Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Әлеумет

Әлеумет (151)

     Тәрбие тал бесіктен баста­лады. Дегенмен, дана бабала­ры­мыз "бала ана құрсағында жат­қан­нан бастап тәрбиеленуі тиіс",-деп өсиет қалдырды. Ал, бүгінгі ата-аналар құрсақ түгіл, жұмсақ тір­лікте бала тәрбиесіне бас ауыр­тар емес. Осы сарсаңның сал­да­ры ма, әйтеуір халық аузында жүр­ген мынадай сұмдық әңгіме­лер бар. Бірде бір бүлдіршін бал­ғасы бар, шегесі бар қобдиша алып, ағаштан шана соғып жатыр екен. Әлектеніп сырғанақ жасай алмай отырған баладан "бұл шананы не істемексің?"-деп сұрақ қояды бір қарт. Сонда бала "анам мені анау өзінің шана­сымен балабақшаға апарып тастай береді, мынау өзімнің шанаммен анамды ертең қарттар үйіне апарамын",-деп жауап  беріпті.

    Біздің балауыздар бұнымен тоқтай қойса жақсы ғой. Тілі енді шыға бастаған нәп-нәзік нәресте "мен теледидар бол­сам" деп армандайды екен. Әлдекімдер "не үшін теледидар болғың келеді?" десе, ба­ла тұрып "әкем жұмыстан шаршап кел­генде маған қарайтын еді" деген екен. Асыраушы болу оңай емес әлбетте, алайда, әкеге қарап ұл өсетінін де ұмыт­па­ғанымыз абзал. Жұмыс демекші, ата-аналар жиналысына бармауды сылтау­ра­татындар мен шын көңілімен бара алмай жүргендерді жиналыс уақытында Үкімет жұмыстан босататын болды.

    Жастар мәселесі қаралған үкімет отырысында министр Ерлан Сағадиевтің өзі 11 жылда ата-аналардың 40% баласы­ның жиналысына мүлде келмейтінін мәлімдеді. Бұған қоса биылғы жылдан бастап ҚР-ның Білім және ғылым министрлігі "Ата-ана сағаты" ұлттық күнін өткізуді қолға алмақшы. Шыны­мен де, осындай сын сағатында "Ата-ана сағатын" ұйымдастыру қоғамға қажет шара. Қытымыр қыстың бәсі қайтып, сәл жібіскен кезіндегі жылымықтай ғана жылт етіп, кейін жоқ болып кететін көп дүниелердің бірі болып қалмаса екен дейміз. Әйтпегенде сайда саны жоқ, құмда ізі жоқ қу шаралар қаптап кетті ғой. Министрдің өзі "біз барлық мемле­кет­тік органдар, компаниялар, жеке сек­торды ата-аналарды ертерек жұмыс­тан босатуды сұрайтын боламыз. Оларға осы күнде ата-аналар жиналысына қа­ты­суға мүмкіндік беру керек",-дегеніне қарап "бір нәтиже шығады" деп үмітте­неміз.

     

     Жыл басталса жұртшылық жәр­демақы жайын сұрайды. Зейнетақы 20 пайызға, әлеуметтік төлемдер 7 па­йызға артады дегенді естіген тұр­ғындар "бұрынғы қаржымызға әжеп­те­уір қаржы қосылады" деп бір қуа­нып қалған-ды. Алайда, жыл­дың ал­ғашқы айында зейнетақы әуелі 9 па­йызға, алты айдан кейін 11 па­йызға арт­пақ. 20 пайыз деген сонда шығады. Жүйе солай.

   2017 жылға бекітілген жәрдем­ақы мен зейнетақы төлемдері тура­лы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ма­манда­рына жолығып, нақты сұрақ­тың жауабын білдік.

     Қазақстан Республикасының "2017-2019 жылдарға арналған рес­пуб­ликалық бюджет туралы" заңына сәйкес 2017 жылдың 1 қаңтарынан бас­­тап, айлық есептік көрсеткіштің мөлшері - 2269 теңге болып бекітіл­ген. Соған сәйкес, ең төменгі зей­нет­ақы мөлшері - 28148 теңге, ең тө­менгі күнкөріс деңгейі - 24459 теңге, базалық зейнетақы төлемі - 12802 теңге. Ал еліміз бойынша ең төменгі жалақы 24459 теңге болып бел­гіленген.

