Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 05 Желтоқсан 2018 13:45

«Ақшасы бар, бірақ азамат емес адам қоғамды бұзады»

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Бизнесте мәселе тек ақша табу деп қарамайтын азаматтар баршылық. Кәсі­бін қоғаммен қатар алып жүру, кейінгілерге тура жол айтып, кәсіпте табыс схемасын үйренемін деген жас­тарды ізінен ерткен Асылбек Қожахметовтың есімі елге бүгінде жете таныс. Тек кәсіпкер ғана емес, қо­ғам қайраткері дәрежесіне жеткен Асылбек Базарбайұлының Халықаралық бизнес академиясын ашуы елдегі бизнес секторға оң ықпал етуде. Осы себепті айтары қалыптас­қан, бірнеше командасы бар Асылбек Қожахметовтың ойларын оқырманға ұсынуды дұрыс деп таптық.

 

   Асықпай ойланып, батыл қадам жасау, жол беруде пейіліңнің кеңдігін көрсетіп, қарсыласуда табандылық таныт.

***

    Құладың ба, орныңнан тұр, құладың ба, орныңнан тұр, тағы да құладың ба, тағы да орныңнан тұрып, алға жүр! Егер сен орныңнан тұруға қорықпасаң, өзіңе сенсең, соңыңнан адам ереді.

***

   Бізде нарықтық экономика емес, жабайы экономика. Ал, жабайы экономикада қашан да бірінші орында арамдық тұрады.

***

    Азамат болмасаң, сенің миллионың да, миллиардың да ешкімге керек емес. Одан бөлек, сен қоғамды бұзасың. Ақшасы бар, бірақ азамат емес адам қоғамды бұзады. Ондай адамдарды тұншықтыру қажет демеймін, бірақ оларды қолдамау керек.

***

    Бір іс аштың, ақшаңнан айырылдың, бұл сенің ісің емес екенін түсіндің, болды, әрі қарай біреуге жалданып жұмыс істерсің, шығармашылыққа кетерсің. Бірақ сен міндетті түрде кәсіпкерлікке бойыңды ұрып көр.

***

     Кәсіпкерлік деген ақша емес. Кәсіпкер деген миллион табуды армандаған адам емес. Кәсіпкер ол әлемге өзінің басқа екенін, өзінің қолынан іс келетінін дәлелдегісі келетін адам.

      ***

     Кәсіпкер емес адамнан кәсіпкер жасау мүмкін емес.

***

      Адамға мүмкіндіктер қашан да ашылады. Тек сол мүмкіндікті қабылдауға біреу дайын, біреу дайын емес.

***

     Егер сен өзіңді болашаққа дайындасаң, бір мақсатты көздесең, мүмкіндік ашылғанда, оны бірден қолданып кетесің.

***

     Бізге ақылды, сабырлы, бірін-бірі сыйлап, құрметтей білетін таңдаулы топ қажет. Мұндай топ ұзақ өмір сүрсе екен деп тілер едім.

***

     Мен қашан да өзіме, өзімнің біліміме, күшіме, қиялыма абыройыма, рухыма сенемін.

***

       Сен не біреудің соңынан ересің, не біреуді соңыңнан ертесің.

Дайындаған

А.ҚАРАКЕСЕК

Оқылды: 109 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Науқастарды қабылдау бөлімі жаңа стандартқа көшті

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C