Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 05 Желтоқсан 2018 10:02

БОС ҚАЛҒАН БЕСІКТІ ТЕРБЕТПЕ! бедеуліктің зардабын кімдер тартып жүр?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

 

     Әлемде 50 миллионға жуық адам бедеуліктің шырмауына шындап шырмалған. Бұл Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйымының бес жыл бұрын жариялан­ған мәліметі. Уақыт зырғып өткенімен аурудың азаяр түрі жоқ. Керісінше, екі көзді төрт етіп, үмітін үзбестен, бір Аллаға сыйынып отырған отбасы көп. Барлығының арманы бір. Ана атанып, әке болу. Дегенмен, қазақ ұрпақ сүймеудің салдарынан шаңырақ шырмауға түсетінін біліп пе? Қаншама отбасы бала сүю бақытын сезіне алмастан екі жаққа айы­рылысып тынатыны да ортада баланың болмауынан. Бірі бала сүюге зар болса, енді бірі саналы түрде шыр етіп дүниеге келген шақалағынан оңай-ақ безінуде. Тасбауырдан туған бала тағдыры алаңдатады, әрине. Осындай да бақытынан бас тартқан көкек ананы көргенде, бедеуліктің зардабынан шын бақытты сезіне алмай дал болғандарға жанын ашиды.

    Себеп көп, салдар да аз емес. Мамандар да екі жастың басты мәселесіне айналған тақырыптың күрделі екендігін мойындайды. Оны газеттің өткен номеріндегі белсіздік хақындағы материалдан көз жеткіздік. Ер азаматтарда кездесетін жыныстық проблеманың қырық түрлі кеселге тап болатынын ашып жаздық. Мәселе тек ер азаматта ғана емес, әйелдердің де денсаулығының әлсіздігіне келіп тіреледі. Әрбір бесінші отбасының тағдырына көлеңке түсіретін бедеуліктің бе­лең алуының басты себептерін санамалауды жөн көрдік.

   "Бос бесікті тербетпе, жаман болады" деп ұл-қыздарына тыйым салатын бұрындары. Себебі, бос бесік - ұрпақсыздықтың бел­гісі ретінде саналған. Бұл қазақтың жамандықтан сақтандырғаны болса керек. Десе де, бүгінгі­нің белең алған проблемасы бос бесікке қол тигеннен емес, мәселе басқада. Айта кетейік, бедеу­ліктің өршуі біздің елде ғана емес, күллі дүние жүзіндегі тенденция. Демек, бедеулік күресуді талап етеді. Бұл ретте медицина мамандарының көмегі ауадай қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуі бойынша, адам денсаулығына әсер ететін бірнеше факторлар бар. Айтар болсақ, 50 пайызы адамның өзіне байланысты болса, 20 пайызында экологиялық факторлар, яғни қоршаған ортаның, ішіп жатқан суымыз бен тұтынып жүрген тамағымыздың әсері. Келесі 20 пайызы генетикалық факторларда, яғни сіздің ағзаңыз қандай ауруға бейімділігіне байланысты. Ал, 10 пайызы ғана дәрігердің біліктілігін керек етеді.

    Репродуктолог-дәрігерлердің айтуынша, әйел мен еркек үйленіп, бір жыл бойы жүктілік пайда болмаса, бұл бедеулік деп анықтама береді. Белең алған дерттің екі түрі бар екендігін де айтады мамандар. Оның бірі іштен туа біткен, екіншісі жүре пайда болған бедеу­лік. Алғашқы сатыдағы бедеуліктің бұл түрі жатыр түтігінің бітелуі, жыныс мүшелерінің, жатырдың жетілмей тууынан орын алып жатады. Ал, жүре пайда болған бедеулік әртүрлі аурулардың салдарынан, салауатты өмір салтын сақтамауынан туындайды екен. Осы ретте табиғи бедеулік 5-10 пайызды құ­райды, ал қалған 70-80 пайызы денсаулыққа салғырт қарағандықтан. Қолдан жасалған бедеулік, әрине, өткір мәселе. Себебі, білместікпен жасалған қадамдардың әсері ұрпақсыз қалуға себеп болады. Мәселен, жастардың ерте жастан жоспарсыз жүктілікке тап болуы, кейін жасанды түсік жасатуының соңы кесір болған кеселге алып соғады. Қазіргі таңда әлемде жүктіліктен сақтайтын дәрі-дәрмек, қауіпсіз қатынас құралдары көптеп таратылады. Сақтандыру насихаты да күшті, бірақ әлемдегі жыл сайын жасалатын аборт көрсеткіші 50 миллионнан төмендер емес.

    Аборт - ана бақытынан ажыратар әдіс екендігін осыдан-ақ аңғаруға болады. Соған қарамастан аборт жасату деңгейі тоқтамауда. Керісінше, күн санап өсу үстінде. Ақпарат құралдарында жарық көрген мәліметке сүйенейік. Мысалы, елімізде 2016 жылы 79 мың жасанды түсік жасалса, 2017 жылы саны 95 мыңға көбейген. Демек, орта есеп бойынша күніне 260 аборт жасалады деген сөз. Зерттеушілердің мәліметін назарға алсақ, Қазақстандағы әрбір үш әйелдің біреуі абортқа жүгінеді. Ал, мектеп жасындағыларды айтсақ, 2016 жылы 1418 оқушы абортқа жүгінсе, 2017 жылы 2218-ге көбейіп тұр. Албырттықтың әсерінен салғырттыққа жол ашқан жеткіншектер осылайша болашағына балта шауып жатқаны қуантпайды. Осы ретте, репродуктолог-эмбриолог Салтанат Байқошқарова әйелдердің 80 пайызы кезінде аборт жасатқандарынан перзент сүю мүмкіндігінен айырылғанын алға тартады.

   Асығыс қадамның азапқа салатынын мамандар жасырмай атап өтті. Ендігі мәселе қыз-келіншектердің денсаулыққа бей-жай қарауынан бедеулікпен бетпе-бет ке­луін­де. Себебі, адам ағзасының әл­сіздігінен, салқын тиюінен, жы­ныс­тық мүшенің және жатырдың қабынуынан да жүре пайда болатын бедеулік көп әйелдерде орын алып жатады. Сондықтан да дәрігерлер денсаулыққа құрметпен қарағанды, дұрыс тамақтанып, саламатты өмір салтының қағидаларын қадағалауды құптайды.

   Перзент сүю бақытынан ешкім бас тартқысы келмейді. Тек сан соққан әрекеттің әлегінен әуре-сарсаңға түседі. Бүгінгі күні әрбір үшінші отбасы ажырасып жатыр. Көпшілік бұл олқылықты отбасының ойран болуының себепкері ретінде қарайды. Бедеулік тұтас шаңырақтың сенімі мен сезіміне кір­бің түсіріп жатады. Алайда, бұлай ойлаудың өзі - қателік. Арада бала болса, шаңырақ шайқалмайды деп айтудың өзі қиын. Бұл жөнінде Салтанат Байқошқарова бір сұхбатында айтып өткен еді. "Ажырасу - адамның эгоизмі. Бедеулік - психологиялық проблема. Басқа түскен ауыр дертті отбасының қолдауымен жеңген тиімді" - дейді маман. Қа­зіргі нарықтық заманда, озық технологиялардың көмегімен көп нәрсеге қол жеткізуге болады. Кесір болған кеселге қарсы тұру үшін медицина қауқары кең. Адамға үміт сыйлап, қуанышқа кеңелтуге мүмкіндіктер жасалуда. Соның бірі - экспокорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) көмегі.

   Бұрындары аталған медициналық көмекті алу үшін шетел асып, білікті маманды іздеп кететін едік. Ал, қазір медицинаның жоғарғы деңгейдегі көмегін өз елімізде де алуға мүмкіндік бар. Қазақстанда алғаш рет денеден тыс ұрықтандыру арқылы қаншама отбасыға перзент сыйлаған тұңғыш дәрігер С.Байқошқарова болатын. Бүгінде алғашқы ЭКО арқылы дүниеге келген баланың жасы 22-де екенін айтады. Әрине, бұл - медицинаның же­тістігі, бедеулікке қарсы тұрар ғылыми әдістің бірі. Осылайша бедеуліктің салдарынан үміті үзілуге шақ қалған қандастарымызға қуа­ныш сыйлап, бақытқа бөлеуде. Жа­тырдан тыс ұрықтандыру процесі 100 пайыз бала жасауға көмек береді деуден аулақпыз. Біреуі жуық арада балалы болып жатса, енді біреулерге ЭКО-ның қайыры да болмайды. Бар болғаны бір үміт пен күдіктің арасын байланыстыратын емделу процесі ғана. Сондықтан да әрбір қыз-келіншек дәрігердің біліктілігінен бұрын өзінің денсаулығына жанашырлықпен қарауды назардан шығармауы керек.

     Балалы үйді базар деп бағалаймыз. Ұрпақ қалдыруды да отбасындағы абыройлы міндетке санаймыз. Бедеулікке алып келер тағы бір тұсын қыз баласының кеш тұрмыс құруынан деп кесіп айтамыз. Несін жасырамыз, қазір материалдық құндылықты қалыптастырып алмайынша, тұрмыс құруды жөн санамайтын нәзік жандылар көп. Осы орайда уақытынан кеш отбасы құрған қыздардың бала көтеру мүмкіндігі сол қалпында күшін жоя­тынын да айтып кеткендігіміз дұрыс. Жалпы алғанда, қыз баласының бала көтеруінің ең жақсы кезеңі - 18-20 жас аралығы. Ал, әйелдің мүмкіндігі 40 жастан ас­қан кезде мүлдем төмендейді, 35 жастан бастап құлдырай бастайды, сондай-ақ 45 жастан кейін бала көретін әйел кем де кем деп топшылайды мамандар. Қыз баласының негізгі міндеті - тұрмыс құру, ұрпақ өрбіту. Әр нәрсенің өз уақытымен жүргенін құп көреміз қашанда. Дені сау ұрпақты аңсасақ, ел демографиясының ахуалына ден қойсақ, жаңсақ қадам басып, тура жолдан жаңылмауымыз қажет-ақ.

 

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

 

Оқылды: 32 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C