   

    Жылдың алғашқы аптасында қоғамды екі сауал мазалады. Ол 2017 жылы қабылданған жаңа заңдарға қатысты еді. Бірі - сақшы­лардың ала таяқсыз көліктерді қозғалысқа келтіруі болса, екіншісі, азаматтардың уақытша тіркеу туралы заң талаптары. Қос мәселе де қызу талқыға салынып жатыр. Бірі даттап, бірі жақтап өз пікірлерін білдіруде. Біз қазақстандықтардың алаңдаушылығын туғызып отырған уақытша тіркеу туралы заңына қатысты ой қозғамақпыз. Билік бұл бастаманы қолға алмас бұрын алдын-ала електен өткізгенін айтып баққанымен қоғамның қайшылығын туғызып отырғаны жасырын емес. Әрине, жаңа заңның негізгі нысаналы бағыты белгілі. Тәртіп орнатудың тетігі ретінде ұсынып отыр. Бірақ неліктен пікірлер қайшылығы туындап отыр? Реформа халық талқысына неге салынбады?

    Алдымен жаңа заң жайында қысқа қайырып өтелік. Қазақс­тан­ның өзге қаласына уақытша тұру үшін барған кез келген қазақстан­дық міндетті түрде сол жерде тір­ке­луі керек. Талапты орындамаса, айып­пұл төлейді. Бұл заң тер­рористік қауіптіліктің алдын алуға бағытталған. Әрі «уақытша тұратын жерде тіркелу ішкі көші-қонды бақылау, белгілі елді мекенде тұратын азаматтар санын анықтау үшін қажет» дейді сала мамандары.

    Біз төменде аталған заңнаманы талқыға салып, ақпарат агенттігін­де ресми мәлімет берген сала мамандары мен тіркеуге қатысты әлеуметтік желілердің бірінде ашық ойын білдірген азаматтардың пікірлерінен ұсынып отырмыз.

     Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

    - Тұрып жатқан мекен-жайға тіркелу бұрыннан бар талап. Қазақс­танда азаматтарды тіркеу институты 1993 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол азаматтардың еркін жүріп-тұру құқығын шекте­мей­ді. Бірақ азамат жаңа мекен-жай бойынша тұрып жатса, енді ол туралы ақпарат беруге міндетті. Азамат белгілі аумақта бір айдан аса уақыт тұрса, ол уақытша мекен-жай­да тіркелуге міндетті. Бірақ "Тұрғын үй қатынастары" заңы бо­йынша пәтерде уақытша тұрған­дар­ға, яғни пәтер иесі уақытша ақысыз тұруға келісімін берген азаматтарға уақытша тіркелу мін­детті емес. Ондай санаттағы аза­маттарға туысқандар мен қонақтар жатады.

    Руслан Желдібай, журналист

     - Уақытша тіркеуге қатысты заңды Үкімет азаматтардың қауіп­сіздік мәселесімен ұсынғаны анық. "Жағдай ушықсың, мына халықты қинайық" деген ниетпен жасал­ма­ға­ны түсінікті. Бірақ, оны реттеу механизмі әбден сараптал­май, ситуацияны бақылауға алуға ты­рысып, тым асығыс қабылдай сал­ғаны көрініп тұр. Бұл саланың маманы емеспін, бірақ шетелде бір жарым жылға жуық уақыт тұрып жатқаныма байланысты мұндағы тәжірибені айтқым келеді. Брита­нияда прописка жүйесі мүлде жоқ. Қайда тұрып жатқаныңызды дә­лел­деу үшін жалға алу келісім-шартын, тіпті коммуналдық қыз­мет төлемін көрсетсеңіз де жет­кілікті. Кім қайда тұрамын десе де өз еркінде. Себебі, Британияда жал­ға алу мәселесі, тағы басқасы заң­мен реттелген. Бұл заң қайта қарастырылатынына сенімдімін, себебі кімнің қайда тұрып жатқа­нын дәлелдеу өте қиын. Азаматтар қашып жүретін емес, өздері келіп тір­келетін ұсыныстар керек. Нара­зылықтың артқаны ешкімге де керек емес.

     Түйін. Қалай болғанда да, уа­қытша тіркеу туралы талапқа қа­тысты тұрғындарда әлі де сұрақтар бар. Ал, әлеуметтік желіде белгілі сая­саткерлер "бұл заң қоғам тал­қысына салынбады, іске асыру те­тіктері толыққанды болмай отырып қабылданған" деген ой айтып отыр. Себебі халық арасында түсінбеушілік басым. Қазірдің өзінде республи­ка­ның әрбір аймағында халыққа қыз­мет көрсету орталықтарына келген тұрғындардың қарасы қалың. Небәрі 15-20 минутта аяқталуы тиіс тіркеу сағатқа созылып, тұрғындардың тағатын тауысып жатыр. Демек, бұл әлі де дайындықтың шикілігін көр­се­туде. Мұндайда билік бұл әрекет­тердің бәрін есепке алып, арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей, асығыстық шешім қабылдамау керек пе еді? Енді бәріне де уақыт сыншы.

А.ҚАРАКЕСЕК

10.01.2017 жыл

    Қазір мәңгілік ел дегенді жиі айтатын бол­дық. Рас, мәңгілік ел - ұлттық идея. Бай­қап қарасақ, елдік идеяның түп-төркінінде ел болудың, ұрпақ көбейтудің амалы жатыр. Қарға тамырлы қазақ деген ұлтты көбейту міндеті тұр. Шүкір. Қазақтың саны артып келеді. Еліміз тоқшылықтың да жоқшы­лық­тың да заманын көрді. Әрине, бүгінгі күнді өт­кеннің өлшемімен қарау мүмкін емес. Де­генмен, қорасы малға толы болмаса да, үйі жан­ға толы отбасылардың әлеуметтік ке­дергілермен жиі ұшырасатынын көз көріп ке­леді. Мұндайда нарықтық көзқараспен "Әр адам өз өмірін өзі жасайды" деп кесіп айтуға да болатын шығар. Немесе "мемлекет берген мүм­кіндікті пайдалану керек" деп ақылға са­луға да болады. Бірақ, басқа түскен біледі. Қуат­ты Қазақстанның қиырында күнін әрең көріп жүрген көп балалы отбасылардың ба­рын айтуға тиіспіз. Пәлсапаға салынып "жұрт­ты жарылқайтын заманнан өттік" деп ке­мемізді кері бұруға болмас. Барды бағалай біл­ген елімізде батыр аналарымыз бар. Бірақ бәрінің бірдей жегені алдында, жемегені артында емес.

     Журналист ретінде талай жиынды кездесулерде болатынымыз бар. Осыдан бір ай бұрын Сыр еліне "Тәуелсіз Қазақстан" республикалық пойызы келді. Әртүрлі сала мамандарынан құралған делегация мүше­лері тұрғындарды алаңдататын сауалдарға қатысты жауап беруге келген-ді. Қоғамдық қабылдау өткізіп, ел ішіндегі мәселеге мән берді. Сол ашық қабылдауға біз де қатыстық. Әртүрлі проблемалар, түрлі тақырыптар қамтылған еді.

     Жиында  делегация мүшелерінің назарын аударған бір мәселе бізді де бей-жай қалдыр­мады. Ол көп балалы отбасы­лар­дың баспа­намен қам­тылу және әлеуметтік жәрдемақы жа­йында болатын. 10 құрсақ кө­тер­ген батыр ана Зейнеш Алжимбаева 18 жас­қа дейінгі бе­рілетін жәрдемақы төлем­дері кө­ңіл көншіт­пей­тінін алға тартты. Бір емес, бір­неше жан­ның отбасындағы жағдай­ды мысал ете оты­рып, бұл жайтқа билік на­зар аударса екен­ де­ген өтінішін білдірді. Ал­тын алқалы ана бір ба­лаға үкіметтен 2228 тең­ге қаралғанын ай­тып, бұл "күніге бір бала 70 теңгеге тамақ ішу керек" дегенді біл­ді­ре­тінін еске салды. Әри­не, ойланатын жайт. Үкі­мет әрбір баланы асы­­рауға міндетті емес. Десе де "әлеуметтік тө­лемдердің көрсет­кіш­терін есеп­тегенде на­рықтағы ахуалды да ескерген жөн" дейді батыр ана.

    Сонымен не керек, алтын құрсақты ана отбасындағы жағдайды баяндай келе, Елбасы атына хат жазып, оны делегация мүшелері ар­қылы жолдады. Кәсіп ашқысы келетінін ай­тып, бірақ мүмкіндігі жоқтығын хатта баян еткен. Қандай да болсын, көмек болаты­нына сеніммен қарайды.

    Неліктен бұл жағдайды қозғап отырмыз? Қазір жағдай қиын деп қол қусырып отырған аналар да жоқ емес. Керісінше, тәуекелдің кеме­сіне мініп, мемлекеттік мәселені қоз­ғап, ел­ге жанайқайын жеткізіп жүрген ана­лар бар. Соның бірі Қызылорда қаласының тұрғыны Зейнеш Алжимбаева.

    Барын балаларына беріп, ел қатарлы киін­діріп, отбасының отын жағып отырған Зейнеш Алжимбаеваның есімі жергілікті билікке жақсы таныс. Себебі батыр ана мемле­кет­тен бөлінетін әлеуметтік жәрдемақы жа­йына, баспана бабы­на қатысты талай жерге сұ­рау салып, мәселесін айтып шарша­ған азамат­шалардың бірі. Ұзақ жылдан бері пәтерден-пәтерге көшіп, жәрдем­ақы­ға жан бағып жүрген оны әуеліде баспана мәселесі алаңдатқан. Талай жерге арыз жазып, тіпті ретін тауып министрлікке де ашық хат қал­дырған. «Үйі жоқтың күйі жоқ» деген, күйі кеткен көп балалы ана "барар жер таба алмай, вокзалға да түнеген кез­дерім болды" дейді. Ал, еңбек етіп, жұмысқа шығам десе, есігін ашып, күтіп отыр­ған жұмыс жоқ.

   

     Желтоқсан айының ал­ғашқы жексенбісінде бас қаладан жол бастаған "Тә­уелсіз Қазақстан" пойызы" республикалық акциясы Алаштың ана­сы­на айналған Сыр то­пы­рағына келіп та­бан ті­реді. Республи­ка­лық ак­цияның арнайы бағ­дар­­ла­масымен келген деле­га­ция мүшелерін қызыл­ор­далықтар таңғы сағат то­ғызда теміржол вокза­лынан құрмет көрсетіп күтіп алды. Осылайша ме­­рейтой қар­са­ңында ұйымдастырылып отыр­­ған шара Сыр жерінде мерекелік көңіл-күймен басталды. Салтанатты қар­сы алу рәсімінде Қы­зыл­орда облысы әкі­мінің орын­басары Руслан Рүстемұлы алғы­сөз алып, делегация мү­ше­лерін мереке­лері­мен құттықтады. Делега­ция бас­шысы  тарих ғылымда­ры­ның кандидаты Әмір­жан Қайырұлы акция­ның ма­ңыз­дылығына тоқ­талды.

     Мемлекет басшы­сының тапсырмасы не­гі­зінде бас­тау алып, Қазақс­тан халқы Ассам­б­л­еясының ұйымдас­ты­руымен өткізіліп жатқан республикалық акция­ның мақсаты -  тәуел­сіз­дік жыл­дарындағы мем­ле­кеттің жеткен жетіс­тік­терін наси­хаттау, ха­лықтың бірлігін ны­ғайту, жұртшылықтың әлеуметтік және құқық­тық жағдайларына назар ау­дару, ел дамуының базалық ба­сым­­дық­та­рын көрсету. Республи­ка­лық акцияға Парла­мент Мәжілісінің де­­пу­тат­­тары, Қазақстан хал­­қы Ассамблеясының мү­шелері және 7 минист­р­лік пен 3 ұлттық ком­па­ния, қар­­­жы институт­та­ры­ның өкілдері, дәрі­гер­лер мен заңгерлер және әлеуметтік сала қыз­меткерлері жұмыл­ды­рылған.

   

     Қызылорда қаласына келген "Тә­уелсіз Қазақ­стан" пойызы деле­гат­тары қаладағы алдын ала белгіленген орындарда болып, халықпен кездесіп, тәуелсіздік елдің жет­кен жетістіктерін насихаттап, қордаланған мә­селелер бо­йынша қажетті кеңестерін бер­ді. Сон­дай шаралардың бірі Қызылорда об­лысының тұтынушылардың құқық­тарын қорғау департаментінде өтті.

      Департаменттің кеңес беру ша­ра­сын­да ҚР ҰЭМ тұтынушылардың құ­қықтарын қорғау Комитетінің бас сарап­шысы Нұрбол Жұматов Қызыл­ор­да облысының тұтыну­шы­лардың құ­қық­тарын қорғау бөлімінің, Қызыл­орда қалалық басқармалардың маман­да­рымен тұтынушылардың құқықта­рын қорғау саласындағы сұрақтар бойынша тұтынушыларға кеңес берді.

    - Барлығымызға белгілі, көп жағ­дай­да тұ­тынушылардың құқықтары тұр­ғын­дардың төмен құқықтық сауат­тылығынан және тұтынушылардың құ­қықтарын қорғау саласындағы құ­қық­тық актілердің жетіл­ме­гендігі­нен бұзы­лады,- деді бас сарапшы. - Қазіргі уа­қыт­та республика бойынша ең көп на­разылық білдіріп отырған сала - бөл­шек сауда. Сонымен бірге тұрғын үй ком­муналдық шаруашылық саласы - ауыз су және аяқ сумен қамтамасыз ету, жа­рық­тан­дыру бойынша сапасыз қыз­мет көрсету. ПИК төрағаларының өз міндеттерін орын­да­мауы, "Тұрғын үй коммуналдық шаруа­шы­лығын жаң­ғыр­тудың 2011-2020 жыл­дар­ға ар­налған бағдарламасы" бойынша көп пәтерлі үйлерді сапасыз жөндеу тура­лы. Біздің мақсатымыз - тұтынушы­лар­дың құ­қық­тарын қорғау саласын одан әрі жетілдіру, тиісті норматив­тік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу, тұтынушы­лар­дың құқықта­рын бұзуға жол бермеу.

     Шындығында, "Ашық есік" фор­ма­тында өткен кездесуде осы мәсе­лелер Қызылордада да өткір күйде тұр­ғаны сұрақ қоюшылардан байқал­ды. Сапасыз та­уарлар бойынша нара­зы­лықтар, сату­шылардың тауарды алмастырудан бас тар­туы, қоғамдық та­мақтану, тұрмыстық қызмет көрсету, бөлшек саудада болатын то­лып жатқан заң бұзушылықтар ортаға тасталды. Қабылдау кезінде қала тұрғындарымен қатар жеке және орта бизнес өкілдері, барлығы 27 азамат қа­тысып, толғандырып жүрген түрлі мә­селелер бойынша жүгінді, сауал­да­рына нақты жауаптар алды. Сот­қа дейінгі шағымдар мен талап арыз­дарды дайын­дау­ға көмек те көр­сетілді. Департамент ма­мандары қай­бір сұрақ болмасын, да­йын екен­дігін, алда­ғы уақытта мәселелер туында­ған­да көмек көрсететінін де айтты.

 

Н.Көбегенұлы

     "Тәуелсіз Қазақстан" по­йызы келеді дегенді есті­ген халықтың қарасы қа­лың бол­ды. Себебі бұл күні республикадан келген мамандар әлеуметтік мәселелерге байланысты кеңестер берді. Нақтырақ айтқанда, облыстық жұмыспен қамтуды үй­лестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәжіліс залында делегация мү­шелері зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Делегация құрамында ҚР Денсаулық сақтау  және  әлеумет­тік  даму  министрлігі Ең­бек, әлеу­меттік қорғау  және кө­ші-қон комитетінің  зей­нет­а­қы және әлеуметтік қам­­сыз­дандыру басқармасының сарапшысы Амина Аю­пова, Еңбек, әлеуметтік қор­ғау және көші-қон комитетінің этникалық көші-қон­ды реттеу басқармасының бас сарапшысы Алия Ту­ранова және  жинақтаушы зейнетақы жүйесін әкім­шілендіру басқармасының бас маманы Камажай Нур­ма­нова Сыр еліне ат басын тіреді.

   Сондай-ақ, облыстық жұ­­­мыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Алтын  Есқараева және Еңбек, әлеуметтік қорғау және кө­ші-қон комитетінің аймақтағы департаментттің бөлім басшысы Фарида Еді­геева халық сауалын тың­дап, мәселеге мән берді.

    Жасыратыны жоқ, тә­уелсіздік жылдарынан ке­йінгі зейнетақы саласындағы жаңалықтар мен өзге­ріс­терді көпшілік толық тү­сіне қоймады. Әсіресе, тө­лемдер турасында. Жеке қа­былдауға келген алғашқы тұрғынның сауалы да осы зейнетқасы саласына қа­тыс­ты болды.

    Орынкүл Ыдырысова ба­ла санымен зейнетке шық­қан. Ол сала мамандарына еңбек өтіліне байланысты әрі зейнетақы тө­лем­деріне қа­тысты өз сауалын жолдады. Зейнеткер елдегі зейнетақы төлемдерінің көлеміне көңілі тол­майтынын айтады. Делегация мүшелері қа­ла тұрғынының сауалына жауап беріп, мәселеге мән беретінін жеткізді.

     

Жұма, 30 Желтоқсан 2016 10:51

Қайырым көрген қарттар

| Автор: 

    "Дүние - жақсылармен жарық". Расында, өмір көрген кө­некөз қарттармен дидарласып, емен-жарқын әңгіме құ­ру арқылы екінші бір тынысың ашылады. Көңілін сұрай кел­геннің өзі қарттардың көңілін бірлейді. Әсіресе, жал­ғыз басты, Ұлы Отан соғысына қатысқан, жүріп-тұруы қиын жандардың жанынан табылып, керек кезінде көмек қо­лын созу - азаматтық іс. Бұл тұрғыда мемлекет тарапы­нан игі жұмыстар жасалып-ақ жатыр. Алдымен аймақ­та­ғы көмекке мұқтаж жандардың тізімі жасалып, оларға ар­на­йы әлеуметтік қызметкер ұсыну, мемлекеттен бөліне­тін қаржыға сәйкес тиісті қызметтер көрсету бағытында билік біршама жұмыстарды жасап келеді. Соның жарқын дә­лелі ретінде ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қа­ла­лық жұмыспен қамту бөліміне қарасты "Мүгедектер мен қарттарға үйде қызмет көрсету" бөлімшесінің ма­ман­да­рымен бірге біз де Қызылорда қаласында тұратын бір­не­ше қарт кісілерге бардық. Жағдайын біліп, айтар уәж­дерін тыңдап қайттық.

     Ұлы Отан соғысының ар­да­­гері Демченко Василий Әбіл­хайыр хан көшесінде ұзақ жылдардан бері тұрады. 97 жастағы ақсақал 2006 жыл­дан бастап қалалық жұ­мыс­пен қамту және әлеумет­тік бағдарламалар бөліміне қарасты "Мүгедектер мен қарт­тарға үйде қызмет көрсету" бөлімшесіне есепке алыныпты. Содан бері қарияға әлеу­меттік қызметкер бөлін­ген. Көңілін сұрауға барған бізді көріп қария қатты қуа­нып қалды. Көсіліп  сөйлеуге шамасы келмесе де елдегі сая­сатқа көңілі толатынын айтып, ризашылығын жеткізді.

      ІІ топ мүгедегі Василий Максимовичтің жанынан табылып, қажетті көмегін беріп жүрген, тіпті отбасының бір мү­шесіне айналып кеткен Баян Ізтілеуова 19 жылдан бері осы қарияға қарайласып жүр. Әлеуметтік қызметкер есе­бінде қызмет көрсететін ол қарияның ашық-жарқын мі­незі барын, тіпті әлі күнге де­йін елдегі жаңалықтарды жі­бермейтінін тілге тиек етті.

