған басына таққан орамалы екен ғой" деген ой ең алғаш осы кезде келген болатын. "Қала тұрғындары ене­сінің алдында шашын жайып жүреді, сосын мінез­дері де жайылып кеткен екен" деп топшыладым. Бұл ауыл­дан шығып, қаланы енді көрген ақпейіл баланың ең алғаш өмір көргендегі санаға түйген түйткілі еді.

     Енді бірде, қалада тұратын туысымның үйіне қонақ болып бардым. Ағам мен жеңешем күтіп алды. Орамал тақпайтын жеңгелерден қорқым қалғаным бар. Бұл жолы да үркесоқтап, үй табалдырығын атта­дым. Не үшін орамал тақпайтынын сұраған болдым. Жеңгемнің жауабы: "Көпшілік ортада тағып жүремін. Үйде міндетті емес қой" деп қысқа қайырды. Сол-ақ екен, үйге ата-енесі кіріп келмесі бар ма? Келін байғұс қипақтап орамал іздеп, шарқ ұрды. Әйтеуір басын бір жаулықпен жауып, сәлем беріп жатты. Сол мезеттегі қа­рияның айтқан сөзі санамда сақталып қалыпты. "Әй, келінжан! Орамал тағу жан дүниеңді жабу деген сөз. Сендердің шаштарыңды жайып жүргендерің еркектеріңе өлім тілегенмен пара-пар. Сақ бол!" деп ақылын айтты. Қып-қызыл болып, кірерге тесік тап­пай қалған сол жеңешем бүгінгі күні көшеге шықса да, басынан бір сәтке де орамал тастаған емес. Кейбір келіндерге осы қарт секілді қатты айтатын қариялар азайып бара жатқандай болады да тұрады. Өйткені, үйлене сала бөлек кететін жастар білгенін жасап, ата-ене тәрбиесінен жұрдай болып жатқандай.

    Бұл мәселелерден бөлек тағы бір талас тудыратын, орамал тағуды діннің бір қағидаты деп қарайтын халық та жоқ емес. Колледж қа­бырғасында жүргенімде дінтану пә­нінде мынадай бір анықтама айтылды. "Бұл күні елдің ау­зында жүрген хижаб деген не? Әуелі, со­ның мән мағынасын біліп алсақ" деді оқытушы. Хижаб не­гізінде Құран сөзі. Яғни, қасиетті сөз. Олай болса, өзін мұсылман санайтын адамның хижаб сөзін аузына алудан сақтанудың да оған үрке қараудың да еш жөні жоқ. Ал, оның нақты мағынасына келсек, ол Құран кәрімдегі бірқатар сүрелерде айтылған. Мәселен, "Ағраф" сүресінде жұмақтықтар, тозақтықтар және екеуінің ортасында қайда барары белгісіз ортада қалған топтар туралы сөз болады. Олар алыстан тілдессе де, бірін-бірі көре алмайды. Себебі, екі жақтың ортасында хижаб барлығы айтылады. Мұнда хижаб перде, шымылдық мағынасында қолданылған.

    Бұл жөнінде сүрелер де сыр шертеді. "Шура" сүресін­де: "Аллаһ тағала қалаған адамына хижаб артынан тілдесіп, уаһи жібереді" делінген. Мұнда да тікелей көзге көрінбей, тілдесуді білдіреді. "Исра" сүресінде: "Алла Елшісі (с.ғ.с.) Құран оқыған кезде ақиретке сенбегендердің арасына хижаб түсіріледі", - дейді. Ал, "Мәриям" сүресінде: "Тақуа Мәриямды бөгде адамдардың көзіне түсірмеу үшін олардың арасына бір хижаб түсірілді",- делінген. Бұл арада бөгде, жат көздерден қорғау үшін көрсетпейтін шымылдық, перде, қалқан мағынасында келеді. Осы сүрелерден хижабтың жалпы мағынасын айқын түсінуге болады. Орамал болса, ол бабамыздан қалған, көнеден келе жатқан қазақтың ұлттық киімі деу­ге қақымыз бар. Қазақ бабамыз орамалсыз қалған әйел жалаңаш жүргенмен бірдей деп есептеген. Осы ойлардың барлығы дерлік сол сабақтың үстінде талқылап, саралап, сараптаған болатынбыз.

