Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 22 Тамыз 2017 06:37

ҚОҒАМ ӘЛІ ДЕ ЖЕМҚОРЛАРДЫҢ ЫҢҒАЙЫНАН ШЫҒАР ЕМЕС

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

    Халық арасында көптен бері айтылып, құлаққа әбден сіңісті болған бір әңгіме бар, ол - сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, соған қарсы іс-қимыл. Елдегі басты проблеманың біріне айналған сыбайлас жемқорлықты жоя алмаймыз, бірақ тиісті дәрежеде шара көру мәселесін ұсынған жөн сияқты.

   Рас, сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жою керек, қолға түскендерді қылмыстық жазаға тарту керек, бұл жөнінде халыққа ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ, баспасөз беттерінде түрлі мақалалар жа­рия­­ланып, теледидардан күнде­лік­ті пара берушілер мен пара алу­шыларды құқық қорғау ор­гандарының қолға түсіргендерін, ақша жасырған қойын-қонышын, үй-жайын тінтуді көрсетуден, осы қолға түскен лауазым иеле­рін соттау жайлы жағдайларды ха­лыққа жариялауда ешбір кем­шілік жоқ сияқты көрінеді. Бірақ бәрібір, сол Абай атамыз айтқан сол жартас, әлі мызғитын емес, қайта құдды пара алу мен пара бе­ру­ден, мемлекеттің мүлкін, қар­жы­­сын жымқырып жеуден, та­лан-таражға салудан жарысып, содан кім көп жейді, көп асаған түрмедегі орындарынан айры­лып қалмай бейне бір соған асы­ғып жатқандай жарыса қармап қалу­да. Неге осындай болып ал­дық? Мұндай жағдайда не істеуі­міз керек, айтқанға түсінбесек, заң­­нан қорықпасақ, айта берген­нен дәмі де, үрейі де кетіп бара жат­қан сияқты.

   Тоналып жатқан ел өзіміздікі, соларға күндіз-түні тоналып жат­қан мемлекет те өзіміздікі, әбден теріс әрекетке үйретіп, тонап, то­на­лып жатқан болашақ, өсер ұр­пақ өзіміздікі, сонда біз не істеп жатырмыз, бізге не жетпейді? Ар намыс па, өте қатал бас шабатын заң ба, әлде патриоттық елім дей­­­тін сана ма?

   Осы тұста айта кетейін, сы­бай­­лас жемқорлықтың алдын алу, ел жұртқа түсіндіру жұмыс­тарын облыс көлемінде қоғамдық ұйым өкілдері, мемлекеттік меке­ме жә­­не құқық қорғау органдары өкіл­­дерінің қатысуларымен мо­бильдік топ халықпен кездесулер ұйымдастырып, осы мәселеде ақ­параттық жұмыстар жүргізуде, мен де сол мобильді топ құра­мын­­­­дамын. Халықпен жүздесу­ден ойда қалған бір оқиға есіме тү­сіп отыр. Бір жолы халықпен кез­­десуде, аталған жайлар түсін­ді­ріліп сыбайлас жемқорларға қар­сы іс-қимылға көшу әрекеті ай­тылып болғаннан кейін, жиын­ға қатысып отырған бір ағамыз: "Айтқандарыңның бәрі дұрыс, бі­рақ бір тентектеу кісі айтқан екен, әрнәрсеге ойбайлап үйре­ніп қалса керек, жақындау адамы ақ­сақал ойбайлай бермей, құдай деп айтыңыз, ол шайтаның есімі, оны шақырмаңыз, жаман ырым бо­­лады",-деп ескертіпті, содан әл­­гі кісі 12 күн жүрсе керек "я, құ­дай­лап", келесі күні бұрынғы дағ­ды­сы бойынша құдайыңнан үй­рен­­ген ойбайым тыныш екен",-деп бұрынғы дағдысына қайта көш­­кен екен. Шырақтарым, айт­қан­дарыңа рахмет, бәрі дұрыс шындық сол, бірақ мен баламды жұмысқа тұрғызу үшін пара бер­месем жұмыссыз қалады, ол бе­рілуі керек, болмаса жұмысқа әр түр­лі сылтау айтып алмайтыны анық, басқа менің не амалым бар",-деп өзінің ойындағысын ай­тып салды.

   Рас, бұл - факт. Қоғамда шы­рыл­­даған шындық осы, ешкім жоқ­қа шығара алмайды, ел аузы­нан естігеніміз бар, мекемеге "тех­­ничка" болып жұмысқа тұру үшін де "рахметін" айтуы керек екен.

    Бұл - қалыптасқан санадағы жағ­дай. Біз бірінші кезекте осы са­наны тазартуымыз керек емес пе?

