Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:

       Оқу жылы басталар алдында Қы­зылорда облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова жаңа оқу жылын­дағы дайындық жоспарларын журналистермен бөліскен-ді. Көш­пелі брифингті әкімдік ғима­ратында емес, №4 дарынды бала­ларға арналған мектеп-интерна­тында өткізуді жөн көрген бас ұстаз оқу жылындағы өзгерістерге тоқталып, өткен жылдың қоры­тын­ды­сымен бөлісті.

    Биыл Қызылорда облысында 1-сыныпқа баратын балалардың саны өткен жылдан қарағанда 7 мыңға көп. Аймақта 294 мектепке 154559 оқушы барды. Оның 1-сы­ныбына 18942 бала қабылданған.  Басқарма басшысы мектеп ты­ғыз­дығына қатысты көбіне №2,3 мектептерге балалардың көптеп баратынын ашып айтты, дегенмен оқушыларды орналастыруда ай­тарлықтай проблема жоқ дейді. Со­нымен бірге биыл жоғары сы­ныптар бірқатар пәндерді ағыл­шын тілінде оқитынын еске салды.

    - Оқу жылының ерекшелігі - жа­ратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің жоғары сы­ныптары ағылшын тілінде оқы­тылуы. Пәндерді ағылшын тілінде оқытуға 2021 жылға дейінгі кезең­мен көшудің жоспарына сәйкес облыстағы 46 инновациялық мек­теп жұмысты алғашқы болып бас­тайды,-дейді Майра Мелдебекова.

Бөлім:  Білім
Сәрсенбі, 05 Қыркүйек 2018 09:55

Оқудағы өзгерістер. Нені білу керек?

   

   Жылда ата-аналар қауымы мектеп өміріне алаңдап, жаңашылдықтарға көз тіге қарайды. Себебі Қазақстанда жыл сайын оқу жылында өзгерістерге орын беріледі. Реформаларға ілесу үшін мұғалім қауым ала жаздай білімін шыңдау бағытында ізденеді, курстан өтеді. Мұның бәрі жаңартылған білім беру мазмұнына мектептерді кіріктіру үшін жасалады. Өткен жылы 2,5,7- сыныптардың оқушылары жаңа форматта білім алса, биыл 3,6,8 сыныптың оқушылары жаңа жүйенің жаңалығын сезінеді. Ал, қалған сыныптар 2020 жылға дейін спиралдік жүйе бойынша білім алуға көшеді. Билік басында отырғандар биыл да өзгешеліктің бар екенін мойындайды. Бірақ айтарлықтай түбегейлі өзгерісті енгізбегенін айтып қалуда. ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биыл барлық оқу ордасының жауапкершілігіне назар аударылады әрі ұстаздардың жағдайын реттеуге басымдық беріледі деп сендіріп қойды. Сонымен, жаңа оқу жылының алғашқы аптасына да аяқ бастық. Нендей өзгерістер байқалады? Тарқатып айтайық.

 

ОҚУҒА АСЫҚ БАЛА КӨП

   Демографиялық ахуалдың жыл санап жақсарғанын оқуға қадам басқан балалардың санынан аңға­ру қиын емес. Есіңізде болса, өт­кен жы­лы 1-сыныпқа қабылданатын ба­лалар үшін "е", "д" сыныптары көп­теп ашылған еді. Бір сыныпта 30-ға жуық баланың отыруы мәселе ретінде де аз айтылған жоқ. Дегенмен білім ұялары жаңа сыныптар ашып, мәселені шешуге тырысып бақты. Биыл да бас ұстаздың айтуына қарағанда мектепке асыққан оқушылардың қатары көп. Қуантарлық жағдай. Әлбетте, министрлік оқу басталарда бала тізімін жасалғаннан кейін қажетті сыныптарды ашып, оған мұғалімдерді бөлу мәселесін шешуді көздеді. Демек, бала санының артуы жаңа мектептердің салынуын қажет етеді. Осы ретте тамыз жиы­нында бас педагог үш ауысымды мек­теп мәселесі түбегейлі шешіле қоймағанын ашып айтқан еді.

Бөлім:  Білім

   

   Қазір ғаламның ғаламаты саналған робототехника ісіне қазақ балалары да білек сыбанып кірісе бастады. Күншығыс елінде ғана дамуы бір арнаға түскен робототехника саласы біздің елге дендеп еніп жатыр. Дегенмен ІТ саланың тамырына қан жүгіртуде бірқатар проблемалар аяқтан тартады. Осы себепті де Қызылорда қаласындағы робототехника үйірмесінің жетекшісі, КазРоботикс федерациясының аймақтағы өкілі Раушанбек Сариевпен тақырып аясында ой қозғадық.

