Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 29 Тамыз 2017 09:41

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры: халық нені білуі қажет?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында жарияланған мәлі­меттерді негізге алсақ, 2017 жылдың 1 шілдесі мен 24 тамыз аралығындағы қорға түскен қаржының жалпы сомасы 4,6 млрд.теңгеден асқан. Ал, бір ғана тамыз айының ішінде қордың ҚР Ұлттық банкіндегі шотына 3,8 млрд.теңгеден астам қаржы түсіпті. Бұл ақпарат тамыз айының толық қорытындысы емес, жоғарыда аталған күндер аралығындағы шығарылып отырған есеп.

   Қосымша айта кетерлігі, қордағы түсімдердің 78%-ы жұмыс берушілердің қара­мағындағы жұмыскерлері үшін жасаған аударымдары болса, 22%-ын жеке кәсіп­керлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде жұмыс істейтін тұлға­лардың жарнасы құрап отыр. Қорға жарна төлеу жағынан Қазақстан бойынша аймақ­тардың арасынан Алматы қаласы көш бастап тұр. Мұнан соң Шығыс Қазақстан об­лысы мен Астана қаласы белсенділік танытуда. Ал, Қызылорда облысы ауда­рым­­дар мен жарна төлеуге қатысты бұл тізімде әзірге ең төменгі көрсеткішпен соңғы орында.

   Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмысын бастады. Екі айдың ішінде аударымдар мен жарналардан күн санап қорға қаржы жиналуда. Алай­да, жүйеленген тәртіппен жұмысын бастаған жаңа жүйенің көпшілікке түсініксіз тұстары жетерлік. Редакциямызға хабарласып, келіп түскен сауалдардың басым бөлігі осы жаңа жүйеге қатысты. Сол себепті оқырман қауымға тақырып төңірегінде жиі кездесетін сауалдардың жауабын тарқатамыз.


Жүйенің тиімді тұсы қандай?

    Жарна төлеу төңірегінде туындаған тұр­ғындардың сауалдарын жүйелеп, біз Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасына хабарласып, ма­мандармен байланысқа шықтық. Сұ­рақтарымызды жолдап, жауап алдық. Қосымша мәлі­меттерді әлеуметтік ме­ди­циналық сақ­тандыру қорының рес­ми сайты арқылы толықтырдық. Алды­мен басқармамен Қызылорда облыс­тық денсаулық сақтау басқармасының бас­шысы Ақмарал Әлназарованың жүйенің тиімді тұстарына қатысты айтқан пікіріне тоқталсақ.

    - Жалпы 1 шілдеден басталған ауда­рымдар жөнінде күнделікті бұқаралық ақ­парат құралдарында көрсетіліп отыр. Бұл - ашықтыққа негізделген жү­йе. Ұтары­мыз не? Ең бастысы, ден­саулыққа деген санадағы сілкініс. Әр­бір азамат, қаржы төлей бастағаннан-ақ, өз денсаулығына деген жауап­кер­ші­лігін арттырады және сапалы меди­ци­налық көмек алуға мүмкіндігі туады. Ал, мемлекеттің халық денсаулығын ны­ғайтуда көмекші қаржы қалтасы қа­лыптасады. Сол арқылы күнделікті да­мып отырған медицинаның соңғы же­тістіктерін игеруге мүмкіндігі артады. Әлемдік деңгейде жасалып жат-қан бар­лық медициналық көмекті беруге, отандық дәрігерлеріміздің мүмкіндігі толық бар,- дейді Ақмарал Шәріп­байқызы.

   Облыстың бас дәрігері медицина са­ласына енген жаңа жүйе арқылы жұмыс берушілердің де жауапкер­ші­лігі артатын­дығын айтады. Әрине, оның бір ізге түсіп, қалыптасуы үшін де уақыт қажет. Жүйе салауатты өмір сал­тын қалыптастырып, өз кезегінде денсаулықты көтеруге септігін тигі­зе­тінін де тілге тиек етті. Еуропа елде­рінің басым бөлігінде денсаулық көр­сет­кішіне мән беретіні секілді, Қа­зақ­с­танда осы жаһандық үдеріспен бірге іл­гері жылжуы қажеттігі айтылды бас­шы тара­пынан. Сонымен қатар, емха­на­лар ара­сындағы бәсекелестіктің туын­дауы медициналық қызмет көр­се­ту сапасы­ның артуына да септігі тимек.

