Айтарым бар

   

Жанболат Ошақбаев, жас кәсіпкер: 

    Кәсіп бастайтын адам үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы зор. Қазіргі таңда екінің бірі кәсіпкер болып кетті ғой. Алайда, барлығының еңбегі жемісті болып жатқан жоқ. Кәсіпкерде әрқашан «Б» жоспары болуы керек. Есеп білмеген адам қарапайым сауданың да жөнін біле бермейді. Сондықтан, бизнес бастамас бұрын қаржылық сауаттылықты меңгеріп алу керек. Себебі, алғаш кәсіп бастаған адамның бухгалтерге, сатушыға, кассирге жеке-жеке жалақы төлеуге шамасы жетпейді. Осы қызметтің бәрін өзі атқарып, кәсіптің басы-қасында жүрген адам ғана жоғары жетістікке қол жеткізе алады.

baribar.kz


Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 08 Тамыз 2017 11:01

«Әйелді бастан...» бұл дәстүр ме, әлде тәрбие ме?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

    Тегінде қазақ "тектілік" деп тек­ке айт­паса керек-ті. Өйткені ыдыс-аяғы сыл­дырламай тұратын шаңырақта бе­реке сол текті тәрбиенің ықпалымен ғана болмақ. Қазақтың жігіттері бойжеткенді ат артына отырғызбай, ердің ал­дың­ғы қасына мінгізіп алып қаш­қан. Бұл үй болар алдындағы алғашқы жо­ралғы­ның кішкене ғана көрінісі. Ал, шаңырақ кө­тергеннен соң ер азаматтың үйі­нің ең киелі, яғни төргі орында қам­шы ілінулі тұ­ратын болған. Қамшы ілін­бей тұрған шаңыраққа құдайы қонақ та қонбайтын. Себебі ері иен даланың тө­сінде елін қорғап жүрген болуы мүмкін, әйел ға­на тұратын шаңырақ екенін ишарасыз ұғынған. Бұл бұрынғының дала заңдарының бірі десек болар. Әйел азаматшаларды құр­меттеудің үнсіз көрі­ніс­тері қасиетті қазақ даласында осылайша өр­біп келді.

 

     Ал, осы күні "әйелді ұруға болады" деп, өмірлік жары қылған бойжеткенді са­бай жөнелетіндердің саны артып келеді. Оған жыл сайын қатары көбейіп отыратын ажырасулардың саны дәлел болып отыр. Көлдей көз жас­та­ры мен сүреңсіз өмір­лері дүниеге келген жас сәбиге "жетімек" деген ат сый­лап жатқан жұ­байлар қан­шама. Бар­лығы да шаңырақты сақтап қа­ла алмай шайқалтып алу­дың жағымсыз сал­дар­лары. Мұн­дай жағ­дай­дың басым көп­шілігін "әйел аза­мат­шаларға қол көтеруге болады" деген сөз­ге иланатындар құрап отырғаны да жал­ған емес. Бұл сөздің түп төркіні не­гі­зінен ислам дінінде жатқан көрінеді. Сондай-ақ, әйелін өзінен бір саты тө­мен ұстаған  ер азаматтарының аузында жиі айтылатын тұрақты тір­кес бұл.

     Шариғат айтып шатылатынымыз жоқ. Дегенмен де діндарлардың ділмар ілім­дерінің ішінде бұл жайтқа байланыс­ты не айтылғанына зерттеу де жүргізіп көр­дік. Сөйтсек шынымен де еркек өз жарына қол көтеруге болады екен.

     Бәрінен бұрын еркектің өз ісіне өкінудің орнына әйелін сабауды Ислам дінінің қағидаларынан іздеп, өзін ақтайтындардың болуы өкінішті. Дінді дұрыс түсінбеген шала мұсылмандардың "ді­ні­мізде әйелді ұруға рұқсат берген" деуі, өздерінің дөрекіліктеріне тапқан сыл­тау­лары ғана. Рас, "Ниса" сүресінің отыз төртінші аятында әйелді ұруға болатындығы айтылған. Бірақ, денеге зақым келтіре соққылау немесе соңы ажырасуға алып баратындай таяқтау емес. Отбасын сақтау жолында айтылған осы аят­қа кеңінен тоқталайық.