    Бөлімше мамандары мен Жастар ресурстық орталығының ерікті жастары қарияның ауласын тазалап, қажет­ті қол көмектерін берді.

    Төсек тартып жатса да, бір сәт көңілін бірлеген Василий Максимович жергілікті газеттерді жиі шолып қарайды, елдегі атқарылған жұмыстарды жадына түйеді. Сөз соңында ақ жарқын ниетпен барша қы­зылордалықтарды ел тә­уел­сіздігінің 25 жылдығы мерекесімен құттықтады, шынайы тілегін жеткізді.

    Сексеннен асқан тыл ардагері Салима Нұрымбетова бізді есік алдынан қарсы ал­ды.  Омырауы орденге толы қарт ана 2003 жылдан бастап қалалық жұмыспен қамту жә­не әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты "Мүгедек қарттарға үйде қызмет көрсету" бөлімшесіне есепке алынған. Қазірде жалғызбасты қария әлеуметтік қызметкердің көмегіне жүгінеді. Кей­уананың қызындай болып кеткен Сәу­ле Сражадинова да Салима әжейдің қасынан табылып, қызмет көр­­сеткеніне риза. 5 жылдан аса жұ­мыс жа­­сап ке­ле жат­­қан әлеу­­меттік қызметкер қарт кісілерге қолдан келер көмекті көрсету қа­жет деп есептейді. Қарияның бабын тауып, батасын алып отырған ол қарияға көп дүние қажет емес дейді. Бастысы, уақытында келіп, қажеттісін алып беріп, жанынан табылады.  Сексеннің сенгіріне шыққан кейуана қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандарына көңілі толатынын, өзіне бекітілген әлеумет­тік қызметкерді қызындай кө­ре­тінін ашып айтты.

   - Еліміз аман, жұртымыз ты­ныш болсын. Келіп, көмек беріп жатқандарына алғыс біл­діремін. Бірнеше жылдан бері маған қарайласып жүрген мамандарға мың да бір рахмет. Өркеңдерін өссін, қарақтарым,-деп батасын берді.

    Біз сөз еткен екі кейіпкер де жалғызбасты қариялар. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бө­ліміне қарасты "Мүгедектер мен қарттарға үйде қызмет көр­сету" бөлімшесінің бас­шы­сы Бибігүл Маханбетқызының айтуынша, қалада 180-ге жуық жалғызбасты қарттар мен мүгедектер бар.

Қазірде бұл жандарға екі рет кесте бойынша арнаулы әлеу­меттік қызмет көрсету мақсатында азық-түлік, дә­рі-дәрмек, пәтерлеріне тазалық жұмыстары жүргізіліп, коммуналдық төлемдерін тө­леп, емханаларға апаруға жәрдем беріледі. Сондай-ақ, бөлім­ше басшысының сөзіне сенсек, аталған ардагерлерге жеңіл жөңдеу, қысқы жылуға дайындық жұмыстарына және тұрғын үй көмегіне тиісті құжаттамаларын тапсыруға көмектер де беріледі.

    - 15 қараша - 15 желтоқсан аралығында қайырымдылық айы деп жарияланды. Осы себепті біз мамандар мен жас­тармен бірігіп өзідігінен жүріп-тұруы қиын қария­лар­ға көмек беріп, үйлерін баруды мақсат тұтып отырмыз. Әрине, әрбір ардагерге жеке күтуші, әлеуметтік қызметкерлер тағайындалды. Мұ­ның бәрі көмекке зәру қа­рия­лар үшін жасалып отыр,-дейді Б.Маханбетқызы.

   Қарапайымдылық қанда бар қасиет шығар. Бар бол­ғаны бір сағат ішінде көп болып көмек еткен мамандар өмір көрген жандардың ал­ғысын алды. Қайырымдылық бар жерде қайырым бар. Әлеуметтің әлеуетіне бір сәт кө­ңіл бөлгеннің көңілінде көп дүние қалмақ.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

 

 

 


     Қыстың құбылмалы ауа-райында күн суытса көктайғақ, жылынса жауынның суы көп­шілікті әбігерге түсіретіні сыр- бойылықтар үшін таңсық дү­ние емес. Тосын мінезге толы бұл мезгілде жауған жауын-шашын жаяу жүр­гіншілер­мен қатар жол бойындағы кө­лік­тердің қозғалысына кедергісін келтіретіні рас.

    Қыз мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алып, кез келген жағдайға дайын болу үшін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы техникалардың жұ­мысқа жарамдылығын және техникалық жағдайын бақылау мақсатында арнайы комиссия жасақтаған болатын. Тапсырмаға сәйкес Қызылорда әкімі­нің орынбасары Марсбек Молдабаев бастаған топ бірқатар мекемелерді аралап, техникалардың қысқа дайындық барысын пысықтап қайтты.

    - Қыс мезгілінде біз табиғи құбылыстың кез келген тосын жағдайына дайын болуымыз қажет. Яғни, қаланы жауған қардан, жауын суынан тазалап, көк­тайғақтың алдын ала бі­л­уіміз керек. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін "Қы­зылорда су жүйесі" МКК, "Қы­зыл­орда тазалығы" ЖШС, "Тұр­ғын үй Қызылорда" ЖШС, ЖЭС-нің және де осы қала аумағындағы арнайы техникалардың барлығын жинап, түсіндірме жұмыстарын жүр­гіздік. Табиғи құбылыстарға бай­ланысты алдағы болуы мүмкін көктайғақтың алдын алу үшін бүгінгі күні "Қызыл­орда тазалығы" мекемесінде 500 тоннаға жуық тұз аралас­қан құм дайын тұр. Мұнан бө­лек 70 тоннаға жуық тұз алынды,-дейді қала әкімінің орынбасары Марсбек Молдабаев.

    Қысқа әзірлік барысын пысықтаған топ арнайы техникалардың ауа-райының кез келген тосын мінезіне дайын екендігін жет­кізді. Жергілікті билік қала халқының қыс мезгіліндегі қауіпсіздігі үшін осылайша қамданып жатыр.

    Әлі күнге дейін халықты баспанамен қамту мәселесі би­ліктің тұғырынан түскен емес. Себебі халықтың биліктен сұрар басты сұрағы осы баспанадан басталады. Үй жалдап, өзгенің есігін сығалап күн еткен жұрт­ты баспанамен қамтуда билік бос қарап отырған жоқ. Әсіресе, соңғы жылдары Сыр еліндегі қар­қынды құрылыс пен жаңа тұрғын үйлер көптің қуанышын еселеп жатқаны жасырын емес. Бір жыл­­да бірнеше тұр­ғын үйлерді аяқтап, халық игілігіне өт­кізіп жатқан билік бү­гінде мемлекеттік бағдарламаларды өз уақытынан бұрын орындап жатқаны баспасөзде жарыса жа­зылып жатыр. Со­ның бір дәлелі ретін­де жақында ел тә­уелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай Жаппасбай батыр көшесінің бойынан салынған апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындарына көп­қабатты 60 пәтер­лі тұрғын үй ел игілігіне берілді.

    Салтанатты шараға аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев келіп, тұрғындарды қоныс тойымен құттықтады. Сыр еліндегі құрылыстың қарқынын сөз етті.

    - Соңғы 3 жылда 7 мыңға жуық отбасы, яғни 30 мыңнан аса тұрғын қоныс тойын тойлады. Кейінгі екі жыл ішінде пәтер кезегінде тұрғандардың 28 пайызы баспаналы болды. Биыл бір мезетте 80 көпқабатты үйдің құрылысы жү­ріп жатыр. 2013-2016 жылдар аралығында Қызылордада 11 шағын аудан бой кө­терді. Соңғы үш жылда апаттық жағдайдағы үйлердің тұр­ғын­дары  144 жаңа пәтерге қол жеткізді. Ал, біз тағы 60 пә­тердің кілттерін  табыстағалы отырмыз,- деді Қырымбек Көшербаев.

    Негізінде, бас мердігер "Асар-Құрылыс" ЖШС-нің қолға алған 60 пәтерлі бұл үйдің құрылысы ағым­­­дағы жылдың шілде айында басталып, қараша айында аяқталған.

   

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C