   - Міндетті әлеуметтік медицина­лық сақтандыру шаралары жүзеге ас­қанда, әрбір емдеу ұйымдарының орта­сында бәсекелестік туады. Себебі, қар­жы жеке адамның соңында жүреді. Әр­бір емдеу мекемесі өзінің көрсеткен қыз­метіне қарай, қаржысын алып оты­рады. Бұл де-геніміз - емдеу ұйым­дарын жоғарғы дең­гейде медицина­лық қызмет көрсетуге алып келеді. Тағы бір оңды мәселе, мем-лекет кепіл­дендірілген медициналық кө-мек шең­берінде берілетін тегін дәрі-дәр-мектің ешқандай кедергісіз қажетті науқас­тар­ға жетуі болмақ. Бұрынғыдай тен­дер күтіп жүрместен, сақтандыру қоры тіке­лей жеткізілім жасайды. Ал, аза­мат-тарымыздың міндеті не? Ол үшін, әр-біріміз өзімізге жақын орналасқан емха-наға тіркелуіміз қажет. Емханада сіз­дің статусыңыз анықталып, базаға тү­сесіз. Статусыңыз арқылы сіздің қар­жыңыз анықталады,- дейді басқарма бас­шысы.

   Осыдан екі ай бұрын Сыр өңіріне жұ­мыс сапарымен келген "Әлеуметтік меди­циналық сақтандыру" АҚ төра­йы­мы Елена Бахмутова сырбойы­лық жур­на­листермен арнайы жүздесіп, жаңа жү­йеге қатысты брифинг өткізген бо­латын. Кездесуде ол жүйеге қатысты өз­герістер мен толық­тыруларға тоқ­талып, төленетін жарна құнының тө­мен­дегенін хабарлады. Сон­дай-ақ, ол өз сөзінде әлеуметтік медици­налық сақ­тандыруға қатысты барлық жаңа­лық­тардың қордың арнайы www.fms.kz сай­ты арқылы жарияланып отыратын­ды­ғын да баса айтқан-ды. Жоспарлы әрі жүйелі жұмысын жасап отырған сайт­тан біз біршама сауалға жауап таптық.

 

 

Мәртебені қалай анықтайды?

   Естеріңізде болса, газетіміздің өт­кен санында мемлекет басшысының "Қазақ-стан Республикасының кейбір заң акті-лерін денсаулық сақтау мәсе­ле­лері бойынша өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы" заңына қол қой­ғандығын жазған болатынбыз. ҚР Президентінің баспасөз қызметі ха­барлауынша, заңда  міндетті әлеуметтік медици­на­лық сақ-тандыру қорына мемлекет тара­пынан төленетін жар­на көлеміне өзгеріс енбеген. Яғни, мем­лекет 2018 жылдан бастап азамат­тардың әлеуметтік жағынан аз қорғал­ған 14 санатын сақтандырады, ал мұн­дай санатта 10 млн.-ға жуық қазақ-стан­дық бар. Бір мәліметтерде мемлекет қар­жыландыратын санатты 14, енді бі-рінде 15 деп көрсетіліп жүр. Сол се­беп­ті ресми сайтта жарияланған 14 са­натқа кім-дер кіретіндігін жариялап отыр­мыз. Олар төмендегіше:

1) балалар;

2) жұмыссыз ретінде ресми тір­келген адамдар;

3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

4) үш жасқа толмаған бала (балалар) тәрбиесімен айналысатын жұмыс істе­мейтін азаматтар;

5) бала (балалар) туу немесе жаңа туған сәбиді (сәбилерді) асырап алуға бай­ланысты, баласы (балалары) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыс алған адамдар;

6) мүгедек бала күтімімен айналы­сатын жұмыс істемейтін азаматтар;

7) зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүге-дектері;

8) сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекеме­ле­рінде жазасын өтеп жатқандар;

9) тергеу изоляторларында отыр­ғандар;

10) жұмыс істемейтін оралмандар;

11) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқа­ларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" орден­де­рімен марапатталған көп балалы аналар;

12) мүгедектер;

13) орта, кәсіптік-техникалық, орта бі­лімнен кейінгі, жоғары білім беру, сон­дай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқып жат­қан тұлғалар;

14) орта, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі жоғарғы білім беру, сон­дай-ақ, жоғарғы оқу орнынан ке­йін­гі білім беру ұйымдарын іштей оқып бітіргендер, оқуды бітіргеннен кейін күнтізбе бойынша үш айға дейін.

   Мұнан соң, "Өзімнің қай топқа кі­ретінімді білуім үшін мен не істеуім ке­­рек?" деген сауал туындайтыны анық. Ол үшін 2018 жылдың 1 қаң­та­ры­нан бастап e-gov.kz порталы немесе Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне жүгіну арқылы өз мәрте­бе­ңізді тексеруіңізге болады. Егер де өзіңізді жеңілдігі бар азаматтар тізі­мінен таппаған болсаңыз, онда сізге оны растайтын құжаттарды дайында­уы­ңызға тура келеді. Ол үшін қажетті құжаттар тізбесін Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыруыңыз қажет болады. Мұнан ары қарай бұл мәліметтер сіздің жеңілдігі бар аза­маттар тізіміне енгізілгеніңізді растау үшін мемлекеттік органдарға жөнелті­леді. Егер бәрі дұрыс болса, сіз үшін жар­наны мемлекет төлейді.

  Сонымен қатар, міндетті әлеу­меттік медициналық сақтандыру қо­ры­на жарна аудара отырып, емделуші қаралатын емханасымен салалық ма­мандарын өзі таңдауға ерікті. Ал, ем­ха­наны қалай таңдау керектігі және мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде жұ­мыс істейтін ме-дициналық мекеме­лер­мен қордың ресми сайты арқылы танысуға мүмкіндік жасалған.

 

Жарна төлеуді бастаған кімдер?

    Сонымен ағымдағы жылы шілде айы­ның 1 жұлдызынан бастап жұмыс беру­шілер мен жеке кәсіпкерлер міндетті ме­дициналық сақтандыру қо­рына жарналар мен аударымдарды тө­леуді бастады. Ал, шілде айына бел­гі­ленген аударымдар 25 тамыз күні аяқ­талды. Осыған дейін айтыл­ғандай жұ­мыс берушілер қарамағындағы жұмыс­керлері үшін қызметкер табысы­ның 1% көлемінде жарна аударуға тиіс. Ал, же­ке кәсіпкерлер (соның ішінде жеке меншік нотариустар, жеке сот орын­дау­шылары, адвокаттар, кәсіби медиа­торлар) жұмыс беруші ретінде жұ­мыс­керлері үшін 1%, ал өздері үшін 2 ЕТЖ-ның (ең төменгі жалақының) 5%-ын аударады, ол 2246 теңгені құрайды.

   Қосымша ескертетін тағы бір жайт, міндетті әлеуметтік сақтандыру қо­рына жарна (аударым) төлеуді уақытынан ке-шіктірген жағдайда оған өсімақы қосы­лады. Сонымен қатар, міндетті сақ­тан­дыру жарна­сына қатысты қарыздарды өтеуге болады. Алайда, кешіктірілген әр күн үшін (қорға жарна төлейтін күнді қоса алғанда) қайта қаржыландыру мөл­шер­лемесінің 2,5 еселенген мөлше­рінде өсім-ақы төленеді. Жарнаны ай сайын немесе әр ай үшін аванс түрінде төлем хабар-ламасы (тапсыр­масы) арқылы төлеуге болады.

   Жұмыс беруші жарна аудару ке­зінде қызметкердің аты-жөні мен ЖСН дұрыс көрсетуі тиіс. Ал, МӘМС төлемдерін кез келген екінші деңгейлі банктер немесе Қазпочта бөлімшелері арқылы "Азамат­тарға ар­налған үкімет" мемлекеттік корпо­ра­циясының шотына (басқа да әлеу­меттік төлемдермен қатар) аудара­ды. Мұнда жұмыс берушілерге арналған - 121, жеке кәсіпкерлерге арналған - 122 төлем коды белгіленген.