    - Раушанбек Әбілдәұлы, қазір жер әлем ІТ бағыттың игі­лігін сезінуге асығуда. Түрлі технологиялар арқылы бәй­мә­лім жаңа жобалар өмірге енуде. Робототехника бағыты ал­ға шықты. Бұл үрдіске біз қаншалықты дайынбыз?

   - Цифрландырудың қарқыны тым қатты екеніне келісемін. Алайда, біз ақпараттық технология, робото­тех­ника бағыты бойынша көрші Ресейден 5-6 жылға қалып қойып отырмыз. Бұл шындықты айтуға тиіспіз. Көрші Ресейде балаларды робот құрастыру, автомоти­за­ция бағытына бейімдеуде үлкен жүйе қалыптасқан. Мә­се­лен, робототехника сайысы бойынша олар ұлттық құра­маға бірігіп, өз командаларын қалыптастырып үлгерді. Жеке-жеке тренерлері, материалдық-техника­лық базалары қалыптасқандықтан көптеген додаларда жүлде орнын бермей келеді. Өткен жылы халықаралық жарыста Ресей балалары әлемде робототехникадан бірінші орынды олжалап кетті. Ал, бізде ше? Қазақстанда робототехника бағытында бірыңғай жасақ жоқ. Бұл енді ғана қолға алынып келеді. Оның үстіне дербес білім беру ұйымдары өз алдына, орта мектептер өз алдына бала дайындап, сынақтарға қатысады. Мұндайда Зияткерлік мектептің балаларының мүмкіндігі жай мектептерге қарағанда әлдеқайда жоғары. Себебі қаржыландыру көзі мақсатты шешілген. Егер де қарапайым мектептер Зият­керлік мектептер секілді қомақты қаржыландырудан өтсе, орта мектептің білімдегі бәсі жоғары болатын еді.

Бөлім:  Білім

 

  Газет - идеологияның басты құ­ра­лы. Келмеске кеткен Кеңес заманында да бұл солай болған, қазірде де ақпарат құралдары жаңалықтың бастау бұлағына айналды. Бірақ, бү­гінгі нарықтың алапат күші баспасөз басылымдарын жаңа бағытқа икемдеп, бәсекелестікке жол ашып берді. Дүрмекке ілесуде әр басылым тақырыптық бағыттарына қарай өз оқырманын қалыптастырып, аудиториясын жинай бастады. Сыр елінде де ақ­парат құралдары жыл артына жыл қосып, мазмұны жағынан байып, жа­ңа деңгейге көтерілуді мақсат тұтты. Ал, осыдан бес жыл бұрын ақпарат айдынына қосылған "Ақмешіт жастары" газеті де жастардың қалауын дөп басып, оқырман ойын бір арнаға тоғыстыра білді. Жастардың төл басылымына айналды. Оған себеп те жоқ емес еді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен жарық көр­ген жастар газеті бүгінде бес жыл бедеріне шықты. Газеттің шығарма­шы­лық әлеуетінің қалыптасып, оқыр­манмен байланыс орнату жолындағы осы 5 жылда іргелі ізденіс­тер мен байыпты бастамалар Сыр елінің медиакеңістігіне таралды.

   Оқырман ойымен санасып, қоғам талқысына түскен тақырыпты талдау, сырлы сұхбаттар әзірлеу, ойлы ма­қалалар жазу әр редакцияның өзін­дік стилі арқылы дамиды. Басылымның бас редакторы Айжан Абдуллаева "Ақмешіт жастары" газеті 32 салалық тақырыпты, 150-ге жуық айдарды қамтитынын алға тартты. Ел өміріндегі оқиғаларды екшейтін "Айна", "Тұғыр", "Қамшы", "Бағдар", "Дода", "Демалыс" беттері оқырманға ой тастайды. Мұнан өзге сараптамалық мақалалар топтамасын әзірлей­тін "Таразы", журналистік зерттеуге ек­пін берілген "Нысана", кәсіпкерлерге арналған "Бағдар", діндегі ділгір мәселелерді таразылайтын "Діңгек", көшбасшы жастардың бейнесін ашу­ға бағытталған "Темірқазық", жас отбасылардың мәселесін мінберге шығаратын "Шаңырақ" арнайы беттері газеттің тақырыптық бағытының айқын екенін аңғартады.

Бөлім:  Дидар

   

  Жеті қазынаның қатарында тұрса да төбеттердің титімдей де қадірі қалмай бара жатыр. Төрт аяқтыларға мүсіркеп қарап жат­қан жан баласы ілуде біреу ғана. Төрінде тазы, ауласынан алабайы кетпеген ел "ысырапшылдық болмасын" деп ит асырапты. Өйткені қалған-құтқан тағамды осы үй жануарының итая­ғына салып беріп тамақтандырған. Ал, тазы болса күн­де­лікті ас-ауқатын табуға, аңшылықта жәрдемдесуге үлкен сеп.

   Ит адамның досы ғой, талас бар ма,

   Ортамыздан хақың жоқ аластауға.

   Компасың боп үйіңе  алып келер,

   Борандарда, түндерде адасқанда, - деп Свет Оразаев та өлең­іне осы мақұлықты арқау етіпті. Дегенмен де ит адамның досы дегенге талас туындап отырғаны рас. Ол егесінің ғана досы, бөгде адамға шабуыл жасап, тістеп, қауып алуы мүмкін. Сондықтан таяқтың екінші ұшы да өз маңызын жоғалтпай тұр.

    Тақырыпқа дендеп енбес бұрын иттердің шығу тарихына көз жүгіртіп өтсек. Ғалымдардың айтуы бойынша ит - қас­қыр тұқымдасына жататын жырт­қыш. Олар шамамен б.з.б. 15-10 мың жыл бұрын қолға үйретілген деп есептеледі. Ит - нағыз етқоректі жануарлар. Иттердің есту, көру, иіс сезу мүшелері өте жақсы жетілген. Үйретуге өте бейім болады. Жыныстық жағынан төбеті 10 - 12 айда, қаншығы 7 - 8 айда жетіледі, жылына 1 - 2 рет ұйығады. Буаздық мерзімі 58 - 65 күн, қаншығы 1 - 2, кейде 12 - 18 соқыр, саңырау, тіссіз күшіктер табады. Құлағы 5 - 8, көзі 10 - 14 күннен кейін ашылып, сүт тістері 20 - 30 күннен кейін шыға бастайды. Күшік­терін 1 - 1,5 айдай емізіп, аяққа тұрғызады. Иттер 10 - 12 жыл ғана тіршілік етеді. Қазір дүние жүзінде иттердің 400-ге жуық тұқымы тараған.

Бөлім:  Қоғам
Сәрсенбі, 05 Қыркүйек 2018 06:13

СӘН ИНДУСТРИЯСЫ: ШЕКАРАСЫЗ ШЕКСІЗДІК

   

    Әлемдік сән нарығында есімі әйгілі Коко Шанель, Кристиан Диоp, Gucci сондай-ақ, Дольче мен Габбананың қай туындысы болмасын, көп­ші­ліктің сұранысы мен қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Тіпті, түп­нұсқасы болмаса да, әлем­дік бренд белгісіне көз тоқтатып, сатып алуда қар­жысын аямайтын ха­лық көп. Мұның себебі белгілі, сән индустрияда қолтаңбасын қал­дыр­ған атақтылардың көбісі шетелдіктер. Подиумдарды бағындырған дизайнерлер, қа­лың жұрттың назарын аударатын дефилелер шетелден бастау алғаны белгілі. Сән үйіндегі бренд­тердің сапасы да жоғары, бағасы да соған сай салмақты. Әрине, шетел асып Шанельдің костюмін пә­ленбай долларға алатын қазақ кемде-кем. Диордың иіс суы мен сәнді сөмкесіне қаржы жұм­сай­тын адам некен-саяқ. Сондықтан да қалтаға салмақ түсірмейтін, бренд­тің баламасын базар бағамына айналдырып сатып алғанды құп көретіндердің қатарын есептеу қиын емес. Осы ретте ойымызға отандық дизайнерлердің өнімдері неліктен қымбат? Қазақстандағы сән индустриясының ахуалы қай деңгейде? Міне, осындай сананы жаулаған сан сұрақтың жауабын саралап, мамандардың пікіріне сүйене отырып тақырыпты таразыладық.

    Сән - үнемі қозғалысты, дамуды қажет ететін құбылыс. Бүгінгі күні сән индустриясы - бизнестің көзі, қаржы көп түсетін кә­сіптің бастауы. Сан ға­сырдан бері жалғасып ке­ле жатқан сән әлемі уақыт өткен сайын жаңарып, халықты өз көшіне ілестіре алмауы да заңдылық. Десе де трендтен қалмай, өз стилін қалыптастырып үлгергендер де бар арамызда. Әрине, қойға кие­тінді тойға, тойдың киімін қойға киетін ха­лық емес­піз. Алайда, ал­пауыт елмен тереземіз теңес­ті­руді мақсат етсек, сән индустрия­сы­ның да алға жылжуына ең­бек ету қажет. "Өкініш­ке орай, Қазақстанда сән саласы елеулі болып саналмайды. Біз­дің елде мерекелерге арналған киім­дер­ді ғана жасауға көп кө­ңіл бө­леді. Ал, бүкіл әлем­дік ди­зай­нерлер тек көптің көзіне бірден түсетін ерекше үлгідегі таңданарлық киімдерді ғана емес, оның жайлы болуы үшін қызмет етеді. Шетелдік әріптестеріміз халықаралық та­лап­қа сай коллекция үшін 13 тақырыптық топты ұсынады. Сондықтан да үнемі ізденіс үстінде жүреді",- дейді белгілі дизайнер Аяжан Жақсыбай осы кезге дейінгі сұхбатында.

Бөлім:  Дидар

   

   Тамыз тойдың айы деген рас екен. Әулетімізге келін түсіп, ойда-жоқта жеңгелі болдым. Жең­гелі болу оңай ма, тойда жарқырап жүруің керек. Оның үстіне киімге ұсынақты қарай­тыным тағы бар, әйтеуір елден ерекшелену үшін тойға арналған киімді ағамнан бұрын өзім із­дедім. Жағалай орналасқан дү­кендерге мойын бұрмай, тура ба­зарға тарттым. Іздегенім алдым­нан шығып, өзіме ұнаған кос­тюмді алған бетім сол еді, ке­ре­мет былғары туфли көзіме түсіп, саудаласа жөнелдім. Көңілге қонымды болған заттың бағасына да қарамайтынымыз бар емес пе? Сөз жоқ, маған арналып тігіл­гендей алыстан менмұндалап тұрған туфлиді меншіктеп алып кеттім.

   Жарқырап, шырттай болып киінген мен той думанның "гүлі" болмасам да, елден ерекше еке­німді растағандар көп болды. Құд­ды бір өзім үйленіп жат­қандай әсерде жүрдім. Сонымен, үш айға созылған дайындық үш күнде өте шықты. Өмір деген қызық қой. Тойдың ертесіне тәтті шайға қайырылмай, жолдас­тар­мен жеңгелі болғанымды атап өт­пек болып асығыс шыққан бетте туфлиім орта жолға жетпей опы­рылып, тігісі сөгіліп қалды. Кеше ғана алған аяқ киімнің бұлай тез жыртылғанына іштей қынжыл­дым. Амал жоқ, жаңасын алуға ақша қимай, тіктіруді дұрыс деп таптым.

    Базар маңына жағалай жай­ғасқан етікшілердің біріне табан тіредім. Жөн сұраса келе, аяқ-киімді ұстатып, жанына отыр­дым. Үнсіз отыра алмайтын әде­тім ұстап, етікшіні сөзге тарттым. Тойдағы қызықты тәтпіштеп түсіндіре бергенім сол еді, етікші әзілдеп "барлық жағдайыңды ай­тып, арзанға істетіп алайын деп тұрсың ба?" деп миығынан күлді. Қарап отырғанша, ағамның бұл кәсіпке қалай келіп, етік тігуге не түрткі болғанын білгім келді. Сөйтсем, ағам да әңгіменің ма­йын тамызады екен. Етікшінің есімі Сақыт­жан.

Бөлім:  Қоғам

   

   Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңа оқу жылында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні енді. Оқушылар бұдан былай компьютерлік ойындарды ойлап табу секілді жаңа тақырыптарды меңгереді. Сондай-ақ, "Жаратылыстану" курсы аяқталғаннан кейін 7-сыныптан бастап қатар оқытылатын "Физика" және "Химия" пәндері бойынша материя, масса, салмақ, энергия, энергияның сақталу заңы, электр зарядын сақтау, молекулярлық-кинетикалық және электр теорияларын үйреніп шықпақ.

   Дербес білім беру ұйымы биыл жаңартылған білім беру мазмұнына кіретін 6,8-сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек беретін алаңға айналды. Осы себепті де Назарбаев зияткерлік мектебі 400-ден аса мұғалімге арнап тәжірибелік нұсқаулықтар таратып, ұстаздарды практикалық бағыттарға бейімдеді.

Бөлім:  Білім

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

"Халық таңдауы" айдарының бұл жолғы санында сусындарды сараптаймыз. Cіз қай сусынды көп тұтынасыз?

Coca-Cola - 28.6%
Fanta - 34.7%
Sprite - 16.3%
Pepsi - 20.4%
Holiday - 0%

Total votes: 49
The voting for this poll has ended on: 17 Қаз 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C