Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 05 Желтоқсан 2018 11:22

Жыныстық тәрбие жасына жетпей жүкті болуды жүгендей ме?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

   Қоқыста қалған шарана, жетімдер үйін сығалаған бала. Өз бауырынан шыққан сәбиін көшеге қиып тастап кету өз қазағамыздан да көрініс тауып жатқаны жанға батады. "Қазақ қыздары қайда барады?" деп ақыл айту, қоғам алдына шығып, көкіп сөйлеу жақсы әрине, дегенмен, бүгінгі бар пробле­маны жасырғанмен болмайды. Жаста­йынан жүкті болып, от басқан қыздар­дың кейінгі тағдыры кейде жабық тақырыпқа айналады. Себебі қазақы тәрбиеде бұл мәселелер ашықтан-ашық айтыла бермейді. Созбалаңға салып қайтеміз, өткен аптада Елбасының "мектеп жасындағы балаларға жыныс­тық қатынас турасында ілім берілуі қажет, бала ажырасу, ерте жүктіліктің кейін қандай қауіп болатынын сезуі керек" деп алаңдаушылық білдіруі қоғам­ның пікірін екіге жарып, журна­лис­тердің қаламына арқау болды.

     Ақпаратты дәлме-дәл жеткізу міндетіміз. Азаматтық форум аясында "Қазақпарат" агенттігінде жарияланған ақпарат мәтінінде Президент некеге дейінгі жүктілік, ажырасу, ер мен әйел арасындағы қарым-қатынасты тым қатты жабық ұстаудың салдарынан қаншама отбасының шаңырағы шайқа­лып жатқанын меңзеді.

    - Өмірде әртүрлі жағдайлар болады, әрине. Ажырасу - алаңдатарлық мәселе. Жастардың 25-30%-і ажырасады екен. Неліктен? Өйткені біз мектепте бала­ларға бұл тақырыпта білім бермейміз. Қарым-қатынас, есею, ер адамдар, әйелдер, қалай жүкті болады… мұның бәрін ұят санаймыз. Басқа елдерде 14-15 жастағы балаларды оқытады. Біз үшін бұл ұят. Психологияны өзгерту керек. Ұят ештеңесі жоқ, сол үшін бұған назар аударып отырмын,- деген Мемлекет басшысының сөзі көпшілікті ойлан­дырып тастады.

    Қазақы ұят мәселесін сәл кейінірек қаузаймыз. Президент айтқан 14-15 жастағы балаларға жыныстық қатынас туралы түсінікті қалыптастыру Америкада бұрыннан бар. "Sex education" деп аталатын арнайы сабақ америкалықтардың бала кезден осы тақырыпқа, ер мен әйел арасындағы қарым-қатынастың қалай өрбитіні, баланы нені ескеруі керек деген сұрақтарға жауап береді. Әрине, ашық демократияға негізделген қоғамы бар Америка үшін бұл қалыпты жағдай болуы мүмкін. Дегенмен, ЮНИСЕФ қорының дерегі мәселе тек арнайы сабақтың болуымен шектелмейтінін көрсетіп отыр. Айталық, жыл сайын дамушы елдерде 15-19 жас аралығындағы 20 мың қыз бала босанады. Бағалау бойынша 15-19 жас аралығындағы қыздар арасындағы қауіпті түсік жасату көрсеткіші 3,2 миллионды құрайды екен.

    Жыныстық қатынас тәрбие­сіне арнайы сабақ ретінде қарайтын тек Құрама Штат ғана емес, еркіндіктің лебі ескен Нидерландия, Ұлыбритания, Германия, Франция, Испания елдері де тізімнен табылады. Тіпті көрші Ресей де соңғы жылдары балалардың сексуалдық сауаттылығын арттыру үшін факультативтік пәндерді енгізген. Биологтар мен психологтардың бір­лесуімен өтетін сабақтың тым қатты нәтиже беретініне сеніммен қарайтындар көп емес. Көр­ші ресейлік сарапшылар жыныстық жетілуге арналған қосымша сабақты 9-сыныптан бастау кеш дейді. Себебі "өтпелі кезеңдегі жасөспірімдер сезім­нің жетегінде от басып, ерте жы­ныстық қатынасқа түсіп қоя­ды" дейді. Осы себептен де арнайы пәнді 5-сыныптан енгізу керек екенін дәлелдеген. Рес­ми билік те өз саласының мамандарының пікіріне құлақ асып, 5-сыныптан бастап пәнді қосымша сабақ ретінде енгізген. Мәселе арнайы пәнмен шешілсе жақсы ғой, әйткенмен қоғам тарапы бұл тақырыпқа әлі де болса дайын еместігін же­ліде анық жазды. Бірі қолдады, ендігі бірі пікірмен келіспейтін­діктерін айтып турасынан пікір қалдырды.

   Мәселенің ұштығын көтерген тек Президент ғана болмады. Репродуктивті денсаулық бойынша UNFPA амбассадоры Ақмаржан Көшербаева "Қазақстанда жыныстық сауаттылық жоқтығынан қоқыс жәшікте­рін­де жатқан балалар көбейді" дегенді алға тартты. Ол опық жеген жасөспірім қыздардың сезімге мастануы әрі қазақы ұяттықтың салдары осыған апарады дегенді болжап отыр.

     - Жұрттан, көршіден, ата-анасы мен туыстардың алдында ұят. Әрине, ішіңізде жасырсаңыз да, дүниеге келген баланы жасыра алмайсыз. Осы себептердің бәрі жас қыздарды қандай қылмысқа итермелейді. Сондықтан жасөспірімдердің жүктілік оқиғаларының барлы­ғы қалаусыз жүктілікке байланысты. Жыныстық жолмен таралатын аурулар, өз-өзін қорғану, концентрацептивтерді қол­дану білімі болмаған соң, жүк­тілік пен босану қыздардың өмірінде ең бақытты сәттің болудың орнына олардың өмірін тозаққа айналдырады. Осылайша, бұл проблеманың салдарымен, себептерімен күресу кере­гін түсіндім,- деген еді Ақмаржан Көшербаева.

    Күйіп тұрған тақырыптың маңыз беріп қарауы керегін би­лік те, ата-ана да білмейді емес, біледі. Бірақ сезім тұңғиығына батқан қыздардың ішкі жан дү­ниесіне тереңірек барып жүрген Репродуктивті денсаулық өкілі Ақмаржан Көшербаева көз жұ­мып қарауға болмайтын жағ­дай­ларды санмен сипаттап берді. Айтуынша, 1000 жасөспірім қыз ара­сында 36 қыз жүкті болып қа­лады. Бұл Еуропамен салыстырғанда 6 есеге көп екен. Тағы бір де­таль да ұмыт қалдырмады. Оның ойынша, қазақ қыздарының денсаулығы әлсіз, тіпті әр­бір екінші қыздың денсаулығы жоқ деген қорытындыға келді. Бұл ғана емес, Ақмаржан мәселенің түптамыры ауылда да жатқанын жасырмай, мінберде ашығынан айтқан.

    - Ауылдарда жыныстық жолмен таралатын инфекциялар мен ауруларға тап болғандар, жасөспірім жүктілік көрсеткіші қаламен салыстырғанда 3 есе көп. Бұл концентрацептивтердің жоқтығынан, оны қалай пайдалануды білмегендіктен болып жатыр. Масқара нәрселер біздің үнсіз келісуімізбен жасалып, жат­қаны рас. Әр бала қалаулы болуы керек. Себебі бала - қо­ғамның ең жоғары құндылығы. Қыз болсын, бала болсын, оларды айыптамай қолдау керек,- деп ой тастайды.

    Расында, осы ақпар тарал­ғаннан бері желі оқырмандары ұлардай шулап кетті. Бұл қоғам әлі күнге дейін осы мәселені би­лік деңгейде шығаруды тосып жүрген деген ойға салмақ салады. Пікірлер де сансыз. Бала асырап отырған әрбір ата-ана тақырыпқа келгенде тартынып қалмады.

    3 баланы тәрбиелеп отырған Айнұр есімді ата-ана мектепте балаларға жыныстық қатынас, физиологиялық жетілу дегенді ашық оқытуға қарсымын дейді. Себебі...

    - Ойды саралап қарасаңыз, осы уақытқа дейін біздің қазақ халқы ешбір ортада, үйде не бі­лім ошағында жыныстық қатынас тәрбиесінде пікір алыспаған. Бізге шетелдің тәжірибесінің керегі жоқ. Мектеп - білім беретін орын. Ал, тәрбиеге ата-ана жа­уап­ты. Қыз бала болсын, ұл бала болсын, уақыты жетіп, ақыл-есі толысқан шақта ата-анасы оған тәлім-тәрбие беріп, ненің жақсы, ненің жаман екенін меңзеуі керек. Ерте жүктіліктің орын алуы қадағалаудың болмауынан. Ата-ана, әсіресе балаға жақын ана баласының қайда жүргені, кімдерге дос болғаны бәріне қа­рауы керек. Мен оны тыйым деп санамаймын,-дейді ана.