   Егер де жеке кәсіпкердің ресми түрде ЖК қызметі тоқтатылған және оның басқа да кіріс көзі болмаса, онда азамат басқа тұлға ретінде 2018 жылдың қаңта­рынан бастап ТАЖ-ның 5%-ын тө­лей­ді. ЖК қызметі тоқтағаннан ке­йін ол Халыққа қызмет көрсету орта­лы­ғы арқылы өзінің санатын анықтап алуы керек.

   Әрине, жүйенің дүйім жұртқа тү­сінікті болуы үшін біршама уақыт қа­жет. Бүгінде көпшілікке қолжетім­ді ға­ламтор бар. Интернетті тиімді пай­далана алатын болсаңыз, жүйенің атқарылған жұмыс­тарын бақылап оты­ру қиын емес. Жоға­рыда айтыл­ған мәліметтер әлеуметтік медици­на­лық сақтандыру қорының ресми www.fms.kz сайтынан алынды.

 

Қордан қандай нәтиже күтіледі?

   "Әлеуметтік медициналық сақ­тан­дыру қоры" коммерциялық емес акцио­нерлік қоғамы Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің 2016 жылы 1 шілдедегі №389 қаулысына сәйкес құрылған. Ал мис­сиясы халықты тиім­ділігі дәлелденген, қолжетімді медици­налық көмекпен теңдей қам­тамасыз ету, оларды медици­на­лық көмекке негізсіз жұмсалатын артық шығындардан қор­ғау, медицина­лық қызметтерді кепілдік пен теңгерімді сақтай отырып сатып алу.

   Ал қордың пациенттердің мүдде­сіне сай тиімді әрі сапалы медици­на­лық көмекті стратегиялық сатып алу­мен айналысатын қаржылық ор­нықты ұйым қалыптастыру мақса­тын­да құрылған. Азаматтардың жап­пай сапалы медици­налық көмекпен қамтамасыз етілуі, көрсетілген меди­циналық қызметтің сапасын тиісті деңгейде ұстап тұру, қорды медици­на­лық қызметтерді стра­те­гиялық са­тып алушы ұйым ретінде дамыту әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қорының міндетіне кіреді.

    Мамандардың жоспарлауынша, қордың 2017 жылдан 2021 жылға де­йін дәрігерлер жалақысы орта есеп­пен 30% өседі. МӘМС шеңберінде қызмет көр-сететін жеке меншік кли­ни­калардың үлесі 2018 жылдан бастап 2 есе артады деп күтілуде. Сондай-ақ, 2021 жылға қа-рай пациенттерге көрсетілген жоғары технологиялық қызмет саны 30%-ға артып, жылына 3,5 мың ота жасалатын­дығы жоспарланған.

   Сайттың "Клиниканы таңдау" деген бөлімінде 2017 жылы Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (КТМКК) шеңберінде қызмет көрсе­тетін медицина ұйымдарының тізімімен танысуға болады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызмет көрсететін (2018 жылдың 1 қаң­та­рынан бастап) медицина ұйымдары­ның тізімі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісім бекіт­кен­нен кейін жаңартылып отырады екен. "Халықтық бақылау" бөлімінде емделу­шілер өзі тұратын аймағын, қаралған емханасына (стационарға) өзінің жеке куәлігіндегі ЖСН нөмірін теру арқылы шағымдана алады.

    Қордың сайты арқылы кез келген санаттағы тұлғалар өздеріне қажетті сұрақтарына жауап ала алады. Мұнда жұмыс беруші, жеке кәсіпкер, шаруа қожалығының мүшесі, шаруа қожалы­ғы­ның иесі, азаматтық-құқықтық келі­сім шарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлға, жалдамалы жұмыскер, азамат­тар­дың жеңілдігі бар санаттары және өзге тұлғалар деген бөлімдеріне қорға қа­тысты барлық ақпарат жарияланған. Ал, аталмыш бөлімдерден өз сауалына жауап таппаған жарна төлеуші 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы Call орталық мамандарымен байланысқа шығып, сауал­дарын тікелей қоюларына мүмкін­дік бар. Байланыс орталығына міндетті әлеуметттік медициналық сақтандыру мәселелері жөнінде Қазақстан аумағы бойынша қалалық телефон және ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

 Материалды әзірлеген

Майра БОЛАТОВА

Оқылды: 117 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер