Айтарым бар

   

Жанболат Ошақбаев, жас кәсіпкер: 

    Кәсіп бастайтын адам үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы зор. Қазіргі таңда екінің бірі кәсіпкер болып кетті ғой. Алайда, барлығының еңбегі жемісті болып жатқан жоқ. Кәсіпкерде әрқашан «Б» жоспары болуы керек. Есеп білмеген адам қарапайым сауданың да жөнін біле бермейді. Сондықтан, бизнес бастамас бұрын қаржылық сауаттылықты меңгеріп алу керек. Себебі, алғаш кәсіп бастаған адамның бухгалтерге, сатушыға, кассирге жеке-жеке жалақы төлеуге шамасы жетпейді. Осы қызметтің бәрін өзі атқарып, кәсіптің басы-қасында жүрген адам ғана жоғары жетістікке қол жеткізе алады.

baribar.kz


Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 08 Тамыз 2017 10:16

Баға қайда барасың, балаларды мұңайтып...

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

     Сарша тамыздан секем алған біз газетіміздің өткен санында "сарыуайымға салмаса игі" деп, қорқа соғып едік, шынымен ел арасынан қиналысты байқадық. Әсіресе, көп балалы шаңырақтар мен тұрмысы төмен отбасылар балаларын мектепке дайындау барысында материалдық көмекке зәру екендіктерін жасырмайды. Ал, оларға мемлекет тарапынан көмектер беріле ме, қоғамның көзқарасы қандай?

 

      Расында, жаңа оқу жылы жа­қындаған сайын дайындық қыза түседі. Жаңалықтар да жылт етіп көріне бастайды. Әдеттегідей биыл да "Мектепке жол" жалпы рес­публикалық қайырымдылық акция­сы 1 тамыздан басталды. Былтыр еліміз бойынша 320 мың оқушыға 2 млрд. 468 млн. теңге көлемінде қол­дау жасалса, биыл 300 мыңнан астам оқушыға жәрдем беру жос­пар­ланыпты. Соның ішінде Қы­зылорда облысында 28 мыңға жуық көп балалы және аз қамтамасыз етілген жанұяның балаларына көмек көрсетілген. Ал, биылғы ак­цияның басталғаны туралы қазірдің өзінде жер-жерлерде айтыла бас­тады. Алайда, ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқық­тарын қорғау комитеті төрағасының орынба­сары Мәншүк Әбдікәрім былтыр аз қамтылған отбасы бала­ла­рына көрсетілетін көмекті сал­та­натты түрде жасап, оны көпшіліктің көзінше жарнамалаудың балалар мен ата-аналар тарапынан нара­зылық тудырғанын айта келе оған үзілді-кесілді қарсы екенін, биыл мүлдем жол бермейтінін айтып отыр. Басқаша айтқанда, оң қолыңмен бергеніңді сол қолың білмеу керек.

      Шынымен, бір балаға оқу құ­ралдарын алып беру қыруар қаржыны талап етеді. Сондықтан баланы жаңа оқу жылы қарса­ңында мұңайтуға болмайды. "Мектепке жол" акциясы осы олқылықтың ор­нын толтыруға арналған іспетті. Облыстық білім басқармасы бас­шысының мін­детін атқарушы Қ.Ерташова: "Акция аясында көмек көрсетуді қажет ететін балалардың тізімі әзірленеді, аталған тізім бойын­ша балалар әрбір мекемеге бекітіледі",- деп отыр.

       Екінші жаңалық, қоғамдық көлік жолақысының қымбаттауы. Өзге өңірлер секілді Қызылор­дада да жолақы жыры әлеуметтік желі­нің күн тәртібінен түспеді. Кім қал­тасынан артық ақша шыққа­нына қуана қойсын, ә дегеннен қарсы­лыққа тап болды. Әсіресе, бір үйде бірнеше баласы бар ата-аналар қиналғанын білдіріп, пікірлерін айтудан шаршаған жоқ. Расында, көп балалы отбасы үшін қымбат­шылық әсер етеді. Қызылорда облысында осы күні 53575 оқушы көп балалы шаңырақта, 18044 мектеп жасындағы бала тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленуде. Оқушылар әзірге демалыста, қыр­күйектен бастап 40 теңге болғаны отбасылық бюджет­ке салмақ са­лады. Егер жұмыссыз немесе аз қам­тылған отбасы болса, тіпті қиын. Сон­дықтан "Мектепке жол" ак­циясына "Қызылорда автобус паркі" ЖШС өздері бастап үлес қосса, нақтырақ айтқанда, қыркү­йек айында қоғамдық көлікте оқушылар үшін бір ай тегін қызмет көрсетуді қолға алса, мем­лекеттік деңгейдегі шараны қол­дағаны әрі сауапты іс жасағаны болар еді.

      Қалай десек те, бұқараның жайын ойлау, өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау - мем­лекеттің міндеті. Ал, халықтың көңіл-күйі көтеріңкі болса, мемлекеттің әрбір қадамына сеніммен қарар еді.

Н.МЕҢДІБАЙ

Оқылды: 370 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C