Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 12 Қазан 2017 10:16

Бензин бағасы неге тұрақсыз?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

    Жанар-жағар май құны жолда жүргендердің жағасын ұстатқалы қашан?! Жанар-жағармай бағасының өсуі себепті қоғамдық көлікте жүру құны көтеріліп кетті, салмақ халықтың қалтасына түсті. Сатылап бағасы өсіп жатқан жанар-жағармай құнына бақылау, тексеру жүргізілген. Әт­те­генайы сол, әлі нәтиже жоқ.

   Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын корғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Аи-92/93 маркалы бензинді бөлшек сау­дада өткізуші нарық субъектілеріне, яғни "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС, "Гелиос" ЖШС, "Sinooil" ЖШС-терімен бірге "TS Оңтүстік жанар май" ЖШС-теріне қатысты ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына байланысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген.

  Осы аталған тергеп-тексеру жұмыстарының нәтижесінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 170-бабының 1-тармағы, 1-тармақшасына сәйкес тауарлар өндіруді, өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің бәсекелестікті шектеуге бағытталған, оның ішінде тауарларды сатып алу немесе өткізу бағаларын не басқа да жағдайларын белгілеуге және ұстап тұру бойынша заң бұзушылық белгілері, нақтырақ айтқанда, бағаны негізсіз көтергендігі анықталған. Соған байланысты "TS Оңтүстік жанар май" ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалып, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкім­шілік сотының қаулысымен 8 890 954 теңге мөлшерінде айыппұл салынған. Дегенмен аталған сот қаулысы заңды күшіне әлі енген жоқ. Ал, аталған мекеме директоры Әлімжан Махамбетов бензин бағасын көтергендігінің өзін­дік себептері бар екенін, сот қаулысымен келіспейтін­дігін, аппеляциялық шағым түсі­ретінін айтып отыр.

     Газетіміздің келесі санында бұл тақырыпқа тереңірек баратын боламыз.

Айдар САЙЛАУОВ

Оқылды: 50 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер