Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 22 Тамыз 2017 06:56

СЫР ӨҢІРІНДЕ КӘСІПКЕРЛІК АРҚЫЛЫ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ ТӘЙ-ТӘЙ БАСЫП КЕЛЕДІ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Кәсіпкерлік салаға бет бұрған жандардың еңбегіне қолдау көрсету мақсатында ағымдағы жылдың 30-қаң­тарынан бастап облыста кәсіп­керлікке қызмет көр­сету ор­талығы құрылды. Бүгінде аудандар мен Байқоңыр қаласында да филиалдары ашылып, жұмыс жасап жатыр. Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығының мамандары ресми мекемелерге техникалық шар­ттарды алу­ға көмектеседі. Бұл жө­нінде Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұржан Өмірсерікұлы өңірлік коммуникациялар орталығында 2017 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстарына есеп беру барысында баяндады. Кәсіби техникалық шарттарға қол жеткізу үшін табан тоздырып, құжат әзір­леп жүретін кәсіп­керлер ен­ді қажетті құжаттарын атал­мыш орталыққа өткізіп, 5 күн мерзім ішінде қол жеткізе алады. Тағы бір айта кетерлігі, орталық Ұлт­тық кә­сіпкерлік палата жә­не Үкі­мет басшылығы тарапынан оң пікірге ие болып үлгерген. Сонымен қатар басқарма басшысының айт­у­ынша, өңірге Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Сол­түстік Қазақстан, Атырау облыстарынан осы кә­сіпкерлікке қызмет көр­сету орталығынан тәжірибе алмасу мақсатында өкілдері келуде. Бү­гінгі күнге дейін орталық арқылы 934 қызмет көрсетіліп үлгерген, оның 771-і кеңесшілік қызмет болса, 163 кәсіпкерге рұқ­сат­нама құ­жаттары алып берілген.

   Кәсіпкерлік арқылы туризм саласының даму деңге­йіне байланысты қойған сұ­рағымызға басқарма басшысы туризмді дамыту үшін алдымен қолайлы климаттық жағдайдың және инфрақұ­ры­лым қажет екендігін тілге тиек етті. Биыл ЕХРО халық­аралық мамандандырылған көрмесі аясында этноауыл жобасы жүзеге асып жатқандығын және осы арқылы облысқа келуші туристердің са­ны 32,4%-ға өскендігін айтады. Мұнан өзге, Батыс Еуропа-Батыс Қытай бойындағы сервистік кешендердің бір жағынан кәсіпкерлік субъек­ті­сін құраса, бір жағынан туризм объектісі болып табылатындығын айтты.

  Газетіміздің өткен сандарының бірінде Жаңақорған ауданы әкімі Ғалым Әміреев­тің Қаратау бөктерінен демалушыларға арналған арнайы белгіленген аймақта демалыс орнын салу ағымдағы жылдың жоспарына енгізгенін жет­кізген едік. Сонымен қа­тар, мұнда шетелден келетін туристерді де тарту көзделге­нін айтқан-ды. Осы тұста Қа­ратау бөктеріндегі демалыс аймағына Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы тарапының қосқан үлесін білмек болып сауал тастағанымызда, бас­шы­дан мардымды жауап ести алмадық.

    - Арнайы басқарма тарапынан мен өзім бардым. Сол жерде "Менің Отаным - Қа­зақстан" атты жастар слетін өт­кіздік. Ол жаққа бізбен бір­ге тур операторлары барды. Демалыс орны Жаңақорған ауданынан 18 шақырым қа­шықтықта орналасқан. Жолының барлығы жақсы, ау­мағы қоршалған. Жан-жағынан бұлақтар ағып жатыр. Өте ыңғайлы жер. Қасында киіз үй­ден жасалған ресторандар, жатын орындары бар. 3 тур компанияның өкілдері өз­дерінің туристік маршруттарына сол аймақты қосты. Жал­­пы барып көріңіздер, жақ­­сы,- деп қысқа қайырды басшы.

   Біз осы орайда Шалқия кен­тінің әкімі Молдахмет Ауановпен байланысқанымызда кенттегі ашылған демалыс орны Мақсұт есімді жеке кәсіпкердің иелігінде екенін, қазірде демалыс маусымының аяқталғанын ғана айтып, кәсіпкермен байланысуымызды сұрады. "Бержембай" жеке кәсіпкері Мақсұт Рахимов екі жарым ай уақыт жұ­мыс жасағанын, күніне орташа есеппен 50 адам келгенін, қазір жер мәселесінің шешілмеуіне әрі күннің суықтығына байланысты тоқтап тұрғанын, аудан әкімі айтқандай, шетелден ешқандай турист тартылмағанын алға тартты.

   Әзірге өңірде Арал ауданындағы "Қамбаш" көлінің жағалауында туризмді дамыту кешенді қолға алынып, туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында құрылысы тез тұрғызылатын материалдан жасалған 12 тұрғын үй жұ­мыс жасауда. Сондай-ақ, "Бай­­қоңыр" ғарыш айлағының туристік әлеуетін одан әрі дамыту үшін республикалық деңгейде талқыланып жатқан "Байқоңыр" туристік ойын-сауық аймағын ашу" тұжырымдамасы әзірленген. Аталмыш тұжырымдама қолдау тауып жатса, аумағы 100 гектар жерде қонақ үй, этно­ауыл, арнайы мұражай, ойын-сауық кешендері салынбақ. Ол алдағы уақыттың еншісінде...

Майра БОЛАТОВА

Оқылды: 79 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер