Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Әлеумет

Әлеумет (151)

      Елбасымыз, Ұлт Көш­бас­шысы Н.Ә.Назарбаевтың рес­публикалық "Егемен Қазақ­стан" газетінің үстіміздегі жыл­ғы 12 сәуірдегі кезекті санында жарық көрген "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласына орай Қызылорда қалалық мәслихатының мәжі­ліс залында қала активінің жи­налысы болып өтті. Жина­лыс­қа ауыл, кент әкімдері, меке­ме­лер, қоғамдық ұйымдар, құ­қық қорғау, ардагерлер, БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды қала әкімі Н.Нәлібаев сөз сөйлеп ашты:

  - Ұлттық идеологияны одан әрі дамыту, ұлтты сана жағынан ояту екені Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің мақала­сын­да жан-жақты, терең маз­мұн­да айтылғанын көруге бо­ла­ды. Екі бөлімнен тұратын ма­қала ұлт зиялыларының қол­дауына кеңінен ие болды,- деді ол өз сөзінде.

   Мұнан соң алғашқы болып мінберге көтерілген қала әкі­мі­нің орынбасары Ш.Байманов жоғарыдағы мәселеге байла­ныс­ты өзінің "Рухани жаңғыру - ұлттың жаңғыруы" атты хабар­ла­масында ХХІ ғасырда ұлттық санамыз жаңғырып, білімнің сал­танат құруы қажеттігін, со­нау 1927 жылы Қазақстанның сол тұстағы астанасы Қызыл­орда қаласында Алаш қайрат­кері А.Байтұрсыновтың алғаш рет латын әрпіне көшу мәсе­ле­сін көтергенін төмендегіше тілге тиек етті:

   - Рухани жаңғыру - кезең-ке­зеңімен атқарылып жатқан ел­дегі реформалардың жалға­сы.

   Елбасы ұлттық сана мен ұш­қыр ой, білім мен бәсеке, прагматизм мен ұлттық біре­гей­лікті сақтау қағидаттарын айта отырып: "Болашақта ұлт­тың табысты болуы оның та­биғи байлығымен емес, адам­дарының бәсекелік қабіле­тімен айқындалады. Сондықтан әр­бір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек,- деді.

   Расында, дүниетанымың не­ғұрлым кең болса, соғұрлым заман талабына сай дамуға мүмкіндігің зор болмақ. Жаңа технология мен инновация­лар­ды бүгінгі қолданысқа еркін еңгізудің негізгі алғышарты да осыдан бастау алады.

   Әлемдік тәжірибеде бұрын барлығын техника, экономика шешеді деген сана қалыптас­қан еді. Ал, бүгінгідей күн санап даму үдерістері қарқын алған за­манда, қатып қалған ережеге сүйеніп емес, әр ұлттың өз ерек­шелігі, өз зияткерлік ұста­ны­мына сай, ұлттық сана ше­ше­тіндігін көрсетіп отыр. Шы­нында, кез келген халық білімді болса, не нәрсеге болсын бе­йім­деліп кетеді. Бірінші же­тістікке тез жететін экономика емес, ұлттық сана болады.

   Елбасы мақаласының түп­қазығы, басты мұраты - барша қазақстандықтарды сан ға­сырлар бойы ата-баба арман­даған кемел келешекке жеткізу. Бұл жолда жылдар бойы ай­ны­мас серігімізге айналған қа­сиет­тер - достық, ынтымақ аса қажет.

  Осы баға жетпес құндылық­тар­ды басшылыққа алып, қызыл­ордалықтар да Елбасы бас­таған баянды болашаққа ұланғайыр тірлігімен, тату тірлігімен, белсенді де еселі еңбегімен үлес қосуы тиіс, - деді Ш.Байманов.

       Ақпараттық дәуірдің тасқыны қар­қын алған уақытта қоғамдағы кейбір кө­ріністерге көз үйреніп, қалыпты құ­былыс ретінде қарайтын кезеңге келдік. Мүмкін содан болар, адам өліміне қа­тысты ақ­па­рат­тарға құлағымызды жар­ты­лай тосып, ке­те беретін жағдайларға жет­тік. Алайда, ел­дің әр қиырында көрі­ніс табатын келеңсіз жағдайлар жұмыр басты пенденің өмірінде орын алса, ой­лан­дырмай қоймайды. Әң­гіме, жастар ара­сында белең алған - суи­цид мәселесі. Рас, өз-өзіне қол жұмсаған адамның әрекеті құптарлық қадам емес. Де­­­се де, бұл әлеуметтік кеселден құты­лу­дың қарекетін қамдайтын уақыттың жет­кенін білдіреді.

  Мына бір мәліметке мән берейік. 5-тен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер ара­сындағы суицид, яғни өз-өзіне қол салу көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемдегі ең нашар он елдің қатарын жалғап тұр. Ал, 15-тен 29 жасқа дейінгі жастар ара­сын­дағы суицид жиілігі бойынша 4-орында. Бұл жай ғана көрсеткіш емес. Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қо­ры - ЮНИСЕФ қазақстандық оқушы­лар­дың жартысы ғана денсаулығы жақ­сы деген топқа жатады, қалған балалар түрлі аурулар бойынша тәуекел топта­ры­на тіркелген деген ақпаратты растап отыр. Демек, проблема бар.

  Суицид аз айтылып жүрген тақырып емес. Мамандар өзін-өзі өлтірудің се­бебін әртүрлі жағдайлармен түсіндіреді. Қо­ғамда жалғыз қалу, әлеуметтік шие­леністер, психологиялық ауытқушы­лық, қарызға белшеден бату. Тізім осы­лай жалғаса береді. Алайда, зерттеуші ма­мандардың өзі суицидтің қайдан бастау алатынын нақты айта алмайды. Бұл тек Қазақстанды ғана емес, Жапо­ния, Швеция, Норвегия елдерін алаң­да­тып отыр. Мәселенің нақты шешімін та­буда Қазақстан түрлі зерттеу жұмыс­та­рын қолға алды. ҚР Дүниежүзілік Ден­саулық сақтау ұйымы бұл күндері әлем елдерінің практикасын зерттеп, әлеу­мет­тік кеселге тоқтау салатын жаңа әдіс-тәсілдерді іздестіру бағытында.

  Сәуір болмай тәуір болмас. Бұл мақал қылмыс дейтін қияметке тап болған жандарға жаңа жоба ар­қылы шырғалаңнан тез құтылудың жолы ұсы­ны­лып жатқанын сездіріп тұр­са керек. Иә, сәуір айы­ның бірінен бастап құ­қық қорғау қызметкерлері  Ұлт жоспары және  Елбасы Жолдауындағы құқық қор­ғау орган­да­ры­ның ал­дына қойған тап­сырмасы бойынша қыл­мыс­тық про­цесті оңтай­лан­дыруға ар­нал­ған жұ­мыстарды бастап та кеткен. Бас прокуратура мен ішкі істер органдары бі­рігіп, ағымдағы жылы Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасында "Аза­маттар мүддесіне қылмыс­тық процесті оңтайлан­дыру" пилоттық жобасын іске қосты.

   Аталмыш жобаның мақ­саты - халыққа қолай­лы жағдай жасау. Мысал­ға бұрын сіздің қылмыс­тық жұмысыңыз айлап, апталап созылып, ізге түсу жұмыстары жүргізіліп, одан соң іс құжатта­мал­а­рын прокуратураға жолдап жататын. Бұл аралықта басына іс түскен жәбір­ле­ну­ші әбден қалжырап, шар­шап, шалдығып қар­ба­ласқа түсетін. Осы сын­ды келеңсіз жағдайлардың орын алуын болдырмау мақсатындағы жоба аза­маттардың бұзылған құ­қықтарын қысқа мерзімде қалпына келтіру үшін барынша жұмыс жасайды.

    Әлемнің озық мемлекеттерінің отыздығына ену жо­лында Мемлекет басшысының халыққа жолдаған жаңа Жол­­дауында басым бағыттарды айқын көрсеткен. Да­мушы елдердің деңгейіне жетудің тиімді тетігінің бірі ре­тінде мін­детті әлеуметтік медициналық сақтандыру жү­йесін енгізу ар­­қылы адами капиталдың сапасын арт­тыру көзделген. Атал­мыш жаңа жүйені халыққа тү­сіндіру мақсатында кеше ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Амантайұлы Бір­та­нов бастаған ақпараттық насихаттық топ Сыр өңіріне ар­найы келді. Міндетті әлеуметтік меди­ци­налық сақ­тандыру жүйесіне байланысты түсініктеме жүр­гізген жиынды аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев ашты.

   - Медициналық сақтандыру жүйесі - әлемдік үрдіс. Әлемдік тәжірибеде ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Бұл жүйе Еуропаның бірқатар дамыған елдерінде оның ішінде Нидерланды, Франция, Германия, Чехия, Румынияда тиімді жұмыс жасауда. Сақтандыру жүйесі ме­дицина саласының қаржылық тұрақтылығының, ынты­мақтастық, жауапкершілік пен жүйенің тиім­ді­лігін арттырудың озық үлгісі. Біздің елімізде де жүйені ен­гізу бағытында біршама жұмыстар атқарып отыр­мыз,- деді Қырымбек Елеуұлы өз сөзінде.

   Қазақтың қазақтығын, елдің елдігін асқақтататын, жердің жүзін жаңартып, төрт-түлікті түлететін, иісі қазаққа ортақ мереке әз-Наурызды барша қазақстандықтар думандатып тойлады. Айдан аман, қыстан қысылмай шыққан халықтың жаңару айынан жақсылық күте­тіні хақ. Араз болған ағайын­ның арасын жалғайтын, татулықты тұғыр ететін, жоқ-жітікке жағдай жасайтын, бауырлас елдерді байланыстыратын жаңару жы­лын қызылордалықтар да жылы қарсы алды. 14 наурыздан бас­талған мереке жер-жерде түрлі форматта тойланды.

   Елдің әр қиырына көз салсаңыз, төл мерекеде алыстан келген ағайынды төрге шығарып, арқа-жарқа әңгіме айтып, көрісіп, сағынысқан халықтың жылы жүздері ұлттық мерекенің ажарын аша түскенін байқайсың.

   Игі істің береке-бірлігін тілейтін көнекөз қариялар, ұлттың амандығын тілейтін аналар, жылы жүзді балалар бәрі де Наурыз нышанын сезініп, дәстүрді жаңғыртып, мейрамды әспеттеп жатыр.

   Қазақылықтың туын жоғары ұстайтын ырысты аймақ Қызылорда жұрты үшін билік бұл жолы да барын салды. Алдын ала тігілетін ақшаңқан киіз үйлер, ұлттық нақыштағы безен­дірулер Наурыздың симво­ликасын айшықтап, келген қонақтың көңілін көтереді, ұлттың мерейін асырады. Таңғы сағат тоғыздан бастау алған мерекелік думан қызылор­далықтар­ды орталық алаңға жинады. Қаз-қатар тігілген отаулар мерекелік көңіл-күймен келген жанның жүрегін жылытып, жақындастырып тұр. Жағалай орын тепкен 30-ға жуық шатырларда мұнай компаниялары, аймақтағы кәсіпорындар мен мекемелер, облыстық басқарма­лар­дың қызметкерлері ұлттық киімдер киіп, мерекенің сән-салтанатын кіргізді. Наурыз мерекесіне облыс басшысы Қырымбек Көшербаев пен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.

Дүйсенбі, 27 Наурыз 2017 04:07

ЖӘРМЕҢКЕ ЖҰРТТЫ ЖАНЫНА ЖИНАДЫ

| Автор: 

  Таңмен таласа тұрған тұрғындар жергілікті жердің жәрмеңкесіне жиылды. Астана даңғылының бойындағы Е.Көшербаев пен А.Иманов көшелерінің аралығын қамтыған жәрмеңке Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылды. Шаһар шетіндегі шалғай ауылдардан жеткен өнімдер халықтың ұлттық өнімдерден дәм ауыз тиюіне мүмкіндік беріп отыр. Рас, бұл күні күннің қызуы қатты бай­қала қоймаса да, халықтың көңілі көтеріңкі болды.

   Қалаға қарасты ауыл шаруашылығы тауарын өндеуші кәсіпорындар мен қала кәсіпкерлерінің өнімдері сөреде қаз-қатар тізіліп, халыққа қызмет етті. Жәрмеңке десе, артынып-тартынып келетін кәсіпкерлер үшін бұл күні сәтті сауда жасаудың жолы болды. Себебі халыққа ұсынылған тауарлар базар бағамынан 15-20 пайызға төмен бағада сатылды. Мерекелік жәрмеңкеде сөмкесін толтыра сауда жасағандар аз болмады.