    Биліктің де бұл ретте айтары бар. Қыздардың ерте жүкті болуының көп жағдайда арты жасанды түсік жасатумен тынады. Бұл қыз тәрбиелеп отырған ата-ана­ға екі-есе ауыр соққы. Статистика бойынша абортқа асығатындар азайып келгенімен, мә­селе­нің біз білмей қалатын жағдайлары қаншама екенін, яғни қолдан дәрі ішіп те шаранадан бас тартатындар статистика есебіне ілінбей қалады. Осы себепті ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Еуразия арнасына берген сұхбатында "енді қыздар ата-анасының рұқ­сатынсыз аборт жасауға мүм­кін­дігі бар" дегенді айтып отыр.

    - Біздің жасөспірімдер 16 жас­тан бастап өз бетінше шешім қабылдауы керек. Бұл әлемдік тәжірибе. Қазір аяқ асты бала көтеріп қалатын қыздар көбейіп барады, ал осы заң тиісті медициналық көмек беруді және мәселені алдын алуға мүмкіндік береді,- дейді.

    Дегенмен осы заңды қабылдауға Дариға Назарбаева қарсылық танытып отыр. Оның айтуынша, заң қабылданар алдында қоғам талқысынан өтуі керек. Өйткені мәселе өзекті деген пі­кір қосады.

   Пікір беруден журналистер де тыс қалмады. Сыр еліне бел­гілі тележурналист Айткүл Шал­ғынбаева: "Бала жасау, төсек мә­селелерін азғындар ғана үйрете­ді. Бұл адамзаттық тұрғыдан қа­рағанда қастерлі, құпиялы, ұр­пақ жалғастығы мұратына ұласатын таза адами қатынас. Оны жа­лаңаштап, ашып тастаған Батыс мәдениеті - адамдарды малғұндық деңгейіне түсірді. Ер мен әйелдің арасындағы сезімді "бабалардың жолымен, аналардың ізімен" деп қасиетті ұғымға айналдырған қазақ қоғамына "16-дағы ұлға мүшеқап кигізіп, 16-дағы қызға аборт жасатуды" заңдастырғалы отырған билік өзінің азғындықтың жолына түскенін дәлелдеп отыр",- деп, ашына тіл қатты әлеуметтік желідегі өз парақшасында.

    Тақырыптың тым тереңге түсіп бара жатқанын мойындаймыз. Жыныстық қатынасты мектеп жасындағы балаларға ұғындыру, салдарын түсіндіру бағытында интернетке көз салдық. Ақпараттарға анализ жүр­гіздік. Зерттей келе, мына ақпаратқа көз түсті. 2017 жылы, яғни өтіп кеткен жыл "Қазақстанда жастарды жыныстық қатынас тұрғысынан тәрбиелейтін "ZhastyqTalk" сайты ашылмақ" деген ақпарат тарады. Сайтты тексеріп те көрдік. Алайда қа­рым-қатынас, махаббат пен денсаулық туралы анықтамалық дегеннен басқа ақпаратқа көз түс­педі. Яғни, сайттың аты бар да, заты жоқ. Бұл тақырыпқа тұздық бола алмады, сондықтан да өз саласының біл­гір маманы, психолог Жанагүл Қайырованың пікірін білуді жөн көріп, арнайы хабарластық. Маман мәселеге қатысты пікірін іркіп қалмады.

    МАМАН КЕҢЕСІ. Маман ретінде Президенттің ұсынысы жөн деп есептеймін. Себебі біз­дің елде жыныстық даму мәселесі ашық түрде талқыланбайды. Отбасы түгілі, мектеп, қоғамдық мінберлерде талқыланып жат­қаны шамалы. Бірақ, айтылуы керек тақырыптың бірі осы. Жыныстық қатынас, жүктілікке байланысты мәселе өте көп. Жал­пы қоғамға салсақ, оның астарында ұлдың ұл екенін, қыз­дың қыз екенін толық мойындамаудан көрініс табады.

    Бала 2,5 жастан кейін өзінің ұл не қыз екенін біледі. Бұл биологиялық процесс. Ал, 13-14 жас­­­тан бастап балаларда ата-ана­дан бөлектеніп, тұлға ретінде қалыптасу процесі жүреді. Осы уақыттарда балалар өздерін дәлелдеу үшін жыныстық қатынастарға баруы мүмкін. Оның астарында өзін дәлелдеу синдромы жатыр. Яғни эмоциялар, сезімдер уақытылы көрініс таппаса, бала қалай әрекет етудің жолдарын білмей, өздері ұрынады. Яғ­ни, өтпелі кезең. Мұндайда нақ­ты маманмен кеңесіп, баланың бойындағы өзгерістерге жете мән беріп, баламен бірге болған маңызды.

    Мектепте жыныстық қатынастың дамуы туралы пән не ашық сабақ өткізу идеясы өте дұрыс. Уақыты келген, тіпті біз кешігіп қалған дүние. Әсіресе, ауылдық жердегі мектептерде қолға алу керек проблема. Тақырып өте күрделі. Жыныстық дамуға байланысты ашық сабақтардың өтуі педофилияның азаюына да септігін тигізеді. Өйт­кені бала бойындағы буырқан­ған сезімдердің соңы немен аяқ­талатынын сезіп өседі. Балаға ақпараттық әрі рухани бағыт-бағ­дарды мектеппен қатар ата-ана да беруі керек. Ата-ананың барлығында бірдей психологиялық-педагогикалық білімі жоқ. Тіпті ата-аналар өздері жыныстық даму туралы, адамның организмі қалай дамитыны хақында көбісі біле бермейді. Содан барып, шектен тыс сезімдерге тыйым салу, қыз баланың қыз бо­л­уына кедергі келтіру сынды тыйымдар шығады. Қайта ата-ана қыздың жетілу жолында оның бо­лашақ ана, әйел екенін еске са­лып, денсаулығына жіті мән беруін құлағына құйып, ер балаларға отбасының жауапкершілігі басты орында екенін үнемі айтып отыру керек.

    Арт-терапевт ретінде ұсынысым төмендегідей. Ұл балаға қа­зақы салт-дәстүрмен сүндет той жасалады. Оның негізгі мақсаты - ұлдың ұл екенін мойындау, оның тізгін ұстар азамат екенін сезіндіру. Ол бала бойындағы кезеңнің бірінші инициациясы. Екінші этап баланың 13-14 жас­қа жетуінде басталады. Дәл осы кезде бала әкесінің тарапынан емес, әкесінің статусымен бір­дей, беделді тұлға адамдардың қа­сында белгілі бір уақытта тәр­биеленуі керек. Ол ер адамға тән күрделі сынақтан, мәселен тауға шығу, биікке өрмелеу сынды қай­раттылықты қажет ететін қиындықтарды еңсеруі қажет.

    Қыз балаларға да жасөспірім жасқа жетіп, бойжеткен болған шағында үй іші той жасап, бел­гілі отбасын тату ұстап отырған әйел азаматшаларды шақырып, қызға келешек ана ретінде, нәзік жанды азаматша екенін сезін­ді­ріп, тәлім беруі керек. Оны анасы емес, өзге балаға үлгі боларлық адам жүргізгені әлдеқайда тиімді. Міне, сонда ғана, бой же­тіп келе жатқан қыз, ер жетіп өс­кен ұл түрлі сәтсіздіктер, өзінің қалауынсыз жыныстық қаты­нас­қа түсуден бас тартады. Ал, бұл некесіз туылған сәби, әжетханада қалған шараның болмауына ықпал етпек.

     ТҮЙІН. Елбасы тапсырмасы әлі күшіне енген жоқ. Білім және ғылым министрлігі де бұл тақырып аясында конференция не ресми мәлімдеме таратпады. Анығы, проблеманың бар екенін және одан шығар тетіктің табылуы бір пәннің аясына сия қоймас. Бірақ бірнеше жылдан бері пәнге салмақ салған Нидерландия тәжірибесінің нәтижелі екеніне көз жеткізіп отыр. Десе де, қазақы тәрбие бұл тақырыптың әлі де болса қазақ отбасыларына жабық күйінде қала беретінін және әрбір балаға ата-ана уақыты жеткенде өмірдің сабағын үйрету керек деген көзқарастың түбегейлі жойылатынына сенбейді.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

 

Оқылды: 24 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C