   Осы тұста тереңдеу ойланып көрейікші, яғни өз мәселемді есе­бін тауып шешсем болды, "қал­ға­ны не болса, ол болсын" деп, қо­ғам­ға немқұрайлы қарауы­мыздан өзімшілдік сананың зияны халық­қа, оның ішінде осы жемқор­лық­тың дамуына, өсуіне, жемқорлар­дың көбеюіне өз ық­палын тигізіп тұрғанын бай­қайсыз ба, сіз бала­ңызды қоғамға араластырамын деп жемқорларға жағдай жасап тұр­ғаныңызды, басқаның алдын кесіп, обалына қалғандығыңызды ойладыңыз ба?

   Елбасы Н.Ә.Назарбаев халық­қа арнайы ескертіп отырған жоқ па, "менен бастап барлық мемле­кеттік, мемлекеттік емес сектор­лар бәрі халықтың қызмет­шісі­міз, халыққа қызмет етеміз, сол үшін бізге еңбекақы бері­леді". Сон­дықтан, әрбіріміздің есімізде болуы шарт, яғни білі­міңіз, білік­ті­лігіңіз талапқа сәй­кес келіп тұрса, сіз ешкімге пара беруге, ал жұмыс беруші пара дәметуге тиісті емес, сонда бәріне кінәлі өзіміз.

   Сіз неге жемқордың жағдайын жасауға, жемқорға жол беруге, жемқорларды қолдауға тиістісіз, ол - мемлекеттік қызмет, ол орын сіздің балаңыз үшін арнайы ақша төленіп ашылып отырған жұмыс орны емес, ол бос орынға қыз­меткер немесе жұмысшы алуға мін­детті, оған біреу жұмысқа ал­ғаны үшін сыйлық, ақша беруге міндетті емес, бұл заң талабы, ал сіздің балаңызды жұмысқа алуға негізсіз кедергілер келтіріп жат­са, онда арнайы органдар бар. Ал, егер де ескертусіз осындай пара беруде арнайы мекемелердің на­за­рына ілігіп қалсаңыз, сіз де қылмысқа, пара алушымен бір­дей жауапқа тартылатыныңызды біл­геніңіз жөн. 

  Елбасының осы тұста көңіл­ден шығар хаттай сөзі бар. "Сы­байлас жемқорлықпен күрес, тек құқық қорғау органдарының ғана жұмысы емес, бұған бүкіл халық болып кірісуіміз қажет, олай бол­май тұрып жемқорлыққа қарсы тұра алмаймыз. Әрине, бәрін халық көріп, біліп отыр, бірақ сол баяғы сен тимесең, мен тимейміннің кері әсе­рі қалар емес, бүгінгі заман ке­шегі халқымыздың басынан өткен таршылық заман емес, халықтың бірқатар бөлігінде бірнеше дип­лом­нан бар, өте сауатты, дей тұр­ғанмен қоғам әлі де сол жем­қор­лардың ыңғайынан шығар емес, бұл қауіпті жол".

   Мемлекеттің дамуы, өсуі сол елдің экономикасына байланысты бол­са, ал экономиканың өсуі мем­ле­кеттің ішкі өніміне, салық жүйе­сіне, саяси ахуалына байланысты. Ел болып, жұрт болып мемле­ке­тіміз дамысын десек, оның эконо­ми­касының өсу жолын жемқор­лардың талан-таражға салуынан, әртүрлі құйтырқы жолдармен шет елдерге немесе басқа жалған қор­лармен, есеп шоттарға асырудан қор­­ғауымыз керек. Осы мақаланы жазып отырғанда, мынадай бір на­ғыз жаны ашымас жағдайды құла­ғым шалып қалды. Украинадан шы­ғарылып, тасымалданып жатқан әдемі қызыл, сары түсті күйдірілген кірпіш бағасының көтерме сату бағасы 175 теңгеден сатылатын­ды­ғы теледидардан жарнамалап жат­қан­­дығын көрдім, ал бізде салы­нып жатқан үйлерге қолданып отыр­ған Ақтөбенің қызыл кірпіш­тері 400 теңгеден екендігін естідім, естіп жем­қорлардың жолы әбден болып жатқандығына таңданбасқа амалым қалмады.

   Айтайын дегенім, халықтың жағ­­дайын ойламайтын жемқор ағайындар ойларына келгендерін істеуде. Қиналсақ та солар қойған бағаны көтере береміз, бұл да сол бәріне көніп үйренген көнбіс әде­тіміз, бұл тек мысал үшін айтылып жатқан бір жағдай.

    Халыққа деген құрметпен ой-са­наны бөлісу, еліміз, халқымыз болашағымыз қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заманда өмір сүрсе екен, мемлекетіміз даму жо­лында, соның экономикасына іш­тей кедергі болмаса, сол тосқа­уылға бірге атсалысайық деген ой, өзгеге топырақ шашу емес. Ендеше, пара­сыз болашаққа бірге қадам баса­йық.

Кажденбек БАЙМАХАНОВ,

"Жаңару" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық

РҚБ-нің облыс бойынша филиал басшысы

Оқылды: 123 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Серіктестер