   Сырдың бойында қа­рапайымдылығы қо­ңырқай тірлігінен бай­қалатын қазақы ауыл бар. Ол - Қараөзек. Қа­ра­өзек Қызылөзек ауыл­дық округіне қа­рас­ты ша­ғын ауылдың бірі. Бү­гінде береке-бірлігі артқан ауылдың тұрғындары түтінін тү­зу етіп, та­ту-тәтті тірлік кешуде. Қа­уым ел қа­шан­да салт-сананы ұс­та­нып, ұлттық құндылықтарды ұлықтап келеді. Әсіресе, Ұлыс­тың ұлы күнінде бұл ауыл бір әулеттің баласындай бірлікте, тату-тәтті тірлікте мерекені тойлады. Жаңару айы Әз-Наурызды Қызыл­өзек тұрғындары ерекше шат­­тықпен бастады. Ұлыс күніне орай бір­неше нысандар мен жаңашыл жұмыстар жасалып, шуақты мереке елді шаттыққа бөледі.

   "Бітер істің басына жақсы келер қасына" дегендей, бүгінде Қы­зыл­өзек ауылында қарқынды тірлік бар. Мұ­ны ауыл халқы жаңа әкі­­мінің іскерлігімен бай­ланыстырады. Расында, еңбекқор ауылдың әр­бір тұрғыны таңмен таласа тұрып, ең­бек етеді. Содан болар, бұ­рындары елге еңбегі сіңген ауыл ақсақалдарының есімдері жиі айтылады. Со­ның бірі көп­ке үлгі болған, ауыл өміріне тер төккен - Алтай Сыздықов. Кетпені күнмен шағылысып еңбек еткен ауыл ақсақалының табанды еңбегі ескерусіз қалмады. Наурызда ауыл шетінде аумағы 5 гектардан асатын же­міс-жидек бағынан ардагерлер аллеясы ашылып, оған Алтай Сыздықовтың есі­мі берілді.

   Тынымсыз еңбек қашанда елді өсіре берері хақ. Біздің биз­нес жел тиген оттай жалыны әлемдік нарықты шарпуы үшін уа­­­қыт керек шығар, соның өзінде қызылордалық кә­сіпкерлер қа­­рап отырған жоқ. Іс бастағысы келетін ша­руалар қажырлы жұмыс жүргізу үшін қаржысы жетпей шау тартып қалар болса, мемлекет қол ұшын беруге дайын.

   Қызылорда облысында 2016 жылы шағын және орта биз­несті қолдау мақсатында "Микробизнес Қызылорда" жо­басы қол­ға алынған болатын. Қызылорда облысының Кәсіпкерлер па­­латасының ди­рек­то­­ры Ғалымбек Жақсылықовтың айтуы бойынша, 2015 жыл­дың соңында "Атамекен" ҰКП мен облыс әкімдігі қол қой­ған келісім негізінде аймақта 300-ден астам тұрғын жұ­мыспен қамтылған. Облыс әкімдігі мен "Атамекен" әріп­тес­тік негізде жұмыс жасап, 360 млн. теңге және 300 млн. теңге кө­ле­мін­де қаржы бөлген еді. Қаражатты тиімді үй­лестіру үшін "Қы­зылорда" өңірлік инвестициялық ор­та­лы­ғы ар­қылы кәсіп­керлерді қаржыландыру 2015 жылы бас­талып кеткен. Жұмыс нәтижелі көрсеткіштерін көрсетуде.

   Бұл бастаманы негізінен 2014 жылы "Өңірде кәсіп­кер­лер­­ді қолдайтын қаржы ұйымын құру керек" деп, Кәсіп­кер­лер палатасының Өңірлік кеңесі көтерген болатын. Тың идея­­ны аймақ басшысы да қолдап, кәсіпкерлер шаруасын дөң­­гелетіп әкетуіне мүмкіндік алды. Өңірлік инвес­ти­ция­лық орталық директоры Самат Ерниязов өз сөзінде "Бө­лінген қаржыға жалпы 56 жоба қаржыландырылып, жаңа­дан 223 жұмыс орны ашылды. Жобаның артықшылығы не­сие­лен­ді­рілу барысында басымдық ауыл кәсіпкерлеріне берілді. Не­сие алушылардың да қаржы қайтарымдары көңіл қуан­тады. Мәселен, 2016 жылы Өңірлік орталық арқылы жалпы құны 771 млн. теңгені құрайтын 124 жоба қаржы­лан­­дырылып, жа­ңа­дан 440-тан астам жұмыс орындары ашыл­ды. Аталмыш жобалардың 58-і "Атамекеннен" бө­лін­ген ақшадан қаржы­лан­дырылса, 52-сі облыстық бюджет­тен, 14-і 2015 жылы не­сие алушылардын қайтқан қаржы не­гізінде несие­лен­ді­ріл­ді",- деді орталық директоры.

Бейсенбі, 16 Наурыз 2017 12:40

"OPEN KYZYLORDA" ЖОБАСЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

| Автор: 

    Әлеуметтік желі беттері бүгінгі күні қандай да бір мәселені ашық жеткізіп, анық айта алатын ақпараттық алаңға айнал­ға­ны белгілі. Кез келген желі қолданушысы жауапты орын­дарға түйткілді мәселені тезірек жолдау үшін осы жолды тиімді деп санайды. Алайда, мұндай хабарламалардың бірі тиіс­ті жеріне жетсе, енді бірі назардан тыс қалып қо­йып жататыны тағы бар. Осыған орай, ашық қоғам орнату алғы­шарттарының бірі ретінде Қызылорда қаласы әкімдігінің жа­нынан қаланың тыныс-тіршілігіне, тұрғындардың тұр­мы­сына қатысты мәселелерді тез әрі сапалы шешу үшін "Open Kyzylorda"("Ашық Қызылорда") жобасы іске қосылып отыр.

    Жергілікті тұрғындардың ұсыныстары мен сұра­ныс­та­рын біріздендіру мақсатында көпшілікке қолжетімді 8-702-887-11-11 нөміріне жүктелген "Whatsapp" мессенджері қол­да­­нылмақ. Мұнда жолданған әрбір хабарлама мазмұнының ма­ңыздылығы мен қозғалып отырған мәселесіне қарай бір­неше бағыттарға бөлініп, мұнан ары қарай мәселені шешу жол­дары қолға алынады. Жіберілген хабарламаға назарға алын­ғандығын білдіретін "ОК" белгісі жіберіледі. Ал жауап жеке чатта емес, оның орындалуы нәтижесі хабарлама жібе­рілген күні немесе 3 күн ішінде ар­найы ашылған "OPEN_KYZYLORDA" инстаграмм парақ­ша­сына жауап бері­леді. Чатқа жіберілген хаттар қалалық ішкі саясат бөліміне келіп түседі де, мұнан әрі жауапты орындарға жолданады.

   Әрине, тұрғындардың тарапынан мазмұны сәйкес ке­ле­тін хабар­ла­малар түсіп отыруы мүмкін. Сол себепті де қай­таланып келген ха­барламаларға арнайы әзірленген скрин­шот­тар арқылы жауап берілетін болады. Жоба дүй­сенбі-жұма күндері аралығында сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс жасайды.

М.Әділбекқызы

 

      Мамыражай мамыр айының алғашқы күнінен бастап жыл сайын Қызылорда қалалық мәдени және демалыс паркінің жұмысы жанданатыны баршаға аян. Түрлі ойын алаңдарының қызметі қызып, тынығып отырып дәм тататын дәмханалардың да саудасы жүреді осы кезеңде. Кәуаптың будақтаған көк түтіні көкке ұшып, мұрын жарар иісі көпшілікті өзіне "менмұндалап", шақырып тұратыны тағы бар. Мұнан бөлек, демалыс орнында алкогольді ішімдіктердің кездесетіні ешкімге де жасырын емес.

   Күн шуағын шашып жылына бастаған маусымда қалалық демалыс орны расында да көп­шіліктің көңіл серпілтіп, тынығып қайтатын мәдениет ордасына айналуы тиіс. Себебі парктің басты құрметті қонақтары - балалар мен жасөспірімдер. Ал, қо­ғамға қарап бой түзейтін балалардың демалысын тиімді ұйымдастыру қашан да маңызды мәселелердің қатарында. Бұл жайт қызылордалық жергілікті билік өкілдерінің назарынан тыс қалмады.

    Аталмыш мәселе наурыз айы­ның 10 жұлдызында өткізіл­ген қалалық қоғамдық тыңдаудың негізгі өзегіне айналды. Мұнда қатысушылар мәдени және демалыс парк - тұрғындардың шынайы демалыс орнына айналуы керек деген ұстанымдарын жеткізді. Яғни, демалыс орны атына лайық болуы тиіс. Түрлі өнімдердің сатылуына рұқсат етілген сауда-саттық мекені немесе жағымсыз иісімен ауаны ластайтын шылым шегуге рұқсат етілген орын болмауы керек. Қоғамдық тыңдау барысында қатысушылар "қалалық демалыс парк жасыл желекке оранған таза демалыс аймағына айналуы қажет" дейді. Демек, жаңа маусым өзінің жаңашылдығымен келмек.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C