Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 15 Тамыз 2017 11:04

Кезек көп. Қағазбастылықтан құтыла алмай келеміз

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Қай салаға бас сұқсаңыз қағазбастылық алдыннан шығады. Бір жа­пы­рақ анықтама үшін ұзын-сонар кезек күтетін тұрғындардың қатары әлі сиреген жоқ. Электронды формат­қа ауыс­қанмен әлі де жүйеге кі­ріп қажетті құжаттарын алу­да қиындықтармен бет­пе-бет келетіндер аз емес. Жүйенің техникалық талаптарының ауырлығы ма халықтың электронды форматқа үйренуі бірден байқалмайды. Бұл елдің барлығы электронды үкі­мет жұмысына көңілі толмайды деген сөз емес. Жүйенің тетігін білгендер қажет­ті­сін алып, жұмыстарын рет­теп келеді. Әйткенмен толыққанды халықтың практика жүзіндегі қиындықтары азаяр емес. Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кезектің көптігі жү­йенің қолжетімділігінде болмай тұр. Жақында ҚР Ақпарат және коммуникация министрі дәл осы мәселені алға тартып, жү­йені оңтайландырудың жолын ұсынатындығын жеткізді.

   Журналистерге "Аза­мат­тарға арналған үкі­мет" мемлекеттік кор­пора­циясы жұмысын таныстыру барысында Дәурен Абаев халықтың шыдамын тауысқан мәселе ақпараттық жүйелердің жолға қойылмағандығынан деп түсін­дірді.

   - Халыққа қызмет көр­­сету орталықтарында ылғи кезек көп болады. Оған мемлекеттік корпорациялар да, орталықта­ғы қызметкерлер де кі­нәлі емес. Бар ахуал ақпараттық жүйелерде.  Әр ақ­параттық жүйе мемлекеттік органдарға тиесі­лі. Әр жыл сайын әр ор­ган өз жүйесін жүр­гізеді. Осы жыл ішінде жүйе, жал­пы алғанда, 35 сағат­қа тоқтап қалған. Егер ақ­параттық жүйе 5 ми­нут­қа болсын тоқтап қал­са кезек жиналған үс­тіне жинала береді. Осыдан келеді де мемлекеттік корпора­ция­лар кінәлі болады. Ақпараттық жүйелерді ылғи жаңартып отыру керек. Жылдың соңына қа­рай базалық ақпараттық жүйелерді жаңартуды жоспарлап отырмыз, - деді министр.

  Әлеуметтің бетпе-бет келетін  бір мәселесі бар. Шағымын айтып, сенім телефондарына сенім артатын жұртшылықтың дәл осы қызмет түріне алаңдаушылық біл­діре­тіні тағы бар. Қа­жетті мекеменің маманымен тілдесемін дегенше, титықтатып бітетін операторлардың жұмысы бір орталыққа бағындырылып, бір­ыңғай анықтама жүйесі енгізілмек. Мұн­дай жаңа­лық­ты да министр атап өтті.

  - Азаматтар үшін телефонға шұқшиып әр мемлекеттік органның телефон нөмірін іздегенше, бір нөмірге ғана хабарласып, ары қарай қа­жет жеріне қосылған жеңілірек. Біз қазір 1414 нө­міріне барлық сенім телефондарының нөмі­рін жинап жатырмыз. Осы нөмірге қоңырау шалсаңыз, оператор сіз­ге қажет органды білген соң сіздің қоңырауыңызды Білім және ғылым минис­тр­лігімен, Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Денсаулық сақтау министр­лік­тері­нің call-центрлеріне жі­бе­реді. Азаматтарға тек бір нөмірді ғана жаттап алған оңай, - деп ақ­па­рат берді министр Д.Абаев.

   Бір орталыққа келіп түскен ақпараттың бол­ғаны жақсы. Алайда қызмет сапасы қандай болмақ. Бір желіні ұстап тұ­ратын номерге хабарласқан халық бірін-бірі кү­тіп қалмай ма деген күдік те жоқ емес. Мұны уа­қытында көрерміз. Әзір­ше, қағазбастылықтан арылтатын жүйенің жол­ға қойылғанын күтелік.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

Бізге қазір бір терезе емес, нөл терезе керек

   Біздің өкімет мұнай-газбен бірге макулатура бизнесімен де айналысатын сияқты. Ана мекемеден мына мекемеге анықтама тасумен күнің өтеді... Электронды база? Жоға, естімеген. Бітпейтін бір терезелері бар. Бізге қазір бір терезе емес нөл терезе керек. Нөл! Яғни, мен ешкімді көрмеуім керек. Барлығы онлайн болу керек. Бірақ... Мен ана жақтан мына жаққа қағаз тасымасам, макулатурщиктер жұмыссыз қалады. Сондықтан, будь любезным. Анықтама әкеле ғой.

Timur Bektur

Фейсбуктегі парақшасынан

 

Оқылды: 146 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 16 Тамыз 2017 09:36

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер