Айтарым бар

   

Жанболат Ошақбаев, жас кәсіпкер: 

    Кәсіп бастайтын адам үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы зор. Қазіргі таңда екінің бірі кәсіпкер болып кетті ғой. Алайда, барлығының еңбегі жемісті болып жатқан жоқ. Кәсіпкерде әрқашан «Б» жоспары болуы керек. Есеп білмеген адам қарапайым сауданың да жөнін біле бермейді. Сондықтан, бизнес бастамас бұрын қаржылық сауаттылықты меңгеріп алу керек. Себебі, алғаш кәсіп бастаған адамның бухгалтерге, сатушыға, кассирге жеке-жеке жалақы төлеуге шамасы жетпейді. Осы қызметтің бәрін өзі атқарып, кәсіптің басы-қасында жүрген адам ғана жоғары жетістікке қол жеткізе алады.

baribar.kz


Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 05 Қазан 2017 10:05

Жылына 15 мыңнан астам қызылордалық ем алып шығады

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

        Медицина мамандарының әрбір күні қауырт. Ем алуға келген тұрғын­дардың тілін тауып, қажетті ем жасап, дұрыс диагноз қою сала маман­да­ры­ның күнделікті жұмысы. Қоғам та­рапынан жиі сынға ілігетін дәрі­гер­лердің кәсіби қызметіне бір сәт үңі­луге мүмкіндік алдық. Медициналық қызметтің ішкі әлеміне ену үшін ар­найы пресс-турға барып қайттық. Өңір­­лік коммуникациялар қызметі өңір журналистеріне арнап Сыр хал­қына медициналық көмек көрсететін облыстық медицина орталығының қызметімен таныстырды. Өнегелі та­рихы, өз алдына тәжірибесі бар орта­лық 63 мамандық бойынша қызмет жасайды. Жылма-жыл салалық дең­гейде қызмет аясын кеңейтіп келе жат­­қан орталықта 23 клиникалық, 37 қосалқы бөлімше жұмыс жасайды.

   Көпсалалы орталықта медици­на­лық көмектің барлық түрін көрсе­теді. Мамандардың жұмысы уақыт­пен өлшенбейді. Себебі орта есеп­пен күніге 200 науқас келеді, әртүрлі деңгейдегі 40-50 ота, уақытпен санас­пайтын жедел түрдегі 15 ота жасалы­нады екен. Демек, дәрігерлерді апта­сына кемінде 180-200 ота күтіп тұр де­ген сөз. Жылына 15 мыңнан астам қы­­зылордалық ем алып шығады. Қа­зіргі бағыт сырттан ем алуға мәжбүр нау­қастарды орталықта емдеудің тетігін табу.

   Орталық жұмысымен таныс­тыр­ған бас дәрігер Сәбит Пазылов жаңа технологиялардың мүмкіндіктері жа­­йында сөз етті. Бұрындары Сыр елінің тұрғындары көзге жасайтын отаның жоқтығынан өзге аймақтарға баруға мәжбүр болатын. Қазір бұл мәселе де ретін тапқан. Айталық, қо­мақты қаржыға қажетті құрал-жаб­дықтар сатып алынып, көзді тек­серетін аппараттар әкелінген. Бұған қоса аяқ тамырларының зақым­да­н­уын, сүйектің тығыздығын анық­тай­тын, инсулин қажеттігін өзі рет­тей­тін аппа­раттар түрлі аурулардың емін та­бу­ға мүмкіндік беріп отыр. Бүгінде жүрек-қан тамырлары, травмато­ло­гия­лық жарақаттарға жасалатын оталар саны жиілеуде. Бас дәрігер Сәбит Бексейіт­ұлы кадр мәселесінен де айна­лып өте алмады. Анестезиолог маман­дар­дың жетіспеушілігін тілге тиек етті. Десе де, мұн­дағы мамандардың алаңсыз қыз­метке кірісуіне барлық жағдай жа­сал­ған. Мәселен, арнайы ша­қырылған ма­мандарға пәтер бөлін­ген, орталық жа­нындағы спорт комп­лекстері де ма­ман­дардың бос уақытын тиімді өткі­зуге мүмкіндік береді.

   Пресс-тур барысында орталықтағы реабилитация, кардиореабилитация, нейрохирургия, травматология бөлім­ше­лерінде мамандар қызметімен жа­қы­нырақ таныстық. Мамандармен тіл­десіп, саланың бүгінгі жолын сөз еттік.

   Көзбен көрген дүние өзгеше әсер етеді. Отау жасау бөлмесінің ішкі аура­сы ә дегеннен бойды салқындатып жі­бе­реді. Қаз-қатар тігілген ота жасайтын құралдар, дәрігерлердің епті қимылы көз алдынан өтіп жатыр. Расында, сөз­бен бір-ақ сәтте жеткізе салатын про­цесте қаншама адамның маңдай тер ең­бегі жатыр. Орталық жұмысын сырт­тай бақылаған үш сағат уақыттың қа­лай өтіп кеткенін білмей де қалдық. Бұл орталық мамандарының әрбір күні осылай еңбекпен өтетінін білдіреді.

Г.Ерниязқызы

Оқылды: 237 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C