     "Әйелдеріңнің мойынсұнбауынан (күнә істеуінен) сезіктенсеңдер, алдымен, оларға ақыл айтыңдар. Кейін (ақыл айт­қаннан нәтиже шықпаса), олардан бөлек жатыңдар. Сонан кейін (онда да қоймаса), ақырындап ұрыңдар. Егер бағынса, оларға жамандық жасау­дың жолын іздемеңдер. Әлбетте, Алла ең үстем, ең ұлы",-делінген аятта.

     Аяттағы "мойынсұнбау" сөзі - арабша "нушуз" деген сөзбен берілген. Бұл сөз күйеуінің ар-намысын аяққа таптаған, мүлде сөз тыңдамайтын, қашанда күйеуіне қарсы келіп, үнемі ұрыс-керіс шығаруға дайын тұратын "көк долы әйел" деген мағынаға келеді. Демек, әйел осындай сипатта болғанда ғана оны тәрбиелеу мақсатымен қол көтеруге рұқсат етілген. Әйт­се де, мұндай жағдайдың өзінде бірден ұру емес, тәрбиені ақыл-кеңес пен насихаттан бастау керектігі айтылған.

     Осы аятқа толық түсіндірме берген ҚМДБ-ның өкілдері былай дейді:

    - Аятта тәрбиелеу әдісінің ең соңында барып қол көтеру айтылған. Онда да қол­дың қышуы қанғанша соққылау емес, жеңіл түрде ұруды меңзеген. Бұл ананың шек­тен шығып бара жатқан баласын құй­рықтан ұрғаны секілді болса керек. Себебі осы аятты хадис арқылы түсіндірген Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деген: "Әйелдеріңмен жақсы қа­рым-қатынаста болыңдар. Себебі олар сендерге берілген аманат. Ашық түрде жаманшылық жасамайынша, оларға жақсылық жасаудан басқаға құқықтарың жоқ. Егер олар жамандық жасаса, төсекте жал­ғыз қалдырыңдар және жай ғана ұрыңдар. Осыдан кейін сендерді тыңдаса, тағы да ұру үшін сылтау іздемеңдер. Біліп қо­йыңдар, сендердің әйелдердің алдында ақыларың секілді, олардың да сендердің алдарыңда ақысы бар. Төсектеріңді бас­қаға таптатпауға, қаламаған кісілеріңді үй­леріңе кіргізбеуге құқықтары бар. Әйелде­ріңнің алдындағы міндеттеріңнің бірі - киім-кешек пен азық-түліктерін қамтамасыз етулерің",- дейді діни қызметерлер.

     Ал, статистикаға сүйенсек, әйелге қол кө­теру саны мұсылман елдерінен гөрі батыста басымырақ болып шықты. Сондықтан батыс елдерінде әйел құқығын қорғау үшін көптеген ұйымдар құрылған. Америкалық атақты феминист профессор Тем­ма Каплан "бұл елде әйелдердің 50 пайызы күйеуінің соққысына жығылады" деген дерек ұсынады. Оның мәлімдеуінше, әйеліне ең көп жұдырық сілтейтіндер дәрігерлер, адвокаттар, одан кейінгі орынды фирмаларда жұмыс істейтін жоғары лауазымды қызметкерлер екен. Көріп отырғанымыздай, әйелін тепкінің астына алатындар қара танымас біреулер емес, бәрі де жоғары білімді, мәдениетті кісілер. Демек, Құран үкімдерін және хадистерді дұ­рыс түсінбеген мұсылмандардың әрекетіне қарап, Ислам діні әйелге қол көтеруге жол ашқан деу қисынға сай келмейді.

     "Әйелді бастан" деген қазақтың сөзі де "аюға сабақ үйреткен таяқ" деп жұбайын көк ала қойдай сабап, тәртіпке сал деген сөз емес. Бойжеткен шаңыраққа қадам басқан сәттен бастап өмірлік серігіңе өзіңді сыйлата білу (таяқсыз) нағыз азаматтықтың көрінісі болмақ. Сонда ғана өмір есігін ашқан сәбилер де жасқаншақ болмай, жасампаз боп өсері сөзсіз. Қылт етсе, әйелге қол көтеру "әйелді ұруға болады" деген жансақ пікірдің аясында болмау керек.

Айдар Әділжанұлы

Оқылды: 178 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C