    Бұдан бөлек, бала кезімде әжемнің айтқан ақылдары да ойымнан өшпепті. Немересіне ертегіні жиі айтатын әжей әйелдердің киіну үлгісінің сырын ашып айтып берген-ді. Біздің бабамыз бүлдіршін қыз баладан бастап ақжаулықты әжеге дейінгі аралықтағы әйел адамның өзіне сай бас киім үлгісін жасап шыққан ұлы ел. Осылайша шариғат талабына сәйкес әйел адамның бас киіміне қатысты теңдессіз киім үлгісін, мұсылманша киіну мәдениетін қалыптастыра білген. Мәселен, бүлдіршін қыздарға әртүрлі теңге, моншақпен әшекейлеген, үкі, үлпілдек қауырсын қадаған тақия, бөрік кигізген. Нәзікжандыларды жалаңбас жүргізбеген. Жалаңбас жүрудің мұсылман шариғатында мәкрүһ екендігін осылайша жас кезінен үйретіп, игі әдетті бойына қалыптастырған.

    Арулар бойжетіп, балиғатқа толған бойжеткендер әр түрлі зерлі тақиялар, құндыз бөрік, кәмшат бөрік киіп жүрген. Кейде моншақпен әшекейленген кестелі орамалды тағатындар да болған. Ал, бойжеткен қызға құда түсіп, қалыңдық атанған сәттен бастап оның басына әсем сәукеле кигізілген. Сәукеле - төбесі үшкір болып келетін түрлі меруерт, маржан, моншақтармен сәнделген бас киімнің ерекше түрі. Сәукеленің төбесінен төмен мол етіп түсірілген жаулық пердесі болған. Қалыңдық оны киген кезде басқа қыздан ерекшеленіп тұратын, әрі сәукеленің жаулық пердесі оның шашын, құлақ, мойын секілді нәзік көрікті жерлерін бөтен көзден жасыратындай етіп тігілді. Бұл бөтен елге ұзатылатындығының белгісін білдірген.

    Содан соң, қалыңдық барған жерінде "желек" деп аталатын қызыл жаулық таққан. Ол жаңа түскен жас келіншекті бөтен ауылда бет жүзінен басқа жерін көрсетпей жүруіне қолайлы әрі сәнді, әрі шариғат талаптарына да толық жауап беретін. "Жас келіншек бұл киімімен балалы болғанша жүре беретін" дейді үлкендер.

    Өмірдің келесі кезеңінде сәбилі болған сәтте келіншек кимешек киген екен. Келіншек кимешек әйелдің бет жүзінен басқа көз түсетін жерінің көрінуіне мүм­кіндік бермейтін ою-өрнекпен әшекейленген бас киім. Кимешек әйел адамның көкірек тұсын жасырып тұратындай етіп тігілгендіктен, сәбиін емізген кезде де омырауын көрсетпей отыруына өте ыңғайлы болған. Ал, кимешек үстінен орайтын ақжаулық, шұлауыш деп аталатын кең мол ақ мата болса, өрілген шашын, арқа, бөксе тұстарын көзден жасырып тұруға сай тігілетін. Осы­лайша, жаулық кимешек қазақ әйелдерінің мұсылмандық әрі әйелге тән сәндік киімі болып қалыптасты. Той-томалақтарда менің әжем кимешек киіп, көпке үлгі көрсетіп отырады. Жай күндері болса ақ жаулығы ақ шашын жасырып тұрудан жалыққан емес.

     Әуретті жерді жасыру өз дәстүрімізде де бар. Киіну тәртібін де тәптіштеп айтып бердік. Қазақтың осындай асыл қасиетін хижаб дауына ұластырып жібергені де жан­ға батады. Дәстүрін дәріптеп, салтын сақтаған ел сара жолдан адаспасы екен.

Айдар САЙЛАУОВ

Оқылды: 24 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C